Нұр-Сұлтан (Астана) –тәуелсіз Қазақстанның астанасы.

«Астана – бас қала» – деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді…

Неге десеңіз, Астана – Қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы.Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Қазақстан халқы бірауыздылықпен, татулықпен, достықпен өзге елдерге үлгі боларлықтай қажыр-қайратын танытты. Біз Елбасымыздың ерен-жігерімен Астананы тұрғыздық. «Астана – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерлігі» дейді халқымыз. Шынында да, тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа астанасын қалыптастыру – тұңғыш Президентіміздің мемлекетті одан әрі нығайту жөніндегі саяси стратегиясының жемісі. Сондықтан, Нұрсұлтан Назарбаев – елорданы көшіру және Астана қаласын салу идеясының авторы және бас сәулетшісі деп толықтай айтуға негіз бар. Бұл жөнінде Елбасы: «Астана – бұл менің төл перзентім. Әр адам, тегінде, өз қаласын сүйетін шығар. Ал біз, астаналықтар өзіміздің жас қаламызды үш есе артық сүйеміз, өйткені біз оның құрылысын тақыр жерден бастадық. Мұндағы әрбір жаңа мүйіс, әрбір жаңа ғимарат біздің жүрегімізден шыққан, өйткені олар туған сәтінен бастап біздің көз алдымызда…».

Қазір Астана өзінің қонақтарын қала бет-бедерінің әсемдігімен және архитектуралық шешімдерінің батылдығымен, тұрғындарының жылы шырайлылығымен және қонақжайлығымен таңғалдырады. Жаңа әрі озық үлгідегі тамаша тұрғын-үй кешендері, еңселі әкімшілік ғимараттары, гүлзарлары мен субұрқақтары, әсем монументтері мен сәулет ескерткіштері бар Есіл жағасындағы еңселі қала бейне бір қауыз жарып келе жатқан көп гүлді, мол жапырақты өсімдік тәрізді… «Бәйтерек», «Хан Шатыр», «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Ел анасы» монументі, «Конгесс Холл», «Тәуелсіздік сарайы», Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, «Керуен», «Мега» ойын-сауық орталықтары, «Астана – Арена» спорт кешені, ұлы тұлғалар Абай мен Пушкиннің, Сәкен Сейфуллиннің, ұлы үш биіміздің, батырларымыз Кенесары, Бөгенбай батырдың, Әлия Молдағұлованың және басқа да қайраткерлердің мүсіндері Астананың сәнін келтірген інжу-маржан, көне Есілдің жағалауына әр берген гауһар моншақтар іспетті. Астана – тек біздің ғана емес, дүние жүзіне зиялылық нұрын төгетін тоғыз жолдың торабындағы Еуразияның, әлемнің сәулетті қаласына айналып отырған ғажайып шаһар.

Кезінде «осындай қиын шақта қазаққа жаңа астананың керегі қанша?» деп кері тартқандар бүгінде төмен қарайды. Өйткені, жыл өткен сайын Астана құлпырып, қазіргі кезде көз тойғысыз келбетте.

Келешегі – кемел, ертеңі – нұрлы Қазақстан мемлекетінің әлемдік аренадағы абыройы да, ары, беделі де, бағы – Астана. Астана – Еуразия жүрегі. Кәрі құрлықтың тамырына қан жүгірткен жүрегі мәңгілік соғуын тоқтатпаса екен! Ұлтымыздың ұясы, Қазақстан секілді қыран елдің тұғыры болған Астана мәртебесі жоғарлаған сайын Тәуелсіздігіміз мәңгі жасайтыны һақ…

Астана – халықтың санасын жаңғыртқан жасампаз қала.Ел Тәуелсіздігінен кейінгі астананы ауыстыру бас қаланы қайта жаңғыртуды ғана емес,ең алдымен,қазақтың өз таңдауы өз қолында екендігін көрсетті.Сөйтіп,Тәуелсіздіктің үшінші жылында Президент Н.Ә.Назарбаевтың астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы идеясы алғаш рет жарияланды.Кейінен Қараөткел мен Нұра бойындағы Ақмолаға тәуелсіз мемлекеттің жаңа Астанасы келіп орнықты.

Астана – Елбасының төлтумасы. Оған ешкімнің таласы жоқ. Қазақстанның астанасын жанға жайлы Алматыдан Ақмолаға көшіру жөнінде бастама көтерген де мемлекет басшысы. Шыны керек, сол уақытта республиканың жаңа астанасы – Ақмола болатынына жұрттың көбі әсте сене қойған жоқ. Басқасын айтпағанның өзінде, тәуелсіздік алғанына көп уақыт өте қоймаған қазақ елінің бұдан басқа да бірінші кезекте шешуге тиісті көкейкесті әлеуметтік-экономикалық мәселелері шашетектен еді. Осындай қысылтаяң шақта: «Жылы орынды суытып, қысы қытымыр, жері батпақ, адам тұруға қолайлы жағдайы жоқ Ақмолаға көшудің қаншалықты қажеті бар?», – деп ашық та, жасырын да қарсылық білдіргендер аз болған жоқ. Мемлекет басшысы Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіруді тоқсаныншы жылдардың басында қозғай бастаған еді. Елбасының бұл ұсынысына алғашында елең ете қойғандар сирек. Себебі бұл ойдың жүзеге асатынына сенімсіздік пен күдік үстем болды. Қазақстандықтардың басым бөлігі осылай екіұдай болып жүрген шақта Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жалпы отырысы өтті. Бұл – 1994 жылдың 6 шілдесі болатын. Елбасы Қазақстан Республикасының орталығын Алматыдан Ақмолаға көшіруді депутаттардың талқысына ұсынды. Оны бір-екі сөзбен жеткізген жоқ, бұл мәселенің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты дәйектері мен дәлелдерін жайып салды. Нұрсұлтан Назарбаев бұл туралы «Еуразия жүрегінде» деген кітабында былай деп жазғаны бар: «Парламент Мәжiлiсiнде мен астананы көшiру туралы идеяны жария еттiм. Сол кезде жұрттың көбі менi қолдаған жоқ. Көп адамдар мұны ақылға сыймайтын әрекет деп есептедi. Өйткенi елдiң жағдайы ауыр болатын. Жалақы, зейнетақылар уақытында төленбей жатты. Ал ендi бiреулер астананы көшiру идеясын қолдағанның өзiнде бұл шешiм 2030 жылсыз жүзеге аспайды деген ойда болды. Дегенмен, осыдан үш жыл өткенде депутаттардың өзi пойызбен жаңа астанаға көшiп келдi. Ендi шешiмнiң дұрыс болғандығына ешкiм де күмән келтiрiп, дауласпайды». Елбасы Ақмоланы таңдауға байланысты 32 негізгі өлшем-пайымды алға тартқан. Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, коммуникация, көліктік инфрақұрылым, құрылыс, еңбек ресурстары және басқа да негізгі салалар бойынша қарқынды дамуға жас мемлекеттің жаңа астанасында мол мүмкіндік болатыны, сонымен бірге климат, ландшафт, сейсмологиялық жағдай, қоршаған орта өте қолайлы екені айтылған болатын. Осындай тұжырым-пайым мен жоспарлардың бәрі сөз күйінде қалған жоқ, барлығы да ойдағыдай іс жүзіне асты. Жиырма жылдың ішінде тәуелсіз Қазақстанның жаңа елордасы адам танымастай асқақ Астанаға айналды. Елорданы көшірудегі ең басты мақсаттардың бірі – Қазақстанды геосаяси жағынан нығайту болатын. Өйткені Астана – Еуропа мен Азияның дәл шектескен нүктесінде. Бір сөзбен айтқанда, Еуразия құрлығының нақ ортасында орналасқан. Алыс-жақын шет мемлекеттермен өзара тығыз халықаралық қарым-қатынас қалыптастыруға жол ашылатыны сол уақытта баса айтылған еді. Қазақстанның қазіргі жағдайына қарап бұл мақсаттың да мүлтіксіз жүзеге асқанын анық бағамдауға болады.

Ал бүгін Жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» атауын өзгерту туралы ұсыныс айтты. Ол:

«Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін мәңгілік ету керек. Ол үшін біздің астанамыз біздің президентіміздің атын алып, «Нұрсұлтан» деп аталу керек» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Конституциясына сәйкес, Үкімет астананың атауын өзгерту туралы түзету енгізу үшін республикалық референдум өткізу жөнінде Қазақстан Президентіне ұсыныс жасады. Президент бұл ұсынысты референдума шығармай, парламенттің қарауына жіберу туралы шешім қабылдады. Одан кейін мәжіліс заң жобасын екі оқылымда да мақұлдады.

Елордамыз Нұр-Сұлтан болашағы айқын, әрі нық қадам басып келе жатырған жасампаз қала. Қилы замандарды басынан өткеріп келген қазақтың астанасы түрлі жерлерге табан тіреді. Нұр-Сұлтан қаласының сұлулығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес . Заманға лайық қазақ халқының қонақ жайлылығымен байланысты салынған əсем қала Нұр-Сұлтан. Тұрғындар мен қонақтардың қолайлы қоршаған ортасы . Биік шың «Бəйтеректе» тұрып барлық қаланы бақылап көруге болады.

Қазақтың бас қаласын – дегендей Астана атауын өзгерту туралы «тарихи қадамды» мен де «тарихи, əділ əрі заңды шешім» деп есептеймін. Негізі Мемлекет астанасының атауын Тұңғыш Президент атына өзгерту туралы əуелден яғни 2016 жылы Қазақстан тəуелсіздігінің 25 жылдығында Парламент депутаттарының талқылауында айтылып келе жатқан ұсыныс еді. Бұл ұсынысты 2016 ж. бастап естігеннен кейін көкейімде жүрген еді жəне  қашан Мемлекет астанасының атауын Тұңғыш Президент атына ауыстырады  деп күтіп жүрген едім. Өз басым бұл жаңалықты қуана қарсы алдым. Себебі Астана мен Нұрсұлтан екеуі егіз ұғым. Мен өте қуаныштымын. Бұл да бір рухани жаңғыру. Еселі еңбекті бағалап, өз басым Астананы «Нұр-Сұлтан» деп өзгертуді қолдаймын. Елбасы, ерен тұлға Н.Ə. Назарбаев – əлем тарихындағы кемеңгер тұлға əрі ҚР-ның Тұңғыш Президенті. Еліміздің əл-ауқатын жақсартып, əлемге əйгілі мемлекет құрды жəне Қазақстанды əлем танитындай деңгейге жеткізді. Тереземіз теңесіп, шекарамыз шегенделіп, көрші мемлекеттермен тату – тəтті қарым – қатынас орнатылды. Ең бастысы Елбасының арқасында Қазақстанның төрінде тамаша Астана құрылды. Сондықтан мен ойлаймын қазақ елі бақытты өмір кешіп жатыр. Елбасының салған сара жолына əлемдік саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан қызығушылық жоғары. Əлем басшылары Қазақстанды Елбасы Н.Ə. Назарбаев арқылы таниды. Мен үшін «Нұрсұлтан» сөзі қазақ елін нұрландырып, шуағы шашылып тұрғандай. Нұр-Cұлтан қаласы – еліміздің астанасы. Әр елдің баласы өз отанын, туған жерін қадірлей білуі керек. Біз елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген ұлы жолды алдағы уақытта жалғастыруымыз керек.

Жасұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгерадам Нұрсұлтан Әбішұлыныңұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы-теңдессіз қайсарлық. Әрелді Астанасы-сол елдің төл құжаты. «Астанасына қарап елін таниды» деген Елбасы сөз індетер ең мән бар. Нұрсұлтан Әбішұлы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: – қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде еш бір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», – деп жазыпты. Британдық «The Sunday Times» газеті өзінің 2005 жылғы 20 ақпандағы нөмірінде: «Астанада жасалып жатқан жұмыстардың ауқымы адамнанғысыз. Оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан болу керек», – депжазды. Ендеше, аяулы Астана – Елбасының тарихи қолтаңбасы. «Бізжаңа астананың негізін салдық. Бұл – бостандық туралы ежелден далалық арман мекен еткен қала. Бұл – біздің он бес жылғы жолымыз бастап әкелген және бүгінде осы жол енді ғана басталатын қала. Бұл – біздіңжол, Қазақстан жолы», – дейді Н.Ә.Назарбаев.

Сәулетті Астанамен тағдыры тоғысқан, халқымен жүрегі бір Елбасы бастаған Нұрлы көш – Қазақстанның Тәуелсіздік жолы ешқашан адаспақемес. Елбасы бізбен бірге. Астанадай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналады.

Ойымды қорытындылай келе, Астана – Тәуелсіздіктің жемісі екендігіне толықтай қосыламын.Жоғарыдағы дәлелдер жас қала Астананың бірнеше жыл ішінде халықаралық деңгейге көтерілгенін көрсетеді.Тәуелсіздіктің өзі не бір «тар жол тайғақтардан» өткені сияқты, Астана қаласы қалыптасу жолында да өзіндік қиыншылықтардан өтті.Десе де, Елбасы мен халық бірлесе отырып, кедергілер мен қиындықтарды жеңе білдік.Соның нәтижесінде бүгінгі күні Есіліміздің бойында еңсесін тік ұстап Астанамыз биік тұр.Жайнай бер, Мәңгілік елдің Мәңгілік қаласы!

You May Also Like

Talk to the animals, essay

TALK TO THE ANIMALS Only humans speak using words. But all species…

Мамандық бойынша жоба

Мамандық бойынша жоба Мен, Самигуллиев Жасулан, Тасымалдауды ұйымдастыру және көлік қозғалысын басқару…

Ұңғыларда парафин шөгінділердің алдын-алу және оларды жою есептері

2  Ұңғыларда парафин шөгінділердің алдын-алу және оларды жою есептері.         2.1 Қабатты…

Балаларға салауатты өмір салтын жан-жақты тәрбиелу, Тәрбиеші жұмысының концепсиясы

Тәрбие жұмысының концепциясы «Балаларға салауатты өмір салтын жан-жақты тәрбиелу» Қазақстанның әлемдегі бәсекеге…