Түрлі жұқпалы аурулардың салдарынан немесе әлдеңеден сескенгенде, жиіркенгенде бетке ұшық шығатындар аз емес. Жалпы, ұшық- герпес вирусының иммунитетке қарсы әрекетінің нәтижесі. Ол грек тілінен аударғанда <бөртпе> деген мағынаны білдіреді. Бұл вирус адам ағзасында ұзақ сақталуы мүмкін. Оның өзгелерге жұғуы да мүмкін. Сол себепті жеке бас гигиенасын қатаң сақтаған абзал. Герпес вирусын төмендегілердің көмегімен емдеуге болады.

1 Құрамында докозанолы бар крем. Оны жарақаттан теріге күніне 5 рет жағу керек. Докозанол ауырсынуды басады.

2 Қан тоқтататын қарындаш. Әдетте мұндай қарындаштармен кішігірім жарақаттарды емдейді. Ол терінің жылдам жазылуын қамтамасыз етеді. Бірақ, қарындашпен жараның үстін сызған кезде аздап күйдіретіндігін ескеріңіз.

3 Құрғататын құралдар. Бұл мақсатқа құрамында 70% медициналық спирті бар дәрілер жарайды. Ол жараны құрғатып, бактериялардың ішке енуіне тосқауыл болады.

4 Вазелин. Жайсыздықтан арылуға көмектеседі және патогендік микроағзалардан қорғайды.

5 Ваниль сығындысы. Ванильдің құрамында ұшық инфекцияларына қарсы қолдануға болатын заттар бар. Ванильдің 100% таза экстрактісін ғана пайдаланыңыз.

6 Теңіз тұзы. Жылы суға ерітілген теңіз тұзымен тамақты шайқап, артынша бөрткен жердің үстіне де жағып, 30 минут ұстаған жөн. Артынша таза сумен шайып жіберіңіз.

7 Шай. Қара, ақ және жасыл шайдың құрамында вирусқа қарсы тұра алатын танниндер, ағзаның аурумен күресуіне көмектесетін антиоксиданттар бар. Жалбыз және түймедақ қосылған шай да осындай қасиетке ие. Бөрткен терінің үстіне қалта шайларын қойғанда пайдалы.

8 Гемамелис. Ол бөрткен жерлерде құрғатып, жазылуды жылдамдатады. Оны бетіңізге жақпас бұрын шынтағыңызға жағып тексеріп алыңыз. Кей адамда аллергия болуы мүмкін.

9 Салқын компресс. Қышынуды басып, ауырсыну сезімін азайтады.

10 Алоэ гүлінің сығындысы. Ауруды басып, вирусты жояды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Спорттық жаттығуларға қысқаша шолу

Спорттық жаттығулар. Спорттық жаттығулардың жалпы сипаттамасы. Балабақша тәрбие бағдарламасында шаңғы,коньки,шана,велосипед,самокат,спорт роллер,тербеткіш,әткеншек,карусель тебу,жүзу…

Орман қорының құқықтық жағдайы

ОРМАН ҚОРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ОРМАН ҚОРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫН РЕТТЕЙТІН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР…

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы Мұнай-газ өндірісіндегі еңбек заты – мұнай мен газдан тұратын…

Қазақтың туыстық атаулары, шығарма

«Қазақтың туыстық атаулары» Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай. Үлкенге – құрмет, кішіге…