Қайта минералдану терапияның әдістері және заттары

Жоспары

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

РЕМИНЕРАЛДАНУ  ТЕРАПИЯНЫҢ ПАТОГЕНЕТИКАЛЫҚ  МЕХАНИЗІМІ

РЕМИНЕРАЛИЗАЦИЯ  ҮРДІСІНІҢ  САТЫСЫ

РЕМИНЕРАЛИЗАЦИЯ МАҚСАТЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПРЕПАРАТТАР

РЕМИНАРЛИЗАЦИЯ ҮРДІСІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН  ФАКТОРЛАР

РЕМИНЕРАЛДАНДЫРУ  ТЕРАПИЯСЫНЫҢ  ӨТКІЗУ  ТӘСІЛДЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Жергілікті  консервативті  терапия деминерализация  үрдісінің  басында,

тісжегінің  ақ  дақты  түрінде  ғана  қолайлы, себебі тіс жегінің  ақ  дақты  кезіңінде  ақуызды  матрицасы  сақталған  жағдайда ғана осы  үрдісті  кері  қайтаруға  болады. Бұл мақсатта ремтерапия кең ұолданылады.

Ремтерапияның негізгі мақсаты ол-эмальді алғашқы қалыпты жағдайға алып келу, қышқылға төзімді резистентті құрылымдарды қалыптастыру, тісжегілік жағдайларды жою болып табылады. Бул терапия жүргізерде бір шарт болуы керек. Ақуызды матрикс бүтін болған жағдайда ғана іске асады, себебі минерал иондарын байланысқа түсетін негізгі құрылым ақуызды белок.

РЕМИНЕРАЛДАНУ  ТЕРАПИЯНЫҢ ПАТОГЕНЕТИКАЛЫҚ  МЕХАНИЗІМІ

Реминерализдеуші терапияның патогенетикалық механизмі келесіде: аппликация күйінде енгізілген  кальции, фосфора, фтор иондары эмальдің деминерализация ошағының  жоғарғы өткізгіштігіне байланысты эмаль ішіне диффундирленіп, органикалық матриксте жиналады. Содан аморфты кристалды заттарды түзеді немесе бұзылмаған кристалл апатиттердің  бос орындарын басады.

Сырттан  кальции, фтор, фосфор минералды иондарының  эмальдің әртүрлі қабаттарына енуіне байланысты гидрокси апатиткристалдың түзіліп қалпына келеді.

Гидроксиапатиттің  химиялық  қасиеттері  мен  құрлымы  қажет:

Ca10 (PO4)6 (ОН)2 + 2H + ДЕМИНЕРАЛИЗАЦИЯ

Са9. 2H + . ( РО4)6 (ОН)2 + Са2

РЕМИНЕРАЛИЗАЦИЯ  ҮРДІСІНІҢ  САТЫСЫ

Реминерализациялық заттардың  жеткізу  фазасы

Кіреукенің  бетін  даындау ( тіс тастарын  мен тіс  қақтарын  алу )

Реминералдандыру  заттардың  кіреукенің  бетімен    узаққа  дейін  жанасуы

Кіреукенің  бетінен  иондардың гидроксиапатиттің  кристалды  қабатына өту  фазасы

Гидроксиапатиттің  кристал  бетіне  гидраттты  қабаттан  иондардың түсу  кезеңі

Иондардың  беткей  қабаттан  терең  қабаттқа  ену  кезеңі

РЕМИНЕРАЛИЗАЦИЯ МАҚСАТЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПРЕПАРАТТАР

Кальций құрамдас препараттар:

Кальции глюконат 10% ерітінді;

Кальции фосфат 5% ерітінді;

Кальции хлориді 10% ерітінді;

Кальций- фосфат құрамдас гель рН 6,5-7,5; рН -5,5;

Ремодент (ұнтақ)

Кальций -4,35%

Магний -0,15%

Калий -0,2%;

Натрий -16%;

Хлор -30%;

Органическалық заттар -44,5%

Басқа заттар  100%-ға дейін. дайындайды 1-3% ерітінді.

3) Фтор құрамдас препараттар:

Натрии фториді 2% ерітінді;

Фтор құрамдас 2% гель (ГУПИЛ –Дентория, Франция):

Фтор құрамдас 1% гель 3% агарда (Леонтьев В.Г., Чекмезова И.В.)

4) Султан гель
5) Флюокаль гель
6) Бифлюорид-12

РЕМИНАРЛИЗАЦИЯ ҮРДІСІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН  ФАКТОРЛАР

а) эмальдің беті;

б) реминерализдейтін препараттар эмаль бетімен жеткілікті жанасуы керек. Минералды заттар иондалған жағдайда болып, онын иондарының концентрациясы жеткілікті деңгейдң болуы міндет;

в) гидроксиапаптит кристалдарының бетіне диффузия мен кристалл ішілік алмасуға жағдай жаалу керек;

г) кальции, фтор, фосфор, магний иондар арақатынасы жеткілікті деңгейде болуы керек.

РЕМИНЕРАЛДАНДЫРУ  ТЕРАПИЯСЫНЫҢ  ӨТКІЗУ  ТӘСІЛДЕРІ
Леуса – Боровский әдісі:

Тіс  қақтарын толығымен  алу және 0,5-1% пайыздық сутегі асқын тотығымен өңдеу

Тістің  бетін  кептіру ( сілекейден  оқшалау)

Реминералдеуші  препаратпен 20  минут  ішінде  аппликация  жасау (10 % глюканат  кальцийдін  ерітіндісі,  кальций  хлориді)  5 минут  сайын  аппликаты  ауыстыру  қажет

3-5  қабылдау  сеансында  2 – 4 %  фторид  натрий  ерітіндісімен  аппликациясын  атқару  қажет,  немесе  фторлакты  қолдану

Терапиядан кейін 2 сағат көлемінде тамақ қабылдау рұқсат етілмейді

Емдеу курсының ұзақтығы : 15  –  20  сеанс

Нетижені бақылау :  визуальды  және   витальды  бояу  әдісімен жүргізіледі. Кіреукенің  боялуынын  азаюы  емдеу  кезінде , емдеу  курсы  аяқталған  кезде  дақтын  жойылуы.  Кіреукенің  жылтыры  және  мөлдірлігі  қалыпына  келуі,  тістің  боялмауы

Емдеу курсының соңында фторлы  лак пайдалану ұсынылады. Алдын ала кептірілген аймаққа 1 мл-ден аспайтындай кисточкамен жағады, міндетті түрде жылытылған болу керек.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бүгінгі таңда тісжегіні алдын алу үшін оны бастапқы кезеңдерден бастап-ақ емдеу керек. Бұл мақсатта жоғарыда ремтерапияның қолданылатынын айттық. Оның маңыздылығы өте зор, ерте басталған ем тістердің саулығын қамтамасыз етеді, әрі бір жағынан қауіпсіз болып табылады. Кез-келген стоматолог дәрігер тісжегінің бастапқы кезін анықтап, ары қарай асқынуларды жібермеу үшін, дер уақытында ем тағайындауы керек.

Консервативті емнің бұл түрі бүгінгі таңда кең таралған.

You May Also Like

Проект «We learn English together»

«We learn English together» он для тех, у кого есть желание и…

Кітапханалық файлдарды қосу мен қолдану

Кітапханалық файлдарды қосу мен қолдану Құжаттар не пішіндер кітапханасын жасағанда, сол кітапхана…

МГТ. Биіктік жүйе классификациясы

МГТ. Биіктік жүйе классификациясы Мемлекеттік геодезиялық тораптар Жиілету және түсіріс торларын одан…

Физикадан есептерді шығару тәсілінде алгоритмді қолдану

Физикадан есептерді шығару тәсілінде алгоритмді қолдану    Есеп шығару физиканы оқыту процесінің…