Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім:
    • Безостая-1 сортты күздік бидайға сипаттама;
    • Пісу кезеңі;
  • Қорытынды 

Кіріспе

Бидай – астық тұқымдасына жататын аса маңызды дəнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі. Күздік бидайдың сары дақ ауруының қоздырғышы Pyrenophora tritici-repentis (Died.) Drechs (anamorph Drechslera tritici-repentis (Died.) Shoemaker) аскомицет саңырауқұлағы дүние жүзі бойынша, сонымен қатар біздің елімізде де бидайдың жапырақты ауруларының ішіндегі танымал аурулардың біріне айналған. Сары дақ ауру ретінде 1940 жылы АҚШ-та тіркелген. Ең алғаш рет бұл аурудың қоздырғышы туралы 1960 жылдары Канада Р.Шумахердің деректерінде көрсетілген. Аурудың эпифитотиясы туралы алғашқы деректер ХХ ғасырдың 70-жылдары Австралия мен Солтүстік Америкада, 80-жылдары Европада болған. Қазіргі таңда АҚШ, Австралия, Канада, Оңтүстік Американың бидай өсіретін негізгі аймақтарында тез таралатын аса қауіпті аурулардың біріне айналған. Эпифитотия жылдары өнім шығыны 65% құрайды. Ауру сонымен қатар дəн сапасын да төмендетеді. 1981 жылы күздік бидай егісіндегі аурудың эпифитотиясы Бельгияда байқалған, cонымен қатар эпифитотия Англия, Румыния, Польша, Внегрия, Латвия, Чехия, Молдавия, Ресей, Украина, Белоруссия, Орталық Азия мен Қазақстанда да байқалған. М. Қойшыбаевтың мəліметтері бойынша өткен ғасырдың 90-жылдары Канаданың Шығыс бөлігі мен АҚШ дақ ауруларының таралуының күрт өсуі топырақ қорғау мақсатындағы жүргізілген технологиялармен байланыстырылады. Септориоз бен сары дақ ауруы əдетте бидай егістігінде бірге кездеседі. Сары дақ құрғақ аймақтарда, септориоз ылғалды аймақтарда басымдылық көрсетеді. Сары дақ оңтүстік жəне оңтүстік-шығыс Қазақстанның жаздық жəне күздік бидай егістігінде кеңінен таралған. М. Қойшыбаевтың деректеріне сүйенсек, 1996 жəне 2001 жылдары сары дақтың қатты дамуы мен таралуы Алматы облысының Жамбыл, Қарасай аудандарында байқалған.

          Безостая 1 – Лютусценс түр тармағына жатады. Краснодар-17 X Скороспелка сорттарын өзара будандастырып, одан алынған Безостая 4 будан сортын жеке дара сұрыптау арқылы шығарылған (Авторлары П. П. Лукьяненко, И. И. Тарасенко). 1960 жылдан бастап Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тәлімі және суармалы егістіктерде аудандастырылған. Масағы цилиндр пішіндес тығыз, ұзындығы орташа. Масақ қабығы жұмырланған, түксіз. Дәнінің ұзына бойы шамалы ойығы бар, ерте піседі, қысқа төзімділігі орташа, дәні төгіліп шашылмайды. Қуаңшылыққа шыдамдылығы орташа. Қоңыр татпен, сары татпен және тозаңды қаракүйемен зақымданады. Бұл сорт бидайы ұнынан дәмді нан пісіріледі. Бұл жағынан қуаты күшті бидайға жатады. Суарылатын және ылғалы мол тәлімі аймақтағы сорт учаскілерінде алынған дәні өте ірі, ал табиғаты қатаң тілімді жерлерде орташа болады. Дәнегі ақуыз мөлшері өсіру жағдайларына байланысты 15,7–17,4% аралығында. Суаруға байланысты ақуыздың мөлшері 14,1%-ға дейін төмендесе де, әрбір суармалы гектар 718 кг шамасына дейін ақуыз береді. Ұнның күші 218–219 Дж арасында ауытқиды.

Бидайдың Безостая-1 сортын шығару.Қөп сатылы будандастыру жолымен советтік селекционер П. П. Лукьяненко шығарған қыстық бидайдың Безостая-1 сорты бидайдың бірнеше сорттары мен формаларының бағалы тұқым қуалайтын сапаларын өзінде комбинациялаған. 1-суретте қыстық бидайдың Безостая-1 сортыныц М. М. Якубцинер қүрастырған шығу тегі беріліп отыр. Аргентиналық Қлейн-33 жаздық бидайдан Безостая-1 аласа бойлылық, тез nicy, датқа (ржавчина) тезімділік қасиеттерін түқым қуалай алды. Лютесценс-17 сортынан қыстық қасиетін алды және т. с. с. Безостая-1 сортын шығару прин­цип! мынада: қойылатын талаптарға сай келетін бастапқы сорттарды шебер тацдау, ажырайтын Ғ2 және Ғ3 үрпақтары арасы-нан саны барлық тексеруден өткізілгендер санының 5—-10%-нен аспайтын неғүрлым бағалы линияларды сұрыптап алу, Безостая-1 сортында жаңа сорттар шығару ісінде үзақ уақыт пайда-лануға болатын өте бағалы тендер жиынтығы жинақталған. Гомеостаз бойынша, яғни әр түрлі жағдайларға кендігу қабіле-тіне қарай ол дүние жүзіндегі ен, жақсы бидай деп танылды.

Мысалы, Н. В. Цицин және оның қарауында істейтін қызметкерлер күздік бидайлармен бидайықтың әр түрлері будандарында суыққа, қуаңшылыққа төзімділікті және бидайық са-бағының мықтылығын жоғары өнімді және жақсы сапалы дәндері бар бидаймен ұштастыру міндетін қойды. Үзаққа со-зылған жұмыс нәтижесінде сұрыптау жолымен кейбір будан-дардан, бидайық хромосомаларының жекелеген учаскелері болатын және әр гектардан 70 центнерге дейін өнім беретін бидайдың бағалы формалары алынды. Осыншама өнім беретін бидай сорттарының басым көпшілігі жапырылып жатып қалады, ал бидай-бидайық будандарында жапырылып қалудың ешбір белгісі байқалмайды. Будандармен басқа бір бағытта жұмыс істеу арқылы Цицин көп жылдық бидай шығарды.

Басқа дәнді дақылдардың дүние жүзілік және отандық үздік сорттары да күрделі будандастыру және сұрыптау жолымен жасалды.

Безостая -1.

Пісу кезеңі.Ұрықтанған ұрық бүршігінде эндосперм қалыптасады, ұрық өсіп-дамиды, жатын қабырғасынан қабық түзіледі де тұқыммен бірігіп өседі, соңынан дәнге айналады. Күздік бидайдың пісу ерекшеліктері көп жағдайда басқа дәнді дақылдарға ұқсас және ол “Тұқымтану” бөлімінде толық қамтылған.

Күздік бидайдың қоршаған орта факторларына қажетсінуін қорытындылай келе мынаны көрсеткен жөн:

– барлық өсіп-даму кезеңдерінде топыраққа жоғары талап қояды – қара топырақтарда жақсы өседі, алайда күңгірт-қоңыр топырақтарда да өсіруге болады;

– вегетация кезеңінде күздік бидай жаздық бидайға қарағанда ылғалды көбірек шығындайды, бұл оның аталған кезеңнің ұзақтығына байланысты; барынша оңтайлы топырақ ылғалдылығы ТЫС-тың (төменгі ылғалсиымдылықтың) 70-75 % мөлшерінде деп есептеледі; ылғалды өсу және даму кезеңдерінде пайдалану заңдылығы жаздық бидайға ұқсас;

– күздік бидайдың температуралық байқалатын өсу шекарасы 2-3-тен 37-40оС аралығы, алайда өсімдіктердің пәрменді өсу мен дамуына барынша қолайлысы – 20-25оС; танаптық жағдайда күздік бидайдың күзгі вегетациясы, түптенуді қоса есептегенде, 15оС-дан 3оС аралығында өтеді, басқаша айтқанда, оңтайлы шамадан төмен деген сөз; дегенмен төменгі температура өсімдіктердің дамуына оң әсер етеді; 2-10оС температурада күздік бидай түптену түйінінде бүкіл құрғақ затқа есептегенде 20-30 %-ға дейін қант жинақтайды, ал мұның өзі жасуша шырынының концентрациясын арттырады және жақсы қыстап шығуға мүмкіндік жасайды. Ашық күндер және қысқа кетерде температураның бірте-берте төмендеуі күздік бидайдың шынығуын жақсартады. Қысқы жылымық дақылдың аязға төзімділігін азайтады. Жақсы шыныққан күздік бидай өсімдіктері түптену түйіні орналасқан топырақ қабатының теріс 30оС температураны (аязды) көтере алады. Қыста қар қалың түскен жылдары (25 см және одан жоғары) күздік бидай 35оС дейінгі аязға шыдайды, өйткені қардың астындағы температура үстіндегіге қарағанда 10-15оС жоғары, әрі қар қабаты күздік бидайды көктемгі үсіп және кеуіп кетуден сақтайды. Қар қабаты болмағанда күздік бидай түптену түйініндегі – 16-18оС аяздың өзінен үсіп кетеді.

– Қазақстан Республикасында, әсіресе Солтүстік Қазақстан жағдайында күздік бидай негізінен көктемгі қардың еру кезеңінде, әсіресе қары аз қыста, опат болады; бұл уақытта өсімдіктердің жапырақтары тіршілігін бастап, ылғалды буландыра бастайды, бірақ тамыр жүйесі топырақтың тоң қабатында әлі тыныштық күйде болатындықтан жапырақтарға ешқандай көмек жасай алмайды; өсімдіктер тез әлсірейді де түнгі 12-14оС аяздан опат болады; күздік бидай қолайлы қыстап шығу жағдайында көктемгі тіршілігінің басынан масақтануға дейін барлық қажетті ылғалдың 70 %, гүлденуден балауызданып пісуге дейін – 20 % шығындайды; топырақтың 60 см қабатындағы оңтайлы ылғал мөлшері ТЫС-тың 70-75 %, дақылдың транспирациялық коэффициенті – 460-500.

– Күздік астық дақылдарының ішінде күздік бидай топырақтарға барынша жоғары талап қояды; ол жоғары астық өнімін құнарлы, арамшөптерден таза, ылғалды қара және күңгірт-қоңыр топырақтарда қамтамасыз етеді; оған батпақтанған топырақтар жарамсыз; оған тегіс бетті, шұңқырларсыз танаптарды таңдайды – көктемде су жиналмайтын және өсімдіктердің тұншықпауы қаперге алынады. Күздік бидайдың вегетациялық кезеңінің ұзақтығы (қысқы тыныштық күйін қоса есептегенде) 180-310 күн аралығында өзгереді.

– Күздік бидайдың опат болу себептері: өсімдіктердің үсіп кетуінен (күзгі нашар дамуынан, қар қабатының төмендеуінен температураның күрт өзгеруінен ж.б.); ойпаң жерлерде судың артық мөлшерінен тыныс алу ережесінің бұзылуынан өсімдіктердің тұшығуы; түптену түйінінің топырақ бетіне шығып қалуынан (өсімдіктер әлсіреуінен); топырақ бетіне мұз қабыршақтарының пайда болуынан (ұзақ жылымықтан кейін күннің күрт суытуынан өсімдіктер мұздың бетіне жабысады да механикалық жарақаттар алады) т.б.

– Үсіп кетуге қарсы тиімді күрес шаралары – аязға төзімді сорттарды өсіру, фосфор-калий тыңайтқыштарын енгізу, дер кезінде себу, тұқымды топыраққа тереңірек сіңіру, сүрі танаптарында ықтырма өсіру арқылы қар тоқтату ж.б.; күздік бидайды шіруден опат болдырмауға топырақ тезірек қату үшін және өсімдіктерде тыныс алуға пластикалық заттардың шығынын азайту үшін қарды тығыздау қажет; ерте себуді және жиі егістік қалыптастыруды; артық мөлшерде азотпен үстеп қоректендіруді болдырмау ж.б.; түптену түйіндері мен тамырлардың топырақ бетіне шығып қалмауы үшін Тур препаратымен өңделген тұқымды топыраққа тереңірек сіңірген дұрыс, әрі себуге дейін және себуден кейін ЗККШ-6А бұдырлы катоктарымен егістікті тығыздаған жөн; Артюшенко А.В. мен Артюшенко О.Г. (1977) тұжырымдары бойынша Қостанай облысы жағдайында күздік бидайдың опат болуы қыстап шығудың қолайсыз жағдайларынан емес, ерте көктемгі құбылыстарға байланысты – қары жоқ жерлерде өткір күн сәулесінің әсерінен өсімдіктер мезгілсіз ерте тіріледі де ылғалды буландыра бастайды, ал тамыр жүйесі әлі топырақтың тоң қабатында жатады да оларды ылғалмен қамтамасыз ете алмайды, өсімдіктер түнгі аяздан да (-12-14оС) әлсірейді және опат болады; сондықтан өсімдіктердің тіршілік үрдісін көктемде кешіктірудің маңызы зор (жеткілікті қар қабатын жасау жолымен).

Бидайдан ұн, ұнтақ жармасын, «тритикале» және «булгур» жармасын жасайды. Ұнтақ жармасы – өзімізге белгілі «манная крупа». «Тритикале» – будандастырылған бидай мен қарабидайдан жасалған жарма. Ұннан нан, макарон, кондитерлік тағамдар өндіріледі. Кебектің қайнатпасы теріні жұмсартады. Бидайдың масағы флористикада гүл шоғырлары мен композицияларын безендіру үшін қолданылады.

               Биіктігі 40 — 130 см, тамыр жүйесі — шашақты, тарамданған. Сабағы қуыс, жұмыр, жапырағы таспа тәрізді, сағағы сабағын орай орналасқан. Гүл шоғыры — күрделі масақ, оның қынабында 2 масақша қабыршағынан тұратын масақтар орналасқан, ал олардың аралығында 3 — 5 гүлдері болады. Масақтың пішіні ұршық тәрізді, түсі ақ, қызғылт, кейде қара, ішінде қылтанағы болады. Тұқымы — ұзына бойына тартылған сызаты бар, беті жылтыр дән. Масақ қылтығына, түсі мен масақша қабыршағының түк басуына, қылтықтары мен дәндерінің түсіне, т.б. байланысты бидайдың түрлері түршелерге бөлінеді, ал әрбір түрше сорттардан тұрады. Қазақстанда негізінен жұмсақ және қатты бидай өсіріледі.

Жұмсақ бидайдың (triticum aestіvum) масағы да жұмсақ, дәні жұмыр әрі жылтыр, сабағы қуыс. Оның ұнынан көбіне нан пісіріледі, ол нәрлі және жоғары сапалы болып саналады, құрамында 16%-тей ақуыз болады, жылтырлығы 70%, дән уызы серпімді әрі созылмалы келеді. Жұмсақ бидай Қазақстанда егіс көлемінің негізгі бөлігін алып жатыр. Табиғаттың әр түрлі жағдайына ыңғайлы, өсу қабілеті жоғары болуына байланысты оны көптеген аймақтарда өсіреді. Бидайдың дәнінен жарма, ұнынан нан, макарон, кеспе жасайды, кондитер өнеркәсібінде кең пайдаланады. Әсіресе, Қазақстанның Батыс, Орталық, Шығыс аудандарында өсетін жұмсақ бидай өте құнды болып есептеледі.

Қатты бидайдың (triticum durum) дәні ірі, сопақша, жылтыр. Оның дәнінде 24% ақуыз бар, ұнының сапасы жақсы, одан кеспе және макарон жасайды, бірақ жұмсақ бидайға қарағанда наны онша көтерілмейді. Қазақстанның климаты қуаң жерлерде өсетін қатты бидай ұнының сапасы өте жоғары болады.

Бидай егістігі.

Жұмсақ және қатты бидайлардың жаздық және күздік сорттары бар. Жаздық бидай көктемде, күздік бидай күзде егіледі. Күздік бидайдың тұқымы 1 — 20С жылылықта, 7 — 9 күнде көктеп шығады. Сол қалпымен қар астында қыстап, көктемде өсіп, дән салып, жазда піскен соң орылып жиналады. Күздік бидай дәнінің толыға бастаған кезінде ылғалды көп керек етеді. Көктемгі қуаңшылық оның өнімінің азаюына әсер етеді, дәні солыңқы болады. Сондықтан қыста қар тоқтату жұмыстарын жүргізу керек. Күздік бидай, көбінесе, оңтүстік облыстарда өсіріледі. Күздік бидайдың белгілі сорттары: Жетісу”, «Безостая1», Қарлығаш”, “Комсомолдық — 1”, “Мироновтық — 808”, “Прогресс”, “Шыны тәріздес-24. Егіс көлемі, түсімі, дәнінің сапасы жағынан жаздық бидай бірінші орын алады. Ол, көбінесе, Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық облыстарында өсіріледі, оның тұқымы 12 — 140С жылылықта бітік шығады. Түптену және сабақтану кезеңінде суды көп керек етеді, әрі топырақтың құнарлығын қалайды. Әсіресе, қызыл-қоңыр, құнарлы, саздау топырақтарда, тың жерлерде жақсы өседі. Тұқым себу мөлшері мен мерзімі әр аймақтың ауа райына, топырағына байланысты.       Жаздық және күздік бидайдан мол өнім алу үшін олардың тұқымы ылғалы аз, қуаң аймақтардағы ауыспалы егістен кейін, немесе таза сүдігерге (парға) егілгені жөн. Бұл әдісті қолданғанда бір жыл бидай, келесі жылы бір не көпжылдық шөп егіледі. Қазақстанның далалық қуаң аудандарында бидай себуге арналған топырақты сыдыра қопсытып жыртқан жақсы нәтиже береді. Мұндай әдіспен өңдегенде бұрын қандай шөп егілгендігі, қандай арам шөптер өскендігі ескеріліп, жер терең немесе таяз жыртылады. Оңтүстіктегі суармалы сұр топырақты аудандарда күздік бидай егілетін

                                                                  Қаптағы бидай.

жер аудара жыртылады. Қыста қар тоқтату тиімді. Егістіктерде себілетін тыңайтқыштардың түрі мен мөлшері себілген дақылға және топырақтың құнарлылығына байланысты. Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы аудандарда күздік бидайды себу алдында топыраққа азот тыңайтқышы беріліп, өңделеді. Өнімді жинау тәсілі бидайдың биіктігі мен өсу жиілігіне, арам шөптердің түрлері мен олардың аз-көптігіне, сабақтың көлбеп жатып қалуына байланысты. Арам шөптері аз, жатып қалмаған, біркелкі пісіп жетілген астықты тікелей комбайнмен шауып бастырады. Ал арам шөбі көп, біркелкі пісіп жетілмей, жатып қалған бидайды әуелі шауып дестеге түсіреді, содан кейін комбайнмен жинап бастырады. Қазақстанда бидайдың 29 сорты аудандастырылған.

4-нұсқа

«Безостая 1» сортты күздік бидайдың пісу фазасында 50 дана өсімдік биіктігі (см) төмендегідей болған:

 

163 144 139 129 125 130 131 130 140 141
140 140 132 138 130 132 116 137 142 129
142 142 134 142 130 141 108 137 134 139
136 142 145 140 140 120 109 140 141 140
130 140 140 142 127 118 127 148 121 127
  1. Вариациялық қатардағы ең жоғарғы (Хmax) және ең төменгі (Хmin) сан анықталады.

Хmax =163;                                     X min=108;

  1. Іріктеудің көлеміне байланысты топтар (кластар-К) саны белгіленеді:

n = 50                               [30….60]     6….7            K=√n

  1. Вариациялық қатардың аумағы анықталады (R):

R = Xmax – Xmin = 163 – 108=55cм;

  1. Кластың интервалы анықталады (арақашықтық) і:

i== Xmax – Xmin / топтар саны= R : K = 55:7= 7,05≈7

  1. Топтардың үлкен жіне кіші шекаралары анықталады:

 

108-114 122-128 136-142 150-163
115-121 129-135 143-149  
  1. Топтың орташа мәнін (Хmax), әрбір кластың төменгі шекарасына топ интервалының жарты мәнін қосу арқылы табады.
Топтар Конверт тәсілімен санау Кездесу жиілігі, f Топтың орташа мәні,Xv f* Xv Xv2 f* Xv2
108-114 : 2 111,5 223 12432,25 24864,5
115-121 3 118,5 355,5 14042,25 42126,75
122-128 :: 4 125,5 502 15750,25 63001
129-135 13 132,5 1722,5 17556,25 228231,25
136-142 24 139,5 3348 19460,24 467045,76
143-149 3 146,5 439,5 21462,25 64386,75
150-163 1 153,5 153,5 23562,25 23562,25
       
  1. 9. Іріктеудегі сандық өзгергіштіктің негізгі статистикалық көрсеткіштерін есептеуге кірісеміз.

Өлшеудің орташа арифметикалық мәнін табамыз, х

x=E(f* Xv) / n=6744/50=134.88

Корректорлау факторы, С

C = E(f* Xv)2/n=67442 / 50=45481536 / 50 = 909630.72

Дисперсия(шашырауы),S2

S2=E(f* Xv2) – C / n – 1= (913218.26 – 909630.72) /50 –1= 3587.54/50-1=71.8-1=70.8

Орташа квадраттық ауытқу,S

S= √S2 =√70.8 = 8.4см

Вариациялық коэффициент, V%

V = (S : X)*100= (8,4:134.88) * 100=0.062*100=6.2%

Іріктеу ортасының абсолюттік қателігі, Sx

Sx= S : n =8,4 : 50= 0.168

Іріктеу ортасының салыстырмалы қателігі, Sx%

Sx%= (Sx : X)*100=(0,168:134.88)*100=0,0012*100=0.124%

Cенімді интервалдар X±t* Sx

Мұндағы: х-өлшеудің орташа арифметикалық мәні

t-Стьюдент критерийінің мәні қосымша деректегі кестеден еркіндік дәрежелерінің санына (n-1)  байланысты алады.

Sx-іріктеу санының қателігі.

5% мәндік деңгейдегі сенімді интервал(2,01):

X±t0.5* Sx=134,88±2,01*0,168=134,88±0.34(135,22-134,54)

1% мәнді деңгейдегі сенімді интервал(2,68):

X±t0.5* Sx=134,88±2,68*0,168=134,88±0,45(135,33-134,43)

Қорытынды

«Безостая 1» күздік бидай өсімдігінің өсу жиілігі бойынша 50 жиынтық іріктеп алынды. Вариациялық сандар қатарында 163 ең жоғаргыы, ал108 ең төменгі мәнге ие болды. Іріктеудегі сандық өзгергіштіктің негізгі статистикалық көрсеткіштері 5% деңгейдегі сенімді интервал мәні (135,22-134,54см)-ге, ал 1%  мәнді (135,33-134,43см)-ге сәйкес келеді. Вариациялық қатардың гистораммасында кездесу жиілігінің орташа мәндерін сызықпен қосқанда, вариациялық қисықта бір ғана төбесі анықталды. Ол дұрыс ауытқу болып ссаналады. Бірақ стандартты статистика бойынша ±3S оң және сол жақтан қосып есептегенде шамадан асып кетеді, бұл дұрыс таралмағанның белгісі.

You May Also Like

Ана тілін білмеген, халқын сүйіп жарытпас

АНА ТІЛІН БІЛМЕГЕН, ХАЛҚЫН СҮЙІП ЖАРЫТПАС Біздің өмірімізде тағы да бір тарихи…

Проект «Умная теплица»

Проект «Умная теплица» Умная теплица – это полностью автоматизированная конструкция теплицы, призванная…

Бағытталған соққы; біреуден кейін шабуылдаушы соққы; артқа пас бергенен кейін шабуылдау.

Бағытталған соққы; біреуден кейін шабуылдаушы соққы; артқа пас бергенен кейін шабуылдау. Дене…

Сары Айдаровтың өмір баяны

Сары Айдаровтың өмір баяны С.Айдаров 1919 жылы » Келес» ауданы Ғани Мұратбаев…