Сары Айдаровтың өмір баяны

С.Айдаров 1919 жылы » Келес» ауданы Ғани Мұратбаев атындағы совхоздың Ғани Мұратбаев бөлімшесінде туылды. 1939 жылдан 1946 жылға дейін Совет Армиясының қатарында қызмет етіп,Сталинград қаласын ,Румынияны, Польшаны, Венгрияны неміс басқынщыларынан азат етуге қатысқан. Ғани Мұратбаев атындағы совхоздың мақта бригадирі, КПСС мүшесі , Ақтөбе селолық Советінің депутаты болған. 1962 жылы 35-40 центнерден мақта бергені үшін Волго көлігімен марапатталды. 1965 жылы соғыстың аяқталғанына 20 жыл толуына байланысты,1975 жылы 30 жылдығына медаль берілді. 1970 жылы Ленин орденімен,1975 жылы «Победитель социалистического соревнования 1975 года» медалымен марапатталды. С.Айдаровтың жемісті еңбегі партия мен үкіметіміз тарапынан жоғары бағаланып , 1966 жылы «Еңбектегі ерлігі үшін»  медалымен наградталды. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің 1974 жылғы Указына сай ССР-не еңбегі сінген ауыл шаруашылығының қызметкері атағы берілді. 1976 жылы 17 сәуірде мезгілсіз қайтыс болды. Әрі қарайғы орнын  жалғастырған үлкен ұлы Сариев Абылай.

С.Абылай  мақта шаруашылығында озат аталып 30-35 центнерден мақта тапсырып 1986 жылы Жигули көлігімен марапатталды. Әкесінің бар қызметін ойындағыдай атқарды. 20 жыл партия мүшесінде және мақта бригадирі қызметінде болды. Сондай-ақ «Келес» ауданының депутаты қызметін де атқарған. 1996 жылы 14-ші қазан айында мезгілсіз көз жұмды.

Екінші ұлы Айдаров Әбілқасым 1977-1982 жылы Алматы Теміржол транспорты инженерлері институтының «вагон жасау және вагон шаруашылығы «мамандығын бітірген.1982-2005 жылдарында Шымкент қаласында ст.Қазығұрт басшысы, бас инженер және директоры болып жұмыс жасады. 2005-2013 жылдары Астана қаласында «Вагон шаруашылығы департаменті» директорының орынбасары болды.2013-2017 жылдары «Арыс пайдалану вагон деносының» директоры болып, 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін «ҚТЖ»және «АҚ»,ЖТ Шымкент бөлімшесінің филиалының бас инженері қызметін атқарды.

Үшінші ұлы Айдаров Ержан осы Шымкент облысының теміржол саласында жүмыс істеуде.

Айдаров Сарының отбасы мүшесінде 3 ұл,6 қыз бала бар.

You May Also Like

Ұлттық клиникалық басқарушылық даму тарихы,құру қағидалары енгізу мәселелері

Мақсаты Ұлттық клиникалық басқарушылық даму тарихы,құру қағидалары енгізу мәселелері Міндеттері Ұлттық клиникалық…

Ыстық және салқын сумен жабдықтау жүйесі, ғылыми жоба

«Ыстық және салқын сумен жабдықтау жүйесі» Өндірістік мекемелер технологиялық қажеттіліктеріне (технологиялық ортаны…

Как социальные сети влияют на русский язык

Введение 1.Происхождение школьного сленга 2.Прихождение компьютерного сленга и его влияние на грамотность…

Ауылымызда өсетін итмұрынның емдік қасиеті, шығарма

Сәлеметсіздер ме! Ауылымызда өсетін  итмұрынның  емдік  қасиеті           …