Сәлеметсіздер ме!

Ауылымызда өсетін  итмұрынның  емдік  қасиеті                                                                                                               Мақсатым: Итмұрын өсімдігін тиімді пайдалануға, өсіп –өндіру  экология және  қоғам  үшін  негізгі байлық  екенін  түсіндіру. Ауылымызда  өсетін  дәрілік  итмұрынның денсаулыққа  шипалығын  насихаттау.

Итмұрын   раушангүлдер  тұқымдасына  жататын көпжылдық  бұталы  өсімдік.  Биіктігі екі метр, бұталары  тікенекті.  Республиканың  Орталық және Оңтүстік шығыс  бөлігінде тауда, жазықта,  сайларда ормандарда дымқыл  топырақты  жерлерде,  бұталар  арасында  өседі. Итмұрынның  гүлі ақ, қызғылт сары түсті , мамыр маусым  айларында  гүлдейді. Жемісі  тамыз  қыркүйек  айларында  піседі. Жемісі  сопақша келген, жылтыр, түсі қызыл болады.  Піскен уақытында  жинап алып , кептіреді.

Жабайы  раушан дейді екен.    Итмұрынды  ел кейде,  Піседі екен жемісі.  Қараша  айы  келгенде.  Онда  аскорбин  қышқылы . Сенесіз бе? Көп дейді.  Елу есе  Лимоннан.  Қарақаттан  он есе.

Итмұрынның ерекшелігі бағалы дәрумендерге бай. Итмұрынның құрамында  Менделеев кестесінің  жартысы  бар  деуге  болады. Итмұрынның  тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына  өте  шипалы.  Итмұрын  құрамында  С,В,К,Р дәрумендері,  каротин, қант,  органикалық  қышқылдар,  минералды  заттар, макро микро  әлементтер , тұқымында  Е дәрумені бар. Медицинада  итмұрынды ағазда  дәрумендер  жетіспегенде, ұмытшақтыққа қарсы, қан  қысымы көбейгенде , қан  аздыққа , асқазан және  бауыр ауруларын емдейтін   дәрілік  өсімдік  ретінде  пайдаланады. .

Сырқаттанып  қалған кездері  міндетті  түрде  қымбат антибиотиктерді пайдалану шарт емес. Мен  асқазанды  әртүрлі   химиялық  препараттармен  улай  бергеннен  гөрі  бір мезгіл  әжелеріміз  ұсынған , неше  ғасыр  тәжірибеден  өткен  рецептерге де мән  берген  дұрыс деп  есептеймін.   Итмұрынды  емдік  шөп ретінде  пайдаланатын , ауылымыздың  тұрғыны  Нағима әжеден, Зина  апайдан   кеңес ала  отырып итмұрыннан  жасалатын  шипалы  сусындардың жасалу жолын үйрендік. Оларға  тоқаталын  болсақ :

  • Бір стакан суға  елу грамм итмұрын,  елу грамм  қарақат  жемістерінен  қосып қайнатып, күніне  бір екі стаканнан  ішіп отырса гемоглабинді  көтереді.
  • Итмұрынның он он бес жемісімен  бір шай қасық қантты  бір стакан  қайнаған    ыстық суға салып, алты сағат  бетін  жауып  тұндырады.
  • Ем болатын  аурулары:  жүргеі ауыратын және қан қысымы жоғары адамдар итмұрын  тұнбасын күніне  қырық  грамнан алты апта  бойы ішіу керек., тұмауратқанда, көздің  көруін  жақсарту үшін де  көзге  де  тамызуға болады.
  • Бел , аяқ ауырғанда  он бес грамма итмұрын  жемісін  суға  қайнатып  ішеді.
  • Шиқанға итмұрын тамырын жаншып  шиқан  жарасына таңады.
  • Күн өткенде, шөл басуға итмұрын  гүлін  қайнаған суға  бұқтырып , шай орнына  ішеді.

Осы  итмұрыннан жасалатын сусындарды  әжелеріміз үйде пайдаланады.. Итмұрынның  пайдасы және оның  дайындалу  әдістерін зерттей отырып, барлық  адамдардың қажетіне жарайды деп кеңес беремін,

Осы мақсатта  мектеп оқушыларынан,  ата аналардан сауалнама  алынып , нәтижесі  қорытындыланды.

Жүргізілген  сауалнамадан  байқап отырсақ  ауыл  тұрғындары  итмұрынның ауылымызда  өсетінін біледі , ал оның  емдік  қасиеттері  туралы  ақпараттары  аз екен. Күнделікті  итмұрынды  қолданатын  адамдар саны да сирек.  Сондықтан мен   бұл зерттеу  жұмысым арқылы қала,  ауыл  тұрғындарына  , өздерінің елді мекендерінде   өсетін  итмұрынның  пайдасы  туралы ақпаратты  тарату,

Итмұрын жемісін  халқымызда  тек қана  дәрілік шөп ретінде ғана емес, көз тимес үшін, сәндік , , бұйым  ретінде де пайдаланған.Ол үшін  итмұрын  жемісін  жинап алып ,жіпке өткізіп, моншақ, білезік, ретінде тағуға болады.

Қорыта  келгенде,   Өсімдік табиғат қазынасы, халық байлығы

Жалпы зерттеу жұмысымды қорытындылай келе итмұрынның  адам ағзасына тигізер пайдасы өте зор дегім келеді,

Егер де  сырқаттанып  қалсаңыз , қымбат  дәрілерге ақша кетірмей, итмұрыннан  жасалатын  сусындарды  қолданған  жөн деп ойлаймын

Итмұрынның  адам   ағзасына тигізер пайдасы әлі де көп деп ойлаймын. Сондықтан менің бұл зерттеу жұмысым әлі де өз жалғасын  табады.

You May Also Like

Егіз балаға жүктілік кезінде ерекше күтім қажет пе?

Баланың ана құрсағында өзі сияқты екінші бір баламен қатар жетіліп, дүниеге бір…

Түстер психологиясы

Түстер психологиясы Түстерді қабылдау психологиясы — адамның түстерді теңестіру-ұқсату арқылы қабылдап, атау қабілеті.…

Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған

 Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған  Тақырыбы: Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын…

Пословица недаром молвится

Пословица недаром молвится Предмет:  Русский язык и литература Автор работы: Рахимова Мадина Руководитель: Исетова Дильдора…