Баланың ана құрсағында өзі сияқты екінші бір баламен қатар жетіліп, дүниеге бір уақытта келуі, егіз болып туылуын көріп, өсіруіміз үйреншікті жағдай. Бірақ егіздер жайлы не білеміз? Егіз балаға жүктілік кезде қалай күтіну керек? Егіздерді дүниеге әкелу қаншалықты қиын? Бұл сауалдардың жауабын оқыңыз.

Соңымен:
Әйел жүкті болғанда оның құрсағында бір мезгілде екі және одан да көп нәресте пайда болса, ол көп ұрықты жүктілік деп аталады. Егіз балаларды бір баланы дүниеге әкелумен салыстырғанда әйел ағзасына екі есе күш түсіретін биологиялық процесс болады. Мысалы, іштегі екі баланың салмағын қосқандағы салмақ қалыпты жағдайдағы бір бала салмағынан ауыр келеді. Осының салдарынан қуық жолдарына ауырлық түсіп, ағзадағы кальций көп мөлшерін жоғалтып, босану процесі ұзаққа созылады. Мұндай жүктілік кезде ананы жиі қадағалып, дұрыс күтімге алған дұрыс. Ал болашақ ананың өзі балаға зиян келтіретін заттар мен зақым келетін қимылдардан аулақ болуы керек.
Егізге жүктіліктің ағзаға кері әсері
Бірнеше ұрық клеткасынан дамитын жүктілік кезінде ананың жүрек қан-тамыр жүйесінің қызметі бұзылады, аяқ ісініп, вененың түйнеліп кеңеюі күшейеді қуық жолдарының қызметі төмендеп, кіші дәретке баруы жиілеп, мезгілінен бұрын босану қауіпі артады. Құрсақтағы бала екеу болғандықтан ана ағзасындағы балаға қажетті заттар екі есеге көбейтіп, қандағы гемоглобин мөлшері төмендеп, темірдің жетіспеушілігіне тап болады. Сол себепті екіқабат ана құрамында темірі бар дәрумендерді қосымша қабылдамаса дүниеге келетін балалар әлсіз және қаназдық (анемия) дертімен дүние есігін ашады. Сонымен қатар жүктіліктің екінше кезеңінде ана зәрінде ақуыздың мөлшері көбейіп, артерия қысымы артады. Кей жағдайда құрсақтағы балалардың және қасындағы жолдасының дұрыс орналасып, дұрыс жатпауының салдарынан құрсақтың аузын жауып қалады да босану қиынға соғады. Бала жолдасының жетіспеушілігі де кездесіп жатады. Мұндай жағдайда құрсақ ішіндегі балалар өзіне қажетті қорегін жеткілікті мөлшерде алмайды. Осының салдарынан шаранадағы шақалақтың біреуі тез өсіп жетіледі де ал екіншісі әлсіз болып жатады.
Болашақ анаға күтім
Егіз балаға жүкті ана дәрігер қарауында болуы керек. Егер де жүктілік қалыпты жағдайда болса болашақ ана жүктіліктің екінші кезеңінен бастап әр он күн сайын дәрігерге көрініп отырған дұрыс. Ал жүктіліктің үшінші кезеңінен бастап дәрігерге аптасына 1-2 рет тексеріліп отырады. Жүкті әйел қалыпты жағдайынан бөлек, оның салмағы басты назарда болады. Егіз балаға жүкті ананың 15 кг.-нан артық салмақ қоспағаны дұрыс. Себебі одан артық салмақ қосылса ана мен балалардың жағдайы ушығып, ауру түрлері қозып, босану қиынға соғады.

Босану уақытына 1-2 апта қалғанда ананың жағдайына қарай босануға дайындап, ауруханаға алдын ала жатқызады. Себебі жоғарыда айтып өткеніміздей егіз балалар мезгілінен бұрын дүниеге келуі мүмкін.
Егізді босану кезіндегі қиындықтар
Бір баланы дүниеге өкелумён салыстырғаңда егіз балаларды дүниеге әкелу екі есеге қиындайды. Себебі егіз балалардың құрсақта орналасуы әр түрлі болады. Мысалы, босану уақыты жақындаған уақытта егіздің бірі жатыр аузына басымен келсе, сыңары керісінше орналасуы мүмкін. Мұндай қиын жағдайда дәрігерлер міндетті түрде ана мен балалардың өмірін арашалау үшін оталық жолмен алады.
Егіздердің дүниеге келу уақыты
Егіз балаға жүкті болашақ аналардың көпшілігі 35-37 аптада, үшемдерге жүкті аналар 32-34 аптада босанып жатады. Негізі егіздер 34 аптаға толып, дүниеге келіп жатса алаңдаудың қажеті жоқ. Бірақ мезгілінен бұрын дүниеге келген егіз балалардың көпшілігінде тыныс алу жолдарында ақау болады. Сонымен қатар олар аз салмақпен туылатындықтан басқа балалармен салыстырғанда жиі ауырып, өсуі тежеледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Жаңа жылда, жаңа жыр, жаңа жыл мерейтойына сценарий

«Жаңа жылда, жаңа жыр» («Алтын балык» ертегісі бойынша) Музыка   фанфары Жургізуші: Әуенмен…

Кесте, -тегінің қолданылуы
Кестелер Басқа үйренген тектерден басқа, сіз өщдіңіздің веб-бетіңізге өз кестеңізді енгізе аласыз,…

Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері, курстық жұмыс

Тақырыбы:    Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері Жоспар Кіріспе………………………………………………………………………………………………….. Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері…

План ателье «Дом моды»

План ателье «Дом моды» Цель: открытие ателье по пошиву одежду в центре…