Тақырыбы:Кимешек тігу әдісі

Мақсаты:

Білімділік: Тәрбиеленушеге кимешек туралы түсінік беру және пішілу, біріктіру әдістерә туралы білім беру

Дамутышылық : ой-өрісін кеңейту, білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету

Тәрбиелік: ұлтжанды, ұлттық құндылықты бағалай білуге, эстетикалық талғамын қалыптастырып, өз бетіне еңбек ете білуге тәрбиелеу

Сабақ типі. Жаңа білімді меңгеру  сабағы

Сабақ түрі: Аралас

Сабақ әдісі: түсіндіру, ой шақыру, зерттеушілік, өз бетімен жұмыс

Сабақ көрнекілігі: Дайын бұйым нұсқау кесте, үлгілер, слайд

Құрал жабдықтар. Мата, қайшы, ине жіп, сызғыш, тігін машинасы

Пән аралық байканыс: тарих, математика сызу

Сабақтын барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үй тапсырмасы: Қазақ әйелдерінің ұлттық бас киім түрлері және сүреттері  немесе эскизі

  1. Қандай бас киім үлгілерін білесіздер?
  2. Оқушылар үйден салып келген эскиздері, сүреттері бойынша жауап берді

ІІІ. Жаңа сабақ

Әже , сен бірге жүрсің меніменен

Өліге мен өзіңді телімеген

Ақ кимешек көрінсе, сені көріп

Ақ кимешек жоғалса

Нені көрем!

деп ақын Муқағали ағамыз жырлағандай бүгінгі тақырыбымыз кимешек  туралы болмақ

Ұлттық бас киімнің ең кереметі, қазақ әйелдерінің әдемелігін арттырып, ажарын ашатын киелі бас киім- кимешек екен. Кимешектің тарихына тереңірек үңілсек әдет-гұрын, салт-дәстүр халықтын тұрмыс тіршілігінен қабардар ететін тұнып тұрған мәдени мұра.

Ертеде екі тайпа жауласып, бітімге келе алмай жатса ақ жаулықты, аналарымыз кимешектің үстіндегі  жаулығын басынан сыпырып екі ортаға тастағанда, киелі бас киімнен ешкім аттап өте алмаған. Демек кимешектің тарихи мәні бар деп айтуға болады.

Әйелдердің тұрмыс –тіршілігінде шашты жинап, басты байлап жүрудегі гигиеналық, этикалық, эстетикалық мәні зор.

Кимешектің түрлері тігілуі мен әшекейіне қарай аймақтық, рулық ерешекліктерге иә, сан алуан сипатта кездеседі.

Кимешектің әшекейы мен әдемілігі жас ерекшелігін қарай парықталып тұрады. Әр жастығы әйелдердің кимешегінің ою-кестесі жеңіл, тымжылтырақ болмайды. Ал жас әйелдердің кимешегі қызылды- жасылды, барынша сәнді етіп әшекейленеді. Киелі кимешекті қалай болса солай кез келген уақытта кие беруге болмайды. Оның өзіндік жол жоралғылары бар. Яғни кимешекті әйел балалы болғаннан кейін, ауыл аймақтың әйелдерін шықырып, келінің енесі өзінің қалаған адамына келінінене кимешек кигіздірген. Кигізген кісі енесінен сый алған. «Кимешек – пайғамбардың ноқтасы» деген сөз бар. Мағынасы: тыйым, тәртіп, белгілі бір өлшем деген түсінікті білдіреді. Үйге келеген қонақ ілініп тұрған кимешекке қарап, дәрежесін, ұқыпты немесе салақ екенін хабардар болған. Демек кимешек әрі төлқұжат, әрі мінездеме рөлін атқарған

Кимешектің бөліктері : «төбелдірік», «шықшыт», «желке», «маңдай»,   «алқым», «иін» деп аталады.

Кимешек ұзындығына қарай – арқа жабар, бел жабар, қылта шалғай, өқше қағар болып төрт өлшемге бөлінеді кимешекті ақ матадан және жібек матадан тігеді

Кимешекті тігу әдісі

  • Ені 90-100 см , ұз 2 м матаны екі бүктеп беттестіріп, 1 жағынан тігіс жүргіземіз
  • Матаны тігісі үшбұрыштың биіктігі (биссектриса)(ортасымен) бойымен өтетін етіп бүктейміз
  • Кимешекті қию (төбесін, бет ойығын) 

IV.Сарамандық жұмыс

  1. Т.Қ.Е. еске салу
  2. Нұсқау кесте бойынша кимешекті тігу, пішу

– Ені 90-100 см, ұз 2 м матаны екі бүктеп беттестіріп 1 жағынан тігіс жүргіземіз

– Матаны тігісі  үшбұрыштың биіктігін(биссектриса)(ортасымен) бойымен өтетіе етіп бүктейміз

-Кимешекті қию (төбесін, бет ойығын)

-Етегін, алдыңғы жағын қию

-Төбесін қию әдібін бет ойығының пішіміндей етіп ою

-Әдібін қию

-Кимешектің бет ойығын әдіптеу

-Төбесін қосып тігу

-Тігісті жөрмеу

-Етегін өңдеу

Нұсқау кесте

Кимешекті тігу әдісі

Жұмыстың  орындалу реті Суреті
1 Ені 90-100 см, ұз 2 м матаны екі бүктеп беттестіріп 1 жағынан тігіс жүргіземіз
2 Матаны тігісі  үшбұрыштың биіктігі

(биссектриса)(ортасымен) бойымен өтетін етіп бүктейміз

3 Кимешектін  төбесін, бет ойығын тілу
4 Етегін, алдыңғы жағын қию

 

5 Төбесін қию
6 Маңдайын , әдібін қию
7 Кимешектің бет ойығына маңдайын қосып тігу
8 Бет ойығына әдібін қосып тігу
9 Әдібін аударып тігіп бет ойығын сәндік тігіспен ( су  жүргізу) өңдеу
10 Төбесін қондырып тігу
11 Тігісті жөрмеу
12 Етегін өңдеу

Ескерту: иықта 1 немесе 2 тігіс болуы мүмкін

Жұмыстың сапасын тексеру, бағалау.

V.Қорытынды

Бүгінгі сабақты қорытындылай келе әжелерден қалған киелі дүниені сақтап қалу, дамыту-бүгінгі біздің басты парызымыз . Әркім өз келбетін сақтауға ұмтылған жаһалдану кезеңінде сәні мен мәні астасқан асыл мұрамыз кимешек ерекше назар аударуға лайықты төл туындымыз.

You May Also Like

Үш жүздің басын қосқан хан, сабақ жоспары

Негізгі және туынды етістік, сабақ жоспары

Роботтар мұғалімдерді ауыстыруы мүмкін бе? сабақ жоспары

Қар барысы, сабақ жоспары