Жапсырып құрау техникасымен панно әзірлеу

Уақыты
Оқу сағатының  тақырыбы Жапсырып құрау техникасымен панно әзірлеу

 

Оқу сағатының  мақсаты Жапсырып құрау техникасымен панно әзірлеуді   үйрету
Білімділік: :  

 

халықтың қолөнерінің  түрі құрақ туралы білімдерін қалыптастыру
Дамытушылық: құрақ өнерін жетілдіру, дамытуды үйрету арқылы қолөнерге баулу
Тәрбиелік: құрақ құрау өнері арқылы қыз баланы әсемдікке, кез – келген затты қиюластыра білуге, үнемділікке  тәрбиелеу
Оқу сағатының  түрі: Жаңа сабақ, Сарамандық сабақ
Оқу сағатының әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету

 

Пәнаралық  байланыс: геометрия, сызу, математика, тарих, бейнелеу өнері, биология
Оқу сағатының  көрнекілігі: құрақтың түрлі үлгілері, компьютер, нұсқау карталары, ТҚЕ №1
Оқу сағатының  құрал-  жабдықтары: тігін машинасы, қайшы, ине, жіп, үтік, мата қиындылары, панноға арналған рамкалар, қалам сызғыш, түйреуіш, түрлі маталар
Оқу сағатының жоспары

 

І  Ұйымдастыру кезеңі

ІІ  Оқу сағатының барысы

1.    Өткен оқу сағатын  қайталау (сұрақ – жауап)

2.    Жаңа сабақ

3.    Сарамандық жұмыс

ІІІ  Қорытынды

Оқу сағатының барысы:
І  Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, түгендеу, оқушылардың құрал-жабдықтарын, оқу сағатына дайындықтарын тексеру)
ІІ Оқу сағатының барысы:

1. Өткен оқу сағатын  қайталау (сұрақ – жауап)

Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы слайдтта көрсетілген сызбаны бояп  құрақтың атын табу керек. (Жауқазын  құрағы), (Қосымша 1)

1.       Құрақ дегеніміз не? (Құрақ—мата қалдықтарынан жасалатын  бұйымының бірі.)

2.       Құрақты басқа елдерде қалай атайды? (Орыс тілінде құрақ құрау өнерін «Лоскутное шитье» деп атайды,  Ағылшын тілінде  «Pachwork» деп атайды,  Жапон халқында «сашико» деп атайды.)

3.       Құраққа қандай негізгі талап  қойылады? (Түстердің үйлесімді болуы)

4.       Құрақтың қандай түрлерін білесіңдер? (Негізінен құрақтың 200 ден аса түрі бар. Соның ішінде төртбұрыш, сегіз жапырақ, мүйіз құрақ, ши құрақ, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүл құрағы, жұлдызша құрағы ел ішінде кеңінен тараған.)

5.       Құрақтан қандай заттар жасауға болады? (көрпеше, көпшік, жастық, мойын жастық, жапқыш, түскиіз, сөмке т.б.көптеген заттар жасауға болады)

6.       Қолөнердің қандай түрлерін білесіңдер? (тоқыма, тігін, киіз басу, кесте тігу, ағаш өңдеу, зергерлік бұйымдар т.б.)

7.       Құрақ түрлері өзінің қиюласу өрнегіне қарай қандай топтарға бөлінеді? (Геометриялық, Зооморфты , Өсімдіктектес, Космогоникалық, Тұрмыстық

8.       Сегізжапыра, жауқазын құрағы қай топқа жатады? (Өсімдіктектес

9.       Жұлдыз құрағы қай топқа жатады?(Космогоникалық)

10.     Аққу құрағы, Мүйіз құрағы қай топқа жатады? (зооморфты)

2. Жаңа тақырып  Бейне баян арқылы жаңа сабақты ашу.

Жапсырмалау өнері қай халықтың өнерінде болса да кездеседі. Әсіресе қолданбалы өнерде алатын орны ерекше. Бұл өнер түрі Батыста Орта Азияда жақсы дамыған. «Жапсырма», «аппликация» латынның «жапсыру, қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Жапсырмалау өнерін қолданылатын материалдарына қарай үш түрге бөледі:

·        1. түрлі түсті қағаз, қатты картонмен орындалатын жапсырма;

·        2. әр түрлі мата, киіз, тері, мақта, қауырсын, жіп және т.б. материалдарды қолданумен орындалатын жапсырма;

·        3. табиғи материалдармен (сабан, ши, қамыс, дәндер, т.б.) қолданумен орындалатын жапсырма;

Жапсырып құрау техникасы майда мата қиындыларын желімді матаға төсеп оны мөлдір матамен жауып бетін сәндік тігістермен тіккен құрақты айтамыз.

Ережеге сәйкес матамен жұмыс жасау  техникасында, матаның шағын бөліктері және тіпті өте кішкентай кесектері пайдаланылады, оларды тігудің өзі күрделі болғандықтан жапсыру әдісін қолданады.

Жапсырып құрау техникасымен әр түрлі заттар тігуге болады оның ішінде жастықшалар, сөмкелер, әмияндар, картиналар т.б. (Қосымша 2)

3. Сарамандық жұмыс

 

А) ТҚЕ №1 (Қосымша 3)

Б) Қорапшадағы  түстерді  таңдау  арқылы оқушыларды топтарға  бөлу

       «Аққу» тобы

       «Сегіз жапырақ» тобы

       «Жұлдызша» тобы

В) )  Нұсқау карта бойынша жұмыс жасау (Қосымша 4)

ІІІ  Қорытынды.

 

А) оқушылар жасаған жұмыстарын қорғайды

Б) Топтар бір бірін смаиликтер арқылы бағалайды

В) Мұғалім оқушыларды бағалайды.

Қас шебердің қолы ортақ,

Ұрпақтарға жалғасқан.

Зердеңде болса – сол атақ,

Болашақтан  қалмастан.

Әже менен анадан,

Мирас болған – бұл өнер.

Ұрпақтан озып ұрпаққа,

Кете берер бұл өнер – деген өлең жолдарымен сабағымызды аяқтаймын.

Қосымша 4

Жапсырып құрау техникасымен панно әзірлеудің нұсқау картасы

Жасалу жолы  Сипаттамасы
1  

 

 

 

Негізгі матаны төсейміз
2  

 

 

 

Желімді матаны төсейміз
3  

 

 

 

Мата қиындыларын эскиз бойынша саламыз
4  

 

 

 

Оның үстіне тағы бір қатар желімді матаны төсейміз
5 Желімді матаның үстіне тор мата төсейміз
6  

 

 

 

Тор матаның үстінен үтікпен үтіктейміз
7  

 

Үтіктелген құрақтың бетіне сәндік тігістер жүргіземіз
8  

 

 

 

 

 

Дайын болған картинаны рамкаға салып өңдейміз

Қосымша 3

№1 ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қол инесімен жұмыс:
1. Үнемі арнаулы қобдишада сақтау керек.
2. Инені киімге қыстыруға болмайды.
3. Тігіс кезінде ине жібін тіспен үзуге болмайды.
4. Инемен жұмыс кезінде оймақ киген дұрыс.
5. Инені тістеп отыруға болмайды.
6. Инемен ойнап отыруға болмайды
7. Инені пердеге көйлекке қыстырып кетуге болмайды.
Қайшымен жұмыс:
1. Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.
2. Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме.
3. Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.
4. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде көңілін бөлуге болмайды
5. Қайшының ұшын жоғары көтерме
6. Қайшылар өткір болуы керек және жабық сақталғаны жөн.
Үтікпен жұмыс:
1. Үтіктеу алдында өткізгіштің үзілген желінген жерлерін тексеру керек
2. Үтікті мата түріне қарай қыздыру керек
3. Үтікті тек тұтқасынан ұстаған дұрыс.
4. Үтікті арнайы тіреуішке тіреу керек
5. Үтікті тек мұғалімдердің рұқсатымен токқа қосуға болады
6. Ылғал қолмен токқа қосылған үтікті ұстауға болмайды.
Тігін машинасы:
1. Машинаның айналатын бөлшектеріне шам ілініп кетпеуі үшін шашыңды

жинақы ұстау немесе басты орамалмен байлап алу керек
2. Тігу кезінде матаны қолмен тартуға болмайды ине сынып кетуі мүмкін
3. Жұмыс кезінде машина табанының астында бөгде заттар қайшы, оймақ және

т. б. болмауы керек
4. Тігін машинасында жұмыс істеу кезінде қозғалыстағы бөлшектерге жақын

еңкеюге болмайды
5. Тігу барысында жарық алдыңнан немесе сол жағыңнан түсуі керек
6. Тігін тігушімен машинаның арақашықтығы 10 – 15 см болуы керек
7. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек
8. Тетікті орнатқан кезде аяқты табанға басып тұруға болмайды
9. Машинаның инесіне жіпті өткізгенде аяғыңды табаннан алып тастау керек
10. Машина табанының астына матаны бекітпей оны оралған жібімен жүріске жіберуге болмайды

 

 

You May Also Like

С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңінің идеясы, сабақ жоспары

Әлемнің жеті кереметі, сабақ жоспары

«Хан шатыр» ойын-сауық орталығы, сабақ жоспары

Зат есім, сабақ жоспары