«Жаңа жылда, жаңа жыр»

(«Алтын балык» ертегісі бойынша)

Музыка   фанфары

Жургізуші:

Әуенмен балалар ортаға шығады. Би билейміз

Уәзір1 :Дархан:

                       Жаңа жылмен, жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрінде!

Уәзір 2: Ахмет:

             Келді тағы Жаңа жыл.

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш.

Құттықтаймыз сіздерді.

Уәзір 3: Амиран:

            Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Таңырқанып тұрмаңыздар.

Сәнді шырша шақырады.

Шырша жырын жырлаңыздар.

Ән: «Шырша жыры»

Балалар орындарына отырады 

Автор: Ерте ерте ертеде теңіз жағасында ата мен әже өмір сүріпті. Ата теңізден балық аулап, кемпірі балықтан ас пісіріп күн кешіпті.

(Әуенмен балықшы шал мен кемпірі  ортаға шығады)

Кемпір:Інжу: Ау шал, кайдасын? Кел мында

Шал: Дегдар: Не болды? Мен мындамың…

Кемпір:Інжу: Неге жүрсің? Барып теңізден балық аулап әкел. Мен жаңа жыл кешінде балық пісіріп жегім келеді.

Шал:Дегдар:  Теңізде су қатып қалған шығар, күн суытып кетті ғой. Қалай барамын мына күн суықта?

Кемпір:Інжу: Мен ештеңе білмеймін, бар деген соң бар!

Автор: Шал бас салбырап теңізге кетеді.

Автор: теңізде алтын балықтар серуен құрып жүреді.

(сахнаға теңізде жүзіп жүрген алтын балықтар шығады.)

  1. Алтын балық: Аяна: құрбыларым, алтын балықтар бүгін теңіз суы қандай керемет….
  2. Алтын балық: Медина: құрбыларым естідіңдер ме? Жақында жаңа жыл мекерекесі де келе жатыр екен.
  3. Алтын балық: Айлин: айтыңдаршы құрбыларым ол қандай мереке екен?
  4. Алтын балық: Араяна: жаңа жыл меркесі бұл ғажайып мереке. Бұл мерекеде құрлықтағы барлық адамдар бір –бірін, жаңа бір жыл келуімен  құттықтайды.
  5. Алтын балық: Жанасая: ия, жаңа жыл мерекесіне алыстан  Аяз ата Ақшақармен келеді.
  6. Алтын балық :Еркежан: Аяз ата құрлықтағы балаларға көп көп сыйлықтар әкеледі.
  7. Алтын балық Інжу:ОХО қандай қызықты мерек бұл жаңа жыл деген.
  8. Алтын балық :Айжұлдыз: құрбылар бұл не тұрыс? Жүріңдер би билейік.

Би:«Алтын балықтар»

Автор:Шал ауды теңізге бірінші рет салады, екінші рет салады ешқандай балық ауға ілікпейді. Үшінші рет салғанда ауға жәй балық емес алтын балық түседі.

Аяна:Алтын балық: алтын балықтар  құрылған аудан сақ болыңдар. қашыңдарррр. (алтын балықтар қашып, жасырынады)

 шал шанамен үлкен алтын балық сүйретіп кіреді.

Автор:шал қуанып, алтын балықты үйіне алып кетпекші болады.

Шал (қуанып)Дегдар: Жаңа жыл кешінде балық пісіріп жейтін болдық-ау. Енді кемпірім қуанатын болды.

Автор: сол кезде алтын балық балықшы шалға тіл қатады.

Алтын балық :Еркежан: Ата,ата  мені босатып жіберші! Мен сіздің тілегіңізді орындаймын.

Шал:Дегдар: Ойй сен, сен сөйлестін балықсың ба?

Алтын балық: мен жәй балық емеспін сыйқырлы алтын балықпын.

Шал:Дегдар :Олай болса менің үш тілегім бар. Бірінші тілегім мына  балалар әдемі бір тақпақтарын айтып берсін.

(Алтын балық: қолын шапалақтайды қыздар шығып, тақпақтарын айтады)

Аяна:

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын!

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!

Медина:

Ақ қар жапты далааны

Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға.

Айжұлдыз:

Аспан жерге төгілді

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келді

Бізге қарай жылыстап.

Айлин:

Жылдың әнін бастайын,

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жас қайың.

Көтере алмай көп қарды.

Алтын балық:Еркежан: Ата, енді риза болдың ба? Мені  жеберініз.. Су қатып қалса жете алмай қаламын ғой?

Шал:Дегдар: Жоқ жоқ тоқтай тұр!екінші тілегім мен Теңіз патшасын көргім келеді.

(Алтын балық қолын шапалақтайды)

Патша  кіру

Теңіз патшасы:Нұрали:

Жамылған ақ мамық ұлпа қар,

Нұрланар кең байтақ Отаным.

Бала жоқ сыйлықтан құр қалар

Сыйлығы көп Аяз атаның

Теңіз патшасы:Нұрали:Менің мазамды кім алды? Кім мұнда мені шқырды?

Алтын балық: Еркежан:  Патшам кешірініз!Барлық адамдар  Жаңа жылды қарсы алғалы жатыр екен, солардың тілегі ғой.

Теңіз патшасы таң қалып, шыршаға қарап: Мынау не деген керемет! Жаңа жыл деген осы ма?Сонда Жаңа жыл қайда? 

Уәзір 1 : Хангелді: Жаңа жыл келгенде,

Қуанып қарсы аламыз.

Аяз ата келгенде.

Билейміз ән саламыз.

      Уәзір 2:Дархан:

                Жаңа жылдың таңы неткен арайлы.

Ақ мамыққа баурап алды маңайды.

Уәзір 3 : Дегдар:

           Жаңа Жылмен құттықтаймын деген сөз,

Қанаттанып шартарапқа тарайды.

Уәзір 4 : Дастан: Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын Жаңа жыл.

Ата-әже, әке-шеше

Құтты болсын Жаңа жыл!

Достар мында теңіз патшасы неғып жүр?

Алтын балық: Еркежан Тыс-с-с! Мұнда балықшы шал отыр, ол соның тілегімен келген.

Уәзір 4 : Дастан:-Патшам, сіз көңілсіз отырсыз ғой.

Патша: Мен Жаңа Жылды қалай қарсы алу керек екенін білмеймін.

Уәзір 5 :Дархан:  Ой, сол да сөз болып па? Кәне, балалар, патшаның көңілін аулайық. «Уәзірлер» биін билейік

(Дегдар ата киімін шешу)

«Уәзір биі»

(Мединаға Ақшақар киімін кигізу)

Патша:Нұрали: Қандай керемет билерің.  Бірақта мен сусыз көп жүре алмаймын. Сондықтан маған кету керек.

Шал:Дегдар: Патша кетпеніз ағылшынша ән тынданыз

Ән  ағылшынша  «Джингл  бэллс»

(Мединаны шақыру)

Інжу:

Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны

Той маскарад басталды

Аяз оны басқарды.

Жансая:

Ортада таңдандырып талайды,

Шыршамыз жарасып жайнайды.

Құбылып, құлпырып айнала,

Сыйқырлы сәулелер тарайды.

Араяна:

 Даланың да, қаланың да,

Думандатып отбасын.

Тағы міне жаңа жыл,

Қақты әр үй қақпасын.

Алтын балық: Еркежан: Ал ата ризасың ба?

Шал (қуанып): Ризамын, ризамын! Енді үшінші тілегім. Аяз атаны көріп кету.

(Алтын балық қолын шапалақтайды. Сол кезде кішкентай қыз кіреді)

Қыз: Мен қайда келдім?

Жүргізуші: Айналайын, сен кімсің? Мұнда не істеп жүрсің?

Қыз: Аяз атаны іздеп жүрмін. Мынау неткен әдемі шырша!

Алтын балық: Еркежан: Мұнда балалар Жаңа Жылды тойлап жатыр.

Қыз: Онда Аяз Аталарың қайда? Қашан келеді?

Алтын балық: Еркежан: Әрине кәзір келеді.

Қыз: Адасып кеткен жоқ па?

Жүргізуші: Кәне бәріміз бірге шақырайық.

Бәрі бірге: Аяз Ата, Аяз Ата, Аяз Ата!

Аяз Атаның дауысы шығады.

Аяз Ата: Охо-хо-хо! Келе жатырмын»

Амансыңдар ма ұлдарым!

Армысыңдар қыздарым!

Қандай көркем қырларың

Асулармен алысып

Асау желмен жарысып

Тойларыңа асығып

Өздеріңмен таныстым.

Жүргізуші: Армысыз, Аяз Ата! Біздің балалар сізді көптен күтіп ән жырларын даярлап отыр. Соны тамашалаңыз.

Ән «Жаңа жыл»

Аяз Ата: Жарайсыңжар, тамаша әндерің!

Жүргізуші: Ая ата балалардың өнерлері ұнады ма?Олай болса бізбен бірге қал мерекені тойлаңыз.

Аяз Ата: Өнерлерің тамаша екен.

Еркежан: Кел Жаңа жыл Жаңа жыл

Далама, қалама жеріме.

Жаңалықтармен жағымды

Шыға ғой әлем төріне!

Алтын балық: Ата сіздің үш тілегіңізді де орындадым. Балалардың өнерін, теңіз патшасын,  Аяз атаны жаңа жыл мерекесін де көрдіңіз. Енді мен теңізіме қайтайын.

Шал: Рахмет алтын балық сенің арқаңда ғажайып жаңа жыл мерекесінде аяз атаны да көрдім. Енді рұқсат бара ғой. (шал үйіне жол тартады) (алтын балық  теңзііне қайтады.)

(Сол кезде алдынан қолында скавородкасы бар кемпір келеді)

Кемпір: Шал! Эй шал?! Балық қайда? Сыйлық қайда?

Шал: А мен мен… деп шал аяз атаға қарай тығылады.

Автор: Әже сіз атаның балық әкелмеді деп ренжімеңіз. Ата алтын балықты босатып табиғатты  қорғап қалды. Ал аяз атаның сізге арнап әкелген арнайы сыйлығыда бар екен.

Автор: Алтын балық аман-есен өз теңізіне оралыпты. Ал әже мен ата жағымды көңіл күймен жаңа жылды қарсы алыпты.  Осымен «Алтын балық » ертегіміз  аяқталды.Мереке бұдан әрі де өз жалғасын таппақ.

Жаңа жыл келді міне жерімізге.

Әкелсін құт – береке бәрімізге.

Жақсылық пен қуаныш жылы болсын,

Қиындық жоламасын бәрімізге.

Сау болыңыздар, құрметті қонақтар.

Балалар әуенмен кетеді.

Дархан:

                       Жаңа жылмен, жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрінде!

Уәзір 2: Ахмет:

             Келді тағы Жаңа жыл.

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш.

Құттықтаймыз сіздерді.

Уәзір 3: Амиран:

            Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Таңырқанып тұрмаңыздар.

Сәнді шырша шақырады.

Шырша жырын жырлаңыздар

Аяна:

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын!

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!

Медина:

Ақ қар жапты далааны

Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға.

Айжұлдыз:

Аспан жерге төгілді

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келді

Бізге қарай жылыстап.

Айлин:

Жылдың әнін бастайын,

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жас қайың.

Көтере алмай көп қарды

Інжу:

Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны

Той маскарад басталды

Аяз оны басөарды

Жансая:

Ортада таңдандырып талайды,

Шыршамыз жарасып жайнайды.

Құбылып, құлпырып айнала,

Сыйқырлы сәулелер тарайды.

Араяна:

 Даланың да, қаланың да,

Думандатып отбасын.

Тағы міне жаңа жыл,

Қақты әр үй қақпасын.

1 : Хангелді:

           Жаңа жылдың таңы неткен арайлы.

Ақ мамыққа баурап алды маңайды.

Уәзір 2 : Дегдар:

           Жаңа Жылмен құттықтаймын деген сөз,

Қанаттанып шартарапқа тарайды.

Уәзір 3 : Дастан: Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын Жаңа жыл.

Ата-әже, әке-шеше

Құтты болсын Жаңа жыл!

Нұрали:                      Жамылған ақ мамық ұлпа қар,

Нұрланар кең байтақ Отаным.

Бала жоқ сыйлықтан құр қалар

Сыйлығы көп Аяз атаның

Еркежан: Кел Жаңа жыл Жаңа жыл

Далама, қалама жеріме.

Жаңалықтармен жағымды

Шыға ғой әлем төріне!              

You May Also Like

Балалар салоны

Жобаның  мәні және мақсаты Жобаның  мәні-балаларға арналған мамандандырылған сұлулық салонын ашу және…

Блокты сығымды сораптық станцияны автоматтандыру

Блокты сығымды сораптық станцияны автоматтандыру Барлық өндірістік мекемелерде сораптык кондырғылар қолданылады.Көбінесе поршенді…

Мәдениеттегі эзотерика феномені, дипломдық жұмыс

ДИПЛОМДЫҚ  ЖҰМЫС Тақырыбы : «Мәдениеттегі эзотерика феномені» «Мәдениеттану» мамандығы бойынша РЕФЕРАТ Диплом…

Тіс жарақаттары,этиология және патогенезі,классификациясы, Клиникалық ағымы,дифференциалдық диагностикасы,асқынулары,емі,алдын алу.

Жоспар: 1.Тіс жарақаттарының себептері 2.Тістердің жарақаттануын жіктеу 3.Болжам және алдын-алу Тіс жарақаттары…