Жер учаскелерінің шекараларын қалпына келтірудегі геодезиялық жұмыстар  жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің иелерінің заңды немесе жеке тұлғалардың құқық куәләндіруші  жер-кадастрлық құжаттарын дайындауан басталады. Оның құрамына келесі технологиялық үдерістерді қамтиды:

Құқықтық, геодезиялық, картографиялық және басқа да құжаттарды жинау және талдау (даярлық жұмыстары);

Жұмыс жүргізілу барысында жеке меншік иелерінің қатынасуы, яғни шекарасынан өту т.б. туралы алдын-ала ескерту;

Жер учаскесінің аумағын анықтау және шекараларын жер бетінде белгілеу; 

Геодезиялық торап нүктелерін және межелік нүктелерге даладық рекогносцировкалау жұмыстарын жүргізу;

Техникалық тапсырма құру (геодезиялық жұмыстарын жобасы);

Жобаны жер бетіне көшіру;

Өлшеу нәтижелерін өңдеу;

vЖер учаскесінің шекараларының схемасын құру;

Жерге орналастыру және кадастрлық құжаттарды қалыптастыру;

Жерге  орналастыру және жер кадастрлық құжаттарды бекіту.

Жер учаскесін межелеу – жер учаскесінің ауданын жер бетінде  белгілеу жен қалпына келтіру  жөніндегі жұмыстар кешені,  нүктелерді межелік белгілермен белгілеу және олардың тік бұрышты координаталарымен  аудандарын анықтауды атаймыз.

Межелеу жұмыстары:

– бекітілген жобалық жобаларды іске асырудың техникалық кезеңі ретінде жер учаскелері шекараларының орналасқан жері туралы жаңа жер пайдаланушыларды құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын ретке келтіруде;

-жергілікті жердің орналасқан жерін анықтау бойынша анық мәліметтер болмаған кезде жер учаскесінің шекарасын жергілікті жердегі бар шекаралармен  келісу жолымен;

— жер учаскесінің шекарасын қалпына келтіру жұмыстары мемлекеттік жер кадастрындағы  мәліметтерге сүйене отырып ,жергілікті жердегі шекаралардың нормативтік дәл межелеу кездерінде жүргізіледі.

  • Жер учаскесін бөлу кезінде, әдетте, жергілікті жердегі бөлу сызықтарының орналасуын анықтау қажет болады. Бұл жұмыстың түрлері және басқада жерге орнластыруға қатысты жұмыстар техникалық жобаларды құрайды, яғни жер учаскелерінің шекараларын геометриялық жобалау деп аталатын жұмыс орындалады.
  • Геометриялық жобалау үшін негіз болып аналитикалық тапсырма болады. Ол жаңадан құрылатын учаскенің кеңістіктік орналасуының эскиздік жобасын және оларға қойылатын талаптарды қамтиды. Мысалға жекелеген жер учаскелерін сондай-ақ жер учаскелері алаңының және олардың жеке бөліктерін.
  • Эскиздік жобаларды жасау кезінде жер заңнамасының талаптары, сондай-ақ қайта құрылатын аумақ туралы Мемлекеттік жер кадастрының кадастрлық карталар, шекара жоспарлары түрінде сақталады және жер учаскелерінің кадастрлық жоспарларын, каталогтардыжер учаскелерінің шекараларының бұрылыс нүктелерінің координаталары және т. б.

Жер пайдаланудың шекарасы оның белгілерінің жергілікті жерде жоғалған жағдайда, жер пайдаланушылар арасында жер дауы туындаған кезде немесе оларды жаңа планға (картаға) түсіру мақсатында түсіріс жүргізу алдында қалпына келтіреді. Шекараны геодезиялық құралдармен қалпына келтіру үшін олар туралы геодезиялық ақпараттарды, шекара белгілерінің координаттары немесе белгілер арасындағы горизонталь бұрыштарды және арақашықтықтарды білу керек. Қалпына келтіруді пландағы (картадағы) шекараның бейнелері арқылы да орындауға болады.  

Әдетте, шекараны жер пайдалану планынан немесе координаттар ведомосынан алынған бұрыштық және сызықтық өлшемдер бойынша теодолит және өлшеуіш құралдармен қалпына келтіреді. Даладағы жұмыс үшін шекара сызбасын дайындайды, онда шекараның жоғалған белгілі С және D нүктелерінің және оларға жанасатын АВ және EF  сызықтарының жергілікті жерде сақталған А, В, Е және F нүктелерінің арасындағы бұрыштары мен аралықтары жазылады. ВС, CD, DE жоғалған шекарасын және С және D нүктелерінің шекаралық белгілерін орнына келтіру үшін В нүктесінде өлшемі белгілі β бұрышын тұрғызады және алынған бағыт бойынша белгілі ВС (горизонталь салындыға сәйкес келетін) қашықтықты салады (өлшейді).

Табылған С нүктесінде өлшемі белгілі бұрышты тұрғызады да CD қашықтықты салады және т.с.с. Е нүктесінде BCDE –жүрісін салудағы және Bcde – сол жүрісті қалпына келтірудегі өлшеу қателіктерінің нәтижесі ретінде еЕ үйлеспеушілігі пайда болады

Ықтималдылықты шамамен алғанда үйлеспеушілікті (шеткі мәнін) келесі формуламен есептеуге болады:

ондағы, ms —ұзындығы s сызықты өлшеудегі (салудағы) орташа квадраттық қате;

n — жүрістің сызықтарының (тұрғызылған бұрыштарының) саны;

mb — бұрыш тұрғызудың орташа квадраттық қатесі;

Үйлеспеушілікті параллель сызықтар әдісімен бөлшектеп таратады. Ол үшін е нүктесінде буссольмен үйлеспеушілік бағытын (магниттік азимутты) өлшейді, ал d и с нүктелерінде буссольмен осы бұрышты тұрғызады да олардан dD и сС кесінділерін (түзетулерді)салады, ол кесінділер келесі формулалармен есептелінеді:

Кейде жергілікті жерде жүрісті үйлестіру қажеттілігі жойылады: мысалы, с нүктесінің орнын өлшеп тапқаннан кейін жерді қазып, іздегенде жоғалған межелік белгінің қалдығы жартылай шіріген бағана немесе тас, бетон сынығы және тағы басқа қалдық ретінде табылуы мүмкін. Бұл жағдайда анықталған белгінің орнына жаңа белгі орнатылады, оның төбесінен белгілі бұрышты тұрғызып, d нүктесін табу үшін аралықты өлшейді де онда да жоғалған белгінің қалдықтарын тауып, орнына жаңа белгі орнатылады.

шекараның қалған, көршілес шекаралық белгілері сақталып қалмаған, бөлігінде, мысалы n және  l нүктелерінде м және о нүктелерінің координаттары бойынша дирекциондық бұрыштарын (мо) есептеп алу керек:

бұдан соң j = (МО) (MN) және g = (ON) (ОМ) және т.б. бұрыштарды есептейді, осылар арқылы жергілікті жерде М және О нүктелерінің өзара көрінетін болған жағдайларында, N, L, P нүктелеріне бағыттарды табуға болады.

G нүктесінің орнын F нүктесінен немесе L нүктесінен тұрғызылатын бұрыш бойынша табуға болады..

Жоғалған шекаралық белгілерді бар геодезиялық мәліметтер бойынша қалпына келтіру кезінде жүріс жүргізу үшін және оны жергілікті жерде үйлестіру үшін көп уақыт кетеді. Бұл шекара белгілерін С және D нүктелерінде қалпына келтіру жұмысын былай да шешуге болады.

В және Е нүктелерінің координаттары бойынша BE сызығының бағыты мен ұзындығын есептейді:

  • Бұл үшін алынған мәліметтерді сызбаға жазады, В нүктесінде φ бұрышын тұрғызады, ВЕ сызығын жүргізеді, Вс аралығын өлшейді, С нүктесінде Сс перпендикулярын өлшеп салады және С нүктесінде белгіні қалпына келтіреді. D нүктесіндегі белгі орнын Вd аралық өлшеуі және dD перпендикуляры бойынша табылады.
  • Егер BE сызығын тікелей өлшеу мүмкіндігі болмаса немесе бөгеттердің садарынан қиын болса, онда В және Е нүктелерінің арасын көмекші теодолиттік жүріс жүргізу арқылы қосымша бір (екі) нүктемен Q (сурет 2б) байланыстырған дұрыс, содан соң Q және С, Q және D нүктелерінің координаттары бойынша кері геодезиялық есепті шешу арқылы (QC), (QD) дирекциондық бұрыштарын және QC и QD горизонталь салындыларды есептеп, кейін С және D нүктелерінің жоғалған белгілерін қалпына келтіру үшін жергілікті жерде құру үшін қажетті бұрыштарды λ = (QC) (QB) және δ = (QD) (QB) есептейді.

Дәріс бойынша Бақылау сұрақтары:

  • 1) Жер пайдаланудың шекараларын қашан қалпына келтіреді?
  • 2) Теодолит және өлшеу құралдары арқылы жоғалған белгіні қалай қалпына келтіреді?
  • 3) Жоғалған звеноны қалай қалпына келтіреді?
You May Also Like

C.Бақырғани кітаптарындағы дін, пайғамбарлар жайындағы ойлары

C.Бақырғани кітаптарындағы дін, пайғамбарлар жайындағы ойлары Сүлеймен Бақырғани (ХІІ ғ.) – ақын,…

Бұлтты технологияның жіктелуі

БҰЛТТЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЖІКТЕЛУІ        «Бұлтты технология» мақсатына қарай мынадай төрт түрге бөлінеді:…

Жаңа жылға мерекелік сценарий құру

Пән:Мәдени қызметін ұйымдастыру Мерзімі:30.11.20 Жасаған:Кабдуалиева А Жаңа жылға мерекелік сценарий құру  Міндеттері:…

Анар білезігі

Қажетті өнімдер: – 2 қызылша; -1 пияз; – 2 картоп; – 2…