Темекінің денсаулыңқа қаншалықты зиян екені баршаға белгілі. Бұл жайында газет-журналдар мен теледидарда да күнделікті айтылып жатады. Дегенмен әсіресе жасөспірімдердің оған деген қызығушылығы төмендейтін емес. Әрбір үшінші адам 15 жасынан бастап темекі шегетіндіктен аз өмір сүретіндігін білесіз бе? Бұл дәлелдемелер жеткіліксіз болса, темекіні тартпауға мынадай 30 себептің бар екендігін оқып көріңіз.

1. Сізде әжім темекі тартпайтындарға қарағанда ерте түседі. Әсіресе, содан соң ерін айналасындағы әжімнен тегі құтыла алмайсыз.
2. Ай сайын темекіге жұмсалатын қаржыны есептеп көріңіз. Ал жылына қанша ақша жұмсайды екенсіз? Бұл қаржыға ең керемет деген демалыс орнында демалуға мүмкіндігіңіз бар.
з. Темекі шегетіндердің «демінің» қандай болатындығын айналасындағы жандардан артық сезінетін ешкім жоқ шығар?
4. Бұл заттың ағзаны қаншалықты улайтынын жақсы білесіз. Сондықтан немере тіпті шөберелеріңіздіде көрмеуіңіз мүмкін.
з. Темекі шеқпейтін ортада ыңғайсызданасыз және қысыласыз.
6. Ата-ананың мұндай кездегі қарсылығы сізді әбден қажытады. Бірде тығылып шегесіз, бірде ұрлап тартасыз. Мұның барлығы қаншалықты қажет?
7. Өміріңізді өз қолыңызбен қысқартасыз және қатерлі ісік, жүрек аурулары секілді дерт түрлерінің қауіптілігін ұлғайтасыз.
8. Темекі тартатындар иісті нашар сезінеді және дәмді ажырата алмайды.
9. Темекіні тастау керек деген ойдан шаршайсыз? Не ол тажалды тастамайсыз, тастауға деген әрекет нәтижесіз болады.
Ылғи оның ағзаға қаншалықты зиян екенін ойлап мазасызданасыз.
12. Мұндай жағымсыз әдетті жақындарыңыздан жасырасыз, кейде сөзге келіп қаласыз.
із. Киімдеріңізге сіңіп қалған иісті өзіңіз сезбейсіз, бірақ айналаңыздағы жандарға кері әсер беретінін білесіз бе?
14. Спортпен айналысуда қиындық туындайды, тіпті баспалдақпен жоғары көтерілу қиынға соғады.

15. Жиі суықтайсыз және жөтел пайда болса ұзаққа созылады.
16. Ағза инфекциялық ауруларға бейім келеді.
17. Тіс сарғаяды.
18. Жүктілік кезінде баланың уақытынан бұрын дүниеге келуіне және салмағының аз болу қауіптілігін арттырады (қыз балалар үшін).
19. Жиі түшкіретін боласыз.
20. «Белсіздік, ұрықсыздық» деген проблема мазалауы мүмкін.
21. Кейде ешбір себепсізден әлсіздік пайда болады.
22. Басыңыз жиі ауырады.
23. Сіздің бұл әдепсіздігіңізден бауырларыңыз үлгі алады.
24. Сабақ оқығанда есте сақтау қабілетіңіз төмендейді.
25. Шаш түседі.
26. 13 секунд сайын темекіден ауру тауып ажал құшатындардың бірі болмасыңызға кім кепіл болмақ?
27. Жасөспірімдік кезеңнен өтсеңіз де бетіңіздегі безеу кетпей қалып қояды.
28. Уақыт өте келе сіздің түріңіз өз жасына лайық болмайды, тез қартаясыз.
29. Кейде темекінің иісінен арылуда сағызды пайдаланасыз. Ал бұл қосымша шығынды талап етеді.
зо. Ата-анаң мен достарың саған қарап әліде ес тоқтатпапты деген тұжырымға келеді.

Жүйке жүйесіне әсері
Темекіден зардап шегетін ең бірінші адамның жүйке жүйесі. Себебі жүйке жүйесі ағзаның барлық мүшелерін басқарып отыратындықтан бірінші кезекте уланады. Бас айналады, мидың жұмыс істеу белсенділігі төмендейді бастайды. Темекі құрамындағы никотинге тәуелді болған ми уақыт өте келе оның мөлшерінен артығын қажет ете бастайды, тынышсызданып, күйгелек болады. Жүйке жүйесінің бұзылуы темекі шекпейтіндерге қарағанда темекіге әуестерде дамып отырады дейді зерттеуші мамандар. Бас ауру мен айнуын, шаршау, ашуланшақтық, қолдың дірілі секілді дерт белгілері жиі мазалайды.
Сезім мүшелеріне әсері
Улы заттардан адамның сезім мүшелерінің қызметі бұзылады. Көптеген темекі шегетін жандар тәттіні ұнатпайды. Себебі оны сезінетін жүйкелерді никотиндер өлтіреді және ауыз қуысында да дәмді сезіну жағдайы жоғалады. Ғасырдың тажалы саналатын бұл заттың есту мүшесіне де тигізетін залалы аз емес. Ондағы у есту аппаратына теріс әсерін тигізеді де одан есту нервтерінің қызметінде бұзылысты байқауға болады. Мұның соңы есту қабілетінің жоғалуына жол береді.
¥зақ уақыт бойы бұған тәуелді болып келгендердің көзі жасаурайды, қызарады, қабақ ісінеді. Өйткені никотиндер көру нервтерін, көз бұлшықеттерінің қозғалысын, тор қабықтары тамырларының құрғауына әкеледі.

Жүрек қан-тамыр жолдарына әсері

Эритроцитгердің негізгі мақсаты – оттекті өкпе арқылы дененің барлық мүшелеріне жеткізу. Алайда өкпе арқылы темекі түтіні ағзаға түсе отырып қанға оттектің дұрыс жетуін төмендетеді. Сонымен бірге никотиндер қан жолдарының түйілуіне ықпал етеді. Бұл улы никотиндер жүректің де жұмысын нашарлатады. Мәселен, темекіні тарту кезінде жүректің соғысы минутына 10-18 есе артады. Тәулігіне сонда жүрек 10-12 мың артық соғып, бұл күннен күнге өсе берді. Мұндай артық салмақтан адамдар ишемия дерті, стенокардия және миокард инфарктіне ұшырайды.
Асқорыту жүйесіне әсері
Темекінің салдарынан асқазан мен ішек жолдарында болатын дерттен өлім-жітім оны тартатындар арасында көбірек кездеседі. Түтін алдымен асқазанның шырышты қабатын тітіркендіріп, жоғарғы қышқылды сөлдің бөлінуін арттырады. Асқазанның ылғи тітіркенуі созылмалы гастритке соқтырады. Сонымен қатар асқорытуды нашарлатып, төбетті төмендетеді.
Әйелдердің денсаулығына әсері
Нәзік жандылар темекі тартқанда тамағы ауырады, жүрекке әсер етеді, ауыз қуысында жағымсыз иіс пайда болады, жөтеледі, басы айналады, жүрегі айнып, құсуы мүмкін. Бұлардың барлығы ағзаның қорғаныс қызметіне қиындықтяр келтіреді. Қорғаныс қызметі әлсіз болғанда өзге дертгің пайда болу және асқыну қауіптілігі арта түседі. Егер жас қыздар бұған өуестенетін болса алдымен оларда жөтел пайда болады, даусы қарлығады, ауыз қуысынан иіс шығады, тері босайды өрі ескіреді, тіс сарғаяды, өз қатарластарынан жасы үлкен болып көрінетінін өздері байқамауы мүмкін. Оның зияндыльпынан жыныс жодарының қабынуы яғни, бала көтеру қабілеті төмендейді. Немістің іинеколог-дөрігері Бернхард 6 мыңға әйелге зертгеу жүргізген. 42 пайызы темекі шегетіндіктен бала сүюге мүмкіндігі болмаган.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Дәрілік өсімдіктерден гербарий жасау және олардың емдік қасиеттерін зерттеу

 Дәрілік өсімдіктер – шипалы өсімдіктер медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер.…

Кілегейлі қабықтың жарақаттаушы әсерлерден зақымдануы

Кілегейлі қабықтың жарақаттаушы әсерлерден зақымдануы Жоспары 1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім 3.Механикалық жарақаттану 4.Термиялық…

Имена собственные в пословицах и поговорках

Имена собственные в пословицах и поговорках Выполнил: Нигманов Алишер Оглавление Введение.Цели и…

Алақаныңыздағы жедел жәрдем тілін білесіз бе?

Ауру айтып келмейді, уақыт талғамайды. Мәселен, бас ауруы түрлі себептермен орын алады.…