Эндометрит – бұя жатырдың шырышты қабығының қабынуы. Яғни шырышты қабық зақымдалып, одан әрі қабынады.
Жатырдың зақымдалуының басты себептері:
1. Жатырды тазалау ( бала алдыру, жатырдан қан кеткен жағдайда қыру);
2. Жатыр қуыстарын тексергенде зақымдалу;
з. Бедеулікті емдеу кезінде жатырды, жатыр түгін үрлеп тазартып емдеу барысында;
4. Жатыр қуысын эндоскопиялық тексеруден өткізу кезінде.
Эндометрит бірнеше түрге бөлінеді. Олардың негізгі түрлері жіті, созылмалы және босанғаннан кейін пайда болатын эндометрит. Босанғаннан кейінгі эндометрит әйелдің иммунитеті төмен болғандықтан жатыр бұлшықетіне тез таралып, ауру асқынып, әйел ағзасына қауіп келтіреді. Эндометритгің созылмалы және жіті түрлеріне тоқталатын болсақ, егер де жіті эндометритті дер кезінде емдемесе ол асқынып, созылмалы түріне айналады да, емдеу одан әрі қиынға соғады. Егер де эндометрит созылмалы түріне айналған жағдайда толығымен емдемесе бедеулікке және бала көтерген кезде түсік тастауға әкеліп соқтырады.

Эндометритті қоздыратын күштер болады. Оларды жеті топқа белуге болады.
1. Ауруларды қоздырушы бактериялардың В тобы;
2. Ішек таяқшасы;
з. Клебсиелла;
4. Энтеробактер;
5. Протей;
6. Дифтериялық таяқша;
7. Туберкулезді микробтар болып табылады.
Бұлардан бөлек қоздырушы күштер түрлі вирустар мен ең қарапайым микроорганизмдер болып табылады. Эндометрит жасанды жолмен түсік тастау барысында тазалық сақтамаудың салдарынан да пайда болады.

Аурудың басты белгілері науқас бойынан былай басталады:
1. 38-39 градусқа дейін дене қызуы көтеріледі;
2. Жыныс жолынан ірің араласқан қан бөлінеді;
з. Іштің төменгі жағы ауырады;
4. Әлсіздік пайда болады;
5. Етеккір циклі бұзылады.
Бұл белгілер байқалған сәттен бастап бірден дәрігерге көрініп ем қабылдамаған жағдайда дерт асқынып, емдеу ұзаққа созылады немесе жатырды алып тастауға тура келеді. Дертті нақты анықтау үшін дәрігер-гинекологқа көрініп, жағынды тапсырып, УДЗ-ға түсіп, анализ тапсырады. Ауруды анықтағаннан кейін оның деңгейіне қарай түрлі ем жүргізіледі.
Емдеу тәсілдері
1. Егер де дертті ерте кезеңінде анықтаса онда амбулаториялық ем қабылданады. Емді ыстықты түсіруге арналған және антибактериялды дәрілер жүргізеді. Ал дерт асқынып кеткен жағдайда науқасты ауруханаға жатқызып ұзақ уақыт емдейді. Емдеу барысында ең бірінші тамыр ішіне салынатын антибактериялды дәрілер арқылы терапия: ем 5-тен 1о күнге дейін созылады.
2. Жатыр іші толығымен тазаланбай қалған жағдайда (түсік тастау кезінде, жасанды жолмен босанған кезде дұрыс тазаланбаған жағдайда) антибиотиктерді тамыр арқылы салып тазартады.
з. Дөрумендер мен иммуномодулятор терапиясынан өткізу;
4. Физиотерапиялық ем жүргізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Ұйқыны қалпына келтіру жолдары!

Сіздерге ұйқыны қалпына келтірудің басты, тиімді жолдарын (сыннан өткен) айтамыз. 1.Қорқыныштан құтылудың…

Ұйымның экономикалық қауіпсіздігін басқару глоссарий

«Автоматтандырылған жүйемен қолдану басқару» өндірісті ғылыми-техникалық ұйымдастырудың қай факторына жатадыТехникалық  факторы.                 адамдарды…

Сүйелден құтылудың жолдары

Сүйел-терінің беткі қабатына шығатын мүйізді қабықтармен қапталған өскін екенін сіздер білетін боларсыздар.…

Приёмы развития ораторского искусства для эффективности публичных выступлений

«Приёмы развития ораторского искусства для эффективности публичных выступлений» Автор: Иманалыулы Динмухаммед Оглавление…