Сүйел-терінің беткі қабатына шығатын мүйізді қабықтармен қапталған өскін екенін сіздер білетін боларсыздар. Сүйел вирусты өскін, сондықтан жеке бастың гигиенасына аса көңіл бөлген дұрыс. Өзге біреудің сүлгісін, қолғабын, шұлығын пайдаланбаған жөн. Оқушы жасындағы ұлымның қолында сүйел шыққанда оншалықты мән бермесеңіз, ол кейін балалап көбейіп кетеді.
Құтылу жолдары:
Майсан майы( касторовое масло) мен ас ас содасын араластырып, қоймалжың қоспаны терідегі сүйелге жағу керек. Күнде майлы ас соданы жағыр отырыңыз. Бірнеше күннен соң терідегі сүйелдер кішірейіп жоғала бастайды.
Йодқа мақтаны малып, сүйелдерді жеке-жеке <бояп> шығудыңда көмегі бар. 3-4 күн сайын қайталаған бұл емдік тәсілдің шипасы қуантарлық. Мектепте қолданылатын кәдімгі бордың кішкентай бөлігін үгітіп, сүйелді теріге сеуіп, жүн матамен орап танып қоюға да кеңес береміз! Бұл теріні ауыртпай, сүйелден құтылудың ең оңай жолы. Бірақ, борға су тигізбеңіз. Сүйел кеткенше бірнеше рет қолданыңыз.