Дәрілік шөптерден жасалған шайлар жүктілік кезінде тыйым салынады, алайда мұның қатарына итмұрын кірмейді. Итмұрын құрамына С дәрумені мол болғандықтан, ол ағзаны суықтан қорғайды және ағзаның ауруларға қорғаныс қабілетін күшейтеді. Итмұрын жемісінің тұнбасы сүті аз емізулі әйелдерге таптырмас дәрі. Ол ағзаның лактация процесіне қатысып, емізулі әйелдің омырауындағы сүт мөлшерін көбейтеді. Сондықтан да итмұрынды шай ретінде шайнекке демдеп, күнделікті шай орнына ішуге кеңес береміз.
Панкреатит деп аталатын ұйқы безінің кеселі көбіне жасы ұлғайған адамдарда жиі кездеседі. Аталмыш сырқаты бар науқас итмұрын қайнатпасын ішуді күнделікті тамақ тәртібіне енгізгені жөн. Итмұрын құрамындағы пайдалы заттар ұйқы безінің қабынған, зақымданған қабығын емдеп, қалпына келтіретін қасиетке ие. Сонымен қатар, семіздіктен зардап шеккендер үшін де итмұрыннан шай әзірлеп ішудің пайдасы мол. Бір ай бойы күніне 3-4 стақан итмұрын тұнбасын ішуді дағдыға айналдырсаңыз, бірнеше салмақтан оңай құтыла аласыз.
Ескертетін жайт, итмұрын жемісінің құрамында аскорбин қышқылы көп мөлшерде болғандықтан, тіс эмалін қорғау үшін арнайы түтікшемен ішу керек!