Жануарлардың майы қатты болады. Олар сары май, тері астындағы қатты май, ши май, ерітілген май, ерітілген іш май болып бөлінеді. Халықтық медицинада жануар майларының бұл түрлерін дәрмек жасауға ежелден бері қолданылып келеді. Ал біз бүгін жануар майларының ішінде ешкі майын сараптан өткізбекпіз.Сонымен ешкі майының құрамы қандай және ол адам ағзасына қаншалықты пайдалы?

Ешкі сүтінің майы адам ағзасына пайдалы тұстары айтарлықтай.
Ешкі майы — казеин, 67% май қышқылдарынан, КаЛЬЦИЙ (143.00 МГ.), МаГНИЙ (14.0 МГ), фосфор (89.0), марганец (і7.о), мырыш (20.0 мк.), А (о.і мг.), В (0.04 мг.), С (2.0 мг), Д (о.об мкг.) дәрумендері, аскорбин қышқылынан құралады. Құрамындағы осы элементтерінің арқасында қабынуға қарсы, ауруды сездірмейтін, бактерициттік, жарақатты жазатын және жұмсартатын қасиеті бар.
Ешкі сүтінің майы адам ағзасына 10о пайыз сіңімді.Құрамындағы лактоза аз болуына сай, ағзасында лактозасы жеткіліксіз адамдарға ішсе пайдалы. Сондай-ақ, онда аллергия тудырушы альфа -Із-казеин болмауына байланысты азық-түліктерге аллергиясы бар адамдар үшін ең тиімді май болып табылады.
Бұл жануар майын жылы күйінде суықты емдеу үшін ұйқы алдында көкірек пен арқаға жағады. Сонымен қатар ешкі майымен асқазан жарасы дертінде клизма жасайды. Жануар майының тиімділігі тез қатып, тұрып қалатын ерекше қасиетіне байланысты. Ешкінің майы қорытылуы оңай болғандықтан асқазанға өте жеңіл болады. Үнемі ешкі майын пайдаланатын адамның асқорту жүйесі жақсарады. Сонымен қатар іштің қатуын емдеп, сүйек және буын ауруларына да шипалық қасиеті өте күшті. Ешкі майының біз білмейтін ерекше қасиетінің бірі ыстықты түсіріп, көңіл күйді көтереді және есту қабілетін жақсартады. Жарақаттанған, зақымдалған, күйген терінің тез жазылуына көмектеседі. Сондай-ақ, ешкі майын теріге жаққан кезде терінің тесіктерін (пора) ашып, биостимуляторлар және ағзаға пайдалы заттар теріге оңай сіңіп, теріні нәрлендіреді және зиянды шлактардан тазартады. Қан айналым мензат алмасу процесін жақсартады. Құрамындағы В із дәруменінің арқасында ешкі майы әжімдер мен қартаюдың алдын алады.
Ешкі майы халықтық медицинада

Созылмалы демікпе (бронхит) ауруында ешкі сүті мен майынан араласпа жасап ішсе болады. Ол үшін зоо мл. ешкі сүтін алып қайнатады. Содан кейін 47 градус болатындай етіп салқындатып сүтке 1 ас қасық ешкі майын және 1 ас қасық бал салады. Жақсылап  араластырып науқас сіміріп ішіп, жылы оранып жатады. Мұндай араласпаны науқас тәулігіне 3-4 рет 1 ішу керек. Ал дерттің беті қайтқаннан кейін арасын үзбей ағзаны әлдендіру үшін күніне 2-з реттен ішеді. і:
о Жарақаттанған теріні, іріңдеген жараның жазылуын тездету үшін мынадай жақпа май жасайды. 1 ас қасық ешкі майын, 0.5 ас қасық ас тұзын және майдалап туралғын 1 ас қасық пиязды ыдысқа салып, езіп араластырады. Дайын болған араласпаны зақымдалған жерге жағып дәкемен байлап қояды.
о Ешкі майы, бал, жүзжылдық ( үйде өсірілетін алоэ) қабынуға қарсы және бактерицидтті қасиетке ие. Бұлардан жасалған емдік араласпаны халықтық медицинада бұрыннан қолданып келеді. Араласпаны дайындау үшін теңдей мөлшерде еттартқыштан өткізілген жүзжылдық және ешкі майы мен балды сырлы ыдысқа салып жақсылап араластырады.
Сосын оны су моншасында қозғап отырып ысытады. Енді дайын болған араласпаны шыны ыдыстарға құйып суытады да тоңазытқышқа салады. Бұл емдік дөршің 2 ас қасығын тамақтан жарты сағат бұрын қабылдайды. Ал созылмалы асқазан ауруында (гастрит) таңертең аш қарынға 1 ас қасығын, жатар алдын 1 ас қасығын ішеді. Бір емдік курсқа 1.5 л. дәрілік араласпа қажет болады.
о Ешкі майын 1 о+2*С-та -90 күн сақгауға болады. . ( ‘ Ұзақ сақтаған жағдайда ол ескіріп, жағымсыз иіс пен 1 дәм пайда болады. Сондықтан мұздатқышта сақтаған дұрыс және қатқан түрде бір жылдан аса уақыт ғана 1 т.сақтайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

ИФТ әдісі, оны иммуноглобулиндердің, цитокиндердің және ерігіш түрдегі рецепторлардың концентрациясын анықтау үшін қолдану мен қою принциптері

ИФТ әдісі, оны иммуноглобулиндердің, цитокиндердің және ерігіш түрдегі рецепторлардың концентрациясын анықтау үшін…

Тұщы су және жылумен емдеу

ТҰЩЫ СУ ЖӘНЕ ЖЫЛУМЕН ЕМДЕУ              Тұщы сумен емдеуде (гидротерапия) су құбыры,…

Мұз қалай пайда болады?

Мұз қалай пайда болады? Мұз — Н2 О. Судың қатты түрі. Химиялық құрамы: О…

Қан жасау жүйесі ауруларымен науқастарды сұрастыру қарау. Зерттеу әдістері. Анемиялық, лейкемиялық, геморрагиялық синдромдар

lҚан жасау жүйесі ауруларымен  науқастарды сұрастыру,  қарау. Зерттеу әдістері. Анемиялық,  лейкемиялық,  геморрагиялық…