1. Аузын қолымен басып күледі.
2. Басын шалқайтып күледі .
3. Күліп жатқанда қолы мен бетін басады
4. Мұрын тыржитып күледі.
5. Қатты дауыстап күледі (бұл күлкі адамды одан сайын ажарландырады).
6. Жымиып қана күледі
7. Нақты мәнері жоқ (жоғарыда күлкі түрлерінің кішігірім элементтерін байқауға болады). .. ..

  1. Аузын басып күлетіндерді сенімді адамдардың қатарына жатқызу қиын. Ұялшақ және
    қымсынып жүретін олар көлеңкеде өздерін ыңғайлы сезінеді. Жарыққа шығып, бойындағы қасиеттерін ешкімге көрсеткісі келмейді. Жаңа таныстық кезде оңайлықпен ашылмайды. Сондықтан өзінше 1 сараптама жасап, өзін іштей «жеуден» сақ болуы қажет!

2. Мұндай жандарды алдап соғу өте оңай. «Аузы ашылса жүрегі көрінеді» деп жүрегі кең адамдарға арналған теңеу Сізге арналған. Ессіз және тосын әрекеттерді ақылмен емес сезім арқылы жасайтын кездер жиі кездеседі. Соңында өкінбес үшін қайбір істі қолға алғанда ақылмен ойлап барып, шешім қабылдаған дұрыс екендігі жадыңызда жүрсін.

3. Арманы асқақ және қиялы жүйрік жандар бетін басып күледі. Қиял арқылы жаңа әлемді ойлап тауып, одан сарай салатын кездеріңіз бар. Алайда бұл жаман емес, себебі Сіздің арманыңыз қиял болып қалмайды. Бір нәрсені есте сақтаңыз: шындықты кейде қиялға айналдырып жібермеңіз. Бұл арқылы жақындарыңызды жоғалтып алуыңыз мүмкін.

4. Көңіл-күйдің адамысыз. Сезіміңіз бен көзқарасыңыздың өзі тез өзгеріп отырады. Өте кірпияз және қазымыр жансыз, сезімге селкеу түссе немесе өзгелердің ұнамсыздығы көңіліңізге тез әсер етеді. Мұндай қасиеттердің барлығы сіз үшін оншалықты маңызды болмауы мүмкін. Алайда айналадағы жандар жеңіл ойлы және сенімсіз тұлға ретінде қарап, сый-құрмет көрсетпейді.

5. Мейірімді, жағымды, жүрегі кең және ар-ұжданды жоғары. қоятындардың қатарындасыз. Қайбір іс болмасын шешімін оңай табасыз әрі өзгелерден көмек сұрағанды қаламайсыз. Өз іс-әрекеттеріңіз бен сезіміңізді бақылауда ұстай аласыз. Дегенмен барлық қайырымды істің қайырымды мақсатта жұмсалмайтындығы жадыңызда болсын!

6. Жымиып ғана күлетіндер өздеріне сенімді, бірсыдырғы және парасатты келеді. Айналаңыздағылар мақсатына табандылықпен қол жеткізетін жан ретінде сізді жақсы таниды. Істі қолға алғанда пайыммен жылдам әрі сапалы орындағанда оқ бойы алда жүретініңіз бар. Барлығын ой елегінен өткізіп, дұрыс-бұрыстығына көз жеткізіп, бақылауда ұстағанды ұнатасыз.
7. Жан-жақтысыз, басшылық немесе ұйымдастырушылық кезінде бірінші кезекте өз ойыңызды жүзеге асырасыз. Басқалардың ақыл-кеңесін елемейсіз. Бұл тәуелсіз тұлға болып қалыптасуда ең қажетті мінездегі ерекшелік десе де болады. Есте ұстайтыны белгілі бір сызықтан асып кетпеңіз. Бұл жақындарыңызға ұнамауы мүмкін. Алысқа қол сермеп, әдептіліктен аспасаңыз болғаны.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Жарнама психологиясы

Жарнама психологиясы Жеке тұлғаны сатып алу керек …психологиялык тұрғыда сендіру, таныстыру, жеке…

Диханмен сұхбат

«Бізде жерлерді байлар сатып алған. Өздері пайдаланып жарытпаса да, біз сияқты шаруа…

Сәкен Сейфуллин, презентация

Дене тәрбиесі,спорт ілімі мен әдістемесі

Дене тәрбиесі,спорт ілімі мен әдістемесі. Дене тәрбиесі жүйесі-өзара қарым-қатынастағы жеке дене тәрбиесі…