Адамдар қартайғанда бала секілді мінез көрсететіні бар. Кінә іздегіш және кінө таққыш, өте кірпияз келеді. Мүны, мамандар егде жандардың бұл кезеңде психикасында бұзылыстар орын алатынын айтады. Орта жастағы немесе жастарға қарағанда қарттар бұл дертпен көп ауырады екен. Кәрілікте мазалайтын жүйке дертін емдеуге бола ма? Әлде қарттыққа мойын сұнған дұрыс па? Тақырыпты тарқатып көрелік.

60 жастан асқанда орын алатын психикалық ауытқуларды қарттықтың нағыз белгісі деп санаймыз. Мұны балалары немесе туыстарының өзі мойындап қояды. Жүйкедегі дертке дәрігерлік көмектің қажеті шамалы деп ойлайды. Дегенмен бұл дерт көңіл-күйдің бұзылысынан басталады немесе өз денсаулығына деген шамадан тыс көңіл бөлудің соңы жүйкеге әсер етеді. Түсінікті тілмен айтқанда салауатты өмірі жайлы, ауырған жерлерін ойлап қайта-қайта мазасызданады, диета, тағамдардың зиянды және пайдалысын саралағыш келеді. Ойдан шаршайды…
Осындай белгілерді байқағанда жақыныңыздың денсаулығы назардан қалмауы тиіс. Себебі өзгерістің соңы күйзеліс пен өзге дерттің пайда болуына ықпал жасайды. Дер кезінде психиатр-маманның көмегіне жүгінсе, сырқаттың денсаулығын толыққанды қайтарып алуға мүмкіндігі бар.
Жүйкенің тозуы
Медицинада невроз деп аталатын кеселмен қарттар жиі ауырады. Бұл мидағы қан тамырларының зақымдалуынан басталады. Дерттің белгілері: бастың ауыруы мен айналуы, шуыл жөне құлақтағы шыңыл, орнынан немесе төсектен тұрғанда шайқатылып жүріп кете алмайды, ең жеңіл деген жұмыстардың өзінде шаршап қалады. Бұдан өзге науқас сабырсыз, ашуланшақ келеді, ұйқысы бұзылады, есте сақтау қабілеті нашарлайды және тез жылап қалады. Қарияның бойынан осы белгілерді байқасаңыз дертті «қарт адамның ауруы ғой» деп жылы жауып қоюға болмайды. Маманның көмегіне жүгіну қажет.
Күйзеліс
Көңіл-күйдің төмендігі, зерігу мен үрей, сенімсіздік, өзін керексіз сезіну, қорғансыздық,

сүйікті ісіне деген қызығушылықтың төменДтгі, отбасындағы келеңсіздіктер қарт адамның жанына батпай қоймайды. Жұмысқа деген ақыл-ой мен есте сақтау қабілетінің төмендеуі яғни, бұлардың барлығынан өзін сырт қалғанын сезінген егде жандар күйзеліке ұшырайды. Кейде тамақты шамадан артық ішу, көп ұйықтау немесе керісінше ұйқысыздық та күйзелістің ауылын жақындатады. Күйзелістің біз атап өткен белгілері науқасты 2 аптадан артық мазаласа, дереу дөрігердің көмегіне жүгінген дұрыс. Заманауи психотерапия саласының уақытында қолға алған аурудыңалдын алуға қауқары жетеді. Өлім мен өз-өзіне қол жұмсау секілді ойларын айтатын болса, жедел түрде көмектің қажет екендігін білдіреді^Ц Науқастың еркінен тыс дәрігерлік көмекке жүгінуден ұялудың қажеті жоқ.
Деменция
Медицинада деменция «ақыл-естің дамымауы» деп түсіндіріледі. Ақыл-ойдың дамуының төмендеуі мен мидағы өзге дерттің салдарынан қариялар деменциямен ауырады. Мұның соңы қарттардың айналадағы адамдар мен құбылыстарды есте сақтауға мүмкіндігі жетпейді. Науқас қайда тұратынын, тіпті көшеде жүріп жоғалып қалуы да ғажап емес. Ауыр жағдайда қарт адамдар өз-өзіне қызмет көрсетуге: жуынуға, киінуге, тамақтануға және жеке гигиенасын сақтай алмайды. Деменция дертін емдеудің бүгінгі күнге дейін шипасы табылмаған.
Қарт адамның көціл-күйі назарыңыздан қалмасын. Аялап өсірген ата-ананың мейірімін қартайған шағында өзіне қайтарсаңыз, жоғарыда атап өткен келеңсіздіктердің алдын-алуға мүмкіндігіңіз бар.

 

You May Also Like

Қара шоколадтың пайдасы

Қара шоколадтың пайдасы. Бір плитка шоколадтың адам денсаулығына тигізер қандай пайдасы бар?…

Ауыз қуысы сұйықтығының қасиеті мен құрамы, оның тіс кіреукесінің жетілуі үрдісіндегі рөлі, ре- және деминерализациясы

Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім Ауыз қуысы сұйықтығының құрамы мен қасиеті…

Мыс өндірісінің шлактарын кешенді өңдеу, дәріс жоспары

3 дәріс Мыс өндірісінің шлактарын кешенді өңдеу Дәрістің конспектісі: Ауыр түсті металдар…

Шоколадтағы банандар

Шоколадтағы банандар Қажетті өнімдер: – 2 банан; – 100 г шоколад (сүтті…