Алтын күз келді. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып тұр. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады. Күз мезгілінде бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Маған күз мезгілі ұнайды Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл-күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді бірде күн шайдай ашылып тұрады. Күзде білім күні басталады. Бұл күнде енді мектеп табалдырығын аттайын деп жатқан кішкентай балалар қуанады. Олар үшін бұл күн өте ерекше. Жалғыз кішкентай балалар үшін ғана емес, біз үшін де бұл күн өте ерекше. Күз – адамзаттың сағыныш айы. Мектепке асыққан оқушының сағынышы, қара жерге асыққан жапырақтың сағынышы, егістіктегі мол жемісіне асыққан бағбанның сағынышы, алыстап кеткен достардың қауышуға деген сағынышы, бойжеткен мен бозбаланың махаббат сағынышы, ақынның қаламына, суретшінің күзгі эллегияға деген сағынышы… Байқайсыз ба, бәрі сағыныш. Табиғат ананың көз жасын бұлап көк аспан да жетер. Құстардың саңқылы, тырналардың тырауы, қатарласа ұшқан тізбегі, қызарып атып, қызарып батқан күннің сәулесі, қара аспанның төсінде дөңгелене қалып, нұрын төгіп тұрған ай сағымы, бәрі дерлік бір суретшінің туындысы секілді. Бірақ бұл ешқандай сурет немесе жасандылық емес, бұл шынайы қанық түстерге боялған күз мезгілі.

«Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл туман жерді басқан». Абайдың айтпағы дөп түскен. Бұл осынау мезгілдің пейзаждық анық үлгісі. Сағынып сарсаң қуып, салыңыз суға кетіп жүрсе, қапа болмаңыз. Қалыпты жағдай. Мезгілдің мезгілінен тыс мазалайтын әдеті жоқ. Күзде жабырқауыңыз – сіздің біреуге деген сағынышыңыз. Ал сағыну деген керемет сезім. Аңсауға апарса армандап кететін, үмітке сүйресе үркімей үкілететін сіздің кеуде тұсыңыздағы бір түйір ғана жапырақ тәрізді жүрегіңіз бәріне куә. Адамдар жазғы еккен бақшасын жинап қысқа дайындала бастайды. Құстар жылы жаққа ұша бастайды. Менің анамда тосаптар жасап қысқа дайындалады. Бұл күз мезгілінің басталғанының белгісі. Мен үшін жаныма жақын күз мезгілі. Даланың бәрі сары – ала түске боялады. Күз молшылықтың мерекенің, берекенің мезгілі. Күзде жеміс – жидектер піседі. Жапырақтар қызыл – сары түске боялған. Оларды жинап кептіріп, түрлі композициялар жасауға болады. Балалар мектепке асығады. Үш ай көрмеген достарымен қауышады. Түн ұзарып, күн қысқарады. Дала қоңыр салқын, күннің көзін сирек көреміз. Қызыл сары жапырақтар үлкен кілем төселгендей әсер береді. Сондықтанда бәз «Алтын күз» дейміз. Күз мезгілі өз ерекшеліктерімен керемет.

 

 

You May Also Like

«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеудің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз, эссе

«Сүйінбай мен Қатаған айтысы» өнер өлкесіндегі саф алтын қазына болып саналады. Қазақтың…

My Motherland is Kazakhstan, Essay

My Motherland is Kazakhstan. “He who loves not his country can love…

Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Қайрош бейнесін берудегі автор шеберлігін сипаттап жазыңыз, эссе

«Ғабит Мүсірепов ардақты тұлға. Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген сөздің мағынасы…

Қазақстан жетістік пен өркендеудің символы, эссе

Эссе Қазақстан жетістік пен өркендеудің символы Қазіргі Қазақстан – тәуелсіз , егеменді,…