Эссе

Қазақстан жетістік пен өркендеудің символы

Қазіргі Қазақстан – тәуелсіз , егеменді, демократиялық мемлекет. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әр түрлі салаларда үлкен жетістіктерге жетті. Саясат , экономика, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт сияқты  салаларда. Барлық осы жетістіктер Қазақстанды басқа елдерге танымал еті.

Ең маңызды жетістіктердің бірі бұл біздің қысқы “Азияда” ойындарын және ЭКСПО-2017  халықаралық көрмесін өткізуіміз болып табылады. Бұл көрмесінді өткізу арқылы елімізге инвесторларды тартылды, экономикамыздың өркендеуіне әсер етті.

Мен ойлаймын бұл жақсы  оқиға. Өйткені экономикамыз өркендесе , қарапайым халықтың өмір сүруі жақсарады .

Тағы бір жетістік  ядролық сынақтар жүргізілген Семейдегі  полигоның жабылуы болып саналады. Кезінде бұл полигоның жұмысы үшін 1,3миллион адам зардап шеккен.

Сондай-ақ, Қазақстан халықаралық ұйымдардың белсенді қатысушысы. Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымына, Еуропадағы  қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ислам ынтымақтастық ұйымына , Тәуелсіз мемлекеттер достығы , Еуропалық экономикалық одақтардың және ұйымдардың мүшесі.

Еліміздің жетістіктері туралы айта отырып, Қазақстанда халықтар ассамблеясының құрылғанын атап өтуге болады. Соның арқасында барлық этностар, ел аумағында тұратындар бейбітшілік пен келісімде  өмір сүреді. Дәл осы факті Қазақстанды этносаралық қақтығыстардан зардап шегетін басқа елдердің аясында ерекше атап көрсетеді.

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан көп нәрсеге қол жеткізді. Мүмкін бұдан да көп нәрсеге қол жеткізуге болатын ба еді  , егер жергілікті жерлерде сыбайластық пен жемқорлық белең алмаса, жеке мүдделерге қойылған міндеттерді тиісінше орындамау сияқты адами фактор болмаса,  алға қойған мақсаттарды дұрыс орындалса, нәтижелер анағұрлым салмақты және ауқымды болар еді деп ойлаймын.

Менің ойымша еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның дамуына өз үлесін қосуы керек. Және барлық болып жатқан өзгерістер Қазақстанның дамуына және өркендеуіне әкеледі деп үміттенемін.

You May Also Like

Қайырымдылық-қадірлі қасиет, эссе

Қайырымдылық-қадірлі қасиет Қайырымдылық-мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек. Қайырымдылық -адамның бойындағы ең асыл қасиеттердің…

«Жастық шақ – ерлік жасар кезең» екенін мысалдармен дәлелдеп жазыңыз. эссе

Жастық шақ, балалық бал дәурен – адамзат өмірінде маңызды рөл атқаратын, шаттыққа,…

Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз эссе

Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз! 1 мамыр бірліктің, достықтың, татулықтың мерекесі. «Бірлік…

Great poet-Abai Kunanbauev, эссе

Great poet-Abai Kunanbauev The great poet Abai kunanbayev was born in 1845…