Кілегейлі қабықтың жарақаттаушы әсерлерден зақымдануы

Жоспары

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

3.Механикалық жарақаттану

4.Термиялық жарақаттану

5.Химиялық жарақаттану

6.Сәулелі жарақаттану

Кіріспе

Еріндер жиегі мен ауыз кілегейлі қабығы сыртқы ықпалдар (механикалық, температуралық, химиялық, физикалық) әсеріне толассыз ұшырап отырады. Ықпал етуші факторлардың әсер ету күші кілегейлі қабықтың төзімділік көрсеткішінен жоғары болмаса, оның қорғаныс қызметінің бұзылмауына байланысты ешқандай өзгеріс туындамайды. кілегейлі қабық төзімділігі шегінен басым ықпалдар патологиялық өзгерістер туындатады және олардың клиникалық белгілері жарақаттаушы ықпалдың түріне, әсер ету қарқындылығына мен ұзақтығына байланысты болады.

Бала жасында ауыз қуысының шырышты қабатындағы әртүрлі зақымдануларды, жарақаттаушы агенттердің сипатына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

  • Механикалық
  • Термиялық
  • Химиялық
  • Сәулелі

Механикалық жарақаттану

Бала жасында ауыз қуысының шырышты қабатындағы механикалық зақымданулар өткір құралдардан, соққыдан, шағып алудан, жағымсыз әдеттердің әсерінен пайда болады. Жарақаттардың жиі кездесетін себебі болып ауызына әртүрлі заттарды салу болып табылады. Кей жағдайда жарақаттар бұзылған тістердің өткір қырларына немесе төмеңгі жақта жиі кездесетін тістердің уақытытнан бұрын жарып шығуынан да болады.

  1. Жедел
  2. Созылмалы

Жедел зақымдану

Жедел механикалық зақым (острая механическая трама –trauma mechanicum acutum)  жарақаттаушы фактор аз уақыт ішінде және үлкен күшпен әсер еткенде дамиды. Жарақаттаушы ықпалдар: соғып алу немесе тістеп алу және әртүрлі өткір немесе өтпейтін заттармен жарақаттап алу (кейде мұқият жүргізілмеген дәрігерлік әрекеттер де кілегейлі қабықтың зақымдануына әкеліп соғады). Зақымдаушы ықпалдың күшіне байланысты кілегейлі қабық тіндерінде жаншылу (ушиб), қан құйылу (гематома) үрдістері дамып, кейде жабынды эпителий қабатының бүтіндігінің бұзылуы әсерінен жұқа жара (эрозия), дәнекер тін қабатының бүтіндігінің бұзылуынан ойық жара (язва) пайда болады.

Ауыз кіреберісіндегі механикалык жара

Жоғарғы ерынның гематомасы

Жараға екіншілік инфекция түсуі

Ұзақ уақыт жазылмайтын жара мен тіліктердің дамуына әкеледі. Жараның айналасында шектелген қабыну және шырышты қабаттың өздік қатпарының инфильтрациясы пайда болады. Зақымдану және лимфотүйін аймағын пальпациялау ауырсыну тудырады. Жарақаттық жаралардың пайда болуы сілекей бөлінудің көбеюімен бірге жүреді.

Кілегейлі қабықтың жедел зақымын

анықтау қиынға соқпайды. Себебі,

ауру анамнезін жинақтаған кезде

зақымдаушы ықпал туралы толық

мәлімет алуға болады.

Жедел механикалық зақымның емі

lЕмдеу шаралары зақымдану ошағының тереңдігіне және көлеміне байланысты жүргізіледі.

l Жаншылу және гематома пайда болған кезде (көбіне қатар пайда болады)

1.ауыру сезімін басу

2.ауызды және жарақат ошағын антисептиктер ертіндісімен өңдеу

3.зақымданған аймаққа тыныштық жағдай туғызу

4.гематома ошағында қанның ұйымай, тез сорылып кетуі ішін гепарин жақпасын қолдануға болады

  • Үлкен көлемді зақымдану жарасына:

1.антисептикалық өңдеуден

2.тігіс салады

  • Ұсақ эрозия мен жараның тез жазылуы үшін

1.кератопластиктер (А және Е витаминдерінің майлы ертінділері, кароталин, итмұрын майы, 0,2% тезан линименті)

2.дәнекер тіннің белсенділігін жоғарылататын жақпалар (солкосерил, апилак, актовегин, «Пропоцеум»)

Оларды ауызды антисептиктер ертіндісімен өңдегеннен кейін жарақат бетіне 15-20 минөтке бастырма (аппликат) ретінде қояды немесе жағып сіңіреді (оның алдында зақымдану ошағын уақытша жансыздандырып алу керек)

Созылмалы механикалық зақымдану

Созылмалы механикалық зақымданулар, жедел түріне қарағанда жиі кездеседі. Зақымданулардың себептері ауыз қуысының шырышты қабатын ұзақ уақыт бойы тістердің өткір қырларымен немесе сүт тістесудің ауысыуының дұрыс болмауы кезінде тіс түбірлерімен, дұрыс құрастырылмаған ортодонттық аппараттармен және т.б. жарақаттау жатады.

Кілегейлі қабықтағы созылмалы зақымдану ошағы баланы аса көп мазаламуы мүмкін, кейде аздаған ауыру сезімі, домбығу (ісіну) белгісі болуы мүмкін.

Созылмалы зақымдану көбіне кілегейлі қабықтың катаралды қабынуы, оның бүтіндігінің бұзылуы (жұқа және терең жара пайда болуы), пролиферативті  (өсу) үрдістері (қызылиек бүртіктерінің және  жиегінің ұлғаюы), тіл бүртіктерінің өсуі- папилломатоз), жабынды эпителийдің шамадан тыс мүйізгектенуі (лейкоплакия) түрінде кездесуі мүмкін.

Бір жасқа дейінгі балаларда ауыз қуысының шырышты қабатының созылмалы механикалық зақымдануларының жеке клиникалық түрлерін жана туған нәрестелер афтасы (Беднар афтасы) құрады. Мұндай афталар өмірінің бірінші айларындағы әлсіз балаларда, яғни жасанды тамақтандырылатын балаларда пайда болады және бұл үшін ұзын және қатты резиналы сорғыштар қолданылады. Трофикасы төмендеген, әсіресе шала туған балалар эпителиальды жамылғының жарақаттық реакциясына тез бейімделгіш болып келеді. Жұмсақ таңдайдың қатты таңдайға өтетін жерінде анық қырлары бар сопақша немесе дөңгелек жаралар пайда болады. Эрозияланған беткей айналасында айқын қабыну білігі бар сары-сұр шөгіндімен көмкерілген. Жараның ауыруы әсерінен бала тамақ қабылдаудан бас тартады.

Қатты таңдайда орналасқан Беднар афтасы

Созылмалы механикалық зақымдануының диагностикасы емі

Толық жинау және объективті көріністерді зерттеу дұрыс диагноз қоюға әсер етеді. Диагнозды толықтыру үшін арнайы әдістемелер қолданылады, сондай-ақ жараның құрамын цитологиялық зерттеу, бөлінулерді бактериологиялық меңгеру жатады.

1.Зақымдаушы әсерді  жою

2.қатты ауыру сезімі болса, уақытша жансыздандыру

3.ауыз ішін және жарақат ошағын антисептиктер ертінділермен өңдеу

4.жара бетін өлі тіндерден тазарту (механикалық жолмен немесе протеолиздеуші ферменттерді пайдаланып)

5.қабынуға қарсы дәрілермен, кератопластиктермен және жараның жазылуын жылдамдататын дәрілермен бастырма қою (20-30 минөтке)

Жараны күніне 2-3 рет өңдеген тиімді.

Химиялық зақымданулар

Химиялық зақымданулар – 1-ден 3 жасқа дейінгі балалардың ауыз қуысы шырышты қабатының патологиялық жағдайларының бірі және ауызға тұрмыстық химия заттарының, жоғары концентрациялы дәрілік препараттардың байқамай түсіп кетуі әсерінен болады. Көбінесе химиялық күйіп қалу жоғары концентрациялы қышқылдар, сілтілердің әсер етуінен пайда болады. Медикаментозды күйіп қалу көп жағдайда дәрігер-стоматологтың жұмысының қателіктерінен болады. Бір ретті әсер ету жедел химиялық күйіп қалудың клиникалық көрінісін шақырады. Зақымдану дәрежесі химиялық заттардың, оның концентрациясы және экспозициясы түрлеріне байланысты болады.

Химиялық зақымданудың әсерінен беткей некроздану

Тіл бетіндегі некроз ошағы

Қышқылдар әсерінен туындаған күйік кілегейлі қабықтың коагуляциялық некрозға (өліеттенуіне) ұшырауы нәтижесінде дамиды және бұл кезде зақымдану ошағында тығыз ақ, сарғыш немесе ақшыл-сұр түсті жарғақ (пленка) пайда болады. Жарғақ астындағы тіндермен берік байланыста  және төңірегінде дереу қабыну үрдісі дамып, қатты ауыру сезімі пайда болады.

Сілтілер әсерінен туындаған күйік кілегейлі қабықтың колликвациялық некрозға ұшырауы нәтижесінде дамиды. Бұл кезде жарғақ пайда болмайды, өліеттенген тін жұмсақ, балмұздаққа ұқсас келеді және терең жатқан қабаттарды қамтиды. Кезкелген күйіктен соң қатты ауыру сезімі дамиды. Бірнеше тәуліктен кейін (4-7) химиялық зақым ошағындағы өліеттенген тіндер біртіндеп ыдырауға ұшырап, астындағы эрозия немесе  жара беті ашылады. Төмен концентрациялы химиялық заттар әсер еткен кезде зақымдану ошағында катаралды қабыну белгілері дамиды.

Сілтімен зақымданғандағы шырышты қабат өзгерісі

Қышқылмен зақымданғандағы шырышты қабат өзгерісі

Химиялық зақымдану емі

1.ауыру сезімін азайту (1-2% тримекаин және лидокоин ертінділерімен бастырма қою)

2.жарақат ошағын өліеттенген тіндерден тазарту (ферменттерді қолдану), екіншілік инфекцияның әсерін тоқтату (антисептиктер қолдану)

3.қабыну үрдісінің бетін қайтару (кортикостероидтар қолдану),

4.жаралы ошақтың тез жазылуын қамтамасыз етуге (кератопластиктер қолданып) бағыттау

Сонымен қатар емдеу шаралары жүргізілген мерзімде арнаулы емдәм (жарақат ошағын тітіркендірмейтін және жұмсақ тағамдар) қабылдаған тиімді.

Химиялық агенттерден ауыз, жұтқыншақ және өңеш кілегейлі қабықтарының үлкен көлемді аймақтары зардап шеккен балалар арнаулы ауруханалардың токсикологиялық бөлімдерінде емдеуді қажет етеді.

Термиялық зақымданулар

кілегейлі қабықтың физикалық зақымы жедел және созылмалы ағымды болуы мүмкін. Жедел физикалық зақым жоғары температура (ыстық су, бу және от) және төменгі температура (балалардың көбінесе аязда қалған заттарды ауызға алуы кезінде, криодеструкциялаушы ем жүргізгенде суық азотты пайдаланған кезде), электр тогы, иондаушы радиацияның үлкен мөлшері әсернен дамиды.

  1. Жеңіл
  2. Ауру
  • жеңіл
  • кілегейлі қабық (көбінесе қатты таңдай кілегейлі қабығы) қызарып, домбыға бастайды, беті кедір-бұдырланып, жабынды эпителий кесек-кесек болып түлей бастайды және жарақат ошағында ашып ауыру сезімі пайда болады.
  • ауыр
  • кілегейлі қабық бетінде әртүрлі көлемді күлбірек бөрткендер пайда болып, жарылғаннан кейін эрозиялы ошаққа айналады. Кейде күю әсерінен дәнекер тін қабатымен қатар астында жатқан ет және сүйек тіндері де өліеттенуге ұшырауы мүмкін.

кілегейлі қабықтың электр тогының әсерінен күюі көбінесе физиотерапиялық емдеу шараларын (электрофорездеу әдісі, ультракүлгін және инфрақызыл сәулелермен емдеу) жүргізген кезде электродтардың жалаңаштануы немесе жоғары күшті токты пайдалану кезінде және техника қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда байқалады.

Термиялық зақымданулардың емі

Күйіп қалуда:

1.тітіркендіргіш факторларды жою

2.Антисептикалық өндеу

3.жансыздандырғыш заттарды қолдану (0,5% лидокаин ерітіндісі, 5% майдағы анестезин эмульсиясы)

4.эпителизациялануды үдету үшін кератопластикалық заттар қолдану

Үсіп қалғанда :

1.Антисептикалық өндеу

2.қабынуға қарсы дәрілер

3.анестетиктер

4.индифферентті майлар қолданылады

Сәулелік зақымданулар

Балаларда ауыз қуысы шырышты қабатының сәулелік зақымданулары жақ-бет аймағының жаңатүзілістерін сіулелік емдеу кезінде асқыну ретінде пайда болады. Шырышты қабаттың реакциясын радиомукозит деп атайды. Зақымдану бастапқы кезде мүйізденбеген шырышты қабаттың аймақтарында пайда болады. Бұл кезде гиперемия және ісіну пайда болады, эпителий мутнеет, бүріседі, жылтырлығын жоғалтады, мүйіздену басталады. әрі қарай эпителиальды қатпар зақымдануы мүмкін, өлі еттенген шөгіндісі бар эрозиялар мен жаралар пайда болады – ошақты пленкалы радиомукозит. Үлкен аумақтардың зақымдануын жалғасқан пленкалы радиомукозит деп аталады. Мұндай көріністер ауырсыну сезімімен, тамақты қабылдау мен жұитынудан ауырсыну, ауызының кебуі, парестезия көріністері және дәм сезудің бұзылуымен сипатталады.

You May Also Like

Байланғыш материалдардың технологиясы тест тапсырмалары

Байланғыш материалдардың технологиясы Түсіпхан А. $$$ 1 Глинозем алу үшін қолданылатын шикізат:…

курстық жұмыс қысқарған сөздер және оның сөзжасамға қатысы

 Аббревиатуралы лексика: құрылымдық-семантикалық және прагматикалық концепт 1955 жылғы Қазақ ССР Жоғарғы Советі…

Жеңіл суды реакторлар

9.4 Жеңіл суды реакторлар Су-сулы энергетикалық реакторлар (ВВЭР). Біздің елде (Ресейде) бірінші…

Салаттар. Руккола, тауық еті және кокөністерден жасалған салат

Қажетті өнімдер: – 70 г руккола; – 200 г асылған тауык, еті;…