Дәрілік өсімдіктер – шипалы өсімдіктер медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.

                                 Итмұрын

     Сипатталуы:  Биіктігі 1,5-2 метрдей бұта тектес өсімдік. Бұтақтары қызыл қоңыр түсті, сағағында ұштары имектеліп келетін тікенектері болады. Итмұрынның гүлі ақ, қызғылт, сары түсті, диаметрі 4-6см, хош иісті, жай  күлтелі және гүлпарлы да түрлері бар.Жемісі- ішінде бір ғана тұқымы бар жаңғақша. Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан  көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да  жұмсақ түк басқан. 
Қолданылуы:  Дәрілік мақсат үшін итмұрынның жемістері тек күз айларында жиналып алынады. Бұл өсімдіктің құрамында С, К,Е;В  тобының витаминдері, каротин, кант, малма заттар, лимон қышқылы, бояулы заттар, глюкозидтер бар. Итмұрынның жемісінен жасалған дәрілердің өт айдайтын,  қабынуға қарсы әсер ететін, асқазанның және ішектің қызметін жақсартатын қасиеттері бар.  Осыған байланыст бұл өсімдіктен дайындалған дәрілер қан азайғанда ұзаққа соққан жұқпалы аурулардан кейін организмнің  күш-қуаты кемігенде, бауырға және бүйрекке тас байланғанда, асқазан  бездерінің қызметі нашарлағанда, сондай-ақ ұзаққа жазылмайтын жараларды,сынықтарды емдеу үшін,  ағзада  дәрумендер жетіспегенде, атеросклерозға қарсы, қан қысымы көбейгенде, қан аздыққа, иммунитетті көтеруге пайдаланылады.

Қайың

      Сипатталуы:  Қайың- ақ түсті қабығымен ерекшеленетін әдемі ағаш. Табиғатта көркі ғана емес, үлкен шаруашылықтық маңызы бар, шипалық қасиеті де мол ағаш. Ол топырақ пен ауа райын көп талғамайды. Сол себепті де ол жер бетінде кең тараған ағаштардың бірі. Желмен ұшып таралған тұқымы ылғылды топыраққа түсісімен тез  өнеді. Қайың ағашының бұтағы мен діңі берік, әрі шымыр. Жапырағы  жұмыртқа пішіндес, жиектері ара тісті. Гүлдері сырға секілді. Күзде ерекше сары түске боялатын қайың жапырақтары саябақтарға көрік беріп тұрады. Қайыңның барлық түрі өте тез өседі және оңай жерсінеді. Гүлпаздар қайыңды «Саябақ ағашы» деп атайды. Әдемілігіне бола жолдың екі жағалауына, тіпті бақ ішіне қатар-қатар бірнеше түбін бірден егеді.

Қолданылуы:   Қайың- аса бағалы дәрі-дәрмектік шикі зат беретін ағаш.         

Оның бүршігі , жапырағы, қабағы мен  сөлі шипалы қасиеті бар заттарға өте

бай. Қайың  бүршігінің тұнбасы мен қайнатынды ерітіндісі өт пен зәр

бөлінуін жеделдетіп, сыртқы жарақаттардың тез бітуіне жақсы көмектеседі. Ал, тазаланған қайың көмірі өзінің сорып алу қасиетіне байланысты адамға уланған кезде беріледі. Осы ағаштардан алынатын шайыр малдардың қышыма қотырын  жазатын майлардың құрамына кіреді. Қайыңның табиғи сөлі де адам организіміне өте пайдалы. Оның құрамында адам организіміне аса қажетті глюкоза мен микро элементтер өте көп. Қайың сөлі адамның жұлын-жүйкесіне игі әсер етіп, қан толтырады. Ақ түсті, мық-ты қайың сүрегі жоғары сапалы фанера, шаңғы өндірісіне жұмсалады. Химия өнеркәсібенде қайыңнан сірке қышқылын, спирт, ағаш көмірін алады.

Түймедақ

Сипатталуы: Түймедақтың жапырақтары қауырсын тәрізді үш қайтара тілімделген, кезектесіп орналасқан. Гүлі ақ, гүлтозаңы сары түсті, себет гүлшоғырына топталып, дара гүлдері сабақтың ұшында жетіледі. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, маусым – қыркүйекте жемісі піседі. Жемісі –дәнек. Түймедағы гүлшоғырының құрамында эфир майы (0,5 0,12%), терпен, спирт, органикалық қышқылдар, дәрумендер, т.б. заттар бар

Қолданылуы: Түймедақ – дәрілік өсімдік, оны қабынғанға қарсы әсер ететін, асқазан жұмысын реттеу, әйел аурулары үшін, тер шығаратын, ауырған жерді тыныштандыратын дәрі ретінде және клизма жасауға қолданылады. Іш өткенде, ішек түйнегенде ішеді. Сондай-ақ оның антисептикалық қасиеттері де бар. Парфюмерияда, шарап өндірісінде пайдаланылады, гүлінен сары түсті бояу алынады.

Суық тигенде 2 шай қасық түймедақ гүлiн 300 гр. суға қайнатып, 4 сағат бұқтырып тұнба жасау арқылы пайдалануға болады. Тұнбаны ертелi-кеш астан бұрын iшу қажет. 2 ас қасық гүл үгiтiндiсiн 1 стақан қайнап тұрған суға салып, 1 сағат жабық ыдыста бұқтырып алып iшiңiз. Бұл тұнба асқазан ауруына көмектеседi. Бел ауырса, түймедақ гүлiн ұнтақтап тұзы жоқ сары майға араластырып белге жағуға болады. Тер шығаратын дәрi ретiнде 1 стақан гүл үгiндiсiн қайнап тұрған суға салып, 40 минут бұқтырып алып қолданады. Тұнбаны сүзiп, ыстықтай iшкен дұрыс. Егер асқазаныңыз мазалап жүрсе, түймедақтың тұнбасын әзiрлеп iшiңiз. Ол үшiн 2 ас қасық ұнтақталған түймедаққа 1 стақан ыстық су құйып, жарты сағат тұндыру керек. Тұнбаны жылы күйiнде ашқарынға содан соң жатар алдында пайдаланған жөн. Жүйкеңiз сыр берiп жүрсе, түймедақ тұнбасы қосылған бу бұлауын қабылдаңыз. Мұның сiзге тигiзер пайдасы орасан..

     Күнбағыс

Сипатталуы: Күнбағыстың биіктігі 2 м-дей, сабағы тік, жуан өзегі қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2 – 3 м тереңдікке бойлайды. Үлкен жалпақ жапырағы сабақта кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры көп гүлді себет. Оның сыртын бір немесе

бірнеше қатарға орналасқан гүл жапырақтары қоршаған. Бұлар өсімдік гүлін сыртқы қолайсыз жағдайдан сақтайды. Себеттерінің диам. 10 – 60 см-ге дейін жетеді. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады. Жемісі — тұқымша, онда 22 — 27% май болады.

Сипатталуы: Күнбағыстың биіктігі 2 м-дей, сабағы тік, жуан өзегі қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2 – 3 м тереңдікке бойлайды. Үлкен жалпақ жапырағы сабақта кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры көп гүлді себет. Оның сыртын бір немесе бірнеше қатарға орналасқан гүл жапырақтары қоршаған. Бұлар өсімдік гүлін сыртқы қолайсыз жағдайдан сақтайды. Себеттерінің диам.10 -60 см-ге дейін жетеді. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады. Жемісі -тұқымша, онда 22 -27% май болады.
Қолданылуы: Дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%-ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахар алады, онда 30-36% калий тотығы бар. Күнбағыс күнжарасында — құнарлы мал азығы, онда 38%-дан астам ақуыздық зат, 20 -22% көмірсу және 6%-дай май бар. Күнбағысты бұршақ өсімдіктерге қосып сүрлемдік дақыл ретінде өсіреді.      100 кг көктей орылған Күнбағыс құрамында 18 азық өлшемі, 1,4 кг сіңімді протеин бар. Көктей шабылған Күнбағыс га-нан 400 -500 ц балауса азық алынады. Ғасырлар бойы адамдар бүкіл күнбағыс өсімдігін пайдаланып үйренді. Гүлінен безгекке және жоғары температураға қарсы тұнба жасалды. Күнбағыстан жасалған сығынды жаралардың және қан ағудың жазылуыға мүмкіндік туғызды. Тұқымдарынан әлемдегі жақсы майлардың бірі сығылады. Сығылғаннан кейінгі тұқымдар жануарларға арналған азық жасау кезінде компонент ретінде қызмет атқарады. Сабағынан целлюлоза өндіріледі, сондай-ақ калийге бай тыңайтқышты алу мақсатында жағылады. Күнбағыс тұқымдары косметологияда пайдаланылады. Терінің түсін жақсартады, безеулермен күресуге көмектеседі. Мырыш зақымданудан қорғайды, ал B6 дәрумені жасартады.

Алма

Сипатталуы:  Раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы. Алма ағашының сұрыптарына қарай өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м аралығында, 3-12 жылда жеміс береді. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптары болады. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу – әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс.

Қолданылуы: Алма құрамында су, қант, қышқыл, А, В1, В2, В6, С, РР дәруменде-рі көптеген минералды заттар бар. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес», – деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен қатар, алма шырыны адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге, қолданылады. Кепкен алманың қайнатпасын қыста ішкенде адам тұмауға шалдықпайды. Ағзадан холестрениди шығаруға, атеросклерозға алма жемісі өте пайдалы. Асқазан, ішек, өт жолдарын емдеуге де тиімді. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды. Сонымен қатар иммунитетті күшейтуге, жөтел, бас ауруына, қаназдыққа, ұмытшақтыққа, кеуіп, қатқанда зор көмегін тигізеді. Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.

Алма сусының дайындалу тәсілі: Алманың әсіресе қышқыл сорттарын тазалан жуып, шанышқымен түйрел тесіл, табаға салады да, 15—20 минутқа духовкаға қояды. Піскен ыстық алмалы үккіштен өткізіп, оған суытылған қант сиропын құйылжұмыртқаның ақ уызын қосып, көпіршіп қоймалжың болғанша жақсылан араластырады. Егер қышқылы кем болса, онда оған лимон шырынын.(1/2 шай қасық) қосу керек. Дастарқанға салқындатып қояды. 500 г алмаға: 2 / 3 стақан құмшекер мен 3 жұмыртқанын ақ уызы керек.

 

You May Also Like

Өнімнің сапа көрсеткіштерінің жіктелуі, дәріс

Дәріс №4 Өнімнің сапа көрсеткіштерінің жіктелуі Мақсаты: Студенттерді өнімнің сапа көрсеткіштерінің жіктелуімен…

Желілік жабдықтар

Желілік жабдықтар Желі – мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілген компьютерлердің жиынтығы.…

Экономикалық талдау шпор

ААААА Аддитивті модельдер келесі жағдайларда қолданылады:Нәтижелік көрсеткіш бірнеше факторлық көрсеткіштің алгебралық сомасын…

“Қолданбалы бағдарлама Fine Reader”

Жоспары: Кіріспе Негізгі бөлім Сканер технологиясымен жұмыс. FineReader программасының жұмыс істеу әрекеті…