Дәріс №4 Өнімнің сапа көрсеткіштерінің жіктелуі

Мақсаты: Студенттерді өнімнің сапа көрсеткіштерінің жіктелуімен таныстыру

Жоспары:

1 Өнім сапасының дара көрсеткіштері

2 Өнім сапасының кешенді көрсеткіштері

1 Өнім сапасының көптеген көрсеткіштері келесі негізгі белгілері бойынша жіктеледі:

– сипатталатын қасиеттер саны бойынша;

– анықтау нәтижелерін өрнектеу тәсілі бойынша;

– анықтау әдісі бойынша;

– анықтау кезеңі бойынша;

– қолдану саласы бойынша (өнім бірлігіне немесе біртекті және әртекті өнім бірлігінің жиынтығына);

– сапа деңгейін бағалау үшін қолданылуы бойынша;

– әртүрлі қасиеттерге қатысты.

Сонымен қатар өнім сапасының көрсеткіштері жіктеледі:

1) анықтау нәтижелерін өрнектеу тәсілі бойынша – өлшемдік (өлшем бірліктер арқылы) және өлшемсіз (балдық жүйе арықлы);

2) анықтау әдісі бойынша – сараптамалық, есептік және әлеуметтік;

3) анықтау кезеңдері бойынша – жобалық, өндірістік және пайдаланулық;

4) қолдану саласы бойынша – өнім бірлігіне жатқызылған көрсеткіштер, біртекті және әртекті өнім бірліктерінің жиынтығына жатқызылған көрсеткіштер.

Өнімнің сипатталатын қасиеттер саны бойынша сапа көрсеткіштері дара және кешенді болуы мүмкін (сурет 1).

Өнім сапасының дара көрсеткіші өнімнің тек қана бір қасиетін сиапттайтын сапа көрсеткішіт (мысалы, массасы, түсі және с.с.). Дара көрсеткіштер бір қарапайым қасиетті сипаттайтын  өнім бірлігіне де, біртекті өнімнің бірліктерінің жиынтығына да қатысты болуы мүмкін. Мысалы, майдың массалық үлесі 12% (көрсеткіш тек қана бір қасиетті сипаттайды – майлылық).

Дара көрсеткішінің түрлері салыстырмалы және базалық көрсеткіштер.

Өнім сапасының салыстырмалы көрсеткіші салыстырмалы бірліктермен немесе пайызбен өрнектелген сапаның бірлік көрсеткішінің базалық көрсеткішке ара қатынасы.

Өнім сапасының базалық көрссткіші – бастапқы (эталонды) деп қабылданған өнім сапасының көрсеткіші. Сапаны салыстырмалы бағалау кезінде елімізде немесе шетелде өндірілетін өнімнің ең жақсы үлгілеріне тән көрсеткіштерді немесе перспективалық үлгілердің сапа көрсеткіштерін базаллық деп қабылдайды. Базалық көрсеткіш кешенді де болуы мүмкін.

2 Өнім сапасының кешенді көрсеткіші бірнеше қасиеттерді немесе бір күрделі қасиетті (бірнеше қарапайым қасиеттерден тұратын) сипаттайтын көрсеткіш. Сапаның кешенді көрсеткіші орташа арифметикалық әдіспен есептелуі мүмкін, бұл кезде ол есептеудің шартты бірлігімен өрнектелген (мысалы балмен) шартты шама болады.

Өнім сапасының кешенді көрсеткішінің түрлеріне интегралды, топтық және жинақтық.

Өнім сапасының интегралдық көрсеткіші өнімді тұтынудың жиынтықты (суммарный) пайдалы әсерінің және оны жасау мен тұтынуға кеткен жиынтықты шығындарының ара қатынасы.

Өнім сапасының топтық көрсеткіші оның қасиеттерінің тобына жататын өнім сапасының кешенді көрсеткіші (мысалы, өнімнің дайын болу дәрежесі).

Өнім сапасының жинақтық көрсеткіші өнім сапасын бағалау бойынша шешім қабылданатын көрсеткіш, яғни оның мәні өнім қасиеттерінің мәндерінен жинақталады. Өнімнің қасиеттерінің біреуі анықтаушы болуы мүмкін.

Өнім сапасының анықтаушы көрсеткіші оның сапасын бағалау шешімі қабылданатын көрсеткіш. Жинақтық көрсеткішті анықтау кезінде сарапшылар өнімнің қандай бір қасиетін (мысалы, сыртқы түрі, иісі, дәмі, консистенциясы) сипаттайтын әрбір көрсеткішті балмен бағалайды. Ол қасиеттердің жиынтығына кіреді, олар бойынша қандай да бір өнімнің сапасын бағалайды. Содан кейін әрбір көрсеткішті бағалаудың орташа нәтижелерін осы көрсеткіш үшін сарапшылармен бекітілген салмақты параметріне (коэффициентіне) көбейтіп, көбейтіндіні қосады.

Жинақтық көрсеткішті табу кезінде жіктеуді көрсеткіштердің өнімнің әртүрлі қасиеттеріне қатысты жүргізген жөн. Сипатталатын қасиеттері бойынша сапа көрсеткіштері бірнеше топқа бөлінеді.

«Қолданылу» көрсеткіштер тобы өнімнің қолданылу саласын анықтайды және оны қолданудың пайдалы әсерін сипаттайды. Тағам өнімдері үшін бұл көрсеткіштер тобына ақуыз, май және т.б. құрамын жатқызады.

Қолданылу бағытына байланысты өнім сенімділік (өнімнің сенімділігін қаматамасыз етуде өнім өндірісін бақылау, сақтау мен тасымалдау кезеңінде оның сапасын бақылау маңызды рөлше ие), сақталуы, технологиялығы (өнімді өндіруге жұмсалған еңбек, құрал, материал және уақыт шығындары), қауіпсіздігі, тасымалдауға жарамдылығы, үнемділігі, экологиялығы, эргономикалығы және эстетикалығы сияқты қасиеттер тобымен сипатталады.

You May Also Like

Ауыз қуысы сұйықтығының қасиеті мен құрамы, оның тіс кіреукесінің жетілуі үрдісіндегі рөлі, ре- және деминерализациясы

Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім Ауыз қуысы сұйықтығының құрамы мен қасиеті…

Олар бейбітшілікті қорғады, біз оны сақтаймыз! шығарма

Олар бейбітшілікті қорғады , біз оны сақтаймыз! « Ата-бабаларымыз  аңсаған азаттық пен…

Өнер мектебінің балаларға пайдасы

Өнер мектебінің балаларға пайдасы Өнер мектебі манызы Білім беру стандарты тек белгілі…

LANGUAGE CONTACT OF YOUTH IN KAZAKHSTAN

                                                      REASEARCH WORK THE EFFECT OF MULTILINGUALISM ON YOUTH LANGUAGE IN KAZAKHSTAN…