Қажетті өнімдер:
-1-1,2 кг тауық еті;
– 3-4 картоп;
– 2-3 тілім нан;
– 3-4 тісше сарымсак,;
– 2 ас қасық сарымай;
-1-1,5 шай қасық тасшөп;
– өсімдік майы;
– аскөк;
– қажетінше тұз, бұрыш.
Дайындалуы:
Тауық етін жуыңыз, құрғатыңыз. Картопты тазалап,
4 бөлікке бөліңіз. Тұзды суға
5 минут пісіріңіз. Тауық етінің іші-сыртын тұз және бұрышпен жақсылап сылаңыз. Сарымсақты ұсақтап тураңыз. Тасшөптің жас жапырақтарын алып ұсақтап тураңыз. Қапшықтағы кептірілген тасшөп те пайдалансаңыз болады. Тасшөпке сарымсақ пен са-рымай қосып, араластырыңыз. Нанды төртбұрыштап тураңыз. Нанды сарымаймен араластырыңыз. Осы қоспамен тауықты фарштаңыз. Тауықты арқасынан жатқызыңыз. Қанаттарын астына қайырып қойыңыз. Аяқтарын жіппен байлаңыз. Фарш салған тесікті тісшұқығышпен бекітіңіз. Противеньге салып, өсімдік майымен майлаңыз. Жанына картопты салыңыз. 180 градуста қызған духовкада 40 минут пісіріңіз. Егер тауықтың салмағы рецептегіден көп болса, картопты пісуге 30 минут қалғанда салыңыз. Пісу барысында тауықтан бөлінген майды тауықтың үстіне құйып отыру керек. Соңында еттің піскенін тексеріңіз. Соңғы 5-7 минутта «гриль» деген режимде пісіруге болады. Дастарқанға нан және балғын көкөністермен бірге ұсыныңыз. Асыңыз дәмді болсын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Мінез-құлық туралы жалпы түсінік

   Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі…

Серверлік бағдарламалық қамсыздандыруды орнату мен қолдау

Серверлік бағдарламалық қамсыздандыруды орнату мен қолдау. MySQL – кішігірім, көп ағынды деректер…

Ет және ет өнімдерін өңдеу, ашық сабақ

Ә.Марғұлан және қазақ әдебиеті

Ә.Марғұлан және қазақ әдебиеті Бүгінгі таңдағы түркология түркі халықтарының тілін ғана зерттеп…