Серверлік бағдарламалық қамсыздандыруды орнату мен қолдау.

MySQL – кішігірім, көп ағынды деректер базасы сервері. MySQL үлкен жылдамдықты, орнықтылығымен және қолданудың жеңілдігімен сипатталады. MySQL тілі TcX компаниясы өзінің жеке қажеттілігіне арнап шығарылған тілі, өте үлкен деректер базасы тез өңдеуді қамтамасыз етеді. Компанияның айтуы бойынша MySQL–ді 40–тан астам ДБ серверлерінде 1996 жылдан бері қолданады, ДБ–лар 10000 кестеден, 500–ден көбі 7 миллионнан астам жолдан тұрады. MySQL кіші және орта қосымшаларға арналған идеалды шешім болып табылады. Сервердің түпнұсқа мәтіндері көптеген платформаларда

компиляциядан өтеді. Серверлік қасиеттінің көптеген мүмкіндіктері көп ағынды қолдауы бар өндірісі артық Unix–серверлерде көрінеді. Windows нұсқасында MySQL Windows NT сервисі ретінде немесе Windows 95/98 қарапайым процесс ретінде орындалады. MySQL белгілі ашық кодты SQL мәліметтер базасы, MySQL AB қолдануымен жасалған. MySQL AB –MySQL мәліметтер базасымен жұмыс жасайтын коммерциялық компания. MySQL –мәліметтер базасын ұйымдастырушы жүйе, ол реляциялық мәліметтер базаларымен жұмыс жасайды. Неліктен мен жұмысымда MySQL қолдандым? Себебі, MySQL –өте

тез, сенімді және қолдануға жеңіл жүйе. MySQL үлкен мәліметтер базаларына негізделіп жасалғандықтан, көптеген жылдар бойы өз қуатын көрсетуде. Қазіргі кезде ол функцияларға бай және қолдануға қарапайым мәліметтер жүйесі. Қолдану, пайдалану қауіпсіздігі жоғары болғандықтан, MySQL жүйесін Интернетте көптеп қолдануда. MySQL техникалық өзгешілігіне келсек, ол клиент-серверлік жүйе және мульти –ағымдық SQL серверін қолдайды, көптеген клиенттік программалар мен библиотекаларды, административтік құралдар мен программалық интерфейстермен жұмыс жасайды. Мәліметтер базасы – бұл құрамында белгілі бір ақпараты бар екіөлшемді өзара байланысқан кестелер жиыны. Мәліметтер базасын басқаратын (жаңа мәліметтер қорын, кестелерді құрады және де құрылған объектілерді қолдануға мүмкіндік береді) программалық қамтама мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) деп аталады. Клиенттердің сұрауларын сипаттау үшін тұтас тіл құрылған – ол SQL (Structured Query Language – құрылымдық сұраулар тілі). SQLсұраулары арқылы сіз келесі әрекеттерді орындай аласыз:

мәліметтер базасымен кестелерді құруға;

кестелерге ақпаратты қосуға;

ақпаратты өшіруге;

ақпаратты модификациялауға;

қажет ақпаратты алуға.

Әрине, admin қолданушысы бар болудан басқа сәйкес құқықтарға ие болу керек. MySQL әрбір сұрауы үтірлі нүктемен аяқталуы тиіс. MySQL – бұл ылғи да компьютерде жұмыс істеп тұратын сервер- программа. Клиенттік программалар (мысалға, сценари) оған арнайы сұрауларды сокет (демек, желілік құралдар арқылы)механизмі арқылы жіберіп отырады, ол оларды өңдеп нәтижесін сақтайды. Осыдан кейін, қайтадан клиенттің арнайы сұрауы бойынша бүкіл нәтиже немесе оның бір бөлігі қайта жіберілед. Неге ылғи тұтас нәтиже жіберілмейді? Өте қарапайым; мәселе мәліметтер жиынының нәтижесі өте үлкен болып, оны желі бойынша тасымалдауға көп уақыт кетіп. Сокеттерді қолдану механизмі клиент–серверлік технологиясына ойластырылған, бұл жүйеде программалардан арнайы сұрауларды қабылдап және өңдейтін арнайы программа – MySQL – сервері қосылуы керек деген сөз. MySQL AB қолдануымен жасалған. MySQL AB – MySQL мәліметтер

базасымен жұмыс жасайтын коммерциялық компания. MySQL – мәліметтер базасын ұйымдастырушы жүйе, ол реляциялық мәліметтер базаларымен жұмыс жасайды. Неліктен мен жобамда MySQL қолдандым? Себебі, MySQL – өте тез, сенімді және қолдануға жеңіл жүйе. MySQL үлкен мәліметтер базаларына негізделіп жасалғандықтан, көптеген жылдар бойы өз қуатын көрсетуде. Қазіргі кезде ол функцияларға бай және қолдануға қарапайым мәліметтер жүйесі. Қолдану, пайдалану қауіпсіздігі жоғары болғандықтан, MySQL жүйесін Интернетте көптеп қолдануда. MySQL техникалық өзгешілігіне келсек, ол клиент – серверлік жүйе және мульти – ағымдық SQL серверін қолдайды, көптеген клиенттік программалар мен библиотекаларды, административтік құралдар мен программалық интерфейстермен жұмыс жасайды. MySQL – интернеттегі МБЖБ (мәліметтер базасын жүйелік басқару). Ол ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс жасауға араналмаған, бірақ оның көмегі улкен және кіші сайттарды жасау кезінде зор. MySQL жұмыс жасау жылдамдығы жақсы, сенімді, иілгіш келеді. Онымен жұмыс жасау әдетте үлкен қиындықтарды тудырмайды. MySQL серверін қолдау автоматты түрде PHP жеткізушіне қосылады. Бұрындары ақпаратты ұзақ сақтау үшін файлмен жұмыс жасайтынбыз, оларға бірнеше жол орналастырып әрі қарай жұмыс жасау үшін кейін алып тастайтынбыз. Web–қосымшалардың программалауында ақпаратты ұзақ сақтау тапсырмасы жиікездеседі: кірушілер санын есептеуіште санау, хабарламаларды форумде сақтау, сайттағы ақпарат құрамымен қашықтықтан басқару т.с.с. Файлмен жұмыстың мамандандырылған әдістері өте ауыр, көп уақыт пе жұмысты талап етеді, ақпарат енгізуге, оларды реттеуге, алуға аса назар бөлу керек. Бұл әрекеттердің барлығы Unixтің бір нұсқасы тұрған хост–провайдер

серверінде жүреді. Яғни файлдарға қатынас жасау құқығы мен оларды орналастыру жайлы ұмытпаған дұрыс. Сонда кодтар көлемі үлкейіп программа кезінде қате жасау ықтималдығы жоғары болады. Осы мәселелердің барлығын мәліметтер базасы шешеді. Мәліметтер базасы ақпараттың қауіпсіздігі мен оның реттелуіне жауап береді, бір жолдың

көмегімен ақпаратты алып, орналастыруға мүмкіндік береді. Мәліметтер базасын қолданатын код әлдеқайда ықшам келеді, әрі түзетуге мүмкіндік береді. Жылдамдық жайлы да ұмытпаған дұрыс – мәліметтер базасынан ақпаратты іріктеп алу файлдан іріктеп алғанға қарағанда жылдамырақ жүреді. Ақпаратты сақтау үшін мәліметтер базасын (MySQL) қолданатын РНРдегі қосымша файлдарға негізделіп жасалған қосымшаларға қарағанда әрдайым жылдамырақ жұмыс жасай алады. Себебі, мәліметтер базасы С++

тілінде жасалған, ал РНРде жазылған программаны қатты дискіде мәліметтер базасынан жылдамырақ жасайтын етіп жазу мүмкін емес, өйткені РНР тілінде жазылған программалар С++ тағы программа қарағанда баяуырақ келеді, себебі РНР интерпретатор, ал С++ компилятор. Осылайша, мәліметтер базасы қатты дискімен жасалатын жұмысты өз

мойнына алып тиімді жұмыс істейді. MySQL жүйесіне кіру үшін өзіңіздің командалық жолдар интерфейсіне келесі жолды енгізіңіз: > mysql –h hostname –u username –p Командалық жауап жүйенің әртүрлілігіне байланысты әртүрлі болып келеді. MySQL командасы MySQL мониторын жүктейді. Бұл MySQL серверімен байланыс орнататын командалық жолдың клиенті:

h кілті хостты білдіреді. Хост – MySQL сервері орнатылған компьютер. MySQL сервері орнатылған машинаға бұл кілтті жазсаң, hostname параметрін жазбауға да болады. Басқа жағдайларда hostname параметрін сервер орнатылған компьютердің атымен ауыстыру керек;

u параметріне қолданушының атын жазу керек. Егер қолданушының аты көрсетілмесе, онда үнсіздікпен сіздің операциялық жүйеге кірген атпен

беріледі.

Егер MySQL сіздің компьютеріңізде немесе серверде орнатылса, жүйеге root деген атпен кіріп, өзіңіздің мәліметтер базаңызды жасау керек. Егер орнатылу бірінші рет жүзеге асырылып отырса, онда root жүйеге кіре алатын жалғыз қолданушы болады. Егер MySQL администратордың компьютерінде қолданылса, өзіңіздің берілген қолданушы атымен кіріңіз;

 p кілті серверге сіз парольбен қосылуды қалайтыңызды көрсетеді. Егер сіз кіріп жатқан қолданушы атына пароль керек болмаса, пароьды қолданбасаңаз да болады. Егер сіз жүйеге root атымен кіретін болсаңыз, тезірек пароль жасауыңыз дұрыс. Парольсіз root қолданушысына жүйе қауіпсіз емес. Жолға парольді енгізу міндетті емес. MySQL оны өзі сұрайды: Enter password: ****

Welcome to the MySQL monitor. Commands end with ; or \g.

Your MySQL connection id is 9 to server version: 3.22.34–

shareware–debug

Type ‘ help’ for help.

mysql>

Егер мұндай жауап шықпаса, mysql_install_db жолы дұрыс орындалуын тексеріңіз. MySQL мәліметтер базасының жүйесі әртүрлі мәліметтер база түрлерін қолдауы мүмкін. Әдетте бір қосымшаға бір мәліметтер базасы қолданылады. MySQL командалық жолына келесі жолды енгізіңіз:

mysql> create database dbname;

Dbname орнына мәліметтер базасының атын жазу керек. Жауап мынандай түрде берілуі керек:

Query OK, I row affected (0.06 sec)

Егер бұндай жауап берілмесе, онда жолдың синтаксисінде қате бар. Жол соңына “;” белгісі қойылса, ол жолдың аяқталғанын және оны жүктеу керектігін білдіреді. MySQL жүйесі көп қолданушыларға арналған, root қолданышысы қауіпсіздік мәселесі бойынша администрациялық мақсаттарда ғана қолданылуы керек. Жүйедегі әрбір қолданушының аты мен паролі болуы керек. Олар басқа парльдерден бөлек болуы тиіс. MySQL–дің ең жақсы қасиеттерінің бірі деп күрделі жеңілдіктер жүйесінде болып табылады. Жеңілдік – қолданушының белгілі бір объектіге, белгілі бір операцияны орындау мүмкіндігі 1.2–кестеде көрсет. Бұл концепция файлдарға қол жеткізу мүмкіндіктеріне өте ұқсайды. MySQL–ге қосылған кезде қолданушыға оның не істеуге мүмкіндігі бар екендігін білдіретін рұқсат беріледі. GRANT командасы арқылы қолданушыларды енгізуге және оларға құқық

беруге болады.

GRANT privileges [columns]

ON item

TO user_name [IDENTIFIED BY ‘password’ ] [WITH GRANT OPTION]

REVOKE – ол құқықты алып тастауға арналған команда.

PHP–сценарийлерін MySQL мен байланыстыру үшін пайдаланушыны күйге келтіру керек.

Көп жағдайларда сценарийлерге кесте жолдарына тек қана осы SELECT,

INSERT, DELETE және UPDATE операцияларды орындау керек.Келесі жағдайлармен орындауға болады:

mysql> grant select, insert, delete, update

–>on books, *

–>to bookorama identified by bookorama123*;

Қауіпсіздік туралы ұмытпаңыз!Мұндай пароль ешқайда жарамайды. Егер сіз Web–хостинг қызметін қолдансаңыз, сіздер үшін жасайтын мәліметтер базасы үшін басқа да пайдаланушы жеңілдіктеріне рұқсат алуға болатыны туралы болжауға болады.Команда жолымен (кесте құру және т.б.) және Web– сценарийлерін MySQL–ге (мәліметтер базасына қосылу үшін) қосылу үшін сізге тура сол пайдаланушы атын және пароль береді.Ол қауіпсіздік аппатын төмендетеді.Пайдаланушыны осындай деңгей жеңілдігімен мынадай түрде орнатуға болады:

mysql > grant select, insert, update, delete, index, alter,

create, drop

–>on books.*

–>to bookorama identified by bookorama123*.

Енді екінші пайдаланушыны күйге келтіруге болады. Пайдаланушы жүйесінен Root– ты шығару. MySQL мониторын quit теру арқылы шығуға болады.Web–тен пайдаланушы ретінде жүйеге кіру қажет.

Қажетті мәліметтер базасын жүйеде пайдаланушы деңгейінде MySQL есептік жазуында болуыңыз керек және Web–серверде сіз немесе администратор орнатқан тестілеуге дайын болуыңыз керек. Жүйеге кіргеннен кейін алдымен сіз жұмыс істейтін мәліметтер базасын

анықтау керек. Оны төмендегіні тергеннен кейін жасауға болады:

mysql> use dbname

мұнда dbname–мәліметтер базасына лайықты атау. use командасын термеседе болады, бірақ жүйеге кірген кезде мәліметтер базасын көрсету керек:

mysql dbname –h hostname –u username –p

Бұл мысалда books мәліметтер базасын қолданамыз:

mysql> use books

Осы команданы енгізгеннен кейін MySQL мынадай жауап қайтару керек:

Database changed

Егер мәліметтер базасының жұмысының алдында таңдалмаса, онда

MySQL қате туралы хабарлаумен жауап береді:

ERROR 1046: No Database Selected

Мәліметтер базасы серверінің моделі (DBS) – кейбір реляционды мәліметтер базаларында (Informix, MySQL, Ingres, Sybase, Oracle, mSQL) жүзеге асырылған.Оның негізін сақталынған процедуралар механизмі құрайды. Олар –SQL–сервер программалауының құралдары. Процедуралар мәліметтер базасының сөздігінде сақталады. Бірнеше клиенттер арасында бөлінеді, SQL–сервер функцияланатын компьютерде орындалады. DBS–модельдегі ұсыну компоненті компьютере–клиентте орындалады. Қолданбалы компонент

сақталынған процедуралар жиынтығы ретінде сақталынған және мәліметтер базасының компьютер –серверінде функционерленеді. Осында мәліметтерге қатынас жасау компоненті орындалады, яғни мәліметтер базасының ядросы. Ақпараттық ресурс жайлы түсінік мәліметтер базасына шейін тарылған, себебі сақталынды процедуралар механизмі – DBS–модельдің ерекше қасиеті тек қана мәліметтер базасында ғана бар.

DBS – моделдің артықшылықтары:

қолданбалы функцияларды орталықтан ұйымдастыру мүмкіндігі;

– трафиктің төмендеуі (SQL–сұраныстармен бірге желі бойынша

сақталынған процедуралар шақырылады);

процедураларды бірнеше қосымшалар арасында бөлу мүмкіндігі;

асау комп

бір кезде жасалынған процедураны орындау жоспарының арқасында

компьютер ресурстарын үнемдеу мүмкіндігі.

Тәжірибе жүзінде әдетте аралас модельдер қолданылады. Бұл кезде мәліметтер базасының тұтастылығы мен кейбір қарапайым қолданбалы функциялар сақталынды функциялармен қамтамасыз етіледі. Ал одан да күрделі функциялар тек қана компьютер – клиентте (RDA–модель) орындалатын қолданбалы программаларда жүзеге асады. MySQL МББЖ ықшам көпағымдық сервері. MySQL жоғарғы жылдамдығымен, төзімділігімен және қолданудың жеңілдігімен ерекшеленеді. MySQL өте үлкен деректер қорын өңдеуге арналған ішкі қажеттіліктер үшін ТеХ компаниясымен құрылған. Компанияның айтуы бойынша 10000

кестеден (соның ішінде 24.01.2004 кейінгі 500–ден астам кестелер 7млн. жолдан тұрады) тұратын 40 деректер қоры бар серверде MySQL–ды 1996 жылдан бері қолданып келеді.

MySQL – бұл интернеттегі ең танымал және кең тараған МББЖ (Мәліметтер Базасын басқару жүйесі). Ол үлкен ақпараттық көлемдермен жұмыс істеуге арналған, алайда оны интернет сайттарында қолдану тиімді, олардың кішігірім не үлкен болуы шарт емес.

MySQL жақсы жұмыс жылдамдығымен, сенімділігімен, иілгіштігімен ерекшеленеді. Онымен жұмыс көбіне ешқандай қиындықтарға әкелмейді. MySQL серверін қолдау PHP–дің жеткізілуіне енгізілген. Оның ақысыздығы да маңызды факторлардың бірі. MySQL GNU (GPL, GNU Public License) сияқты жалпы лицензия шарттарына сай таралады.

Бұрын біз ақпаратты көпке дейін сақтау үшін біз файлдармен жұмыс істедік: оған белгілі бір жолдар санын енгізіп, ал сонан соң келесі жұмыс ішін ашатынбыз. Ақпаратты ұзақ уақытқа сақтау есебі Web–қосымшаларды программалауда көп кездеседі: есептеуіштегі келушілерді есептеу, форумдардағы хабарландыруларды сақтау, сайтта ақпарат мазмұны ұзақтай басқару және т.б. Алайда, файлдармен жұмыс істегендегі профессионалды әдістерді қолдану өте қомақты уақытты қажет етеді: оларға ақпараттың жазылуын қамтамасыз ету, ақпаратты сұрыптау, шығару, сонымен бірге бұл істердің барлығының хост – провайдер серверінде, ал онда Unix болу ықтималдығы өте көп, сондықтан файлдарға қол жеткізу құрықтарымен оларды орналастыру құқықтары жайлы ойлануға келдік. Сонда оның өлшемі жетерліктей ұлғаяды да программада қате жасау ықтималдығы өте жоғары.

MySQL кіші және орташа қосымша программалар үшін өте жақсы шешім болып табылады. Сервердің бастапқы кодтары көптеген платформаларда компиляцияланады. Сервердің мүмкіндіктері көпағымдылықты қолдайтын Unix–серверлерінде толығырақ ашылады, ол өнімділікті арттыруға көмектеседі. Бүгінгі күнде MySQL әлі құрылуда, бірақ 3.22 нұсқалары толық жұмысқа жарамды. MySQL–сервер коммерциялық емес қолдануға тегін, кері жағдайда лицензия алуға тура келеді.

MySQL мүмкіндіктері.

MySQL ANSI 92 стандарттарындағы сұраныс тілі SQL–ді қолдайды және бұл стандартқа басқа МББЖ–да жоқ көптеген кеңейтілімдерді қамтиды.

MySQL–дің негізгі кемшіліктері:

– деректер қорымен шектелмеген пайдаланушылар санының жұмыс істеу

мүмкіндігі;

– кестедегі жолдар саны 50 млн–ға дейін жетуі мүмкін;

– командалардың жылдам орындалуы. Мүмкін MySQL – барлық

серверлер ішіндегі ең жылдам сервер;

– қарапайым және тиімді қауіпсіздік жүйесі;

– MySQL шынында да ең жылдам сервер, бірақ ол мүмкіншілікті жүзеге асыру мақсатында құраушыларға реляциялық МББЖ–не қойылатын кейбір талаптарды қарастырмауға тура келеді.

MySQL–дің кемшіліктері:

– SELECT * FROM table1 WHERE id IN (SELECT id FROM table2) типті ішкі сұраныстарды қолданбайды;

– транзакцияларды қолдау орындалмаған. Оның орнына LOCK/ON

LOCK TABLE қолдануға ұсыныс берілген. Триггерлермен сақталатын процедураларды қолдау орындалмаған.

MySQL 4.1. MySQL4.1 2004 жылыдың 27 қазанда шықты. Ол келесідей

жаңа мүмкіндіктерді қамтиды:

ішкі сұраныстар және туынды кестелер;

кодтау және сорттаудың жаңа жүйесі;

жылдамдығы жоғарырақ клиент – сервер протоколы;

Microsoft Windows және GNU/Linux үшін орнату мен реттеудің жаңа

программасы;

Оpen SSL арқылы қорғалған клиент–сервер байланысы;

басқа программаларда қолдануға болытын жоғарғы оптимизацияланған

кітапхана;

юникодты (UTF–8 және UCS2) толық қолдауы;

географиялық ақпаратты сақтау үшін арналған GIS стандартты

кеңістіктегі деректер типі.

MySQL 5.0. MySQL 5.0–те функционалдық кеңейтілген, ол MySQL–ді коммерциялық МББЖ–мен бір қатарға қоюға мүмкіндік береді. Егер бұрын MySQL МББЖ–н SQL стандартын қажетті көлемде қолдамайды деп есептесе, онда бұл әйгілі мәліметтер базасының бесінші нұсқасының пайда болуымен SQL стандартының толық қолдауы пайда болды. MySQL5.0 келесі жаңа мүмкіндіктерге ие:

сақталатын процедуралар мен функциялар;

қателерді өңдеуіш;

курсорлар;

триггерлер;

көріністер;

ақпараттық сұлба (метадеректерді қамтитын жүйелік сөздік).

MySQL5.1.

MySQL5.1 нұсқасы SQL2003 стандартының жолын жалғастырады және

келесі жаңа мүмкіндіктері бар:

тапсырмаларды жоспарлаушы;

сегменттеу;

– SQL 2003 стандарттарымен толығырақ сәйкес келу үшін кейбір

операторлардың өзгертуі;

MySQL Cluster жұмысында үлкен өзгерістер, мысалы, кестелік

деректерді дискте сақтау мүмкіндігі;

row–based репликациясы;

толық мәтінді іздеу парсерінің plug–in түрінде орындалуы.

MySQL6.0. MySQL6.0 нұсқасы әлі альфа – тестілеу деңгейінде. Алғашқы5.2 нұсқасын құру жөнінде шешім қабылданған болатын, бірақ ол жақын арада 6.0 деп өзгертілген.

Дегенмен 6.0 нұсқаның жаңа мүмкіндіктердің ең бастысы – ол Oracle компаниясымен сатып алынған InnоBase компаниясының InnoDB механизімінің орнына MySQL компанияның falcon деректерді сақтаудың жаңа механизмі.

You May Also Like

Жеңіл және сирек металдарды өндіру процестерінің ерекшеліктері, дәріс

6 дәрістің Жеңіл және сирек металдарды өндіру процестерінің ерекшеліктері Дәрістің конспектісі: Жеңіл…

Ғылыми – техникалық құжаттарды пайдаланудың құқықтық негізі, баяндама

Жоспар: Кіріспе. Негізгі бөлім: Ғылыми – техникалық құжаттарды пайдаланудың құқықтық негізі; ә)…

Әр түрлі фондағы натюрмортты қағаз бетіне тиімді орналастыру

Тақырыбы: Әр түрлі фондағы натюрмортты қағаз бетіне тиімді орналастыру Мазмұны  Кіріспе……………………………………………………………………………………………………… Тарау…

Криптовалюта – деньги будущего Научный проект

Актуальность: Сегодня Bitcoin – современная цифровая валюта, которая прекрасно подходит для расчётов…