Бұғақтың (второй подбородок) пайда болуының бірнеше себептері бар. Олар құнарлы және майлы тағамдарды мөлшерден тыс пайдалану, қаннан берілетін ауру себептері, бет бұлшық етінің бос болуы. Ал бұғақ пайда болғаннан кейін оның салбырауынан арылу процесі өте ұзақ және қиын.
Бірақ оны кетіру үшін төзімділік болса ғана нәтижелі бола алады. Сайтымыздың осы санында бұғақтың салбырауынан арылтатын жаттығу кешенін ұсынамыз.

Еденге шалқалап жатып, аяқ ұшына қарайды. Енді 30-ға дейін санап басты еденге қояды. Осылай 2-з рет жасау керек.
Ерінді алға қарай созып иек бұлшық етіне күш салады. Сосын О,У,И әріптерін айту керек. Өр өріпті 7-8 рет қайталайды.
Иек бұлшық етіне күш салып, астыңғы ерінді созып ауыз ішіне кіргізеді. Енді бастапқы қалыпқа келіп, жаттығуды 1 минуттай қайталайды.
Орындыққа түзу отырып, екі қолдың саусақтарын бір-біріне айқастырады да үстелге қояды. Енді иекті айқасқан саусаққа бар күшпен басып қояды да қатты басып тұрып басты көтереді. Қолды иектен ажыратпай, қатты басып тұрып алға және артқа қарай қимылдатады. Жаттығуды 4-5 рет қайталайды.
Шалқалап жатып басты сәл ғана жоғары көтереді. Басты оңға сосын солға қарай бұрып 1 секунд демалған соң жаттығуды қайталайды. Бұл жаттығу 10 минут көлемінде жасалған жөн.

Айна алдында тұрып, иекті созып мойынға салмақ түсіріп жоғары көтереді. Содан кейін астыңғы жақты қимылдатып, астыңғы ерінді үстіңгі ерінге жеткізеді. Жаттығуды 5-8 рет жасайды.
Ендігі жаттығу сурет салумен жасалады. Ол үшін тіспен қаламды тістеп ауаға түрлі сандарды (і, 4, 10, 5) жазады. Жаттығуды з-5 рет қайталайды.
Кереуетке көлденең жатып, басты төмен қарай салбыратып тастайды. 2 секунд өткен соң басты жоғары көтеріп мұрынның ұшына қарайды. Жаттығуды 10-15 рет жасайды.
Басқа қатты жөне ауыр зат қойып (қалың кітап) бөлме ішінде 5-8 минут жүреді.
Екі қолдың саусақтарының үстіңгі жағымен кезек-кезек бұғақты (шапалақтап) қағып ұрады. Жаттыгуды 1-2 минут тоқтатпай жасау керек.
Иекті жоғары көтеріп, енді басты артқа қарай бірден шалқайтады. Жаттығуды 10-15 рет қайталайды.
Тілмен бар күшті салып таңдайды басып итереді. Енді тілдің астын тіл ұшымен итереді. Жаттығуды 10 рет жасайды.
Тілді шығарып бар күшті салып мұрын ұшына жеткізіп 10-15 секунд тұрады. Жаттығу 5 рет қайталанады.
Тілді барынша шығарып оңға және солға қарай айналдырып 10 рет жасайды.

Кеңеске назар аударыңыз!
1. Бұғақтан арылу үшін ең алдымен дұрыс тамақтану рационын қолға алған жөн. Құнарлы және майлы тағамдардан бас тарта білу бұғақтың пайда болуының алдын алу болып табылады. Апельсин диетасын ұстаудың бұғақты кетіруге септігі мол.
2. Бұғақтың пайда болуын туғызатын жағдай үнемі бір орында отыру. Сондықтан да жұмыс арасында 5 минуттық үзіліс жасап, түрлі жаттығулар жасап, омыртқаның түзу болганын қадағалап тұрған дұрыс.
з. Бет және жақ бұлшық еттерін қатайту үшін сағыз шайнау арқылы жаттығу жасаңыз.
4. Ауызды барынша ашып, қайта жауып, оңға және солға қарай қимылдатып жаттығуды күніне 10 рет жасап тұрған пайдалы.
5. Беттің бұлшық еттерін қатайту үшін түрлі массаждар жасаған дұрыс.
6. Бұғақтан арылу үшін жұқа және ыңғайлы жастыққа дұрыс жатып ұйықтау қажет.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Фаршталған болгар бұрышы

Қ а ж е т т і  өнімдер: 6 болгар бұрышы,200 г…

Компьютердің адам өміріндегі рөлі, баяндама

Баяндама: Компьютердің адам өміріндегі рөлі Біле бер,қанша білсең –тағы тіле Жетерсің мұратыңа…

Гипогидратация немесе сусыздану

151Гипогидратация немесе сусыздану. Организмнің сусыздануын, оның дөрежелерін жөне салдарларын ең алғаш XVII…

Кітапханалық файлдарды қосу мен қолдану

Кітапханалық файлдарды қосу мен қолдану Құжаттар не пішіндер кітапханасын жасағанда, сол кітапхана…