Қажетті өнімдер: 500 г сиыр бауыры, 250 г майонез, 4 ас қасық өсімдік майы, қара бұрыш, 150-200 г пияз, 3 жұмыртқа, тұз, 2 ас қасық ұн

Дайындалуы: бауырды пленкасынан ажыратып, жуып, орташа бөліктерге турап, еттартқыштан өткізіңіз. Жұмыртқа, ұн, тұз бен бұрыш қосып, жақсылап араластырыңыз. 3 ас қасық өсімдік майын табада қыздырып, ас қасықпен бауырдан жасалған массаны қасықтап салыңыз. Екі бетін де қабықша пайда болғанша (шамамен 3 минуттан) қуырыңыз. Тәрелкеге салып суытыңыз. Пиязды аршып, текшелеп тураңыз. 1 ас қасық өсімдік майына алтын түске енгенше қуырып алыңыз. Тәрелкеге салып, пиязды майонезбен араластырыңыз. Бауырдан пісірілген наншықтарға 1 шай қасық пиязды майонез қоспасын жағып, тағы бір наншық қойыңыз. Бетіне тағы пиязды майонезді жағыңыз. 20 минут бабына келгенше қоя тұрып, талғамыңызға қарай сәндеңіз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Қапшықтар

Қажетті өнімдер: 1 л сүт, 1 стақан ұн, 150 г сәбіз (кәрісше…

Дирижер мамандығы

Дирижер мамандығы қиын да,қызықты элиталық мамандық. Дирижер өзі педагог,өзі псхолог, өзі жетекші…

Шоколад в нашей жизни

ОГЛАВЛЕНИЕ I. Введение. «Шоколад  в нашей жизни» II. Основная часть. 1. Теоретическая…

Ластану заттарын есептеу параметрлері

Ластану заттарын есептеу параметрлері Жердегі  атмосфералық  ауаның  қорлары  тұрақты  және таусылмайды.Атмосфералық  ауаның …