Қажетті өнімдер: 500 г сиыр бауыры, 250 г майонез, 4 ас қасық өсімдік майы, қара бұрыш, 150-200 г пияз, 3 жұмыртқа, тұз, 2 ас қасық ұн

Дайындалуы: бауырды пленкасынан ажыратып, жуып, орташа бөліктерге турап, еттартқыштан өткізіңіз. Жұмыртқа, ұн, тұз бен бұрыш қосып, жақсылап араластырыңыз. 3 ас қасық өсімдік майын табада қыздырып, ас қасықпен бауырдан жасалған массаны қасықтап салыңыз. Екі бетін де қабықша пайда болғанша (шамамен 3 минуттан) қуырыңыз. Тәрелкеге салып суытыңыз. Пиязды аршып, текшелеп тураңыз. 1 ас қасық өсімдік майына алтын түске енгенше қуырып алыңыз. Тәрелкеге салып, пиязды майонезбен араластырыңыз. Бауырдан пісірілген наншықтарға 1 шай қасық пиязды майонез қоспасын жағып, тағы бір наншық қойыңыз. Бетіне тағы пиязды майонезді жағыңыз. 20 минут бабына келгенше қоя тұрып, талғамыңызға қарай сәндеңіз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

1 жасқа дейнгі баланың дамуы

1 жасқа дейнгі баланың дамуы Жаңа туған нәрестені қарау кезінде: Салмағын Бойын…

Жергілікті желіні баптау

Жергілікті желіні баптау Жерггілікті желіні баптау(ағылш. Local Area Network, LAN) — салыстырмалы түрде…

Пословица недаром молвится

Пословица недаром молвится Предмет:  Русский язык и литература Автор работы: Рахимова Мадина Руководитель: Исетова Дильдора…

Шоколад әлемі

Шоколад әлемі 1 1 шілде – Бүкіләлемдік шоколад күні 5 минутта дайын…