Ауру айтып келмейді, уақыт талғамайды. Мәселен, бас ауруы түрлі себептермен орын алады. Жүрек дерті де, іш ауруы да аяқ астында басталып, басылатыны анық. Сондықтан да сауалыңыз орынды. Және оның барша адамдарға көмегі де зор болмақ.

Егер дәрігер жоқ жерде сырқатыңыз сыр берер болса, онда алақаныңыздағы «Жедел жәрдемді» көмекке шақыруға болады. Ертеректегі рефлексотерапия ғылымының мұндай тәсілін үйреніп алсаңыз, оған кез келген жерде жүгіне аласыз. Өйткені «Жедел жәрдеміңіз» әрдайым жаныңызда ғой.

Егер иммунитетіңіз төмен түсіп, әлсіздік пайда болса, немесе суықтап түшкіре бастасаңыз, дереу оң қолыңыздың сұқ саусақ ұшымен сол қолыңыздың екінші және үшінші саусақ арасын уқалаңыз.

Пристут эпилепсий, обморок кезінде бас бармақтың басын массаждау қажет. Ол қан айналымын жақсартады.

Аяқ астында жүрегіңіздің тұсы сұққылап ауыра бастаса, ең кіші саусақтың жоғарғы бөлігіне нүктелік массаж жасау керек. Сонымен қатар саусақты жалпылай массаждаған дұрыс.

Ал егер ішіңіз ауырса, аты жоқ саусақтың алақанмен жалғасар төменгі бөлігін көбірек уқалаңыз. Ол ішкі құрылыстағы сырқаттарды жеңілдетеді.

Естен тану, талу болған жағдайда ортаңғы саусақты тік бағытта әрлі-берлі массаждаудың жәрдемі үлкен.

Гипортониямен ауырсаңыз, сұқ саусақты тұтастай жеңіл қозғалыспен массаждаңыз.

Осылай аурудың алдын алып, ал кейде тіпті одан біржолата айығуға да болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Кедендік одақтық пайдасы

Кедендік одақтық пайдасы. Кедендік одақ біріншіден, біздің кәсіпкерді арзан алайық. Айталық, отандық…

Жетім көрсең, жебей жүр

«…жетімді қорлама.  Сұраушыны зекіме.  Раббыңның нығметін білдір.»[1] Өзіне ғана құлшылық етіп, мінсіз…

Спорттық жаттығуларға қысқаша шолу

Спорттық жаттығулар. Спорттық жаттығулардың жалпы сипаттамасы. Балабақша тәрбие бағдарламасында шаңғы,коньки,шана,велосипед,самокат,спорт роллер,тербеткіш,әткеншек,карусель тебу,жүзу…

Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау, тренинг

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» Мақсаты: Тәрбиешілердің психикалық…