Спорттық жаттығулар.

Спорттық жаттығулардың жалпы сипаттамасы.

Балабақша тәрбие бағдарламасында шаңғы,коньки,шана,велосипед,самокат,спорт роллер,тербеткіш,әткеншек,карусель тебу,жүзу және басқа спорттық жаттығулар көзделген.Бұлардың бәрі бұлшық еттердің негізгі топтарын нығайтуға сүйек,жүрек,қан тамыры,тыныс алу,нерв системаларын дамытуға жағдай жасайды және шынықтырады.

Жаттығу процесінде дене қасиеттері:ептілік,шапшандық,көзбен мөлшерлеу,тепе-теңдік,күш,төзімділік дамиды.

Табиғи жағдайда жаттығу жасау балалардың бойында жағымды эмоция туғызады.Ал балалар шаршағанын сезбей,ұзақ жаттыға алады.

Коллективті түрде айналысу,балабақшадан тыс жерде серуендеу -саналы тәртіптілікке,жолдастық өзара көмекке және тағы басқаға тәрбиелейді.

Паркте,орманда,өзенде спортпен айналысу табиғат сұлулығын балалардың жақыннан көруге мүмкіндік жасайды,эстетикалық сезімін оятады.

Дене шынықтыру жабдықтарын күтіп ұстау балаларды тиянақтылыққа,ұқыптылыққа,еңбек сүйгіштікке тәрбиелейді.Спорттық жаттығулармен айналысу таңертенгі және кешкі мезгілде ұйымдастырылады.Бұл жаттығулар барлық топта бір мезгілде шағын топта және жеке жүргізіледі.Балалар жаттығуларды дұрыс орындау техникасын меңгерген және тәрбиешінің көмегімен сақтандыру қажет болмай қалған жағдайда өз бетінше велосипед,шана,әткеншек және тағы басқа тебуіне рұқсат етіледі.

Шаңғы.

Шаңғымен жүру сүйек аппараттарына және бұлшық еттерінің барлық топтарына,оның ішінде тұлғаны дұрыс қалыптастыруға көмектесетін,топтарына жақсы әсер ететін жоғарғы үдемелі циклді қозғалыс.Шаңғы тебумен жүйелі түрде айналысу табанның дұрыс қалыптастыруына көмектеседі.Жүрек-қан тамыр,тыныс алу және нерв системаларын нығайтады.Барлық негізгі қасиеттерін дамытуға көмектеседі.

Жаттығуға дайындық.

Шаңғымен жүруді үйретуге дайындық алдын ала жүргізіледі.Шаңғымен жүруге етияр тобынан бастап үйрету көзделген.Ата-аналарды тәрбиешілер жиналыстарда шаңғыны,таяқты тандап алу ,шаңғының аяқ киімге бекіткіші,киім мен аяқ киімге қойылатын талап жөнінде шаңғыны сақтау және оны күтумен таныстырады.Әр түрлі әдіс техникасын ,бұрылыстар,төбеге көтерілу,одан төмен қарай сырғанау ,тежеу және оларды үйрету методикасы туралы айтады.Ересектер үшін үлгі ретінде ата-аналарға шаңғымен жүруге үйрету туралы әдеб.ұсынады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

«Қыз сыны» байқауының сценарийі

«Қыз сыны» байқауының сценарийі Жүргізуші: Қайырлы күн, байқауымыздың қонақтары! Сіздермен бүгінгі мерекеде қаышқаныма…

Туып – өскен ауылым «Борсеңгірдің» тарихы

Туып – өскен ауылым «Борсеңгірдің» тарихы Туған жердің тарихын білу мақсатында әжемнен…

Жылқыны қалай өсіру керек?

Жылқы мен атты қалай өсіру керек? Жылқы Алдымен жылқы не екенін біліп…

Асшаянмен жасалған салат

Асшаянмен жасалған салат Қажетті өнімдер: 5оо г қайнатылған асшаян, 1 болгар бұрышы,…