«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау»

Мақсаты: Тәрбиешілердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.

Тренинг құрылымы:

  1. Сәлемдесу
  2. «Шалшықтан бірге өтейік» жаттығуы
  3. «Күн шуағы» тренингі
  4. «Тимбилдинг немесе 1+1=5» тренингі
  5. «Менің мінезім» әдістемесі
  6. «Аспаптар үні» музыка терапиясы
  7. «Мен-үйде» және «Мен-жұмыста» жаттығуы
  8. «Менің дауысымды естіңіз» жаттығуы
  9. «Көбейту кестесін білесіз бе?» жаттығуы
  10. «Өзіңді жақсы көр» тренингі
  11. «Су толы тәрелке» тренингі
  12. «Күн шуақты алаңқай» релаксациялық жаттығу

Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме? Бүгінгі өткізілетін психологиялық тренингке қош келдіңіздер! Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығаршылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

Топтағы қағида:

  1. Белсенділікті арттыру
  2. Бірігіп жұмыс істеу
  3. Өз ойыңды ашық айта білуге үйрену
  4. Өзіңе пайдалы нәрсені алу
  5. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу
  6. Өзін еркін ұстауға үйрену

«СӘЛЕМДЕСУ» ЖАТТЫҒУЫ

Нұсқау: Қатысушылар жұп болып бөлінеді. Психологтың нұсқаулығы арқылы қолмен, құлақпен, иықпен, арқамен, аяқпен, тіземен, маңдайымен, құшақ жаю арқылы амандасады. 

«ШАЛШЫҚТАН БІРГЕ ӨТЕЙІК» ЖАТТЫҒУЫ

Мақсаты: Тәрбиешілерге арасындағы қарым-қатынасты орнату. Ұйымшылдыққа баулу.

Нұсқау: Тәрбиешілердің аяқтарын скотчпен байлап, фигуралардан бірге өткізу. 

«КҮН ШУАҒЫ» ТРЕНИНГІ

Мақсаты: Позитивті көңіл-күй орнату.

Нұсқау: Әрбір қатысушының қолына лента таратылады. Лентаны бір-біріне байлау арқылы жылы-жылы тілектерін айтып шығады.

«ТИМБИЛДИНГ НЕМЕСЕ 1+1=5» ТРЕНИНГІ

Мақсаты: Ұжым арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Зейінін тұрақтандыру.

Нұсқау: Ленталы шеңберден кезекпен ұйымшылдықпен өткізу. Сонымен қатар 1-ден 30-ға дейін санау. Әр 3-ші адам санды айтпай алақанмен дыбыстау қажет. Шатасып кеткен жағдайда қайтадан бастайды.

«МЕНІҢ МІНЕЗІМ» ӘДІСТЕМЕСІ

Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау. Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі. Әр бөлікке төмендегі жануар, аң-құс асттарын жазып шығады. Түйе, Жылқы, Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық, Қаз, Аққу, Қарлығаш, Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян, Тауешкі, Тасбақа, Жылан, Балық.

Нұсқау: 1.Үйде, 2. Жұмыста, 3. Жолдастарының арасында, 4. Өзіндік баға деп бөлінген бөліктерге жазылған жануарлар, құстар адамның сол бөлікке қатысты мінездемелермен танысады.

Жауабы:

  1. Түйе – шыдамды,
  2. Жылқы – тектілік,
  3. Сиыр – өкпелегіш,
  4. Қой – жайдарлылық,
  5. Ешкі – ұйымдастырушылық,
  6. Ит – адалдық,
  7. Мысық – биөрісі басым адамдар,
  8. Тауық – шығармашыл,
  9. Қаз – тазалық,
  10. Аққу – сезімтал,
  • Қарлығаш – бауырмал,
  • Үйрек – ұқыптылық,
  • Бұлбұл – әнді жақсы көретін,
  • Арыстан – қайратты,
  1. Қасқыр – жігерлі,
  2. Түлкі – бейімделгіш,
  3. Маймыл – әртістік қабілеті бар,
  4. Қоян – елгезек,
  • Тауешкі – талғамы жоғары,
  • Тасбақа – мейірімді,
  • Жылан – салқынқанды,
  • Балық – еркіндікті қалайды.

Талдау: Жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма? 

«АСПАПТАР ҮНІ» МУЗЫКА ТЕРАПИЯСЫ

Мақсаты: Музыка арқылы қатысушыларға жақсы көңіл – күй сыйлау.

Нұсқау: Ортаға барлық қатысушы екі жұптан тұрады.Жетігеннің үні шыққанда – басына саусақтарымен әуенге ілесе отырып массаж жасау. Пианино үні шыққанда – иықтарына, Домбыраның үні шыққан кезде – екі қолының бұлшықеттеріне, Қобыздың үнінде – бір қолды жоғары көтеріп, ішінен сипалау, Сыбызғы үні шыққанда – омыртқаға жоғары – төмен массаж жасау.

«МЕН – ҮЙДЕ» ЖӘНЕ «МЕН – ЖҰМЫСТА» ЖАТТЫҒУЫ

Мақсаты: Қатысушылардың өзін-өзі бағалай алуын анықтау.

Нұсқау:  Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен-үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен-жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңызды жазыңыздар.

Талқылау:

  1. Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.
  2. Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?
  3. Не себепті айырмашылықтар болды?
  4. Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек пе? Неге?

 

«МЕНІҢ ДАУЫСЫМДЫ ЕСТІҢІЗ» ЖАТТЫҒУЫ

Мақсаты: Қатысушылар арасындағы дауыс ырғағының тепе-теңдігін, бір-бірін ести алуға үйрету.

Нұсқау:  Жаңылтпашты жаңылмай әртүрлә дауыс тондарымен айтыңыздар. Дауыс ырғағы: ақырын, орташа, қатты болып шығуы қажет.

 

«КӨБЕЙТУ КЕСТЕСІН БІЛЕСІЗ БЕ?» ЖАТТЫҒУЫ

Мақсаты: Қатысушылардың логикалық және есту қабілеттерін анықтау.

Нұсқау:  2-3-4 көбейту кестесін іс-қимыл арқылы санау.

2 – тізеге алақанын тигізіп, 2 деп дауыстап алақан соғасыз.

3 – тізеңізге қолыңызды кезекпен тигізіп, 3 деп дауыстап алақан соғасыз.

4 – тізеңізге қолыңызды кезекпен тигізіп, 3 – екі қолыңызбен тізеңізге бірдей тигізіп, 4 деп дауыстап алақан соғасыз.

 

«ӨЗІҢДІ ЖАҚСЫ КӨР» ТРЕНИНГІ

Мақсаты: Қатысушылар арасында жақсы көңіл-күй сыйлай білу.

Нұсқау:  Ортаға 6-8 қатысушы шығады. 1 қатысушы жуылмаған кір болады, ортадағы кір жуғыщ машинадан өтіп, кір кептіргішке(сушилка) барады. Ал кір кептіргіш  жылы сөздермен, құшақпен қарсы алады.

 

«СУ ТОЛЫ ТӘРЕЛКЕ» ТРЕНИНГІ

Мақсаты: Ұжымда һзара түсінісушілікті қалыптастыру, коммуникативтік дағдыларды арттыру.

Нұсқау:  Тренингке қатысушылар көздерін жұмып, шеңбер бойымен отырып, су толы тәрелкені бір-біріне беріп отырады.

Жаттығуды талқылау сұрақтары:

  1. Сіздің ойыңызша қолыңыздан не келмеді?
  2. Оны қалай түзетуге болады?
  3. Жаттығу орындау барысында қандай эмоцияларды басыңыздан өткердіңіз?

 

«КҮН ШУАҚТЫ АЛАҢҚАЙ» РЕЛАКСАЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУ(БАЯУ МУЗЫКА ҮНІМЕН)

– Орындыққа жайғасып, ыңғайлы отырыңыздар. Көздеріңізді жұмып, үш рет терең демалыңыздар. Өздеріңізді күн шуақты алаңқайда жүрмін деп елестетіңіздер. Күннің шуағы сіздердің өн бойларыңызды жылытып, жүректеріңізді мейірімге, қуанышқа толтыруда. Айналаңыз жайқалып өскен сан алуан гүлдерге толы. Олардың жұпарын кеудеңізді кере дем алып, бойыңызға сіңіріңіз. Айналаңызда құстардың әсем сайраған дауыстары естіледі, гүлден-гүлге қонған көбелектерді көруге болады. Көбелектер сіздердің қуанышқа толы көңіл-күйлеріңізді гүлден-гүлге хабарлап жүргендей. Сіздердің қуаныштарыңызды, өмірге деген талпыныстарыңызды сезген гүлдер, одан әрі жайқалып, сіздермен өз жұпарларын бөлісуде. Алаңқайдағы сан алуан гүлден әркім өзіне ұнаған, ең әдемі гүлдеріңізді таңдаңыздар. Ол гүлдің түрін, жұпар иісін (есте сақтап),  жүрегіңіздің жанында сақтаңыздар. Ал енді тізеден тобыққа дейін баяу созылып, көздеріңізді ашыңыздар.

– Осы жаттығудан кейін өзіңізді қалай сезінесіздер?

 

Қорытынды: Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын. Мен сіздермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын.

Тренингке қатысқандарыңызға рақмет! Сау болыңыздар!

You May Also Like

Төтенше жағдайларда қорғау

Төтенше жағдай – тек ғана бір адамның қаза табуы емес, жалпы елге,…

Спорттық жаттығуларға қысқаша шолу

Спорттық жаттығулар. Спорттық жаттығулардың жалпы сипаттамасы. Балабақша тәрбие бағдарламасында шаңғы,коньки,шана,велосипед,самокат,спорт роллер,тербеткіш,әткеншек,карусель тебу,жүзу…

Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!

«Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!» Жеңіс! Қандай құдіретті сөз еді бұл! Осы бір…

Бұғақтың салбырауынан арылтатын жаттығу.

Бұғақтың (второй подбородок) пайда болуының бірнеше себептері бар. Олар құнарлы және майлы…