Ангинаны дер кезінде емдеп жазбасаңыз, өзге сауу мүшелеріңіздің қауіп дерттерге душар ететінін білесіз бе? Бұл ауруға шалдыққан кезде көбінесе таңдай миндальдары асқынып, кей кезде мұрын, таңдай және ауыз миндалдарының асқынуынан кейін ангина бүйрек дерттерімен ревматизм ауруларының пайда болуына себеп болатынын біріңіз білсеңіз, біріңіз білмейсіз. Ал бұл ауру буынға түсіп жүрекке шабатын ауру депте аталады.

Сонымен ангинаның алғашқы белгісі басйқала бастағанда-ақ дөңгелене туралған лимон бөліктерін жай ғана  шайнау керек, кейін бір сағат ештеңе жеуге, ішуге болмайды. Осылай үш сағат лимон шайнауды жалғастыру керек. Немесе халық медицинасында қолданылып келген ангинаны емдеудің мынадай жолдары бар.

Қызылшаны майдалап турап, шырыны шығарып, жарты стақан шырынның үстіне бір шай қасық асхана сірке суын құйын тұнба жасау керек. Кейін осы  тұнбамен тамақты күніне 5-6 рет шайып тұру керек. Тамақты шайып болған соң, соңынан бір қасығын ішке қабылдауға болады.

Пиязды майдалап турап, шырынын шығару керек. Оны кейін 1:1 қатынасындай етіп балға араластырып, күніне 3-4 ас қасықпен  қабылдау керек. Пияздың таза шырынын да ешқандай қоспасыз ішу көмектеседі.

Ас содасын жылы суда араластырып, күніне 3-4 рет тамақты шайып отыру керек.

Сарымсақтың бір түйірін майдалап турап үстіне жылы қайнаған су құйып, бір сағат ұстап, онымен күніне бірнеше рет тамақты шаю керек.

Жалбыздың туралған жапырақтарын  екі шай қасық алып, оның үстіне қайнап тұрған суды құйып, жарты сағатқа қою керек. Оны кейін сүзіп, тұнбамен күніне 3-4 рет тамақты шаю керек.

Қара өрік жемісінің 100 грамының үстіне 500мл су құйып қайнату керек, суы екі есе азайғанша.  Оны  тұнбамен кейін тамақты шайып отыру керек.

Қызғылт түсті 500мл марганцовка ерітіндісіне 5-6 тамшы 5% йод тұнбасын қосып, жылы тұнбамен  әрбір 2-3 сағат сайын тамақты шаясыз.

Қабығынан аршылып жуылған картоптың үстіне 1:8 қатынасындай су құйып, баяу отқа ыдыстың бетін жауып 30 минут қайнату керек. Сонан соң қақпағын ашып үстіне 1 стақан бал салу керек те науқас адам сол қайнап тұрған су буымен дем алу керек.

Ангинамен жаз мезгілінде ауыратындар бар. Мұндайда раушан гүлінің  бір ас қасығын 1 стақан қайнаған суға қосып, бір сағат тұндырып қойып, сүзіп, онымен тамақты күніне 4-рет шаю керек. Ал жиі ангинамен ауыратын адамдар немесе созылмалы түрде ауыратындар оның алдын алу үшін, жазда күн ыстықта  2-3 апта күнде таңертеңгі 10-ға дейін, немесе түстен кейін 16-дан кейін 8-10 минут күнге қарап, ауызды ашып, көзді жұмып, тамақты күн сәулесіне қыздыру керек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Шоколад әлемі

Шоколад әлемі 1 1 шілде – Бүкіләлемдік шоколад күні 5 минутта дайын…

«Он жетіде от кешкен» Сұлтан Балхаев

«Он жетіде от кешкен» Сұлтан Балхаев 1925 жылы  сиыр жылының күзінде Маңғыстаудың…

«Ұлы даланың жеті қыры» – болашаққа бағдар, уорд

Управление беспилотными летательными аппаратами научный проект

Управление беспилотными летательными аппаратами žЦель: выявить сильные и слабые стороны в навыках…