Жоспары

  1. Нуклеин қышқылдары: ДНҚ РНҚ-ның химиялық құрамы және құрылысы синтезі.

2.ДНҚ репликациясы

Нуклеин қышқылдары

  Нуклеин қышқылдары – күрделі биологиялық полимер. Олардың мономерлері нуклеотидтер болып табылады. Әр нуклеотид үш компоненттен тұрады: азотты негіздерден, пентоза қантынан және фосфор қышқылынан. Азотты негіздердің бес түрі бар. Соның бірі урацил, ол тек РНҚ-ның құрамында кездеседі. Келесі тимин, бұл тек ДНҚ—да болады. Ал қалған үш азотты негіздер: цитозин, аденин және гуанин ДНҚ-ның да, РНҚ-ның да құрамына енеді. Екі циклді негіздер – аденинимен гуанин – пурин, ал моноциклді негіздер – цитозин, тимин және урацил пиримидин туындыларына жатады.

Нуклеин қышқылдарының екі түрі белгілі:        ДНҚ, РНҚ.

  Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) – тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның жасушадағы басты қызметі – ұзақ мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті ақпаратты сақтау.

Зерттелу тарихы

ДНҚ-ны 1868 жылы швейцар физиологы, гистологы және    биологы Иоган Фридрих Мишер атты ғалым ашқан. Іріңдеген жасушалар қалдықтарынан ғалым құрамына азот пен фосфор кіретін бейтаныс затты тауып алады. Алғашында бұл жаңа зат нуклеин деген атқа ие болады. Кейіннен Мишер бұл заттың қышқылдық қасиет көрсететінің байқайды. Осыдан кейін бұл жаңа затты нуклеин қышқылы деп атайтын болған.

  ДНҚ-ның құрамы

  Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) – барлық тірі клеткалардың негізгі генетикалық материалы болып табылатын күрделі биополимер. ДНҚ-ның негізгі құрылымдық бірлігі – үш бөліктен құралған нуклеотид. Бірінші бөлігі – дезоксирибоза(бескөміртекті қант); екіншісі – пуриндік негіздер: аденин (А) менгуанин (Г) және пиримидиндік негіздер: тимин (Т) мен цитозин(Ц); үшіншісі – фосфор қышқылының қалдығы.

Рибонуклеин қышқылы

uРибонуклеин қышқылы (РНҚ) — жоғары молекулалық байланыс; нуклеин қышқылдарының типі. Табиғатта кеңінен таралған. РНҚ-ның көмірсу бөлігінде рибоза қанты, ал азотты негіздері ретінде аденин, гуанин, цитозин және урацил болады. Рибонуклеин қышқылдары рибосомалық (рРНҚ), ақпараттық (аРНҚ) және тасымалдаушы (тРНҚ) болып бөлінеді. Рибонуклеин қышқылы тізбегі бірнеше ондаған нуклеотидтерден бірнеше мыңдаған нуклеотидтерге дейін созылатын біржіпшелі полинуклеотидтерден тұрады.

ДНҚ мен РНҚ құрамының айырмашылығы — нуклеин қышқылын толық гидролиздеу арқылы анықталды. Оларды гидролиздегенде, әр түрлі заттардың қоспасы түзіледі

РНҚ-ның ДНҚ-дан айырмашылығы

Мұның құрамында көмірсулы кұрамдас белік ретінде – рибоза, ал азотты негіздер ретінде аденин, гуанин, урацил, цитозин болады (тимин болмайды). РНҚ молекуласының ДНҚ молекуласынан айырмашылығы, оның әрбір молекуласы бір желілі болып келеді. РНҚ жасушалардың ядросында емес, жасуша цитоплазмасында болады. Әрбір жасушада РНҚ-ның үш түрі бар, олар: ақпараттық (аРНҚ), рибосомалық (рРНҚ) және тасымал (тРНҚ) болып келеді

You May Also Like

Қымыз

Мазмұны 1.Кіріспе 1.1. Қымыз  туралы 1.2. Қымыз түрлері 2.Негізгі бөлім 2.1. Қымыздың…

СӨЗДІҢ ЕҢ ҰЛЫСЫ- ТАРИХ

СӨЗДІҢ ЕҢ ҰЛЫСЫ- ТАРИХ Ия, тарих туралы сыр шертсек, бір сағат тұрмақ,…

Сәбіз қосылган езбе сорпа

Сәбіз қосылган езбе сорпа Қажетті өнімдер: 400 г сәбіз, 2 ас қасық…

Аграрлық өндірістін экономикалық тиімділігі

13 тарау. Аграрлық өндірістін экономикалық тиімділігі 13.1 Аграрлық өндірістің экономикалық тиімділігінін мазмны…