Мазмұны

1.Кіріспе

1.1. Қымыз  туралы

1.2. Қымыз түрлері

2.Негізгі бөлім

2.1. Қымыздың балдай болу себебі

2.2. Ашыту түрі

Жылқының бір қасиеті – сүтінде. Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Бие сүтінен қымыз ашытады. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат берген осы қымыз. Бие сүтінде қант көбірек болады, оны жаңа сауған сүттің дәмін татып білуге болады. Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Бие сүтінде “С” витамині мол болады. Сондықтан оның емдік қасиеттері, әсіресе туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары. Сондықтан да туберкулезді қымызбен емдейтін ең алғашқы курорт 1858 жылы Самара қаласының маңында ашылған екен. Оны ұйымдастырушы В. Толстиков деген дәрігер: “қымыз асқазанды ыстап, адамның өзін әлдендіреді, оның тәнін жаңғыртады” – деп жазған екен. Жылқының бір қасиеті сүтінде Қымыз ашытылады Ауруға ем Құрамында «С», В2,В12 витамині мол Жазғы қымыз Сары қымыз – жаз ортасындағы, шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз; Түнемел қымыз – мол қордың үстіне сүт қышқылы арнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз; Құнан қымыз-үш тәулік бойы ашытылады Бал қымыз-бал, қант қосып жасалынған қымыз Дөнен қымыз-төрт тәулік бойы ашытылады Бесті қымыз-бес тәулік бойы ашытылатын қымыз Жуас қымыз-баяу ашытылған қымыз Асау қымыз-бесті қымыздан да күшті қымыз Қымыз бие сүтімен ашытылады. Сауылатын биелер. Сақа бие-бірнеше рет құлындаған, бұрыннан сауылып келген бие. Құлын бие– құнажын немесе дөнен жасында алғаш құлындаған бие. Қыран бие –қысыр қалған бие Қымыздың жетілуі Қымыз ашыту әдісі Сүт дайындау Сақтау Салқындату Көпіршіту Ыдысқа құю Сапыру Ашытқы дайындау Ашыту Қымыз ыдыстарының ендігі бір негізгі түрі – отырықшылық жағдайға бейімделген – күбі екенін білдім. Күбінің ауыз жағы тарлау, түп жағы кеңірек болып келеді. Көбінесе еменнен жасалады. Аса шеберлер арша, шырша ағаштарынан да жасайды. Организмге жақсы әсер етеді Құрамында сүт қышқылы бар Витамині мол Көмірсулар негізінен глюкоза Қорытынды Мен осы зерттеу жұмысы барысында төрт түлік малдың бірі жылқы малының қасиеттілігін білдім. Жылқы – қазақ халқының мінсе көлігі, ішсе сусыны, жесе тағам екенін дана халқым ертеден – ақ дұрыс бағалағанын түсіндім. Іздену нәтижесінде қымыздың денсаулыққа пайдалы екенін, әртүрлі ауруларға емдік қасиеті бар екенін білдім. Қандай сусынды жақсы көресің? – десе, көп бала кола, пепси, спрайтты атайды. Ал мен қымызды, шұбатты ұнатамын . Келешекте дүкендерде қымыз, шұбат сусындарының көп сұранысқа ие болғанын қалаймын.Осы жұмысым арқылы оны дәлелдедім деп есептеймін. “Жылқы – малдың патшасы, түйе-малдың қасқасы” деген мақал қазақта тегін айтылмаған.Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын. Мереке-қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен не ауыр күндерде бұл түліктер адамның жан серігі, айырылмас досы болған. Барлық түліктен де жылқы өсіру жеңіл. Оны бағуда шығын шықпайды. Еті де,сүті де қазақ халқы үшін аса қадірлі тағам. Қазіргі уақытта бүкіл дүние жүзі қымыздың қасиетті сусын екенін біліп, өз елінде жылқы өсіріп қымызды шығарып бүкіл әлемге танытып жатыр. Мен де келешекте өз елімде осы қасиетті сусынды келешек ұрпақтарға таныстыруға, дәріптеуге бүкіл әлемге паш етуге өз үлесімді қоссам деп ойлаймын. Менің осы жазған жұмысыма көмек, қолдау көрсетіп шығармашылығымды арттырған ұстаздарыма және өзімнің әжеме алғысымды айтамын.Мен келешекте осы тақырыпты әрі қарай зерттегім келеді. Үндеу.Құрметті мектеп оқушылары! Мен мектеп оқушыларын салауатты өмір сүруге шақырамын. Әрбіріміз қымыз сусынын ішіп деніміз сау,ауырмай жүрейік!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Жылдың төрт мезгілі, шығарма

Жылдың төрт мезгілі Бір жылда төрт мезгіл бар. Әр мезгіл  үш айдан…

Өнер мектебінің балаларға пайдасы

Өнер мектебінің балаларға пайдасы Өнер мектебі манызы Білім беру стандарты тек белгілі…

Проект «We learn English together»

«We learn English together» он для тех, у кого есть желание и…

Баланы өтірік айтуға не итермелейді?

Баланың не үшін өтірік айтатындығы барлығымызды ойландыратыны белгілі. Өсіп келе жатқан балаға…