Тұқым қуалайтын аурулар – ұрпақтан ұрпаққа берілетін жөне геннің мутациясымен байланысты патологиялық жағдайлар. Тұқым қуалайтын тері аурулары туа немесе балалық кезеңде пайда болуы мүмкін. Мұндай аурулардың 200-ге тарта түрі бар. Тері ауруларын дер кезінде емдемесе ол терші ғана зақымдап қоймай, ішкі ағзаны, орталық жүйке жүйесін, көзді де зақымдап, мүгедектікке өкеліп соқтырады. Тұқым қуалайтын тері ауруларының жүздеген түрлерінің ішінде ең жиі кездесетін түрлері -туа біткен ихтиоз, кәдімгі ихтиоз,

кератодермия, туа біткен эпидермолиз, пигменттік ксеродерма, нейрофиброматоз немесе екінші атауы Реклингхаузен аурулары. Бұл тері ауруларының әрқайсының өзіндік ерекшеліктері бар. Оларға жеке тоқталатын болсақ, туа біткен ихтиоз ата-ананың екеуінде де потологиялық ген болған жағдайда кездеседі. Ихтиоз дегеніміз – тері қабатының құрғап, қабыршақтың пайда болуы. Бұл аурудың жеңіл, орташа және ауыр түрлері кездеседі. Ихтиоз ауруында терімен қоса ішкі ағза да зақымдалады. Егер де сәби ауыр түріне шалдықса, сәбидің шетінеуі әбден мүмкін. Ал кәдімгі ихтиоз дертінде сәби дүниеге келгеннен соң 1 жасқа дейін пайда болады. Ал бұл дерттен баланы айықтыру үшін, А, Е дәрумендерін беріп және теріні жұмсартатын майлар жағады. Тұқым қуалайтын тері ауруларының ішінде адамды мүгедектікке әкеп соқтыратын түрі туа біткен эпидермолиз ауруы бар. Дерт жай және дистрофикалық деп екі үлкен топқа белінеді. Эпидермолиз сәби дүниеге келген сәттен бастап немесе өсе келе пайда болып, дер кезінде ем қабылданбаған жағдайда өрши түседі. Баланың ұрып, бір жерге сырып алған жердегі теріде сулы және көпіршіп тұратын бөрітпелер пайда болады да жазылмайтын жараға айналады. Дертке шалдыққан сәби көбінесе еңбектеп, жүре бастағанда ауруы одан өрі асқынып, балғынның буындары илікпей, бала мүгедек болып қалу қауіпі бар. Сол себепті де ауруды тез арада емдеп, гармондар, дерумендер, жарақатты қалпына келтіретін және антибиотик қосылған майлар жағады. Қаннан берілетін тері ауруларының ішінде адам өміріне өте қауіпті кеселдің ауыр түрі-пигменттік ксеродерма. Ксеродерма нәресте дүниеге келген соң алғашқы айларында терісі өте сезімтал болғандықтан, күн сәулесінің әсерінен тері қабаты қызарып, ісініп, түрлі бөрітпелер пайда болады да орнында дақтар қалып, кейін қатерлі ісікке айналуы мүмкін. Бұл ауруда тек қана тері зақымдалып қоймай, балада физикалық және психикалық ауытқулар болады. Сонымен қатар бас сүйегінің дамымауы, жүйке жүйесіндегі ауытқулар жиі байқалады. Дер кезінде аурудың алдын алып, емдік шаралар қолданбай, дерт асқынған жағдайда статистика бойынша науқастардың үштен бір бөлігі 15 жасқа дейін қайтыс болады. Бұл кеселден науқасты емдеу үшін А,В,С тобындағы дәрумендерді беріп, гармонды майлар мен күн көзінен қорғайтын майларды үнемі пайдаланады. Мұның алдын алу үшін күн сәулесі түсетін жерде жүрмеуге тырысып, міндетті түрде дерігерге көрініп тұру керек. Кертодермия да ұрпақтан ұрпаққа берілетін тері ауруларының бір түрі. Бұл дертке шалдыққан науқастың алақан және табан терісі қалыңдап кетеді. Егер дерт асқынған жағдайда шынатақ пен тізе терісі де қалыңдап, қатпарланады. Дертті емдеу үшін ең алдымен А және Е дөруменін беріп, жұмсартатын майлар жағады. Осы секілді тұқым қуалайтын қатерлі тері ауруының тағы бірі нейрофиброматоз кеселі.
Нейрофиброматоз дегеніміз – көптеген нейрофибромалар, невриномалар,

гемангиомалар, лимфангиомалар тері астындағы шелді тінде, кейде ми мен жұлында пайда болады. Бұл дерт көптеген органдарды және жүйке жүйесінің барлығын бұзады. Аурудың алғашқы белгілері қышымайтын, ауырмайтын қоңыр дақтар пайда болады да кейінен денесінде көлемі әртүрлі ісіктер пайда болуымен көрінеді. Ауыруды толығымен емдеу өте қиын. Себебі дерт толығымен зерттеліп бітпеген. Бірақ аурудың 50 пайызы қаннан беріліп, адамның барлық жүйкесі клеткаларына таралып, орналасады. Нәтижесінде дерттің элементтері ағзаға таралып, ісіктер пайда болады. Нейрофиброматоз ауруы меланоциттердің функцияларының бұзылысының себебінен болып, нәтижесінде себепсіз дақтар пайда болып және басқа да дақтардың қозуына әкеліп соқтырады. Ал кейіннен шығатын ісіктер тері астынан шығып, дақтардың саны көбейіп, соңынан жүйке ауруларын асқындырады.

28 comments
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Оқыту сапасын бағалау ерекшеліктері

Сабақ барысында өз жұмысының нәтижесін көргенен кейін, баланың танымдық белсенділігі артып, өз…

Физиканы жаңартылған білім бағдарламасы негізінде оқыту

Физиканы жаңартылған білім бағдарламасы негізінде оқыту Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан…

Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер

Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер. Көне түрік, Батыс түрік және Түргеш қағанаттары. Қарлұқ…

Блокты сығымды сораптық станцияны автоматтандыру

Блокты сығымды сораптық станцияны автоматтандыру Барлық өндірістік мекемелерде сораптык кондырғылар қолданылады.Көбінесе поршенді…