Сабақ барысында өз жұмысының нәтижесін көргенен кейін, баланың танымдық белсенділігі артып, өз бетінше білім алуға, шығармашылықпен жұмыстануға бағыт алады.

Бағалауда тек білімді ғана емес, адамға жақсы тілек айтуға, өзара тілектестік қарым-қатынас орнатуға үйренеді. Мысалы рефлексия парағында Мейрамгүл былай деп жазды: «Осы сабақта маған Сайынның жұмысына 2 жұлдыз айту қиын болды, себебі оның жұмысында қателер көп, бірақ бағалау кезінде түсінгенім адамның, оның іс-әрекетінің жаман жағынан гөрі жақсы жағын көбірек айту керек».

Бағалау арқылы оқытуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бес басты фактордан тұратындығын көрсетті:

1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.

3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

4. Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

5. Оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі. /«Мұғалімге арналған нұсқаулық» 2012ж ІІІ басылым, бет 60/

Баланың мүмкіндігі мен жетістіктерін сенімді, әділ бағалау үшін, бағалау процесі терең зейінмен, сыныпта жасалған жаттығуларда үздіксіз жүргізілуі тиіс. Формативті бағалау оқушының нақты білімін көрсете алмайды деген пікірді жақтаушыларға айтарым: оқушыға сенім білдіріп, олардың пікірімен санасқан кезде өз біліміне сенімді, мақсаты айқын, өзінің жетістігі мен кемшілігінің ара жігін ажырата алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Баға — оқыту үдерісіндегі қозғаушы күш. Сыни тұрғыдан алып қарасақ, оқушылар өздерінің білімінің толығуына көмектеседі, осыған қарап біз өзіміздің жұмысымыздың нәтижесін көреміз, бұл кәсіби өсуімізге әсер етеді. Осыдан біз білім берудегі басты қозғаушы күш екенімізді естен шығармауымыз керек. Оқушыларға және олардың оқуына өзіміздің берген біліміміздің көрінісін көру үшін кәсіби өсуіміз туралы ойлануымыз керек. «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерінен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы, білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Сондықтан да мұғалім мен оқушының сапалық өсуі, үйлесімді бір мезгілде жүргенде ғана оқу-әдістемелік деңгейінде сапалық өзгерістер болады.

Бағалау– оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін оқу куәліктері жоспарлы және жүйелі жинақталған кез келген қызмет түрлеріне қатысты санат. Осы санат бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқыту үшін бағалау (формативтік бағалау). Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағаланған. Сондықтан да осы модуль оқыту үшін бағалау, сондай-ақ оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған.

Модуль мұғалімдерге:

• бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге;

• бағалау түрлерінің барабар мақсаттарын анықтауға және негіздеуге;

• бағалаудың формалды және формалды емес жүйелерін анықтауға/бағалауға;

• әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын/жақсарта алмайтынын түсіндіруге көмектеседі.

Заманауи түсінік

Формативтік (қалыптастырушы) және жиынтықмақсат арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Бағалаудың екі нысаны да білім беру жүйесіне қажет-ақ. Іс жүзінде бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі.

}Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтықболып табылады және кейде оны оқуды бағалаудеп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал етуі (яғни, анықтайтын мәнге ие) мүмкін болатын шешімді қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады. Оқуды жақсарту мүмкіндіктерін, осы мүмкіндіктерді іске асыру әдістері мен түрлерін анықтауға бағытталған бағалау формативтік бағалау, басқаша айтқанда, оқыту үшін бағалау (ОүБ) болып табылады.

Бағалаудың мәні

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл жорамал ресми тестілерден және емтихандардан бастап, мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді: бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән. Бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:
қадағалау;

• алынған мәліметтердің интерпретациясы;

• бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.

қадағалау

Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды қадағалаунемесе олардың орындаған сынып және үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Жазбаша тапсырма немесе тест жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс таңдалған ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтауы қажет.

Интерпретация

Интерпретацияқызығушылық тудыратын, яғни, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрліне қатысты жүргізіледі. Мұндай параметрлерді көбінесе өлшемдеп атайды және оларды оқыту мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау бөлігі ретіндегі бақылау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі, бірақ кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті немесе нәтижелерді бақылайды және өткенді шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге талпынуға болады немесе интерпретацияны логикалық тұрғыдан мінез-құлықтан шығаруға болады, мысалы, бала айтқан нәрсе оның санамен ойлауының нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты интерпретацияны кейде логикалық қорытындыдеп атайды.

Қорытынды

Мәліметтерді интерпретациялау негізінде бағалауды қамтитын қорытындыжасалады. Бұл кезеңде бағалау үдерісі ол қызмет ететін түрлі мақсаттарға және ақпарат қолданылатын тағайындауларға сәйкес түрліше ұсынылған.

Оқуды бағалау

Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assessment Reform Group, 2002b). Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке «сәйкес/сәйкес емес» деген нысанда жасалады. Бұл олар негізделген өлшемдер мен стандарттардың таңбалануы.

Оқыту үшін бағалау

ОүБ кезінде бақылау, интерпретация және өлшемдер оқытуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды және шешім басқа сипатта болады. Негізінен, ОүБ балалар оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады. Осылайша, ОүБ қорытындысы бұдан әрі дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.

Бағалау Реформасының Тобы(2002а) оқыту үшін бағалауға мынадай анықтама береді:

Оқыту үшін бағалау– бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.

Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді.

You May Also Like

Роман Аркадьевич Абрамович өмірбаяны

А.Ж.Т.: Роман Аркадьевич Абрамович Туған жылы: 1966 жылы 24 қазан Туған жері:…

Күлкінің пайдасы, шығарма

Күлкінің пайдасы Таңертең айнадан өзіңізге қарап,жымисаңыз, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Күлкісіне қарап адамдардың қандай…

Жаңғақ қосылған кекс

Жаңғақ қосылған кекс Қажетті өнімдер: 450 г ұн, 350 г құмшекер, 1…

Желі өнімділігінің негізгі сипаттамалары

Желі өнімділігінің негізгі сипаттамалары: Тасымалдау кідірісі Қабылдамау тұрақтылығы Дайындық коефиценті Айқындылығы Сәйкестілігі…