Тақырыбы:  Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде»  Кітабында әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдениеттанулық үдерістер

ЖОСПАР

  • Кіріспе
  • Астананың қайта өркендеуі,қалыптасуы және дамуы хроникасы.
  • Негізгі бөлім
  • Астананың ландшафты және эстетикасы.
  • Қорытынды
  • Өлкенің аңызы және топонимикасы.

ДАМУ ТҰҒЫРЫ – ӨРКЕНИЕТТІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ Астананың халықаралық 10 жылдық ме­ре­кесі аталып өтілер тұста Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев “Бәріңіз де білесіздер, біз Астананы қазақстандық мемлекеттіліктің эталон қаласы ретінде әлемдегі ең үздік 30 қаланың қатарына қосу жөніндегі өршіл мақ­сатымызды кеңінен паш еттік. Сондық­тан біздің жас елордамыз қазақстандық брэндтің маңызды бөлігіне айналды”, деп атап көрсеткен болатын. Бұл өршіл мақ­сат­ты ойдағыдай орындау барысында жылдан-жылға атқарылатын жұмыс көлемі барған сайын ауқымданып, шын мағынасында стратегиялық сипат алып барады. Оған күні кеше аталып өткен елордамыздың 12 жыл­дық мүшел мерекесіне төрткүл дүниенің төрт бұрышынан арнай келген қонақтардың жүрек­жарды пікірлері, осы той аясында өткен әлем астаналарының ешқайсысында баламасы жоқ “Хан Шатыр” архитек­ту­ра­лық ансамблінің тұсаукесері айқын дәлел болады. Әлемдік мегаполюстерді ерекшеленді­ре­тін де, олардың қалыпты өмірі мен да­муында да шешуші рөл атқаратын озық технологиялық инфрақұрылымы екендігі даусыз. Мемлекет басшысының елорданы одан әрі өркендету мәселесінде қаланың ба­залық инфрақұрылымын барынша дамытуға үнемі басымдық беріп келе жатқандығы да сондықтан. Астанада атқарылып жатқан құ­рылыс ауқымы туралы айтудың өзі артық. Елі­мізде қолға алынған құрылыс жұмыс­тарының 40 пайызы елорданың үлесіне тие­сілі. Мәдени-әлеуметтік нысандарды айтпағанның өзінде, жыл сайын қаламызда миллион шаршы метрден астам тұрғын үй кешендері пайдалануға беріледі. Жаңа құрылыс нысандары қаланың бір ғана аумағында емес, барлық аймақтарында бір­дей бой көтеруде. Ендеше, қала инфра­құрылымын төрт құбыла бойынша тең да­мыту, ешбір үзіліссіз қаланы су, жылу және жарықпен жабдықтау, күннен-күнге өсіп бара жатқан көлік тасқынының тоқтаусыз қоз­ғалысын қамтамасыз ететін жол-көлік жүйесін қалыптастыру көлемді де келелі міндет. Астананың авторы – Елбасының тікелей басшылығымен бұл орайда атқа­рылған жұмыс ұшан-теңіз, белгіленген жоба одан да зор. Атап айтқанда, соңғы жылдары жылу-энергетика саласына республикалық бюджеттен бөлінген 14 млрд. трасферт қаржыға №1 және №2 жылу электр орталықтарын (ЖЭО) қайта жарақтандыру жұмыстары жүзеге асырылуда. Өткен жылы үшінші қосылымдағы жылу магистралінің, “Жаңа жол” подстансасының құрылыстары аяқталып, жұмыс істеп тұрған 110/10 кило­ваттық екі подстансалар қайта жарақ­тандырылды.  Қазіргі таңда қаланың барлық энергетикалық қуат көздері 1 340 Гкал/сағ. жылу, 340 МВт электр энер­гиясын өндіреді. Қаланың қарқынды өсу жағдайын ескере келіп, 2010-2012 жылдар аралығында жылу энергиясына деген сұраныс 1 925 Гкал/сағ., электр энер­гиясына деген сұраныс 543 МВт. болады деген болжам жасалынып отыр. Ал 2016 жылға таман тек электр энергиясына деген сұраныс 765 МВт-ға дейін өседі. Бүгінгі күні қаламызға 1 568 Гкал/сағ. жылу энергиясы қажет. Жылу энергиясына деген тапшылық 103 Гкал/сағ. болып отыр. Бұл алдағы уақытта жылу жүйесіне қосылатын жаңа нысандарды есептемегендегі жағдай. Сондықтан қазір қаланың энергетикалық активтерін қайта жарақтандыру және жаңғырту мақсатында үлкен жұмыстар қолға алынды. Тек өткен жылы ғана осы салада 73 млрд. теңгенің жұмыс көлемі игерілді. Үстіміздегі жылы №1 ЖЭО қайта жа­рақ­тандыру жұмыстары жалғастырылуда. Биыл №3 бу қазаны агрегаты толық жаңар­тылып, жылу беру жүйесін ауыстыру жұ­мысы аяқталады. Энергетикалық нысандағы қайта құру жұмыстары 2013 жылы толық іс жүзіне асырылады деп күтілуде. Сол кезде №1 ЖЭО-ның қуаты 385 Гкал/сағ.-тан 410 Гкал/сағ.-қа дейін артатын болады. №2 ЖЭО-да қуаты 420 Гкал/сағ. болатын су ысытатын қазандықтар құрылысы салынуда. Биыл қуаты 220 Гкал/сағ. болатын екі қазандық іске қосылады. Құрылысы енді ғана қолға алына бастаған №3 ЖЭО-ның жайына келетін болсақ, бұл нысанның Астана қаласы үшін страте­гия­лық маңызы бар екендігін атап көрсету керек. Аталмыш энергетикалық нысан елорданы энергетикалық қуат көздеріне деген тәуелділіктен құтқарады. Қала энергетикалық қуаты жағынан өзін-өзі толық қамтамасыз ететін ірі орталыққа айналады. Бұл дүние жүзіндегі ірі мегапо­листер мен астаналарға тән жетістік болып табылмақ. Стратегиялық маңыздағы бұл жоба бойынша №3 ЖЭО-ның қуаты сағатына 860 Гкал 1 сағ. жылу және 240 МВт электр энергиясын өндіруге негізделген. Бұл жобаның жалпы құны 147,45 млрд. теңге болып отыр. Алдын ала жасалған тех­ни­ка – экономикалық негіздемеге сәйкес бірінші кезекте орталықтың инженерлік жүйелерімен бірге су ысытатын бу қазан­дарының құрылысын салу, екінші кезекте энергоблоктардың құрылысын жүргізу жоспары жасалынды. Қазір құрылыстың алғашқы кезеңін жүргізуге байланысты дайындық жұмыстары қолға алынды. Сөйтіп, №1 ЖЭО-дағы қайта құру жұ­мыстары толық аяқталғаннан кейін және №2 ЖЭО-ның энергоблоктары іске қосылатын 2013 жылға таман жылу беретін орталық­тардың қуаты 2015 Гкал/сағ. болып, қазіргі межеден 675 Гкал өсімге қол жеткізіледі. №3 ЖЭО-ның бірінші кезегі толық іске қо­сылатын 2016 жылдарға таман қаламыздағы энергетикалық орталықтардың қуаты 2665 Гкал/сағ. деңгейіне жетпек. Бұл елорданың алдағы уақыттағы өсу деңгейіне байланысты сұраныстарды ескергеннің өзінде, қала өзін-өзі энергетикалық қуат көздерімен толық қамтамасыз ете алады деген сөз. Астананың энергетикалық кешені өндіру қуатын арттырумен қатар, сол энергетикалық қуатты тасымалдай алатын өткізу желілерін де құруы керек. Мәселен, қазір қаламыздың электр тасымалдау желілері барынша пайдаланған жағдайда 460 МВт-ға дейін ғана электр энергиясын өткізе алады. Сондықтан алдағы уақытта өткізу қабілеті 1200 МВт-ға тең келетін жаңа 220 кВт электр энергиясын тарату желілерін құру керек. Оның үстіне қаламыздың электр энергиясын тарату желілерінің ескіргендігі, тіпті көп ретте жарамсыз жағдайға жетіп отырғандығы да жасырын емес. Осыған байланысты соңғы жылдары жалпы ұзындығы 170 шақырым орамды қамтитын қуаты 220 кВт. Электр тарату желілері шеңберінің құрылысын салу жұмысы басталды. Осы электр желісін тарату аумағында 220/110/20 кВт. қуатындағы үш тірек подстансасын салу қажет. Биылғы жылы 6 подстансада қайта құру жүргізіліп, бір жаңа подстанса бой көтереді. Сонымен бірге жалпы ұзындығы 4,5 шақырым жылу жүйесі қайта жаңартылады. Айтылған бұл ірі жобалардың бәрі қаржылық жағынан толық қамтамасыз етілген. Қазір белгіленген жоспарға сәйкес жұмыс кесте бойынша жүргізілуде. Қанатын кең жайып, күннен-күнге қа­рыш­тап дамып бара жатқан елорданың  база­лық инфрақұрылымын қалыптастырудағы келелі де көкейкесті мәселенің бірі – қаланы жүйелі түрде үздіксіз сапалы сумен қамта­ма­сыз ету. Астана еліміздің жартылай шөлейт аймағында қоныс тепкен. Соған бай­ла­ныс­ты елорданы сумен қамтамасыз ету проб­лемасы өткір қойылып отыр. Осы көкейкесті проблеманы түбегейлі шешу мақса­тында 2007 жылдан бері жапондық несие көзі бойынша ірі жоба жүзеге асырылуда. Бұл кешенді жобаның жалпы құны 66,7 млрд. теңгені құрайды. Жоба бойынша су сорғыш және тазалау стансасы кеңейтіліп, 120 шақырым су құбыры мен 24,4 шақырым канализациялық коллекторлар тартылуы қажет. Тәулігіне 200 мың текше метр су сорып, тазалайтын жаңа стан­са құрылысы салынуы керек. Жоба жү­зеге асырыла бастаған үш жыл ішінде жалпы ұзындығы 110 шақырым су және кана­ли­зация құбыры салынып іске қосылды. Үсті­міздегі жылы қалған 20 шақырым құбыр жо­лы пайдалануға беріліп, жобада қарас­тырылған басқа да ірі нысандар іске қосылмақ. Сонымен бірге жапондық жоба суды пайдалану мөлшерін есепке алып отыру тәжірибесін енгізуге мүмкіндік берді. Биылғы жылы атқарылатын жұмыстарды қоса есеп­тегенде, жоба бойынша 1700 жалпы үйдің және 127 мың жеке пәтерлердің су есептегіш қондырғылары іске қосылады. Бұл су ысыра­бына тосқауыл қоятын өте тиімді тәжірибе екендігі қазірдің өзінде іс жүзінде дәлелденді. Оның тиімділігін жеке тұрғындар да сезе бастады. Су есептегіш қондырғылары бар пәтерлер төлемдерін 25-30 пайызға дейін төмендетті. Қаланы сумен қамтамасыз етуде тапшылық болмауы үшін Қаныш Сәтбаев атындағы каналдан жіберілетін су көлемін арттыру мақсатындағы технологиялық шешімдер ойластыруда. Сондай-ақ жерасты суларын пайдаланудың мол қорын жасау үшін жаңа ұңғымалар жасалып, жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жасалып жатқан осы кешенді шаралар болашақта елорданың судан ешқандай тапшылық көрмеуіне берік негіз қалайды. Ірі мегаполистің әлеуметтік-экономи­ка­лық тіршілігінің тиімді де іркіліссіз жұмыс істеуі үшін жетілген жол-көлік инфрақұры­лымының болуы ауадай қажет. Ақиқатында жол-көлік инфрақұрылымы қала комму­никациясына нәр құятын тіршілік тамыры болып табылады. Жасыратыны жоқ, Астана қаласының жолдары көлік тасқынынан тұн­шығып тұр. Бүгінде күн сайын қала көше­леріне жан-жақтан келетін көліктерді қоса есептегенде 250 мыңнан астам автокөліктер шығады. Ал қала көшелерінің дені кешегі кеңес жүйесінің жобасы бойынша салынған әрі тар, әрі қолайсыз. Міне, осы жағдайды ескере келіп, соңғы жылдары Астана қала­сының жол-көлік инфрақұрылымын түбе­гейлі қайта құру мақсатындағы кешенді шаралар қолға алынды. Бұл шаралардың негізгі түпкі мақсаты – қала көшелеріндегі көлік кептелістерін жойып, қала аумағында кедергісіз көлік қатынастарын қамтамасыз ету болып табылады. Елорданың болашағы үшін айрықша маңызы бар бұл ауқымды шаралар негізінен үш кешенді бағыт бойынша жүзеге асырылмақ. Біріншіден, Сарайшық, Ақжол, №12, №14 және Бейсекова атындағы көшелер арқылы өтетін кіші көлік айналма жолының құрылысын салу болып табылады. Бұл айналма жол көлік тасқынын бөлшектеу арқылы қала магистралдарына түсетін ауыртпалықты азайтуға мүмкіндік береді. Өткен жылы осы жоба бойынша Бөгенбай батыр даңғылы бойымен Ақжол көшесіне дейін жалғасатын магистралға түбегейлі жаңғырту жұмыстары жүргізілді. М-3 автокөлік көпірі пайдалануға берілді, екі үлкен жол айырығы іске қосылды. Екіншіден, қаланың көлік жолдарын дамыту стратегиясы бойынша Астанада жеңіл рельсті трамвай жолы желісінің құрылысын салу жоспарланған. Жалпы ұзындығы 61,1 шақырымды құрайтын жеңіл рельсті трамвай жолын салу төрт кезең бойынша жүзеге асырылмақ. Бүгінде осы жобаны жүзеге асыру мақсатында Франция мемлекетінен жеңілдетілген несие алу шаралары ойластырылуда. Қазірдің өзінде, Франция бұл жобаның техника-экономикалық негіздемесін жасау үшін 570 мың евро бірінші кезектегі қаржыны аударды. Үшіншіден, қала көшелерін күрделі жөн­деуден өткізу және жаңа автокөлік жолдарын салу мақсатындағы кешенді стратегиялық шаралар одан әрі жүйелі жүргізілетін болады. Өткен жылы қаламызда 147 шақырым автокөлік жолдары күрделі жөндеуден өткізілді және жаңа жолдар салынды. Биыл Астанада тағы 110 шақырым автокөлік жолдары күрделі жөндеуден өткізіледі. Ұзындығы 20 шақырым жаңа автокөлік жолы салынып, пайдалануға берілмек. Көлік стратегиясының тиімділігі тек жол-көлік инфрақұрылымын дамытумен ғана шектелмесе керек. Бұл ретте қала көшелерін­дегі қоғамдық көлік қатынасының және жо­лаушыларға көрсетілетін қызмет сапасының да айрықша мәні бар екендігі белгілі. Осыған орай елордадағы қоғамдық көлік қатынасын жақсарту және жолаушыларға барынша тиім­ді де сапалы қызмет көрсету жайы барған сайын жүйелі түрде жетілдіріліп келеді. Әри­не, бұл орайда әлі де толық жақсы жетістікке қол жеткізілді деп айтуға ертерек. Дегенмен, қала әкімдігі қоғамдық көлік қатынасында түбегейлі бетбұрыс жасау мақсатында ауқымды міндеттерді белгілеп отыр. Бірінші кезекте қала көшелеріндегі қолайсыз шағын автобустарды мейлінше азайту міндеті күн тәртібіне қойылды. Қазірдің өзінде қала­мыздың негізгі бағыттарында қатынайтын шағын автобустар жүрісі тоқтатылды. Олар осы заманғы сұраныстарға толық жауап беретін кең де жаңа автабустармен алмас­ты­рылуда. Өткен жылы қала әкімдігі осы игі мақсат үшін 104 жаңа үлкен автобустар сатып алса, биылғы жылы қала көшелеріндегі қоғамдық көлік қатары тағы 135 үлкен жаңа автобустармен толықтырылады. Жүзеге асырылып жатқан осындай кешенді шаралар елорданың базалық инфрақұрылымын түбегейлі жаңартып, ХХІ ғасыр қаласына тән халықаралық стандарттар дәрежесінен көрінуге толық жағдай жасамақ.

        Қалыптасуы

Осыдан 15 жыл бұрын Астананы көшіру идеясы іске асты. Тарихқа үңілсек, бұл идея бұрын да көтерілген. Айталық, Әлихан Бөкейхановтың «Григорий Николаевич Потанин» атты мақаласындағы «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ «Қозы Көрпеш – Баянды» шығарған Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау»деген сөздерді еске түсірейікші.  Өкінішке орай ол кезде қалыптасқан саяси ахуал Алаш жұртын Қараөткелге (қазіргі Астана) шоғырландыруға мүмкіндік бермеді.  Ол  мүмкіндік өткен ғасырдың соңындағы азаттықпен бірге келді. Қазақ тарихының жаңа беттері ашылды. Тәуелсіз мемлекет құру және оның жаңа астанасын таңдау бақыты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды. Өзінің төлтумасына балаған Астана қаласы туралы толғауын Елбасы: «Жаңа астанаға көшу және оны салу туралы ой менде ертеректе, сонау алыстағы  – 1992 жылы туған еді, бірақ мен ол кезде мұны аузымнан шығармадым, өйткені Қазақстанның экономикасы ойлағанды іске асыруға мүмкіндік бермеді», – дей келіп, – 1992 жылы, Қазақстанның Президенттігіне бүкіл халық болып сайланғаннан кейін, мен Ақмолаға келдім. Есілден көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып, өзенге қарадым. Маған қаланың ортасында ағып өзен жатқан болса, қашанда сол ұнайтын. Өзен қалаға ерекше бір көрік береді, мәртебесін көтереді. Мысалы, бізде Жайықтың бойында Атырау, Сырдарияның бойында қызылорда, Тобылдың бойында Қостанай, Ертістің бойында Семей мен Кереку орналасқан. Ал әлемде қаншама Астаналар ылғи өзен жағасына салынған! Санкт-Петербург – Невада, Мәскеу – өзі аттас өзенде, Париж – Сенада, Лондон – Темзада тұр. Оның үстіне Ақмола Қазақстан мен бүкіл Еуразияның орталығына орналасқан» – деп жеткізді. Деректерге көз салсақ, Арқа төсіне көшіп келген жылдары Астанадағы тұрғындар саны 290 мыңдай болған. Ал, қазіргі есеп үш еселенді, 800 мыңға жуықтады. Ішкі көші-қон есебінен бас қаламызға қоныс ауыстырғандар саны 1999 жылдан бастап қарқын алды. Сол жылдары еліміздің түкпір-түкпірінен Елордаға 62 мыңға жуық адам көшіп  келген. Биылдың өзінде Астанаға 40 мыңнан астам адам табан тірепті. Елбасының «Еуразия жүрегінде» атты еңбегінде Ақмола қаласы тарихының өрлеу кезеңдері сөз болады. Бірінші өрлеу кезеңі қазіргі Астана қаласынан бес шақырым жерде орналасқан ортағасырлық Бозоқ қаласының гүлдену кезеңімен байланыстырылады. Бозақ қаласы Қыпшақ хандығының астанасы болған. Осы аумақ арқылы ХVІ ғасырда Сібір – Орта Азия керуен жолы өткен. Тағы бір еңбегінде «Ортағасырлық Бозоқ қаласын Ақмоланың түпкі атасы деп санауға болады, ал оның соңғы мұрагері қазіргі Қазақстанның астанасы – Астана қаласы» екені айтылады. Астана қаласының маңына орналасқан Бозоқ қаласының орны 1998 жылы анықталып, 1999 жылы Есіл археологиялық экспедициясының жетекшісі, танымал ғалым Кемал Ақышев бастаған археологтардың осы жерде алғаш рет қазба жұмыстарын жүргізгені белгілі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің К.Ақышев атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры Марал Хабдулинаның пайымдауынша, «Бозоқ» – түркі-оғыз термині. Яғни көне түрік мемлекеттерінің әкімшілік құрылымының шығыс бөлігінің атауы. Түрік-оғыздың бузук (боз оқ) термині – тесіп өтетін жебе немесе ақ жебе деген ұғымды білдіреді. Сонымен бірге түркі ұғымында «боз» сөзі «боз дала», «ақ селеулі құтты қоныс» деген мағынада түсіндіріледі [5]. Бозоқ қаласы VІІІ-ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген, бірнеше кезеңдерден тұрады. Ал  ХІV ғасырдан бастап Бозақ қаласы Нұра-Есіл аймағының исламданған элиталы рухани орталығы болған. Осылайша, тәуелсіздік жылдарында жүргізілген іргелі ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жаңа тұжырымдар пайда болды. Енді астана қаласының хронологиялық шеңбері бұрынғы тарихи анықтамаларда жазылып жүргендей, Астана «қаласының негізін қалаған 1830 жылмен» шектелмейді, оның ауқымы кеңейтіліп, орта ғасырлардағы түркі дәуіріне дейін жетті. Бұл кезең біздің жазба тарихымыз басталған уақытпен де сәйкес келеді. Екінші өрлеу кезеңі кеңестік кезеңмен (1920-1990 жж.) байланысты  айтылады. «Өзінің қолайлы географиялық жағдайының арқасында Кеңес өкіметі жылдарында, Ақмола жерінде қаланы одақтың темір жол жүйесіне қосқан және көлік ағынына ілестіріп әкеткен темір жол магистральдары салынды. Бұл өз тарапынан өнеркәсіптің әртүрлі салаларының кең дамуына және Ақмоланың ірі көлік торабына айналуына алып келді. Ұлы Отан соғысы жылдарында әскери-көлік торабы болды. Экономиканың барлық салаларының дамуына жаңа тынысты «тың дастаны» дарытты. 1961 жылы Ақмола қаласының аты Целинонрад болып өзгертілді және Тың өлкесінің орталығына айналды.Осы кезде Ақмола облысының тұтастығын сақтап қалу жолында сол кездегі Қаз КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Жұмабек Тәшенов орталықпен күресіп бақты. Ол Қазақстанның бес облысын Ресейге қосу туралы Н.С. Хрущевтің әрекетіне талай тойтарыс беріп, «бұл мәселенінің шешілуі былай тұрсын, тіпті күн тәртібіне қойылуының өзіне қарсы болды».  Оның кеңестік «империялық» кезеңде туындаған жер дауында Мәскеудегі «біріншіге» ашық қарсыласуы – ел тағдырын шешудегі батыл қадам болатын. Үшінші өрлеу кезеңі (1991 ж. – бүгінге дейін) Одақтың ыдырауы мен егемен мемлекетіміздің іргесі қаланған кезеңмен байланысты. Бұл кезең Қазақстан орталығын, қазіргі Астанаға айналған Целиноградқа көшіру, Қазақстан мемлекеттілігі дамуының өзінше бір жаңа кезеңі болды. Астанаға айналғаннан кейін, қала өз тарихының үшінші дәуірін бастады. Астана қаласы мемлекеттік мұрағат құжаттарында екінші өрлеу кезеңі мен  тәуелсіздік жылдарын қамтитын аралық кезеңдегі Ақмола қаласының демографиялық ахуалына қатысты статистикалық деректер кездеседі. Бұл мәліметтер бойынша 1997 жылдың 1 қаңтарында қала халқының саны 277,1 мың адамға жеткен, бұл облыс халқының 34,7 %-н құраған.

Ер адамдардың үлесі 48,3%, әйелдердің үлесі 51,7%. Республикамыз үшін жыныстық арақатынасы қалыпты есептеледі. Қаладағы отбасының орташа мөлшері  – 3,5 адам болған. 1998 жылғы мәліметтер бойынша Ақмола қаласының жер аумағы 254720 гектар (257.2 шаршы метр) жерге созылып, негізінен оң жағалауда орналасқан. Қаланың өнеркәсібінде құрылыс, тамақ, кәсіпорындар, қала шаруашылығының қызметі, тұтыну тауарлары мен ауыл шаруашылықтық машина жасау өндірісі бар. Кәсіпорындардың басым бөлігі қаланың солтүстік бөлігіндегі өнеркәсіптік аймақта орналасқан. Тәуелсіздік тарихында осы кезеңдегі Астана қаласының маңызды оқиғалары Мемлекет басшысының астананы көшіру туралы идеясын қайта жаңғыртқан 1994 жылмен, Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» тарихи қаулы қабылдаған 1996 жылмен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақмола қаласын Қазақстан Республиксының астанасы деп жариялау туралы» Жарлығы қабылданған 1997 жылмен, Астананың ресми тұсаукесері болған 1998 жылмен және ЮНЕСКО-ның шешімімен «Бейбітшілік қаласы атанған 1999 жылмен  байланысты айтылады.  1994 жылдың 6 шілдесінде Жаңа астананы таңдау 32 өлшем бойынша жүргені егжей-тегжейлі айтылды. Олардың ішінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, климат, ландшафт, сейсмикалық жағдайят, қоршаған орта, инженерлік және көліктік инфрақұрылымның болуы, әрі оны дамытудың келешегі, құрылыс кешені, еңбек ресурстары және басқа да өлшемдер болғаны негізделді. Елдің стратегиялық мүдделері де алыс болашаққа арнап есептелді.  1997 жылы Ақмола қаласының астанасы деп жариялануы «бүкіл мемлекетіміздің дамуының алғашқы қозғаушысы және серпін берушісі болды. Астананы ауыстырған кезде Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамытуға тұтас 50 миллион доллар бөлінді. Жаңа астанадағы 9 шағын аудан осы ақшаға салынған. 1996 жылы Президент жарлығымен Арнайы экономикалық аймақ құрылды. 1996 жылдың 26 қаңтарында «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес Ақмола Арнайы экономикалық аймағы (1996-1999 жж.), сосын «Астана – жаңа қала» АЭА (2001-2027 жж.) құрылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының құжаттары бойынша алғашқы сындарлы онжылдықта еліміздегі Арнайы экономикалық аймақтардың саны 9 болған. Олар: Жәйрем-Атасу (Жезқазған облысы), Алакөл, Жаркент (Талдықорған облысы), Лисаковск (Қостанай облысы), «Атакент»  еркін сауда аймағы (Алматы қ.), Қызылорда АЭА (Қызылорда қ.), Ақмола АЭА, ол 1999 жылдың 31 наурызынан бастап Астана АЭА болып қайта құрылған [11, 19-20 пп]. Ал соңғы статистикалық мәліметтер бойынша бейбітшілік пен жасампаздық жылдарын қамтитын екінші онжылдықта Қазақстандағы АЭА-дың жалпы саны 10-ға жетіп отыр. Қаланың тарихына байланысты Астана қалалық мемлекеттік мұрағат құжаттарында Ақмола қаласының дамуы 3 кезеңге бөлінеді және олар Қазақстан Республикасының жоғары және орталық мемлекеттік мекемелерінің Ақмола қаласына көшірілуі және Ақмола қаласының мемлекеттің астанасы ретінде даму бағдарламасына сәйкес келеді.  Оның алғашқы екі кезеңіндегі қыруар жұмыстар «сындарлы онжылдықта» орындалды. Ал соңғысындағы ұзақ мерзімге жоспарланған іс-шаралар кешені соңғы онжылдықта іске асырылуда. Бірінші кезеңде (1996-1997) жоғары мемлекеттік мекемелер, экономикалық, өндірістік және қарулы күштер министрліктері мен ведомостволары орналастырылды. Екінші кезеңде (1998-2000) орталық мемлекеттік мекемелерді Ақмола қаласына орналастыру процесі аяқталды. Үшінші кезеңде (2001 жылдан бүгінге дейін) Ақмола қаласы және ірі өндірістік, әкімшілік және мәдени орталықтары ретіндегі, оның ықпалды аймақтарының одан әрі дамуы жүзеге асырылуда. Аталған «Арнайы экономикалық аймақ»  тұрғындардың көші-қоны есебінен 2005 жылға дейін халық санын 600 мың. адамға көбейтуді көздеген болатын.  Бүгінде бұл міндет те шешімін тапты деуге негіз бар. 2012 жылғы мәлiмет бойынша, қалада 743 014 адам, 2013 жылғы мәліметтерде 800 мың адам ресми тiркелген. Астана тұрғындары санының өсу динамикасы соңғы жылдардағы халық санақтары бойынша мынадай: 1989 жылы – 281,3 мың адам (санақ); 1999 жылы – 326,9 мың адам (санақ); 2009 жылы – 613,6 мың адам (санақ). Ал, 2013 жылғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, халықтың табиғи өсімі 4092 адамды, ал көші-қон өсімі 3384 адамды құрап отыр. Астананы салуға бөлінген инвестициялар көлемі 2 миллиардтай долларды құраған және соның 70 пайыздайы өзіміздің инвестициямыз» болған. Бұл да үлкен еліміз үшін үлкен жетістік және ұлттық экономикасымыздың жарқын бір көрінісі.  Осы ретте айта кетейік, Алматы астана болғанда 50 жыл ішінде, магистральды көлік транспортының қашықтығы мен өндірісті дамытуға қажетті шикізат қорының жоқтығына қарамастан, оның саны  6 есеге өскен. Бүгінгі әсем Астанамыз еліміздің тек әкімшілік орталығы болумен шектелмейді,  сонымен қатар  бабаларымыз аңсаған азаттық пен ұлттық қайта түлеудің де орталығына айналды. Еліміздің шетелдермен жоғары деңгейдегі ресми кездесулері, білім мен ғылым, мәдениет пен өнер, спорт пен туризм саласындағы іс-шаралардың бәрі біздің Астанамызда өтеді. ХХІ ғасырдағы бүкіл жаһандық үдерістердің бел ортасында тіршілік ету  – әлемдегі кез келген ұлттың пешенесіне жазылмаған.  Астана әртүрлі тарихи тағдыр тауқыметімен елімізге табан тіреген өзге халықтардың да мекені. Астана  – біздің ортақ шаңырағымыз.  Астана өзінің жаңа тарихында өзге ұлттарды ғана емес, бүкіл адамзатты бейбітшілік пен келісімге шақырып отыр және шақыра бермек Еуразия жүрегінде орналасқан Астана қаласының жаңа тарихы –  бұл тәуелсіздік тарихы, бұл мемлекеттілік тарихы, бұл ұлттық тарих. Ал Астана қаласының құрылысы – төл тарихымыздың жаңа беттерін құрайды.

Астананың ландшафты және эстетикасы

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат – 2012 жылғы 25 сәуірде Астанадағы «Көрме» орталығында  «AstanaFlorExpo – 2012» III Халықаралық гүлдер және ландшафты дизайн көрмесі ашылады. Ұйымдастырушылар – «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы,  «ГринЭкспо» көрме компаниясы (Ресей, Мәскеу қаласы). Ресми қолдау –  Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігі, Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі агенттігі және Астана қаласының әкімдігі. Көрме демеушісі «3D Flowers» компаниясы. Көрмеге 33 отандық және 30-дан астам шетел компаниялары (Голландиядан, Германиядан, Кениядан, Колумбиядан, Ресейден, Эквадордан, Франциядан және Грузиядан келетін әлемдік өндіруші-фирмалар бар) қатысады. Олардың ішінде – кесілген гүлдерді жеткізушілер, жабдықтарды және жылыжайларды өндіру бойынша компаниялар, көгалдандырумен және ландшафты дизайнмен айналысатын компаниялар. Көрме барысында көгалдандырушы-мамандарға арналған мазмұнды бағдарламаны келесі жетекші әлемдік компаниялар ұсынатын болады: «Lorberg», «Lappen Pflanzenhandel», «BRUNS- PFLANZEN – EXPORT GmbH & Co.KG» неміс тәлімбақтары, «Terracult GmbH» (Германия), «Meilland» (Франция) компаниясы, «Гавриш» компаниялар тобы (Ресей).

       Өлкенің аңызы және топонимикасы 

Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 880 191 адам тұрады (1 мамыр 2016)[3]. Қазір қаланың аумағы 710 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны – 853 мыңға жуық. Қала үш ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады.

Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие.

       Тарихы

Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.

1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді. 1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. 1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

Климаты

Климатының өзіндік ерекшелігі тым континентік болып келеді, жауын-шашынның орташа жылдық мөлшерінің аз және күн көзінің өткір болуы салдарынан көлдердің суы азайып, шағын өзен арналардың кеуіп қалуына әсерін тигізеді. Қысы суық, аязды. Ызғарлы аяз шамамен 245 күнге, ал қыстың ұзақтығы 5-5,5 айға созылады. Қарашаның ортасына қарай түскен қар 130-140 күнге дейін жатады. Қаңтар айының орташа температурасы -17°С (52°С-қа көтерілетін аяз өте сирек болады). Аязды күндердің орташа температурасы -25°С. Мұндай күндердің ұзақтығы жылына 10-14-тен 38-45 күнге дейін ауысып отырады. Қыс айларының шамамен 30 күні боранды , боран оңтүстік-батыстан соғады. Қар қалың түскен жылдары өзендер тасып, көлтабандар көлге , көлдер шалқыған айдынға айналады. Бұлтты күндер аз, жылына шамамен 2200 сағаттай күн бұлтсыз ашық болады. Жазы ыстық, қуаң. Шілде айының температурасы ең жоғарылаған кезде +42°С -ға жетеді. Ең жоғары температура шілденің 11-12 күнін қамтиды. Жылы мезгіл шамамен 213 күнді, аязды мезгіл 120 күнді құрайды. Жазғ ынайзағалы күн саны шамамен 19-25 күн аралығында , ұзақтығы 2,4 сағат. Жазда 1-2, кейде 4-9 күндей бұршақ жауатын мезгіл байқалады. Жерге түсетін ылғалдың жылдық мөлшері 300 мм, оның 30 %-көктемге, 34 %-жазға, 36% күз, қыс айларына келеді. Жел жиі соғады, орташа жылдамдығы-2м/сек. Желдің қаттырақ соғатын мезгілі наурызға (6 м/сек), баяу соғатын мезгілі тамызға (4 м/сек) келеді. Ал жылына 40 кейде 87 күн қатты жел соғатын (15 м/сек жуық) тұсы болады. Өте күшті дауыл (36 м/сек) 20 жыл мөлшерінде бір рет байқалған.

Су қоры

Астана қаласы қуаң аймақта орналасқан, негізгі су қоры өзен және жерасты су көздерінен құралады. Бастауын Нияз таулары бұлақтарынан алып, қысқы қар, жазғы жауын суымен толысып отыратын Есіл өзені қаланың негізгі су артериясы болып табылады. Есілдің қаладан ағып өтетін тұсынан шағын екі өзен Сарыбұлақ пен Ақбұлақ келіп құяды. Қаланы 25-30 км төңіректе шағын өзен-көлдер қоршап жатыр. Олардың кейбіреуі тұщы, кейбіреуі кермек сулы болып келеді. Негізгілері: Сасықкөл, Жоламан, Тышқанкөл, Танакөл, Жылтыркөл, Тазкөл, Қайнарлы, Тағанкөл, Майбалық, Бұзықты, Жалаңаш , Шенет, Ағанас, т.б.
Есіл өзенінің арналы ағысының ұзақтығы 562 км, су жиналу алабы 48 100 шаршы км. Оның Қазақстанды көктеп өтетін ұзындығы- 1 100 км, ал жалпы ұзындығы -2450 км. Есіл Ресейдің Тюмень және Омбы облыстары арқылы ағып өтетін Ертіс өзеніне барып құяды. Есіл көктемгі қар суымен толысқан шақта ағысын үдетеді. Негізінен баяу ағысты. Қаланы сумен қамтамасыз ететін негізгі өзен болғандықтан, Есілге «Ертіс-Қарағанды» каналынан арна тарту жүзеге асырылды. Есіл баяу ағысты болғандықтан, оның табаны тереңде жатыр. Оның қала аумағындағы су жиналу алқабы 7400 шаршы км, бұған Вячеслав бөгені ауқымындағы 5310 шаршы км су жиналу алқабы қосылады. Есілге Мойылды, Тентек, Қарасу, Сарыбұлақ, Ақбұлақ өзендері келіп құяды, сонымен бірге су таратқыш канал арқылы Майбалық өзенімен жалғасып жатыр. Өзенде ақбалық, нәлім, мөңке, аққайран, сазан, шортан, көксерке, алабұға мекендейді. Бұрыннан қоныс тепкен қала бөлігі Есіл өзенінің солтүстігінде, оң жағалауға, темір жол магистралінен оңтүстікке қаарй етек жая орналасқан. Қала аумағының негізгі бөлігі, Есілдің Ақбұлақ және Сарыбұлақ тармақтарына келіп тұйықталады.
Есіл өзенінің алабында үш ірі бөген бар. Олар: Вячеслав (пайдалану көлемі-375,4 млн текше м), Сергеев (пайдалану көлемі-635,0 млн текше м) және Птропавл (пайдалану көлемі -16,1 млн текше м) бөгендері. Алғашқы екеуі судың жиналуын ұзақ мерзім бойына реттеуге арналған , сонымен қатар кешендік бағытта жұмыс атқарып, 3 топтық су құбырлары арқылы Астана қаласын және ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз етеді. Петропавл бөгенінің аумағы шағын, маусымдық су жинауды жартылай ғана реттеуге арналған. Қаланы тұрмыстық ауызсумен қамтамасыз етудің негізгі көзі-Вячеслав бөгені, оның жылдық су шығымы 67,2 млн текше м (жобадағы сыйымдылығы 410,9 млн текше м).
Сарыбұлақ солтүстіктен оңтүстік бағытта қаланың батыс бөлігі арқылы ағып өтеді. Оның аңғарының 8,5 км-дейі (ені 20-50 м) қыщ комбинантынан ӨМК-ға дейінгі аралықты қамтиды. Бұлақтың 5,8 км бөлігі қаланың жеке меншік үйлер мен көп қабатты үйлер салынған өңірі арқылы өтеді. Өнеркәсіп құрылыстарын бойлай өтетін тұсы -3,3 км (ЖЭО-1-дің күлтөкпесінен темір жол қиылысына дейін), одан әрі 2,5 км селитебті өңірмен өтіп, Тілендиев даңғылынан 1,8 аралықпен Есілге ұласады. Бұлақтың саға тұсын айтпағанда, қала арқылы өтетін арнасын шылау басып, қамыс өсіп кеткен, кей тұстары үзіліп қалады.
Ақбұлақ қаланың оңтүстік-шығыс бөлігімен өтеді, оның табанына маусым аралығында ғана су жиналады, су жиналатын тұсы ЖЭО-ның 2- нің маңы. Ақбұлақтың Абылай хан даңғылынан Есіл өзеніне барып құятын аралықтағы жағалауы қайта қалпына келтіріліп, абаттандырылды.
Қаланы тұрмыстық ауызсумен қамтамасыз етудің тағы бір жолы- жерасты су көздерін пайдалану. Ол жерасты жаңа су көздерін іздестіру-барлау және бұрыннан белгілі су көздері мүмкіндіктерін жаңа талап тұрғысынан бағалау арқылы жүзеге асып отыр. Мұндай жерасты су көздеріне :Ақмола су көзі кені (ол солтүстік-батыс жүлге (қаланың солтүстігіне қарай 5-15 км) және шығыс жүлгеден (қала іргесіне, ішінара Есіл өзені аңғарына таяу) тұрады) , Есіл су көзі кені (қаланың оңтүстігіне қарай 0,5-10,0 км); Рожденственский су көзі кені (Нұра өзені аллювийлік шөгінді қыртысындағы жер асты суының жалпы пайдаға асу қоры 36,2 мың текше м/ тәуліті құрайды) жатады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Кесте, -тегінің қолданылуы
Кестелер Басқа үйренген тектерден басқа, сіз өщдіңіздің веб-бетіңізге өз кестеңізді енгізе аласыз,…

ҒТҚМ бизнестегі орны, баяндама

 “ ҒТҚМ бизнестегі орны ” тақырыбында  Баяндама Мазмұны Кіріспе. 1.Ғылыми техникалық прогресс…

Суреттен туған шығарма, шығарма

Суреттен туған шығарма «Өмір деген бейне поезд Өтеді де кетеді Поезд қайтар,…

Тiк iшек түсiп қалуы

Ұйғарым Тiк iшек түсiп қалу – тiк iшектiң сыртқа барлық қабаттарын шығу…