Суреттен туған шығарма

«Өмір деген бейне поезд

Өтеді де кетеді

Поезд қайтар, өмір қайтпас

Айырмасы сол тегі…»

Рельс – өмір жолы…түзу болып көрінгенмен , ойлы, қырлы, тау мен қыратқа, көл мен балшыққа кезікпей өтпейсің. Баз біреулер сол рельспен жүріп, жол бойы кездескен  өмірдің алуан түрлі сын сағаттарынан сүрінбей, ляззат ала біледі. Ал кейбіреулер  бетінен үрлеп өткен самалды дауыл көріп, себелеп өткен жауынды селдей көріп, болмашы нәрседен түңіліп, бар өміріне, қоршаған дүниеге қарғыс айта бастайды. Менің кейіпкерім соның қайсысына жатады екен… Түзу жолды кеңінен кешем деп жүріп, батпақтан таза боп шығам деп жүріп, біреудің жеңін, біреудің өзін қаралап, күнәсін артып алмады ма екен?

Әлде сара жолы бос өтті ме екен? Кім біліпті… Дегенмен, ол да жас кезінде, мүмкін, адуынды, арманшыл, өмірге ғашық, көңілі тоқ, әр күні мерекеге толы болған шығар? «Өмір деген қызық қой, қызық жерін сызып қой дегендей,» кеңінен басып жүріп, қамшының сабындай қысқа ғұмырдың зулап өтіп бара жатқанына да мән бермепті- ау.

Енді міне, ол қартайды, денеден күш кетіп, жүректен қуат кетті, көз деген , ол да тас түнек… Ендігі күні мына ақ күшікке қарап қалғандай. Ақ күшіксіз ол ешқайда бар алмайды, жолдан өте алмайды, керегін таба алмайды, жалғыздық жанын жеп барады. Көңілдегі мұң мен сырды ақтарғысы-ақ бар… бірақ кімге? «Ит адамның досы», ол да мұның сырын міз бақпай тыңдар, айтарға бірақ тіл жоқ. Дегенмен,қарны ашып, дегбірі қашса, ит те иттігін істер ме?..

Әттеген- ай, жұмыс басты болам деп, шен мен шекпен қуам деп, біреуге жалтақтап, біреуге жалпақтап жүріп, не бала, не жардың рахатын көрмей, күнделікті тоқтықпен өткен өмір- ай… Ия, бұл күні тағдыры итке байланған, ит қу тамағына бола осы бір зағип қартқа байланған,- екі өмір, екі тағдыр, бірі адам, бірі аң.Өмірдің мәні де жоқ, өмір сүруге негіз де жоқ, қызық та жоқ, сені түсінер жан да жоқ…Бәрі тығырыққа тіреліп, өмір осымен біткендей.  Дегенмен,

«Өмірдің өзі күлдіріп тұрып, жылатады,

Өмірдің өзі көтеріп тұрып, құлатады…

Бітті ғой бәрі, бекерге өтті дегенде,

Өмірдің өзі күш беріп, қайта қуантады,»- дегендей бір үміт сәүлесі менің кейіпкерімнің кеудесінен орын тауып, оның өткен өмірі мен бүгін халін хатқа жазғандай түсінер жан табылар деп, жанын жеген жалғыздықтан құтқарар деп, жамандығын көп көрсетсе  де , жақсылығы  басым адамзаттың  адамгершілігіне әлі де сенеді, әлі де өзіне ғана мәлім бір нәрсені  күтеді…

Сөз соңында айтарым, өмірдің берген қуаныштарын бөлісе білейік, жанымызда жүрген адамдарға мейіріммен қарап, біреудің қайғысына ортақтаса білейік, ағайын!

You May Also Like

Ұшқыш болғым келеді, шығарма

Ұшқыш болғым келеді      Мен өскенде ұшқыш болғым келеді. Маған ұшақ ұнайды.…

Мамандық бойынша жоба

Мамандық бойынша жоба Мен, Самигуллиев Жасулан, Тасымалдауды ұйымдастыру және көлік қозғалысын басқару…

Ұңғыларда парафин шөгінділердің алдын-алу және оларды жою есептері

2  Ұңғыларда парафин шөгінділердің алдын-алу және оларды жою есептері.         2.1 Қабатты…

Кошки в приметах разных народов

Тема: Кошки в приметах разных народов Введение Глава 1. Изучение литературы. Раздел…