“ҚҰТТЫ БІЛІК” ЕСКЕРТКІШІ ТІЛІНДЕГІ ТҮБІРЛЕРДІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  • «Құтты білік» жазба ескерткіші – моральдық-этикалық тақырыпқа жазылған дидактикалық шығарма. Осыған байланысты адам баласының табиғатын, болмысын, сана-сезімін, қасиет-сапасын, қарым-қатынасын, кəсібі мен мамандығын, діни наным-сенімдерін, қоғамдық өмір тіршілігін, əдет-ғұрпын, саяси-əлеуметтік жағдаяттарын білдіретін тілдік бірліктер өте көп қолданылған.
  • Ежелгі түркілер құт мəнін білім, бақ-дəулет, сананың кемелденуі, дүниенің қызығы, құты – білім, ақылда деп түсінген.
  • XI ғасырдағы түркі əдеби ескерткіші «Құтты білік» мəтініндегі тілдік бірліктерді қазақ тілімен салыстырылып, сол кезеңдегі түркілік тілдік бірліктердің құрылымын анықтауға; ескерткіш тілі мен Қазіргі қазақ тілінің фонологиялық, лексика-семантикалық айырмашылықтарын ашуға талпыныс жасалады. Ескерткіш тілінің фонетикалық жүйесін, лексика-семантикалық құрылымын, айқындай отырып, олардың қазіргі түркі тілдерімен табиғи-генеологиялық сабақтастығын көрсетуге; түркi халықтарының ұлттық-мəдени болмысын, тарихи-əлеуметтiк сипатын танытуға қызмет ететiн жалпытүркiлiк танымды жаңғыртуға; түркi жұртшылығы арасындағы рухани үйлесiмдiлiк пен тарихи тұтастықты сақтай отырып, жаһандану үдерісіндегі түркі халықтарының біртұтастандыруға жол ашылады.
  • «Құтты білік» жазба ескерткішінде ислам дінінің түркілік өмірмен біте қайнасуы жəне сан ғасырда қалыптасып, орта ғасырларда əбден орныққан түркілік таным мен ислам қағидаларының жігі білінбей біртұтастануы нақты көрініс тапты. Орта ғасырлық шығармалардың басқа тарихи жазбалардан басты айырмашылығы да осында.
  • Ж. Баласағұнның «Құтты білік» жазба ескерткішінің тілін зерттеу арқылы – бүгінгі түркі халықтарының болмысын, соның ішінде қазақ халқының таным ерекшелігін тани түсуге септігін тигізеді.

Тарихи жазба ескерткіштер тілін қазіргі түркі тілдерімен сабақтастыратын тілдік деректердің негізі түбірмен байланысты. Сондықтан да түркі халықтарының тілдік жүйесінің маңызды бөлігін құрайтын түбір жасампаздық қасиетке ие болып, түбірден тарайтын сөздік қор құнарлы болып келеді.

«Құтты білік» ескерткішіндегі түбірлердің дыбыстық жүйесін қазақ тілінің материалдарымен салыстырғанда ұқсастықтарымен қатар ерекшеліктерін де байқаймыз. Бұл ерекшеліктер, ең алдымен тілдің тарихи-фонологиялық дамуынан туындап, орта түркі тілі мен қазақ тілі арасында түзілген дыбыс сəйкестіктері. көне заманғы жəне жаңа заманғы тілдер арасындағы сəйкестіктердің пайда болуына негізінен ертедегі аффрикаттардың ыдырауы, қатаң дауыссыздардың ұяң дауыссыздарға айналуы, жуан дауыстылардың жіңішке дауыстыларға ауысуы себеп болған.

Түбір құрылысы, мағынасы жағынан тілдегі əрбір сөздің түпкі мағыналық бөлшегі ретінде қызмет атқарады. Түбірдің бұл қызметі ғасырлармен өлшенеді. Түркі тілдерінің сөздік қорының бай болуы түбірдің осы жасампаздық қасиетіне байланысты. Түркі тілдері əлем тілдерінен жалғамалылық қасиеті бойынша ерекшеленетіні белгілі. Бұл қасиет түркі тілдерінің жүйесін құрайтын түбірлерге ерекше пəрменділік береді. Тілдік дамуда түбірдің қалыптасқан семантикалық құрылымы мағыналық жіктелісті, өзгерістерді, ауысуды, жылжуды, көмескіленуді, активтелуді жəне т.б. үдерістерді басынан кешіреді. Сондықтан түбір негізгі сөздік қордың діңгегі болады, ал қалған тілдік бірліктер сол түбірден тараған туындылар танымның даму үдерісі нəтижелерінің тілдегі көрінісі болып табылады.

Түркілік түбір – күрделі категория. Бұл категория – алғашқы зерттеушілердің еңбектерінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі көптеген зерттеулерге арқау болып келе жатқан, əр зерттеуде ашылатын сырымен бірге əлі де зерттей түсуді қажетететін көп құпиясын ішіне сақтап жатқан құбылыс.

Б.Сағындықұлы

  • Орта ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерінің тілі жөнінде: «XI-XII ғасырлар аралығындағы халық арасында тараған жазба əдебиеттің кез келген үлгісін көне түркі əдеби тілінде жазылған деп есептесек қателеспейміз.
  • Түсіндірме
  • сөздікте: АҚ ІІІ 1.Судың өз арнасымен бірқалыпты жылжуы. 2. Тер, қан, жас, сорпа сияқты сұйық заттардың сорғалап құйылуы. 3. Судың еркімен біреуді ағызып алып кетуі. 4. Бойдағы ет, сөл сияқты заттардың біртіндеп құрып бітуі. 5. Ауысп. Жүйітку, зулау. 6. Ауысп. Аспаннан ағып түсу
  • Моносиллабизм(еж. гр μόνος — бір және συλλαβή — буын)
  • «Құтты білік» ескерткішінде аталған лексеманың бізге бимəлім жоғары көтерілу мағынасын берген: Көтүрди йашық бақты Машрық тапа, Көрүр ағды йердин йуқару қопа – Бас көтеріп, Шығыс жаққа қарады, Күн жоғары көтеріліп барады
  • 1. Өрмелеу мағынасында жұмсалған:
  • Аңар ағдым емди бирəр бағнача, Башынгə теги бағна садым нечə – Өрмелеп барады екем ана жаққа, Басқыштың баспалдағын санамаққа.
  • «Құтты білік» ескерткіші жазылған орта ғасыр мен қазіргі қазақ тілін жақындастыратын тілдік фактілердің бірі – ақ моносиллабы.
  • 2. Ұшу мағынасы:
  • Йа Иса болуб көккə ағдым тақы мен, Йа Нушинраван-тег төрү түз йурыттым – Исадай ұштым көкке рауандай, Ең əділ заң орнаттым Нəушаруандай
  • 3. Жоғары мағынасында:
  • Йағыз йер йашыл көкда ерди көшүш, Аңар берди тəңри ағырлық өкүш – Қара жерде, жасыл көкте — ең ірі, жоғарғы құрмет берген оған Тəңірі
  • Тарихи ескерткіштерде көп мағыналы сөздердің барлық мағыналары толығымен қамтылмайды, тек айтылмақ ойды дəл беру үшін сөздер іріктеліп мақсатқа сай қолданылады. Сондықтан байырғы тілден əр жақты дамып орта ғасырға жеткен ақ лексемасы «Құтты білік» ескерткішінде қозғалыстың, күйдің, бағыттың сан алуан сипатын білдіргеніне көз жеткіземіз.
  • 4. Өсіру, арту мағынасында:
  • Кишиг тил ағырлар булур қут киши, Кишиг тил учузлар йарыр ер баша – Тіл сыйлы етер, құтты қылар, өсірер, Бас та жарар, қадір-құтты ол өшірер
  • 5. Тұру, орнынан көтерілу мағынасында:
  • Ағырлады хажиб орун берди төр, Адаб бирла Айтолды олтурды көр – Төрден орын беріп хажиб о тұрды, Сақтап əдет Айтолды да отырды

АҚ моносиллабының семантикалық дамуы оның өзге сөз таптарына ауысуына мүмкіндік жасады. Қазіргі тілімізде ақ жауын, ақ жаңбыр фразеологизмі қолданылады, оның мағынасы ұзаққа созылып, майдалап жауатын жаңбыр. «Құтты білік» ескерткішінде қолданылған мағынасы бойынша тұрақты тіркестің мағынасын қалпына келтірсек: ақ жауын – ағып тұрған жаңбыр.

Ақсу географиялық атауы – Қазақстанның көп жерінде қолданылатын топоним. Топырақты өңірлерде немесе жаңбыр жиі жауатын жерлердегі өзен лайланып, мөлдір болмай, ағарып ағатыны белгілі. Бір қарағанда, бұл атау судың түсіне қойылғандай көрінеді. Ал егер орта ғасырдағы жазба ескерткіштерде қолданылған мағыналарын қалпына келірсек, онда қимыл-қозғалыс

мағынасын білдіретініне оңай көз жеткіземіз. Сонда Ақсу – ағын су немесе аққан су. Етістік мағынасы дами келе сын есімге айналып кеткен.

Сонымен ақ жауын фразеологизмінде Ақ сөзі сын есім емес, етістік қызметінде жұмсалудан тұрақтанған деген қорытындыға келеміз.

Белгілі тілші Б. Сағындықұлы ақ етістігі трансформация (конверсия) тəсілі арқылы Ақ сын есімі пайда болған деген пікір айтады. Жиі қолданыстан ақ етістігінің мағынасы абстракцияланып, нəтижесінде түркілік үрүң сөзін ығыстырған.

Ғалым қазіргі сөздік қорымыздағы сау (сағ-), жау (йағ-) ұш сөздері, сонымен бірге шыр-ақ; от-ақ; шу-ақ; там-ақ сөздеріндегі түбірге кірігіп кеткен –ақ (-ек, -ық, -ік, -қ, -к) өлі жұрнақ осы байырғы Ақ моносиллабынан тарағандығын дəлелдейді. Зерделеп қарасақ, демеулік шылау қызметінде жұмсалатын ақ сөзінің де түп-төркіні АҚ моносиллабына барып тіреледі. АҚ етістік ретінде қызмет еткенде белгілі бір процесс қимылдың тоқтаусыз, үнемі іске асатынын білдірсе, Ақ шылауы осы күйдің бір кесігін, бір бөлігін үзіп көрсетеді.

Сонымен қазіргі барлық түркі тілдерінде аздаған фонетикалық өзгерістермен қолданылатын АҚ моносиллабының семантикалық құрылымы:

  • қозғалыс, жылжу (судың өз арнасымен бірқалыпты жылжуы), шығу;
  • қозғалыстың белгілі бір бағытта іске асуы;
  • сұйықтықтың (тер, қан, жас, сорпа жəне т.б.) сорғалап құйылуы;
  • сан мыңдаған майда бөлшектердің бірігіп, бір бағытта орын ауыстыруы;
  • орын ауыстырудың ілгері, жоғары қарай бет алуы (көне түркі тілінде: ай ағар – жоғары көтерілер мағынасы);
  • тұру, орнынан көтерілу (ескерткіштердегі хажиб ағырлады (орнынан) – тұрды мағынасы);
  • орын ауыстырудың кейін, төмен қарай бет алуы;
  • сан мыңдаған майда бөлшектер жиналып, белгілі бір күшке ие болуы (судың ағыны қатты

болуы, т.б.);

  • орын ауыстырудың белгілі бір уақытқа байланысты болуы;
  • ілгері қозғалудың баяу іске асуы (ескерткіштердегі өрмелеу мағынасы);
  • баяу қозғалыстың артуы, өсуі (ескерткіштердегі тіл өсірер мағынасы);
  • қозғалыстың тез, жылдам іске асуы (жұлдыздың ағуы; ұшу);
  • қозғалыстың үнемі, ұзақ уақыт ішінде іске асуы (ақ жауын);
  • басталған қозғалыстың аяқталуы, сұйықтықтың таусылуы;
  • сұйықтықтың біртіндеп құрып бітуі.
Б. Құлжанова «Қутадғу білік» жəне «Һибат-ул хақайиқ» ескерткіштері тілінде ұшырасатын зат есімдердің төмендегідей бірнеше лексика-тақырыптық топтарға бөледі:
1) адамның дене мүшелеріне байланысты атаулар (йүрəк, қарын, сақал, т.б.);
2) туысқандық қатынасты білдіретін атаулар (ата, ана, қарындаш, т.б.);
3) адамның сапа, қасиеттеріне байланысты атаулар (билигсиз, йавуз, кишилиг т.б.);
4) мамандықты, кəсіп иесін білдіретін сөздер (етүкчи, темүрчи, қойчы т.б.);
5) діни наным-сенімдерге байланысты атаулар ( тамуғ, тəңрилиг, савчы т.б.),
6) аспан денелерінің атаулары (Қозы, Үлкəр, Бақыр т.б.);
7) жаратылыс құбылыстарының, табиғи заттар мен нəрселердің атаулары (йағмур, йел, қар т.б.);
8) Жыл мезгілдерін, уақытты білдіретін сөздер ( қыш, күз, түн т.б.);
9) Құс атаулары (қузғун, қарға, қаз т.б.);
10) аң аттары (бөри, елик, қулан т.б.);
11) үй жануарларының аттары (мал, қой, ат т.б.);
12) жəндік аттары (шаян, қурт, йылан т.б.);
13) егін, бау-бақша шаруашылығына байланысты сөздер (арпа, қағун, йемиш т.б.);
14) ас, тағам атаулары (қымыз, сүт, йоғурт т.б.);
15) металл аттары (бақыр, темүр, алтын т.б.);
16) киім-кешекке байланысты атаулар (бөрк, кедим, тон т.б.);
17) əшекей атаулары (безак, үстем, туш т.б.);
18) əлеуметтік, қоғамдық-саяси атаулар (хан, орду, қул, бек т.б.);
19) əскери-соғыс ісіне қатысты атаулар (оқ, чериг, қалқан т.б.);
20) əр түрлі құрал-жабдықтардың, саймандардың атаулары (қармақ, тор, кишəн, т.б.);
21) елді мекендердің, үйге керекті заттардың атаулары (кəнд, ешик, көзгү т.б.);
22) м, дəрі-дəрмек атаулары (от, урағун, ағу т.б.);
23) ағаштарға, өсімдіктерге, гүлдерге қатысты атаулар (қайың, чечəк, йыпар т.б.);
24) дерексіз ұғымдарды білдіретін зат есімдер (йалған, чын, ал т.б.).

«Құтты білік» жазба ескерткішінің түркілік лексикалық қабатын құрайтын сөздік қорды

♪ соматикалық атаулар,

♪ туысты білдіретін атаулар,

♪ күнделікті тұрымыстық атаулар,

♪ аспан денелері атаулары,

♪ табиғи құбылыстардың атаулары,

♪ уақытқа қатысты атауларға топтастыруға болады.

Соматикалық атаулар:

Қан – қан: Қаны ким қутулды өлүмдин қачыб, Қаны ким ашунды өдиндин кечиб.

Баш – бас: Бег ерди ажунда бөгү билгə баш, Бу беглик үзəлə ажун болды йаш.

Сач – шаш: Өрүң болды ерсə қара сач сақал, Анунғу пусуғчы өлүмкə түгəл.

Тиш – тіс: Некү тер ешит бу уқуш айғучы, Тиши хам оғул қыз узар ер күчи.

Тил – тіл: Ачығ сув-тег ул көр бу дунйа нəңи, Нечə ичсə қанмаз өлимəз тили.

Қол – қол: Ешитти аңар көр елиг қылды йол, Бу кирди елигкə қавуштурди қол.

Адақ – аяқ: Көңүлсүз қайу йеркə маңса адақ, Нечə йер йақын ерсə болды йырақ.

Көз –көз: Муңар меңзəр емди ешит ошбу сөз, Асығ қылға тутсаң айа өзгə көз.

Қаш – қас:Қалық түгди қашын түнəртти йүзин, Тутуб бады барча кишилəр көзин.

Йүз – бет, жүз: Байуса бедүсə йадылса чавы, Кетəрмəн аныңдин кетəр йуз сувы.

Ел – қол: Узун ел йейи теб тесə ей бөгү, Төрү түз йурытғу будунуғ көгү.

Елиг – қол: Елиг берди алқыш көр Айтолдықа, Айур түнлə күндүз меңа тур йақа.

Адамның дене мүшелеріне байланысты атаулар – түркі тілдері лексикасының ең көне қабаты.

Ас-тағам атаулары:

Йегү – ас, тамақ: Киши едгүсиндин келир едгүлүк, Йегү ичгү мингү тақы кедгүлүк.

Қымыз – қымыз: Қымыз сүт йа йуң йағ йа йуғрут қурур, Йадым йа кидиз хам езəр евкə тут.

Сүт – сүт: Сениңдин қачан келгə есиз йорық, Өрүң сүт билə кирди едгү қылық. Қазіргі тілде айтылуы:

Сүт – түр., қаз., қырғ., өзб., ұйғ.;

Сүд – аз., һот башқ.,

Сөт – тат.,

Сүүйт – түркм.,

Туз – тұз: Тапуғ қылдың артуқ бағырсақлықын, Өтəдиң меңə сен туз етмəк хақын. Қазіргі түркі тілдерінде айтылуы:

Туз – түр., өзб., ұйғ.,

Тоз – башқ., тат.,

Дуз – аз., түркм.,

Тұз – қаз., қырғ.қолданылады.

Туыстық қатынасты білдіретін атаулар:

Ата – əке: Аталық қылур көр атақа оғул, Оғул бег болуб көр ата болды қул.

Ата – түр. т., аз. т., башқ. т., қаз. т., қырғ. т., тат. т., түркм. т.;

Ота – өзб. т.,

Атилар – ұйғ. т.

Оғул – ұлы, баласы:Сөзүм оғлума сөзладим мен тоңа, Оғул мəнда алтын мəңəни тыңа.

Оғул – түр. т., аз. т., тат. т., түркм. т., ұйғ. т.;

ул ~ ұл – башқ. т., қаз.т., тат. т.;

Уул – қырғ.

Оғлан – ұлы, ұлан: Йигит ерди оғлан қылынчы амул, Уқушлуғ билиглиг қам өглүг амул.

Тиши – əйел: Некү тер ешит бу уқуш айғучы, Тиши хам оғул қыз узар ер күчи.

Ана – түр. т., аз.м, қаз.м, ұйғ. т.;

əсə – башқ. т.,

Ене – қырғ. т.,

Она – өзб. т.,

Әни – тат. т.,

есе, ене – түркм. т.

Аспан денелерінің атаулары:

Йашық – Күн планетасы: Йашық йанды йеркə йақурды башын,

Йаруқ дунйа меңзи қарарды ешин.

Йалчық – Ай планетасы: Буларда ең алдын бу Йалчық йурыр,

Йашық бирла отру бақышса толыр.

«Құтты білік» ескерткіші тілінде қолданылған аспан денелері атауларының көпшілігі қазіргі тілдерде архаизмге айналып кеткен. Ең көп қолданылуға тиіс йашық атауын күн, йалчық атауын ай сөздері ығыстырған.

Орта ғасыр ескерткіштеріндегі Үлкəр атауы мен қазақ тіліндегі Үркер атауы р ~ л сəйкестігін түзеді. Бұл атауы туралы Б.Құлжанова былай деп жазады: «Аңыз, ертегілерге қарағанда, бұл сөздің түбірі – үрік етістігі. Мағынасы – бір нəрседен қорқу, зəресі ұшу. Олай болса, бұл сөздің архетипі қазақ тілінде сақталған. Ортағасырлық варианты – жаңарған вариант».

Жаратылыс құбылыстары мен табиғи заттардың атаулары:

Буз – мұз: Қыш ерсə йана түш көрүгли қалы, Ақар сув түшəсə йа бузқа толы.

Булут – бұлт: Булут көкради урды навбат туғы, Йашын йашнады тартты хақан тығы.

Булут – түр. т., қырғ. т., өзб. т., түркм. т., ұйғ. т.;

Булуд – аз. т.;

Болот – башқ. т.;

Болыт – тат. т.;

Бұлт – қаз. т.;

Йел – жел: Йана бир тили йел тушы өвкəлиг, Өштүр кишиг сөксə ачса тилиг.

Йул – бұлақ, көз: Билиглиг кишиниң савы ексүмəс, Ақығлы сүзүг йул сувы ексүмəс.

Қум – құм: Билигсиз киши көңли қум тег турур, Өкүз кирсə толмас ап от йем өнүр.

Сув – су: Ақар сув йорық тил бу қут турмады, Ажун тезгинурлəр йурыб тынмады.

Сув – өзб. т., түркм. т.,

Су – түр. т., аз. т., қаз. т., тат. т., ұйғ.м,

Һив – башқ. т.,

Суу – қырғ. т.;

Таш – тас: Ей ич таш билигли е хаққ-ул йақын, Көзүмда йырақ сəн көңүлда йақын.

Даш – аз. т.,

Дааш – түркм. т.,

Тош – өзб.т.,

Тас – қаз. т.;

Йер – жер: Учуғлы, йорығлы тынығлы неча, Тирилгү сениңдин булуп йер ича.

Көк – аспан: Қурымыш йығашлар тонанды йашыл, Бəзəнди йапун ал сарығ көк қызыл.

От – от: Ириг сөзлəмəгил кишикə тилин, Ириглик от ол от күйүрмə Йалын.

Жыл мезгілдерін уақытты білдіретін сөздер:

Йай – жаз: Еринчиг қышығ сүрди йазқы əсин, Йаруқ йаз йана курды давлат йасын. Қазіргі түркі тілдерінде бұл атау.

Йаз – түр., ұйғ.,

Йай – аз.,

Йəй – башқ,

Йоз – өзб.,

Жаз – қаз.,

Джай – қырғ.,

Джəй – тат. түрінде қолданылады.

Түн – түн: Апа оғланын көрсə муңлуғ тегү, Бу түн күн терəр нəң булумаз йегү.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Исабекова Ұ.Қ. Орта ғасырдағы түркі тілдерінің даму тарихы.

You May Also Like

Есеп, көлік құрылысындағы экнономика және менеджмент

№1 есеп.  Сіз жұмысқа орналастыңыз да жұмыс берушімен еңбек келісімін жасадыңыз. Еңбек…

Управление беспилотными летательными аппаратами научный проект

Управление беспилотными летательными аппаратами žЦель: выявить сильные и слабые стороны в навыках…

Популяция түрдің өмір сүру формасы және оның негізгі критерийлері.

Популяцияның демографиялық құрылымы Популяцияның жыныстық және жас ерекшелік құрамын сипаттауды демография деп…

Мамандық бойынша жоба

Мамандық бойынша жоба Мен, Самигуллиев Жасулан, Тасымалдауды ұйымдастыру және көлік қозғалысын басқару…