№1 есеп. 

Сіз жұмысқа орналастыңыз да жұмыс берушімен еңбек келісімін жасадыңыз. Еңбек келісімінде еңбекақы көлемі 10000 теңге деп көрсетілген. Алайда, айдың соңында 10000 теңгенің орнына Сіз 8550 теңге айлық алдыңыз. Сіздің құқыңыз бұзылды ма? Еңбекақыдан немесе табыстан қандай салықтар ұсталынады?

Шешуі:

  1. Міндетті зейнеткерлік жарна ұсталынады. Ол еңбекақы соммасының 10%-ын құрайды және олар Сіздің зейнетақы шотыңызға аударылады.

10000теңгеХ10%=1000теңге – зейнетақы шотына төленетін сомма (міндетті)

10000 теңге  – 1000 теңге  = 9000 теңге

  1. Табыс салығы ұсталынады. Табыс салығын бухгалтерлік бөлім арнайы кесте бойынша ұстайды. Табыс салығының мөлшері табыс мөлшеріне байланысты. Табыс жоғары болған сайын, салық төлеу мөлшері де жоғары болады.

9000Х12 ай = 108000 теңге

9000Х5% = 450 теңге

9000 – 450 = 8550 теңге

Жауабы: алатын сомма 8550 теңге.

 

№2 есеп. 

Берілген графикті  мұқият талданыз.

P                   K                 L

Р3

P                                  E

 Р2

                 M             N

 

 

                                                   Q

Нәтиже бойынша,  экономикалық талдау  графигін  келесі сұрақтармен түсіндіріңіз:

  1. Е нүктесіндегі қисық сызықтың экономикалық мағынасы қандай?
  2. Р3 бағасындағы KL бөлігі нені анықтайды?
  3. Р1 бағасындағы MN бөлігінің экономикалық ьәнін түсіндірініз?

 

Шешуі:

  1. Е -нуктесінде сатушы мен сатып алушы ойлары үлеседі
  2. КL- артық өндіруді көрсетеді
  3. MN-Тапшылықты көрсетеді

№3 есеп.

 

Тауардың сұраныс және ұсыныс функциялары белгілі: Qd = 500 – 25P  және                    Qs = 50P – 250. Тұтыну шылар табысының жоғарылауы нәтижесінде кез-келген бағада сұраныс 75 тауар бірлігіне өсті. Табыстың жоғарылағанға дейінгі және жоғарылағаннан кейінгі нарықтық тепе-теңдік параметрлерін анықтаңыз.

 

Шешуі:

Тұтынушылардың табысы жоғарылағанға дейінгі тепе-теңдік мөлшері сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемдерін теңестіру арқылы анықталады:  500 – 25P = 50P – 250                Р= 10,   Q1 = 250

Табыстың өзгеруінен кейін сұраныс функциясы: Qd = 575 – 25P болады, сонда нарықтық тепе-теңдіктің жаңа  параметрлері келесідей болады: 575 – 25P = 50P – 250

Р= 11,  Q2 = 300

 

№4 есеп.

Тауарға деген сұраныс функциясы келесі түрмен берілген: Qd = 3600 – 400Р; ұсыныс функциясы: Qs = 250P + 1975.

А) Сұраныс және ұсыныс графиктерін сызыңыз, тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік тауар көлемін анықтаңыз.

Б) Егер берілген тауарға 2-ге тең тұрақты баға тағайындалатын болса, онда осы  кезде пайда болатын жақдайын  сипаттаңыз.

Шешімі:

А) Qd = Qs  3600 – 400Р = 250P + 1975, бұдан P= 2,5;  Qd = Qs = 2600

QS1 =250*2 + 1975 = 2475

QD1 =3600 – 400 * 2 = 2800

QD1 – QS1 = 2800 – 2475 = 325

 

Жауабы:

Артық сұраныс мөлшері (немесе нарықтағы тауар дефицитінің мөлшері) 325 данаға тең.

№ 5 есеп.

Белгілі бір тауарға тұрғындардың сұраныс функциясы: Qd = 9 – P, ал ұсыныс функциясы: Qs = -6 + 2P теңдеулерімен берілген. Мысалы, үкімет сол тауарға 6 теңгеге тең тұрақты бағаны тағайындады. Сатушылардың алатын түсімі реттелмейтін нарықтағы ситуацияға қарағанда қалай өзгереді? Қанша тауар мөлшері сатылады?

Шешуі:

  1. Qd = Qs; 9 – P = – 6 + 2P, бұдан Р = 5; сатылу көлемі Q = 4; TR = 20
  2. Егер Р = 6, онда Qd = 9 – P = 9 – 6 = 3, ал Qs = -6 + 2P = -6 + 2*6 = 6. Нарықта тауар артықшылығы, бағасы 6 теңгеге кезінде сатып алушылар алғысы келген және сатып алу мүмкіндігі бар санын сатып алады, яғни 3 дана. TR=3*6=18.

Жауабы: тепе-теңдік бағадан жоғары бағаны тағайындаған кезде алынатын түсім 2 теңгеге азаяды.

 

№6  есеп.

Кестеде тауардың сұраныс пен ұсыныс шкалалары берілген. Кестедегі «артық сұраныс», «артық ұсыныс», «сату көлемі», «барлық сатушылардың жалпы түсімі» графаларын толтырыңыз және нарықтағы тепе-теңдік жағдайына сәйкес жолды белгілеңіз.

 

Баға,  мың тг. Сұраныс мөлшері, мың кг Ұсыныс мөлшері, мың кг Артық сұраныс Артық ұсыныс Сатылу көлемі Барлық сатушылардың жалпы түсімі
1,0 210 10        
1,5 180 30        
2,0 140 55        
2,5 80 80        
3,0 40 100        
3,5 30 130        
4,0 20 160        

 

Шешуі:

Баға,  мың тг. Сұраныс мөлшері, мың кг Ұсыныс мөлшері, мың кг Артық сұраныс Артық ұсыныс Сатылу көлемі Барлық сатушылардың жалпы түсімі
1,0 210 10 200 10 10
1,5 180 30 150 30 45
2,0 140 55 85 55 110
2,5 80 80 0 0 80 200
3,0 40 100   60 40 120
3,5 30 130   100 30 105
4,0 20 160   140 20 80
Қорытынды: алынатын түсімнің  ең көп мөлшері тепе-теңдік баға кезінде болады.

 

№7  есеп. 

Егерде, жалпы тұрақты шығын 10 тен болса, берілген кесте бойынша жалпы, орташа, орташа тұрақты, орташа өзгермелі,  шекті шығындарды анықтаңыздар.

Q 0 1 2 3 4
TVC 0 5 12 16 18

 

Шешуі:

Жалпы шығындарды табу үшін айнымалы жалпы шығындарға жалпы тұрақты шығындарды қосу керек. Орташа шығындар жалпы шығындарды өндірілген өнім көлеміне бөлү арқылы аныкталады, орташа тұрақты шығындар мына формуламен анықталады TFC / Q, осыдан Q = 1 тендігінде барлық тұрақты шығындар AFC = 10, Q = 2,  AFC = 10:2 = 5 және т.б. Орташа айнымалы шығындар жалпы айнымалы шығындардың өндірілген өнім бөлу арқылы анықталады Q = 1,  AVC = TVC / Q = 5/1 =5;  Q = 2 AVC = 12/2 = 6.

Шекті шығындар- бұл өнім бірлігін қосымша өндірілгендегі шығындардын өсуі. Өнімнін өсүі тұрақты 1- ге тен болғанда шалпы шығындарды салыстыру керек: 15-10=5; 22-15=7 ж. т.б.

Есепті есепту үшін кестені толтырыныз:

Q 0 1 2 3 4
TVC 0 5 12 22 36
TFC 10 10 10 10 10
TC 10 15 22 32 46
AC 15 11 10,67 11,5
AFC 10 5 3,33 2,5
AVC 5 6 7,33 9
MC 5 7 10 14

 

№8 есеп. 

Шағын дукеннің  иесі жыл сайын 3 мын. у.е. арендаға  жұмысшылардың жалақысы 20 мың., 100 мың. шикізатқа, 10 мын. у.е. электрэнергияға төлейді.  Құрал-жабдықтардың бағасы   200 мың. у.е.  жұмыс істейтін ұзақтығы 10 жыл.  Егер шағын дукеннін иесі бұл шығындарды банкке салса онын жыл сайын табысы  16 мың. у.е.  болар еді.  Бухгалтерлік және экономиқалық шығындарды есептеніз.

Шешуі:

Бухгалтерлік шығындарға аренданың, шікізат, электроэнергия, енбек ақысы, құрал жабдықтардын амортизация шығындары жатады: 3 + 20 + 100 + 10 + 200/10 = 153 мың. у.е.  Экономикалық шығындар бухгалтерлік және пайдалана алмаған шығындар қосымдысынан тұрады: 153 + 16 = 169 мың. у.е.    Бугалтерлік шығындар153 мың. у.е.,  экномикалық -169 мың. у.е.

№9  есеп. 

Берілген кесте бойынша жалпы орташа және шекті еңбек өнімділігін  анықтаңыздар:

Жұмысшылар саны (L) 0 1 2 3 4 5
Жалпы өнім (TP) 0 5 12 16 18 19

 

Шешуі:

Енбектің жалпы өнімділігі= ТР : L,

Шекті еңбек өнімділіг= ^TP/^L.

 

Орташа өнім 5 6 5,33 4,5 3,8
Шекті өнім 5 7 4 2 1

 

№10  есеп. 

Қысқа мерзім ішінде фирма 500 бірлік өнім шығарады. Орташа өзгермелі шығындары 2 ақша бірліктерін құрайды, орташа тұрақты шығындары 0.5 ақша бірліктерін құрайды. Жалпы шығындарды анықтаңыздар.

Шешуі:

500*2=1000 а.б. 500*0,5=250 а.б.

Жалпы шығындар=1000+250=1250

№11 есеп.

Бес жұмысшылардың орташа өндірілген өнімнін саны 40. Алтыншы  жұмысшының шекті өнімі 10. Алты жұмысшынылардың орташа өнімін есептеніз.

Шешуі:

Бес жұмысшының жалпы енбек  өнімін анықтаймыз: ТРL (5) = 40 * 5 = 200 бірлік. Қосымша бір жұмысшынын енбекке тартқанда енбек өнімінін ұлгаюы=200 + 10 = 210  бірлік. Енді орташа енбек өнімін есептейміз АРL (6) = 210 : 6 = 35 бірлік.

№12  есеп. 

Кестеде өнім саны және орташа шығын тұралы деректер ұсынылған.

Q 2 4 6 8 10 12
AC 10 9 11 14 18,5 23

Жалпы және шекті шығындарды анықтаңыздар.

Шешуі:

Кесте түрінде беруге болады:

Q 2 4 6 8 10 12
AC 10 9 11 14 18,5 23
TC 20 36 66 112 185 276
MC 10 9 15 23 36,5 45,5

Түсіндірілуі ТС= АС* Q; мысалы 10 * 2 = 20, 9 * 4 = 36.   және т.б. шекті шығындарды есептеу үшін жалпы шығындардың өсімін өнім саныныз өсуіне бөлу керек мысалы (36 – 20) : (4 – 2) = 9 немесе  (66 – 36) : (6 – 2) = 15. және т б

№13 есеп. 

Кестеде орташа шығындар тұралы дерект ұсынылған.

Q 1 2 3 4 5 6
MC 45 35 50 68 88 110

Жалпы шығындарды анықтаңыздар.

Шешуі:

Жалпы шығындарды есептеу үшін орташа шығындарды (МС) алдыңғы өндірілген өнім бірлігін шекті шығындардың келесі бірлігімен қосу керек. Мысалы: ТС2 = 45 + 35= 80.

Кестені жалғастырамыз:

Q 1 2 3 4 5 6
MC 45 35 50 68 88 110
ТС 45 80 130 198 286 396

 

№14  есеп. 

Кестені толтырыныз

Өндірілген өнім саны, Q (бір.) Келісімді өнімнің бағасы, Р Жалпы табыс, TR. Шекті табыс, MR
0 200 . . . . . .
1 175 . . . . . .
2 . . . 300 . . .
3 135 . . . . . .
4 . . . 480 . . .
5 105 . . . . . .
6 90 . . . . . .

 

Шешімі:

Өндірілген өнім саны, Q (бір.) Келісімді өнімнің бағасы, Р Жалпы табыс, TR. Шекті табыс, MR
0 200 0 0
1 175 175 175
2 150 300 125
3 135 405 105
4 120 480 75
5 105 525 45
6 90 540 15

 

№15 есеп. 

Өндірілген бес дананың жалпы шығыны 250  тенге,  ал алты өнімнін шығыны  280 тенге. Өндірілген  өнім  алтыға тен болса орташа және шекті шығындарды табыныз.

Шешуі:

Орташа шығын жалпы шығынды өндірілген өнім көлеміне бөлүмен анықталады:

АС = ТС (6): 6 = 280 : 6 = 46,6 ақша бірлігі

Шекті шығындар бұл жалпы шығындар осу көлемін өнім өсу санына бөлу. МС = (280 – 250) : 1 = 30 ақша бірлігі

АС = 46,6 ақша бірлігі., МС = 30 ақша бірлігі. 

You May Also Like

Виртуалды мұражай моделін құру

ВИРТУАЛДЫ МҰРАЖАЙ МОДЕЛІН ҚҰРУ Астанада ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу – Қазақстандағы ұлттық…

Жылқыны қалай өсіру керек?

Жылқы мен атты қалай өсіру керек? Жылқы Алдымен жылқы не екенін біліп…

Балық сорпасы

Қажетті өнімдер: 150 г томат шырыны, 40 г теңіз алабұғасы, 30 г…

Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп  гигиенасы(тек жауаптары): І, ІІ- нұсқа жауаптары

Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп  гигиенасы(тек жауаптары): Iнұсқа 1).Жүре пайда болған рефлекстер:…