Қазақстанда асқабақтың кәдімгі асқабақ, мускатты және ірі асқабақ деген түрлері мен «Волгалық сұр-92»,
«Мозолеевская-іо», «Қашғарлық-1644» сорттары өсіріледі. Асқабақ жемісінің құрамында 15-18 % құрғақ заттар, 8-ю % сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, дәнінде 20-40% май бар. Көптеген асқабақтың құрамында әртүрлі физиологиялық әсері бар кукурбитацин заты болады. Адам денсаулығына пайдалылығы жағынан бұл бақша өнімі өзге жеміс-жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге аса бай. Оның құрамында адам ағзасына қажетті С, Ві, В2, В5, Е, РР, ағзадағы зат алмасу процесін жеделдететін Т және қанның ұюына ықпал ететін К дәрумені, калий, кальций, темір кездеседі. Құрамында дәрумендердің көптігінен болар, ол мың бір ауруға ем саналады. Көру қабілеті нашарлағанда, қаназдықтан жапа шеккенде, артық салмақтан арылғысы келетіндерге таптырмайтын ем. Ол ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады.
Асқабақ экологиялық таза өнім болып табылады. Ауа райы мен топырақтың орта жағдайын талғамай өсетін болғандықтан, өсіргенде химиялық препараттарды қолданбайды. Қазірде асқабақ дәмді тағам болумен қатар, дәрілік қасиеті анықталып отыр. Шипалық қасиеттеріне тоқталсақ, жүрек әлсіздігінен жүдегендерге ем ретінде қолданылатын асқабақтың ішіндегі жұмсақ мәйегін дәрігерлер отқа немесе суға күйген науқастарға жарасына таңуға кеңес береді. Халық ем-домында оның несеп жүргізетін, ыстықты түсіретін қасиеттері белгілі. Әсіресе, жүрек қан-тамыр аурулары, гипертония жөне зат алмасуда қиындықтары бар науқастарға диеталық тағам ривде ұсынылған. Асқабақтың осындаи тамақтық, шипалық қасиеттері болса, оның дәнінің бағалы екені кейінгі кезде кеңінен мәлім бола бастады. Оны балмен араластырып жеп, ішек құрттарын түсіру үшін пайдаланады. Ежелгі емшілер асқабақтың шырынын ем ретінде ішкізген. Бүйрек, бауыр ауырған жағдайда күніне 1 стақан шырынын ішу керек делінген. Шырынын жаңа дайындалған күйінде ғана ішеді, өйткені үйдегі жағдайда оны сақтау өте қиын. Ең соңында асқабақ қыста сақтағанда пісіп жетілетінін айта өтейік. Сондықтан әдетте оның пісіп үлгермеген пөлектерін қалдырмай жинап алады. Минералды тұздар және, дәрумендерге бай асқабақтың бағалы дәндері құрамында ақуыздар, омеге-3, қанықтырылмаған май қышқылдары, селен, магний, мырыш, сондай-ақ, С, В тобының дәрумендері бар. Несеп-жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және паразиттерді жояды.
Құрамында жасанды талшықтың, судың және жасұнықтың көп мөлшерінің арқасында асқабақ арықтауға себепші болатын ем-домдарда жиі қолданады. Ағзадағы асқорыту үдерістерін тездетеді, уыттардан тазартады. Ежелгі жазбаларда асқабақ дәнінің майы құлақ пен тамақ ауруына ем ретінде пайдаланылатыны айтылады. Бұл емдік қасиеттерді Авиценаның жазбалары табылған. Мухаммед Хусейн Шеразйдің жазбаларына қарасақ ыстығы жоғары адамдарға асқабақ шәрбаты (сироп) шипалЫ әсер ететіні айтылған. Асқабақтың шипалық пайдасын білген Австрия патшасы (1773 жылы) былай деп жарлық берген: «Асқабақ денсаулыққа таңғажайып әсер етеді, өте пайдалы болғандықтан тағам ретінде пайдалануға тым бағалы, сондықтан тек дәрі күйінде ғана пайдаланылсын!».

Денсаулыққа пайдалы табиғи өсімдіктекті майлардың бірі – асқабақ майы 90 % жуық қанықпаған майларды, 45-60% дейін линолді қышқылдан және 15% шамасында линолен қышқылынан тұрады, омега-3, омега-6 май қышқылдарына аса бай.
АсҚабақ майы қуырылған асқабақтың дәнінен сығып алынады. Бұл майдың өзіне тән ерекшеліктері бар. Қошқыл жасыл немесе қою қоңыр түсі бар, өткір хош иісті, тәтті дәмі бар. Міне, осы асқабақ майы – биологиялық белсенді зат ретінде қолданылады. Оның құрамында белсенді май қышқылдары: пальмитин, стераин, олеин линол қышқылдары, стериндер, фасфолипидтер, каротинойдтар, дәрумендер мен микроэлементтер бар. Асқабақ дәнінің майын әртүрлі дәрілік формаларда қолданады (капсулалар, флакондар). Оның майының

құрамында қанықпаған май қышқылдарының болуы жануар майының ең жақсы алмастырғышы болып табылады. Себебі жануар май қышқылдары қаныққан, яғни эмульсия түзбейді де ағзаға сіңуі қиын. Ал асқабақ майы сияқты өсімдікті майларда қанықпаған майлар болады да, тағамның сіңіп, жеңілдеп зат алмасуы қарқындай түседі. Сөйтіп, ағзадағы асқорыту жөне зәр шығару мүшелерінің жұмысы күшейе түседі. Қазірде дамыған елдерде асқабақ майы биологиялық белсенді зат фитопрепарат күйінде қолданылуда.

Халықтық ем
Асқабақ шырыны немесе қайнатпасын балмен ұйқы алдында ішсе, орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, ұйқы дәрісі секілді әсер етеді. Жүкті әйелдердің жүрегінің айнығанын асқабақ шырыны басады.
•»Ағза жүдегенде және әлсіздікте асқабақты сүтпен дайындап, қаймақ, май, жаңғақ, бадаммен қосып жейді.
*Асқазан-ішек жолдары, асқазанның шырышты қабатында дерт болса, асқабақтан езбе дайындап ішуді әдетке айналдырыңыз.

•»Бүйрек ауырғанда тәулігіне жарты стақан балғын шырыны немесе қайнатылғанынан жейді.
Терідегі қышыма, есекжем шыққанда, күйік шалғанда үккіштен өткен мәйегінен компресс жасайды.
Боткина дертінде (бауыр) з-4 ай қатарынан үзбестен мәйегін жеп отырады. Бұл бауырдың қызметін жақсартады.
Лямблиоз (ішектегі құрт) дертінде асқабақты алып дәні мен мәйегін ойып алып тастайды да

жылы су құяды. Жарты сағат беті жабық ыдыстың ішінде тұрады. Дайын болған тұнбадан күніне 4 рет астан 20 минут бұрын жарты стақаннан ішеді. Емдік курс 20 күн. Бір айдан соң емді қайта жалғастырады.

Ішектегі паразиттен арылудың ең тиімді тәсілі – қабығы аршылған дәнін ашқарынға жейді. 6-7 дәнді езіп, сүтпен ішеді.
Простатит: о,5 кг. тазаланған асқабақ дәнін (қуырылмаған болуы тиіс) еттарқыштан өткізеді. Оны 1 стақан балмен араластырады да орман жаңғағы тәрізді кішкене-кішкене пішімге келтіреді. Он шақтысын банкаға салып, қалғанын тоңазытқышта сақтайды. Мұны күніне 1 рет ашқарынға астан зо минут бұрын жейді. Емді жылына 1 рет ғана жасайды.
Егде жандардың көбісін ұйқысыздық мазалайды. Бұдан арылудың тәсілі: қайнатылған (буға піскен) асқабақ мәйегінен ботқа дайындап күніне 2 рет 50 гр-нан ішеді. ¥йқы алдында қайнатпасына бал қосып, 1/з стақаннан кәдеге жаратады. Екінші тәсіл: 20 бадам жаңғағына 1 шай қасық асқабақ дәнегін қосып, үстіне қайнаған су құяды. 3 сағат тұндырылады. Мұны кешке ішеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Лагерьдегі қауіпсіздік ережелері

Лагерьдегі қауіпсіздік ережелері Әрбір лагерге келгеннен кейін бірінші минуттан бастап лагерь дүние…

Алақаныңыздағы жедел жәрдем тілін білесіз бе?

Ауру айтып келмейді, уақыт талғамайды. Мәселен, бас ауруы түрлі себептермен орын алады.…

Жер пайдаланудың шекарасын орнына келтіру және түсіру, дәріс

Жер учаскелерінің шекараларын қалпына келтірудегі геодезиялық жұмыстар  жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің…

Қызыл балық қосылған бутерброд. Дайындау тәсілі

Қызыл балық қосылған бутерброд Қажетті өнімдер: – нан; – майонез; – қызанақ;…