«Мен елімнің ер ұланы, өр ұланы !»

                                                                                 Арыстандай айбатты,

                                                                                              жолбарыстай қайратты,

                                                                                             мен жастарға сенемін!

                                                                                                                    Мағжан

       Ертеңгі ел тұтқасы – ұлтжанды, елжанды, ұрпақтың қолында. Ұлан байтақ жасампаз еліміздің  ұрпақтары – денсаулық, салауаттылық басты байлықтардың бірі екендігін біледі. Ұлы Дала елінің  ертеңін көркейту жолында   «Қазақстан – 2050» стратегиясы осынау мәңгілік буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буынан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенетін Елбасымыз: «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана біз «Мәңгілік Ел» боламыз» дейді.

Қазақ халқы ерте кезден-ақ бала тәрбиесіне көңіл бөліп, баланың ақыл – ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған дәлел қазақтың спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, асық атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп өскен жастар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз.
Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Қазіргі таңдағы қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде.Ж.Аймауытов: «Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт –жас күнде көрген өнеге»,-деп отбасы моделі баланың өмірлік өнегесі екендігін айтады.  Жат әрекеттерге қарсы тәрбиені отбасы ошақ қасынан бастаған жөн. Ал одан кейінгі балабақша, мектепте, арнаулы оқу орнында, жоғарғы оқу орнында дұрыс тәрбие бере отырып өмірге бейімдеп қалыптастыратыны сөзсіз. Қазіргі таңдағы мемлекетіміздің негізгі мақсаты қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру. Елбасымыз  жастардың болашағына зор сеніммен қарап, үміт артады. Яғни, дені сау, білімді, білікті, жан-жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді.

Мен де осы елдің Өр ұланымын, Ер ұланымын.Жастайымнан  өміріме спортты серік еттім. Бүгінде даңқы шыққан дзюдошыларымыздың ізін жалғаған өренді жас спортшылардың бірі мен боламын. Спорт тек менің денсаулығыма, күш қайратымның нығаюына  ғана септігін тигізбеді,спорттағы жемісті- жеңістер мені өмірдің кетір-бұдырына төзе білуге, алға қойған мақсатқа еңбекпен жетуге болатынын үйретті.

Ия, асыл мұратқа жету жолында  жоспарыңның да айқын болуы керек. Менің өмірдегі алға қойған мақсаттарым әлемдік деңгейдегі  олимпиада ойындарында, тартысты додаларда  қазағымның көк байрағын желбіретіп, әнұранын шырқату және қоғамға пайда келтіретін тұлға болып қалыптасу.Асыл мұратымның іске асуы үшін тынбай жаттығып, үздіксіз еңбектеніп, бар күш-жігерімді жұмсаймын. Әр түрлі күрестің  әдіс-тәсілдерін үйренуден жалықпайтын мен, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық сайыстардан  жүлделі орындарын иелендім, сондай-ақ алыс-жақын шетелдерде бағымды сынап, қанжығама алтын, күміс алқаларды байладым. Осы кезеңге дейінгі жеткен жетістігіме қарағанда, әлі де алар асуларым көп екендігін сезінемін.

Екіншіден, еліме, туған жеріме пайдасы бар азамат болу арманым. Қоғамда өз орнымды тауып,к ірпіші болып қалансам болғаны. Өміріме даңқты палуан, қазақ спортының негізін қалаушылардың бірі –  Жақсылық Үшкемпіров атамыздың ұстанымдарын үлгі тұтамын, сол секілді елді танытып, ауыл жастарына  қолдау көрсеткім келеді. Ағамыздың : «Менің мақсатым байлық қуу емес, шамам келгенінше қоғамға өз үлесімді қосу»-дейді. Осы пікірі мен үшін бағдаршам сипатты. Жақсылық ағаның: «Қазір менің істеп жатқан тірлігім, бір ауылды қамқорлыққа алып, соған газ тартқызып, соған спорт кешенін, балабақша салдырттым. Тұрғындардың қол жетімді бағамен пәтер алуына мүмкіндік жасадым.  Осы жасап жатқан шаруамның барлығы келешек ұрпақ үшін. Қазақтың кәсіпкер азаматтарына үлгі болсам деймін.  Солар менің артымнан ерсе, тек өзіне ғана емес, халыққа да пайдасы тисе деймін. Менің бір арманым бар, осы біздің елде көп болса 5 мыңнан аса ауыл бар шығар. Сол 5 мың ауылды қамқорлыққа алатын 5 мың қазақтың жігіті шығып, ауылымызды көтеріп жіберсек, шіркін! Одан басқа қандай бақыт керек?» деген сөздері әр қазақ азаматының жүрегінде сайрайды, мені де жігерлендіреді.

Мамандығымның cәндік қолданбалы өнер  болса, қолөнер кәсібін дамыту менің сүйікті кәсібім. Тек спортпен ғана шектелмей, таңдаған мамандығымның білікті маманы болғым келеді.

Жастардың бойында елім,жерім,Отаным деп соғатын елжанды рухты азаматтар болса деймін;

  • Қазақ еліндегі отандық дзюдо спортын дамытуға үлесімді қосу;
  • Ұлттық спорт ойындарын дамыту;
  • Ауылды көркейту,ауыл экономикасын дамыту;

Мақсатқа жету жолында бар күш-жігерімді, парасаттылығымды,  өжеттілігімді сарп етуге дайынмын.Отаным, бағым, арымсың деп сайрайды, жұдырықтай жүрегім!

Мен қазақпын, бойымдағы қан қазақ,

Мен қазақпын,мен шырқайтын жыр қазақ.

Бір қазақтың бақыты мен бағына,

Барша үнмен қуанса екен бар қазақ.

Сүрінгенде,бүлінгенде бір қазақ,      

Тіреу болсын, сүйеу болсын мың қазақ!

Мәңгілік ел – Ұлы Дала елімнің ұлы мұраттары  асқақтасын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

My British cat

My British cat Relevance It is that the world of cats is…

Жер пайдаланудың шекарасын орнына келтіру және түсіру, дәріс

Жер учаскелерінің шекараларын қалпына келтірудегі геодезиялық жұмыстар  жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің…

Бала тәрбиесіндегі ертегілердің маңызы

Ертегі – ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мұрасы.…

Есептеуіш техниканың даму тарихы және құрылымдары

Есептеуіш техниканың даму тарихы және құрлымдары Ең алғашқы пайда болған есептеу құралы…