1. Ертегі – ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте, ертеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес. Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғүрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары, халықтың мүң шері, арман-мүраты бейнёленген.Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір түрі – ертегілер. Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз. Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам баласының еңбек-кәсіп ету, тұрмыс тіршілік құру тәжірибесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатындығын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен; өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөніндегі ұғым-түсініктерін, нанымы мен сенімін әңгімелеп айтатын болған. Сөйтіп ертегі-әңгімелердің алғашқы үлгілері туған. (Халық шығармасының бұл түрі «ертегі» деп аталуының өзі-ақ, онда аитылатын әңгімелердің есте қалмаған ерте заманда туғандығын анғартады). Осыған байланысты тағы бір жайды ескерте кетелік. Қазақ тілінде ауызша айтылып келген ертегілердің барлығын бірдей қазақ халқы шығарған жоқ. Қазақ ертегілерінің ішінде ағайындас-аралас, көршілерден, атап айтқанда: орыс, қырғыз, өзбек, Түркімен, қарақалпақ халықтарынан алынған, бізге сіңісіп кеткен, өзіміздің төл- тумамыз болған ертегілер де бар. Бұл алуандас ертегілер кездейсоқ түрде келіп енбеген. Ол қазақ халқымен көршілердің арасында көп заманға созылған әкономикалық, ағайын-достық қарым-қатынастардың негізінде енген. Сөйтіп, қазақ халқы бұл ертегілердің жалпы мазмұнын алып, мәнерлеп әңгімелеген, өзінің тума шығармасы етіп жіберген. Сондықтан да біз оларды қазақ халқының ертегісі деп қарауға тиістіміз. Ертегіге бай елдердің бірі – қазақ халқы. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар. XIX ғасырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та көркем үлгілерін В.Радлов, Г.Потанин, И.Березин, А.Алекторов, П. Мелиоранский, Ш. Уәлиханов, Ә.Диваев сияқты белді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклорының кейбір нұсқалары «Дала уалаяты», Айқап», «Туркестанские ведомости», «Тургайская газета», т.б. мерзімді баспасөз бетінде жарияланып келді. «Образцы народной литературы тюркских племен» атты 10 томдық жинақтарында В.В. Радлов қазак, қырғыз, ұйғыр, өзбек, әзербайжан сияқты кептеген Тұркі тайпалардың әпостық жырлары мен ертегілерін молынан жариялаған. Сонымен қатар қазақ әпосы мен ертегілерін жинап бастыру ісінде башқұрт ғалымы, профессор Әбубәкір Диваевтың еңбегі де елеулі. Қазақ ертегілерінің қай түрі болса да замана елегінен өтіп, халық санасына сіңіп кеткен сюжеттер. Онда бір елден екінші елге ауысып, төл сюжет болып жүрген мотив-образдар да аз емес. Ертегінің түтынушылары қоғамның түрліше тобынан шыға береді. Төменгі тап ортасынан шыққан ертегілерде сатира, демокартия сарыны елеулі болатынын кезінде М. Әуезов жақсы айтқан болатын. Сонымен бірге қазақ ертегілерін тек қана феодализм дәуірімен түйықтап, оны 1868 жылғы реформадан да кейін туғызу ертегі генезисін кенжелету ме дейміз. Шыншыл ертегілер антифеодалдық сарында болған десек, сол жеткілікті. Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар: а) мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілер; ә) хайуанаттар (жан-жануарлар) жайындағы ертегілер; б) реалистік (Тұрмыс-салт) ертегілері.
    1.2 Қиял – ғажайып ертегілер. Бұл ертегілер тым ерте замандарда, адам табиғат сырын толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрінісі аздау болады. Мифологиялық ойлау адамдардың топ-топ болып орман, тау-тас үңгірлерін мекендеп жүрген кезеңінен бастап туса да ғажап емес. Ол дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау дәрежесі өте анайы болған. Күн, ай, от судың жойқын күштерінің сырына түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сыйынып, табынған: бірінен қорықса, бірін қастерлеген. Оларды адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар деп үққан. Мұндай сәби мифология тарихы үнді, грек, араб елдерінде көбірек сақталған. Кейбір елдерде киелі аңдарға сыйыну дәсТұрі де болған. Қазақтың мифологиялық ертегілері бұдан кештеу, матриархат пен патриархат дәуірінің ауысу кезеңдерінде туса керек. Аңшылық салты өмір сахнасынан шыққан кезде адамдар аң-қүстардың сырын танып, біліп, олар жайында сан-салалы образдар тудырған. Жалмауыз, мыстан кемпір, жезтырнақтар матриархат дәуірінің ұғым-нанымдары болмақ. Аңшылық кәсіп ер адамдардың әрекетімен көбірек байланысты болғандықтан, алғашқы ру қоғамының салт-санасы қалыптасып, жұбайлы неке туады. Бұл кезеңде туған қиял-ғажайып ертегілерінде адамға жат барлық күштермен күресушілер – мергендер, батырлар болып көрінеді. Патриархат дәуірінде адамды ең басты киелі күш деп ұғыну үстем болған. Табиғаттың тілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап соған адам әрекетін қарсы қоятын қиял – ғажайып ертегілері осы ізде туған. Мұндай ертегілерде реалдық адам образдары мен мифтік образдар қаз-қатар суреттеледі. Ондай сюжеттердің қазақ ертегілеріндегі үлгілері – «Ер Төстік», «Еділ-Жайық», «Құламерген», «Аламан мен Жоламан», «Күн астындағы Күнекей қыз», «Алтын сақа», «Керқүла атты Кендебай», т.б. Қазақтың қиял- ғажайып ертегілерінде адамға жамандық ойлап жүретін мифтік образдардың бірі – жалмауыз кемпір. «Еділ-Жайық» ертегісінде ол адамға үстемдік етсе, «Алтын сақада» баладан жеңіліс табады. Жалмауыз кемпір табиғатының өзінде де елеулі өзгерістер бар. Мысалы, матриархат дәуірінде өндіріс күштері төменгі дережеде болғандықтан, адам етін жеу, алпысқа келген әкені өлтіру үрдіс болған. Оның ізі «Еділ – Жайық» ертегісінде бар. Ондағы жалмауыз қора-қора малы болса да, адам етін жейді. Ер Төстік, Кендебай, Аламан, Желім батырдың өзі ең алдымен аталық қоғамның ұйытқысы болған жұбайлы өмір, от басы үшін күреседі. Олардың жаулары әр салалы болып, табиғат, жалмауыз кемпір, диюлер, тіпті хандар ортасынан да табылып отырады. Мысалы, Аламанның алтын шашты әйелін хан мыстанды жұмсап, қолға түсіреді. «Қүла мерген» сюжетінде жұбайлы некенің ұйтқысын бүзушы дәулер болса да, мерген батырлар адамға жат барлық күштерді жеңіп отырады, Осы күресте ертегінің басты кейіпкеріне болысып, достық ықылас көрсететін жаңа мифтік образдар туады (Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар, Жарғаққұлақ, т.б.). Бұлар көбіне адам тұлғасында көрінетін мифтік образдар. Олар ертегінің бас қаһармандарына ұзақ сапарға шыққанда ғана қосылып, көбіне қыз үзату үстіндегі бәйге, күресте көрінеді. Мұндай образдар орыс ертегілерінде де бар (Ветрогон, Горокат т.б.). Өмір ілгері басқан сайын, ит, түлкінің де қызметі жіктеле бастайды. Мысалы, «КүнастындағыКүнікейқыз» ертегісіндегікөктөбетадамжейтінболса, «Алтын сақадағы» иттер адамның досы. Кейде пері қыздары өз сиқырын адам (батыр) пайдасына қолданады. Оған – Күнікей қыздың, хандықасқырға, уәзірлерді түлкіге айналдыруы куә. Адам ендітілсізкүштердің, түрлі-түспен тұлғаға ене алатын сиқырмен де жансалыпкүреседі. Табиғат сырын танып білу тереңдей түседі. Мифті койлаудың астарында табиғат, өмір құбылыстарынадамәрекеті, еңбекүстіндетанудыңбелгілері бар. «Алтын сақа» ертегісіненбақташылықөмірсуреті көрініс тапқан. Ішіндетотемдікұғым да бар. Мысалы, жалмауызкемпірқуыпжеткенде, екітүлкікеліп, біріоныңтісін, бірікетпеніналыпкетеді. Баланыңсәлемінқарғаларемес, қарлығашғанаоның бес төбетінежеткізеді. Бес төбетжалмауызкемпірді де, оныңартынаніздепкелгенқызын да өлтіреді. Аламан мен Жоламан, Құламергендерылғидәу, мыстандарменкүреседі. Осы мазмұндасмифологиялықертегілердеқала, қамал, құдық (зындан) оқиғасыжәнекездеседі. «¥шар ханныңүшбаласы» ертегісіндеайдаһартотемініңізі бар. Мұндай мифология шығысертегілеріндекөпболса да, бұлертегіқазақтыңтөлұғымынан туған. Айдаһарданқыздыарашалапқалубатырларжырында да кездесіпқалады. ЕртегідегіЖандыбатыркүн (пері) қызыніздеп, екіайдаһарды, көлтаусардәудіөлтіріп, Зәузәмірдейтінперіқызыналады. Тартысжұбайлынекеніңорнығукезеңінен хабар береді. Мұндағыбалағаболысатынжүлдызшы, кітапшы, суға түскен семсерді табатын дәулер Желаяқтар сияқты адамға дос. Матриархат дәуірініңмифіненмыстан мен Сары өзенді шайқайтын дәу бар. Дәузәмір «Оғызнамадағы» Күнсүлуға үқсас. География мен ұғымдар шеңбері өте кең. Айдаһар, мыстан, дәу ерте замандарға кетсе, жүлдызшы, кітапшы – Соғда, Қытай, Тибет елдерінің ұғымына бейім, Сиқырлысемсертемірқолданудыңтуғандығынбілдіреді. Жамандық пен жақсылық, жетіпәле Иран елінің ұғымдарынан да көрініс тапқан. Олзамандардаполитеистікнаным бүкіл Азияға ортақ болған. Мысалы, «Қорқытатакітабы» сюжетіндегіТөбекөздәу «Одиссеядағы» Полифемгеүқсас. Скиф-сақ дәуірінен қалған Желаяқ (Ветрогон). Көлтаусар (Опивало яки Объедало), Таусоғар (Горокат) шығыс-батысқабірдейортақ. Жабайылық, аңшылық, бақташылықөмірсатыларын, космолгия, тотемизм, зороастризм, дуализм, монотеизм нанымдарынбасынанөткермегенелдеркемде-кем.
    1.4 Жан-жануарлар туралы ертегілер. Мифологиялық ертегілерден кенже туған, тақырыбы жан-жануарлар туралы болса да, реалистік сипаты бар қазақ ертегілерінің бір саласын хайуанаттар жайындағы сюжеттердейміз. «Қазақертегілерінің» бірінші томына бұл тақырып тағы сюжеттен он үш, екінші томына жиырма бес ертегіенген-ді.
    Бүгіндебұлертегілербарыншатолықкүйіндежарықкөріпотыр. Олардың өзін мал шаруашылығына («Бозінген») жәнехайуанаттарғабайланыстытуған («Сырттандар», «Арыстан мен түлкі») ертегілердепекісалаға бөлеміз. Соңғысында араб, үндіжүртының «Мыңбіртүн», «Қалила мен Димна», «Тотынама» сияқтысюжеттеріненалынғанертегілер де бар. Қазақтың бақташылық өмірінен туғанғажапертегілердіңбірі-«Бозінген» сюжеті. Мұндағы Бағланбай малыныңқүтыболғанБозінгендітумадыдеп, бір шал мен кемпіргебақтырады. Бозінген басы алтын, қүйрығыкүміс бота туғанда, кемпір мен шал інгендібіркеруеншілергесатыпжіберіп, ботасыналыпқалады. Қысқа ғана ертегінің көпжері ботасын жоқтап жылаған Бозінгеннің зарлы сөздеріне құрылған. Бағлан байдың екі баласы Бозінгеннің даусын танып, оны ботасына қосады. Малды, әсіресе түйетүлігін қасиет түтқан қазақ халқы бұл тұста ботасын сүйген Бозінгенді үлкен образға айналдырған. Бозінгеннің зары – монолог түрінде берілген. Онысы – жоқтау: Жаралғаннан жасымнан, Үстіме кілем жамылдым. Күйіп, жаныпсабылдым. Көреркүнім бар маекен. Тартып беру бала үшін, Мен ботамдысағындым. Бұдан әрі өзі жат қолына түскен Бозінген ұшқан құстардан, я үнде жортқан жапалақтан ботасының дерегін сұрайды. Иесі түйені қүтқарып, ботасын алып кележатқанда да Бозінген оны көруге асығып, адамша мұңданып, көзжасын төгеді. Малды қадіртұтқан қазақ ұғымында түйенің бала сүюі адамға ұқсас болып шығады. Ауырып жатқан кемпір-шалға дәрі шөп іздеп шығатын қошқар мен теке – кедейдің сүйенер қолқанаты. Олар жолай Тұрлі жыртқыш аңқарға жем бола жаздаса да, дәрі шөптерді тауып келіп, өз иелерін ажалдан қүтқарады. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде мал баққан елдің баласы жасынан-ақ сол тірлікті қадірлей бастайды. Қазақ ергегілерінде төрт түлік мал адамның қүты, досы, тірегі ретінде суреттеледі. Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде айтылатын ертегілер де көп. Оның көркем үлгілері «Қазақ ертегілерінде» жарияланып келеді. Тақырыбы жағынан күлдіргілеу болып келетін бұл ертегілер («Түлкі, қойшы, аю», «Түлкі мен бөдене», «Арыстан мен түлкі») көп жайда Тұрлі аңдар мінезін танытып қана қоймай, сол мінездер арқылы қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті де көрсетеді. Қу асығып, адамша мүңданып, көз жасын төгеді. Малды қадір тұтқан қазақ ұғымында түйенің бала сүюі адамға үқсас болып шығады. Мал күту мен еңбек мәнін биік бағалайтын «Қотыр торғай», «Кім күшті?», «Қуыршақ» сияқты жас балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса қызық, тартымды. Кім күшті? ертегісінде мүздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөп, тоқты, қасқырдың, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пілтесін жеп коятын тышқан, тышқаннан ін қазып, алты батпан ауырды арқалап, жеті батпан ауырды сүйреген қүмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол – еңбек сүйгіш, үйымшыл. «Тепең көк» ертегісінде сараң байдың кедейленген үш баласына малдан қалған жалғыз көк тай олжа түсіреді. Хайуанаттар туралы кейбір ертегілерге адам образы қосыла бастайды. «Мақта қыз» бен «Қотыр торғай» оқигалары еңбек процесімен тікелей байланысып жатады. Қотырын ауыртқан шеңгелді торғай ешкіге шағады, шеңгелді ешкі жейді. Тілін алмаған ешкіні қасқырға шағады, сөйтіп торғай екеш торғай да өзінің кегін жоқтайды. Мұның айтары – нашарға қиянат жасама, өзіңнен зор шықса, көзің шығар деген әділет идеясы болмақ. Тым кішкене куыршақтың өзі де әділет адамы, батыр, «Бозінген», «Тепең көк» ертегілері тірліктің қамын айтады. Халықтың меңзеп отырғаны бір ғана аңдар арасында жайлар емес, әлеумет өміріндегі теңсіздіктер, содан қүтылу -күн көріс, өмір сүрудің шарты дейтін меже болмақ. 1.3 Шыншыл ертегілер. Бұл ертегілер өмір шындығына жақын, ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір шындығынан алынып, бас қаһармандары патша, уәзір хан болып келеді. Мысалы. «Хан мен уәзір», «Өнеге», «Ақылды етікші» ертегілерінің бас қаһармандары күндіз тақта отырса, түнде үстіне жаман киім киіп, шаһар аралап жүретін патша мен оның уәзірлері. Мұндай ертегілерде хан әділ болып көрінеді. Бірақ көп жайда патшалар жауыз адам ретінде суреттеледі. Мысалы, «Ақылды етікші» ертегісінде хан ешкім өз пайдасын ойлап еңбек істемесін деп бүйрық береді. Мүны күндіз-түні етік тігіп, бала-шағасын зорға асырап жүрген етікші енбек адамдарына тиімсіз сол үшін ақылсыз ханның ісі дейді. Қазақтың реалистік ертегілерінің ең марқаларының бірі -«Алпысқа келгеннен ақыл сүра» сюжеті болуға тиіс. Бұрын жүрт өзінің алпысқа келген әкесін өлтіретін болса, бұл ертегілердегі ақылды қарт елдің ең қадірлі адамына айналады. Бұл аталық қоғам салтының нығаюын көрсететін құбылыс. «Жақсылық пен жамандық», «Үш ауыз сөз» ертегілері мінез, мораль тақырыптарына құрылған. Жамандық жаяу келе жатып, Жақсылықтың атын мініп өзін жаяу қалдырып кетеді. Бірақ табиғатынан ақылды Жақсылық бай қызын иемдеп, мүратына жетсе, ақылсыз Жамандық қасқыр мен арыстанға жем болады. «Үш ауыз сөз» ертегісінде жас жігіт ақылды қарияға бір үйір жылқы беріп «суын ішкен қүдыққа түкірме», «оң қолың ұрысса, сол қолың арашашы болсын», «ертеңгі асты тастама» дейтін үш ауыз өсиет үйренеді. Бала елден кетіп, бір ханға қызметке Тұрады. Оған хан әйелі ғашық болып, мазасын алады. Бала әйелдің дегеніне көнбеген соң, әйел баланы ханға жамандайды. Хан баланы ертеңгісін от жағарларға жұмсап: «Кім бұрын келсе, соны пешке тығып жіберіңдер» деп әмір береді. Таңертең қабын арқалап бара жатқан балаға бір кемпір жолығып, ертеңгі асты татып кет дейді. Сол екі арада баланы көргісі келіп пешханаға келген ханымды от жағарлар өртеп жібереді. Сөйтіп бала бір өлімнен аман қалады, мүрат-мақсатына жетеді, «Екі жетім» ертегісінде өгей шешенің қиянаты, «¥р тоқпақ» ертегісінде үрылардың өзі ұратын тоқпақтың астында қалғаны суреттеледі. «Үрлық түбі – қорлық» деген ғибрат осыдан келіп шығады. Шыншыл-реалистік ертегілерде ең әділ, ең ақылды адам халық ортасынан шығады. Мұның ғажап үлгісі – Аязби». Хан өзінің қырық уәзіріне адамның, қүстың және шөптің жаманын тауып әкеліңдер дегенде, адамның жаманына Аязби ілігеді. Бірақ оның жамандығы ақылында емес, тұрмысында, кедейлігінде. Ақыры ол өз заманының нағыз зерек, ақылды адамы болып шығады. Меңсұлуға үйленіп хан болады. Ол кісі болғанда да асып-таспайды, «аяз әліңді біл» деп өзіне-өзі ақыл салып отырады. Сондай ақылды да әділ адамға ханың қырық уәзірі қарсы болады. Аязби ертегісінде халық үстем тап адамдарын, олардың қараулығы мен ақылсыздығын әжуа еткен. Шындығында, ертегі айту еріккеннің ермегі емес, жастарды сөз өнерінің қыры мен сырына жаттықтырып тәрбиелеу мектебі болып саналған. Мәселен, ертеде казақ ауылына келген әр қонақтан «қонақ кәде» талап етіп, қонақтың өзі білетін ертегі, аңыз әңгімелерді қисынына келтіріп айтып беруін қалауы, ал оны ауылдың үлкен-кішілерінің кірпік кақпай тындап ләззат алуы, жастарды ауызекі сөз өнеріне тәрбиелеудің бірден-бір мектебі болған. Неше түрлі ғажайып уақиғаларға құрылған ертегілердің жігін келтіріп, тартымды етіп айтып беру, әр әпизодтың арасынан қыл өтпестей етіп байланыстыру, кейіпкерлеріне мінездеме беру, оларды тындаушының көз алдына елестетерліктей етіп бейнелеп бере білу, әр кейіпкердің мінез-қүлқы мен іс-әрекетіне қарай сөз сараптау, тілдік сипаттау таба білу, ертегі айтушыдан мол өнерді, тіпті айтқыштық шешендікті, әрі дикторлық, әрі ораторлық шеберлікті талап етеді. Демек, ертектің тартымды, қызықты, тыңдаушыға әсерлі болуы оны айтушыға байланысты. Жастарды ертегі айта білуге үйрету де халықтың сөз өнеріне тәрбиелеудегі өнеге мектебінің рөлін атқарып келген.Бала тілін жан-жақты дамытып, қалыптастыруда қазақ халқының ауызекі шығармашылығының маңызы өте зор. Халық ауыз екі шығармалары әсем түрде құрылған жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, ойын өлеңдер, ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелге бай. Осы бай мүраның қай түрін алсақ та балаға ана тілін меңгертіп, сөздік қорын молайту арқылы, байланыстырып сөйлеуге, тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда, дыбыстық қателіктерді жоюда, шығармашылық ойлауын дамытуда баға жетпес құралдар болып табылады.Қай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның басталуы, аяқталуы болады. Ертегі тілінің көркемділігі, қызғылықты оқиғалар желісінің баяндалуы образдардың шебер суреттелуі баланың ертегі дүниесіне қызығушылығын арттыра түседі. Ертегілерді баланьщ тындауы, естіген ертегі мазмұнын қайталап айтып беруі, баланың сөздік қорьш молайтып, байланыстырып сөйлеу тілін дамытьш, тілдің грамматикалық құрылымын меңгеруде ғана емес, ерлікке, достыққа, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге, әстетикалық талғамын, қиялын дамытуға мүмкіндіктер беріп Тұрлі жауыздық, зүлымдық иелері арқылы жамандықтан жирендіреді. Ата-ана бала түсінігіне лайықты мектеп жасына дейінгі балалар ушін тек қиял-ғажайып және хайуанаттар туралы ертегілер оқылатындығын ескергені жөн. Сәби балаларға (3-4 жас) ертегілерді ауызша әңгімелеп айтып беріп, ал ересек балаларға (5-6 жас) оқығанды тыңдатып және әңгімелету әдістерін жүргізуге болады. Себебі мектеп жасына дейінгі баланың жас кезеңдеріне қарай психикальщ даму ерекшеліктерін ескеретін болсақ бала үшін ұзақ уақыт оқылған ертегіні зейін қоя отырып тыңдау қиынға соғады. Ертегіні тындату арқылы балаға жан-жақты тәрбие беріп, дамытумен бірге, оқығанды шыдамдылықпен тыңдай білуге ұстамдылыққа үйрете аламыз, Әсіресе, ертегіні сюжетке қатысты түрлі-түсті суреттерді, картиналарды пайдалану арқылы әңгімелесу баланың қызығушылығы мен әстетикалық талғамын арттыра түсуде мол мумкіндіктер береді. Бала үшін сурст арқылы ертегі мазмұнын айтып беру, шығармашылық ойлауын, ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін де дамытады.
1 comment
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы менеджмент

КӘСІПОРЫНДАҒЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ МЕНЕДЖМЕНТ Нарықтық эканомика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік-эканомикалық…

Механикалық легирлеуге арналған жабдықтар

№ 14 дәріс. Механикалық легирлеуге арналған жабдықтар Механикалық легирлеу шарлар көмегімен ұнтақталуға…

Аграрлық өндірістін экономикалық тиімділігі

13 тарау. Аграрлық өндірістін экономикалық тиімділігі 13.1 Аграрлық өндірістің экономикалық тиімділігінін мазмны…

Сандық химиялық анализ, тест жауаптарымен

5В074800 – Фармацевтикалық өндірістің технологиясы Сандық химиялық анализ Келесі әдістердің қайсысы сандық…