Денсаулық – бізге берілген ең үлкен байлық. Деніміздің сау болуы біздің барлық өмірімізге әсер етеді. Қазақ халқында «бірінші байлық – денсаулық» деген мақал бар. Өйткені адамның дені сау болса, ойынға да, білімге де, еңбек етуге жағдайы болады. Көңіл- күйі жақсы болып, жан -жағымыздағы пайдалы қызықты дүниелерді көруге, алға қойған мақсатымызға жетуге талпынамыз.  Болашақаты армандап, жоспар құрамыз. Келесі күнге деген талпынысымыз күшейеді. Денсаулық барша адамзат үшін баға жетпейтін асыл дүние. Деніміз сау, өміріміз жақсы болу үшін уақытты, бар күш-жігерді жұмсау керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Мен «Дені саудың-жаны сау» деген мақалмен келісемін. Себебі денің мен жаның сау болса ғана үлкен құштарлықпен өмір сүресің. Денсаулығымызды күтуде біз салауатты өмір салтын ұстануымыз керек. Дұрыс тамақтанып, спортпен айналысып, күн тәртібін сақтауымыз керек. дұрыс ұйымдастыру қажет.

Деніміздің саулығы үшін бала күнімізден денсаулымығызды күтуді, жақсартуғды, шынықтыруды үйренуіміз керек.  Салауатты өмір салтын ұстанып, оның ережелерін, шарттарын сақтауымыз керек. Салауатты өмір салты дегеніміз  – денсаулықты сақтауға, жақсартуға бағытталған біздің әрекеттеріміз. Яғни дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, спортпен шұғылдану, уақытымен дәрігерге қаралу, темекі шекпеу, алкогольді және газды сусындарды пайдаланбау. Сонымен қатар, компьютер мен телефонды үзіліссіз қолдану, жатып қарау да денсаулыққа өте зиян. Тіпті орындыққа отырғанда да дұрыс отыра білуіміз қажет.Демек деніміздің саулығы тікелей өзіміздің іс – әрекеттерімізге байланысты екен. Күн тәртібін дұрыс жоспарлау адам үшін өте маңызды. Әр адамның басқаларға ұқсамайтын өз күн тәртібі болады. Егер адам күн тәртібін сақтамаса, яғни дұрыс уақытымен ұйықтамаса ол адамның жұмыс істеуіне кедергі болып, зейінін төмендетіп, үнемі шаршап,көңіл күйі жоқ болып келеді.

Дене қимылы-дәрісіз ем, Шыныға жүріп дертті жең, – демекші ұйқыдан ерте тұру, жаттығу жасау денсаулыққа пайдалы. Барлық ағзамыз шынығады, тәбетің ашылып, бойымыз сергек болады. Денеміз жеңілдеп, қан айналымы жақсарады. Денемізді шынықтыруға тек таңғы жаттығу жасау ғана емес, сонымен қатар түрлі спорт түрлерімен үнемі айналысу жатады. Бір спорт түрімен айналысса, өз денеңді, денсаулығыңды  бақылауда ұстауға үйренеміз. Тіпті барлық күнімізді жоспарлап, күн тәртібін де қалыптастыра аламыз. Иммунитетіміздің жақсарып, ағзамыздың түрлі ауруға қарсы тұруға мүмкіндігі артады. Бүкіл әлемге таралып жатқан коронавирус, тұмау, пневмония сияқты тез таралатын жұқпалы аурулардан аман болуға денсаулығымыз үйренеді. Өзімізді шынықтыру тек спорт арқылы жүзеге асады. Мысалы, таза ауада күнделікті серуендеу, билеу, ерте жату, ерте тұру, үйдің тазалығы, ауаны желдету, сабақ оқығанда ұзақ отырмай түрлі жаттығулар жасап сергу де жатады.  Кез- келген әрекетті орындағанда мұқияттылық, шыдамдылық керек. Демек, денсаулықты сақтау мен шынықтыру үлкен еңбекті талап етеді.

Салауатты өмір сүрудің тағы бір негізі – дұрыс тамақтану. Ас  – адамның арқауы демекші, дұрыс тамақтану арқылы өз денсаулығымызды қадағалап отырамыз. Біздің ішкен асымыз, оның сапасы, құрамы бәрі де денсаулыққа, ас қорыту мүшелердің жұмысына бірден әсер етеді. Таңғы асты тастамау, түскі асты бір уақытта ішу, кешкі асты ерте ішу – денсаулықтың басты кепілі.

Зиянды астарды, қуырылған, тұздалған, майлы, ащы  астарды жиі қолдану, газды тәтті, спирттік сусындарды қолдануға мүлдем болмайды. Қазыргі кезде дұрыс тамақтану, диета сақтаудың көп түрлері де бар. Сонымен қатар, жеміс жидектер, көкөністер, табиғи өнімдерді қолдану денсаулықтың кепілі.

Демек, адам тек спортпен ғана шұғылданып қоймай, күнделікті өмірде қарапайым ережелерді сақтай отырып,  өз денсаулығының жақсы болуын қадағалай алады.

Дені сау ұрпақ – болашақтың кепілі. Өйткені кез –келген елдің негізгі байлығы оның халқы. Еліміз  тәуелсіз, дамыған, өзін қорғай алатын мемлекет болуы үшін ең бірінші халқы сау, жағдайы жақсы болуы керек. Тек сонда ғана әр халық өз елі, болашағы, ұрпақтан ұрпаққа қалар кең байтақ жер үшін күресе алады.

Еліміз түрлі аурудан сақ болуы үшін адамдары шыныққан, дені сау болуы керек. Ал дамуы үшін біз аман- есен өсіп, білім алуымыз керек. Біз бүгін бала болсақ, болашақта есейіп еліміздің бір азаматы боламыз.  Біреуіміз жүздеген балаға білім беріп оқытатын мұғалім, біріміз сәулетші, дәрігер, әскери қызметкер сияқты жұмыс атқарып, еліміздің дамуына, мықты болуына өз пайдамызды тигіземіз деген ойдамын.

Қазақ елін ата бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап бізге мұра етіп қалдырған. Ал болашақта осы  кең байтақ елдің иесі, бір бөлігі  өсіп келе жатқан ұл-қыздар болмақ!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Егіз балаға жүктілік кезінде ерекше күтім қажет пе?

Баланың ана құрсағында өзі сияқты екінші бір баламен қатар жетіліп, дүниеге бір…

Тарих пәнінен сессия

  1-билетҚазақстанның қазіргі заман тарихы» курсының пәні, мақсаты және міндеттері. Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих…

Ананас қосылған сүзбе пісірмесі

Қажетті өнімдер: Қамыр: – 2 стақан ұн; -100 г сарымай; -1 жұмыртқа;…

Умная теплица научный проект

Над проектом «Умная теплица» работает три месяца.  Введение Вам всем приходилось, наверное,…