Блокнот редакторы арқылы htmlкодтар жазу.

Бұл материал толығымен html-сабағына арналған, ешқандай білімсіз веб-беттерді жасау мүмкін емес. Кез келген веб-мастер үшін білу өте маңызды. Менің ойымша бұл тіл өте қарапайым, кез келген озықпын деген алтыншы сынып оқушысы меңгеріп ала алады. Сонымен бірге толыққанды беттер мен сайттарды жасауға мүмкіндік береді.

Егер, сіз қандай да бір редактор қолданатын болсаңыз, сайттан редакторға байланысты сабақты іздеп көріңіз, алғашқы үйренуші үшін блокнот – редакторымен html-сабақтарын қарастырамыз.

Блокнотты ашыңыз, әрине бұл қарапайым, ПУСК > Стандартные> Блокнот . Ашылған соң мына бір тексттерді енгізіңіз.

<html>

<head>

<title>

Менің алғашқы веб-бетім

</title>

</head>
<body>

Сәлем әлем!!!
Менің есімім (мұнда есіміңізді жазыңыз), Бұл менің алғашқы веб-бетім!
<br>

</body>

</html>

Сосын, файлды .html – документ түрінде сақтаңыз, атын өзіңіз ойлаңыз(index.html).

Егерде сізде жүзеге аспаған болса, Блокнот редакторын ашып, <Файл> мәзірін нұқыңыз, Терезеде сізге көп тізім шығады, тізімнен <Сохранить как>-деген батырма тәрізді текстті басқан болсаңыз, сізге файлды жаңадан сақтау үшін жаңа терезе шығады. Сонда өзіңіз сақтайтын папканы енгізіңіз немесе сонда index.html-деп енгізіңіз. .html – html – документ түрінде сақтау үшін. Егерде сіз мұны жасамаған болсаңыз, ол автоматты түрде .txt-файлы түрінде сақтайды.

Бұл файлды папкалар ішінен тауып Google Chrome-арқылы ашамыз. Сіз енгізген текстер экранда шығуы тиіс, егер бәрі дұрыс болған болса.

Құттықтаймыз! Сіз ең алғашқы веб-бетіңізді жаздыңыз.

Егер сізде ұшқын пайда болса, білім мен шығармашылыққа деген құштарлық оянды, осы материалдармен толық танысу, сайттағы басқада html-сабақтарын қарауды ұсынамын.

 

42 comments
  1. Hello, I do believe your web site could possibly be having browser compatibility problems. When I look at your website in Safari, it looks fine however, if opening in I.E., it’s got some overlapping issues. I simply wanted to give you a quick heads up! Aside from that, great blog!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Қара металдың минералды-шикізат ресурстары, дәріс

12 Дәріс. Қара металдың минералды-шикізат ресурстары. 12.1 Қара металл кендерінің минералды-шикізат қоры…

Кәді, ірімшік және кеспеден жасалған пісірме

Қажетті өнімдер: – 1-2 кәді (1 000 г); – 1 болгар бұрышы,…

Шәк-шәк

«Бүл – мереке күндерінде немесе қонақ шақырғанда шай дастарқанына қойылатын тәтті тағамдардың…

Қарт адамдар неге кірпияз келеді. баяндама

Адамдар қартайғанда бала секілді мінез көрсететіні бар. Кінә іздегіш және кінө таққыш,…