Аяқтың бақай сүйектері де қол саусақтары секілді үш сүйектен тұрады. Тек башпайда ғана екі сүйек болады. Аяқтың бас бармағындағы сүйекше көбіне жасы ұлғайған аламдарда сыртқа қарай қисайып кетеді. Бұған тар аяқ киім мен биік өкшені жиі кию, аяққа салмақ түсу, қысып тұратын шұлық, аяқ буын аурулары және артрит, подагра, бурсит, остеоартроз секілді сырқаттар себеп болады. Мұндай сырқатты дер кезінде емдесе, асқынған жағдайда хирург дәрігерге жүгінуіңізге тура келеді. Ал бастапқы сатыларында халық емдерінің көмегі болады.
Аяқ башпайының сүйекшесі сыртқа қарай қисайса, шамадан тыс өссе, емдеу үшін 10 миллилитр 3 пайыздық йодқа 5 таблетка аспиринді ұнтақтап қосыңыз. Үш күн бойы башпайдың қисайған сүйекшесіне қоспаны жағыңыз. Екі апта үзіліс жасап, есді қайталау керек. Сондай-ақ, осыған ұқсас мынандай емді қолдансаңыз артық емес. 3 пайыздық йод, аспирин және лимон шырынын бірдей мөлшерде алып, жақсылап араластырыңыз. Аяқ саусағының сүйекшесіне жағып, сыртынан жылы орап жатыңыз. 1 литр жылы суға 2 ас қасық тұз және 10 тамшы йод қосып, аяқтарыңызды бір сағат уаұыт салып отыруды 4-5 күн қайталасаңыз да ауырғанды басады екен.
《Бір апта бойы бас бармаққа шикі балықты таңып қою керек. Компресті шешкеннен соң самырсын майымен(пихтовое масло) сүйекшені сүрткен дұрыс. Сонда аяқ сүйекшесі өсуін тоқтатады. Ауырсыну да тыйылады.》《бақбақ (одуванчик) гүлінің 100 грамына осындай мөлшерде йод қосып,екі апта тұндыру керек. Сосын тұнбаға мақта малып, аяқтың өскен сүйекшесіне сіңіріп жағу қажет》