Фармацевтикалық  дәрілік өсімдіктер:

 

  1. Шайыр (Gummi)
  2.    Зығыр тұқымы  –  (Semen lini).
  3.    Сүйсін түбірі – Tuber Salep
  4.     Жалбызтікен тамыры және жалбызтікен жапырағы – Radix et Folium Althaeae
  5.      Өгейшөп жапырағы – Folium farfarae
  6.      Үлкен бақажапырақ жапырағы, жолжелкен жапырағы.
  7. Foliuim plantaginis mayoris   
  8. Бүрге бақажапырағының тұқымы – Semen Psyllii
  9. Теңіз капустасы немесе Ламинария – Laminaria.
  10. Раушангүл майы – Oleum Rosa
  11. Кориандр жемісі – Fructus Coriandri
  12. Лимон майы – Oleum Citri
  13. Бұрыш жалбыз жапырағы Folium Menthae
  14. Шалфей жапырағы – Folium Salviae
  15. Эвкалипт жапырағы – folium Eucalypti
  16. Арша жемісі – Fructus Juniperi
  17. Валериана тамырсабағы мен тамыры – Rhizoma cum radicibus Valerianae
  18. Қарағай бүршігі – Gemmae Pini
  19. Ромашка гүлдері – Flores Chamomillae
  20. Арника гүлдері. – Flores arnicae.
  21. Андыз тамыры – Radix Jnulae
  22. Дермене гүлдері – Flores cinae
  23. Қайың бүршігі – Gemmae betulae
  24. Саз қазанақ өркені – Cormus ledi palustris
  25. Анис жемісі – Fructus anisi
  26. Жебір шөбі – Herba thymi
  27. Айыр тамырсабағы – Rhizoma calami
  28. Мыңжапырақ шөбі – herba millefolii
  29. Құлмақ бүрі – Strobili Lupuli

Фармацевтикалық дәрілік өсімдіктер.

  Шайыр (Gummi)

Трагакант шайыры – Gummi Tragacanthae.

Бұл шикізатты (Gummi Tragacanthaе)   трагакантты астрагалдыңи бірнеше түрінен, олардың ішінен қалығң бұтақты немесе киіз бұтақты астрагалдан (Astragalus piletocladus) алады. Қалың бұтақты астрагал бұршақ тұқымдас (fabaceae) өсімдік қатарына жатады.

Трагакант (Gummi Tragacanthaе)  туыс тармағы 240 түрден тұрады. Олардың ішінен практикалық маңыздысы 30 түрге жақын.Трагакантты астрагалдың ұзындығы 1 – 1,5 метрге жететін жиі бұтақтанған тікенекті бұталар. Жапырақтары жұп қауырсынды күрделі. Гүлдерінің түсі  ақшыл – сары, тостағаншасы қалыңтүкті болады.Жемісі бұршаққап.

Трагакантты астрагалдар көбінесе Алдыңғы және Орта Азияның таулы аймақтарында және Кавказда өседі. Бұл астрагалдардың ең көп тараған жері – Иран, Түркия, ТМД және Сирия. Дүние жүзіндегі трагакант шайырын дайындайтын орталық деп, Иран мен Түркияны айтады.

Медицинада қолданылуы: Трагакант шайырының бөріткіш және жабысқақ қасиеттері медицинада және фармация практикасында эмульсиялар, таблеткалар, пилюлдер дайындағанда өте кең қолданылады.

Зығыр тұқымы  –  (Semen lini).

Кәдімгі зығыр – Linum usitatissimum L.

Зығырлар тұқымдасы – Linaceae.

Кәдімгі зығыр  – жіңішке сабақты біржылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары өте көп, жіңішке қандауыр пішінді. Олар сабақтарында қондырмалы болып, кезектесіп орналасқан және сыртынан балауызданған. Гүл күлтелері 5 жапырақты, ашық көк түсті. Жемісі – қорапша, оның ішінде 10 тұқымы болады.

Дәрілік шикізаты: Зығыр тұқымы – жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 3-5 мм, бір жағы – сүйір, екінші жағы – дөңес. Тұқымның сырты тегіс, жылтыр, қоңыр түсті.

Медицинада қолданылуы: Шырышты қайнатпа ішектің кілегейлі қабатының қабынуына қарсы қапталғыш дәрі ретінде қолданылады. Тұқымның ұнтағы  – жұмсартқыш дәрі ретінде ыстықтай булау үшін пайдаланылады. Зығыр майынан линетол препараты алынады. Линетол – 57% линолен, 15% линол, 15 % олеин қышқылдарының этил эфирлерінің қосындыларынан тұратын дәрі. Линетол дәрісі атересклерозға қарсы, адам денесі күйгенде және  радиоактивті сәулелермен емдегенде пайда болатын  жараларды жазу үшін майлы дәрі ретінде қолданылады.

                                   Сүйсін түбірі – Tuber Salep

Дәрілік шикізат:  Сүйсін түбірін (салеп түбірі) өсімдіктер гүлдегенде жинайды. Жинағанннан кейін, эпидермис қабатынан тазартылған түбірлерді бірнеше минутқа қайнап тұрған ыстық суға салады. Соның арқасында түбірлер ұзақ уақыт сақталғанда өсу қабілетін жояды және олардың жағымсыз иісі мен ащы дәмі кетеді.  Сонымен қатар түбірлердегі крахмалдар клейстірленіп (желімделіп), олар ерекше қатаяды. Кептірілген түбірлер жұмыртқа тәрізді немесе саусақты бөлімді болады. Олар өте тығыз мүйіз сияқты ақшыл сары немесе түсі сұр болады.  Бұл түбірлердің ұзындығы 4 см, ал жуандығы 0,5 – 2 см ге дейін жетеді. Түбірлердің үстіңгі жағында кішкене бүршігі болады. Кейде ол түсіп қалады. Сүйсін түбірінің иісі де дәмі де болмайды.

Медицинада қолданылуы:  Салеп ірі дайындалған ұнтақ ретінде шығарылады. Сүйсін ұнтағынан шырыш кілегейін алады. Оны ішек – асқазан жүйесінің қабынуларына қарсы (энтероколит, гастрит) қапталғыш, оралғыш дәрі ретінде қолданады.

Жалбызтікен тамыры және жалбызтікен жапырағы – Radix et Folium Althaeae

    Дәрілік шикізаты: Тазартылған жалбызтікен тамыры (Radix Althaeae mundata) ұзындығы 20 – 35 см, диаметрі 0,5 – 2 см болатын цилиндр пішінді тамыр кесінділерінен тұрады. Тамырдың сыртқы беті ұзын бойы қыртысталған. Тамырдың сыртқы және көлденең қимасының түсі ақ немесе ақшыл сары  (дәрілік жалбызтікен). Армян жалбызтікенінің түсі сұрғылт болады. Тамырды сындырған кезде одан крахмал пайда болады. Бұл жалбызтікен шикізатына тән қасиет. Тамырдың өзінше шамалы иісі бар және тәттілеу дәмі бар. Егер тамырды суға салса ол кілегейленіп шырышталады.

Тазартылмаған жалбызтікен тамыры (Radix Althaeae naturale). Тоздан тазартылмаған тамыр, цилиндр пішінді, ұзындығы 20 25 см диаметрі 0,5 -2 см тамыр кесектерінен тұрады, олар ұзына бойы қыртысталған. Сыртқы түсі  – бозғылт қоңыр,  ал көлденең қимасының ақшыл сұрғылт болады. Иісі  және дәмі болады.

Медицинада қолданылуы:  Жалбызтікен тамырын (бүтін кесілген) қабынуға қарсы және қақырық түсіруге ұнтақ, тұнба, сироп ретінде және кеуде жиынтығы ретінде қолданады.  Жалбызтіеннің жапырақтарынан мукалтин деген дәрі алынады. Мукалтинде жалбызтікен шөбінің полисахаридтер  қосындысы бар. Оны қақырық түсіруге қолданады.

Өгейшөп жапырағы – Folium farfarae

Өгейшөп – көпжылдық шөптесін өсімдік, оның жер астында ұзын, көлбеу өсетін тамырсабағы болады. Көктеснің басында олардан жоғары қарай гүл сабағы өсіп шығады. Дәрілік шикізат ретінде өгейшөп жапырақтары қолданылады.  Өгейшөп жапырағы дөңгелекті – жүрек пішінді жапырақ жиектері ойыс, ұсақ тісті болады. Жапырақтың жоғарғы жағы түксіз, күрең жасыл, ал төменгі жағын қалың ақ түктер басқан.  Жапырақ тақтасының ұзындығы 8 – 15 см ал ені 10 см – ге жуық.

Медицинада қолданылуы:   Өгейшөпт шикізатынан (бүтін, кесілген, престелген жапырақтар) дайындалған тұндырманың жұмсартқыш, дезинфекциялық, қақырық түсіргіш қасиеттеріт бар. Сондықтан оны бронхитке, ларингитте, бронхоэктазда тыныс алу жүйесінің кілегей қабатының қабынуына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланады.  Сонымен қатар өгейшөп шикізаты кеуде ауруына қарсы қолданылатын өсімдік жиынтығының құрамына кіреді.  Өгуйшөп халық медицинасынвң сүйікті дәрісі ретінде ежелден бері қолданылып келеді.

                              Үлкен бақажапырақ жапырағы, жолжелкен жапырағы.

                               Foliuim plantaginis mayoris   

Бұл екіжылдық шөптесін өсімдік. Оның тіук қысқа өскен тамырсабағынан шашақталған ұзын, жіп сияқты тамырлар тарайды.  Сабағы біреу немесе бірнешеу.

Медицинада қолданылуы:   Жолжелкенніңт бүтін, брикетті жапырақтарынан дайындаған тұндырманы қақырық түсіретін, түрлі қабынуға қарсы қоолданылатын дәрі ретінде пайдаланады. Мәдени өсірілген жолжелкен жапырағынан өндірісте плантаглюцид дәрісі алынады.  Плантаглюцидті асқазан сөлінің аз шығуынан болатын, асқазаннның созылмалы гастридін және асқазан,ұлтабар жараларын емдеуге қолданады.

Бүрге бақажапырағының тұқымы – Semen Psyllii

Кептірілмеген бүргежапырағының шөбі – Herba plantaginis Psyllii recens.

Бүрге бақажапырағы – Plantago psyllium L.

Бақажапырақтар тұқымдасы – Plantaginaceae.

Бұл біржылдық биіктігі 40 см – ге тең шөптесін өсімдік.Ұршық тәрізді кішкене тамырсабағы бар. Бүрге бақажапырағы Шығыс Закавказьеде және Түрікменияда құрғақ тау баурайында таралған. Бұл өсімдіктің табиғаттағы қоры медицина мұқтажын қанағаттандыра алмайды. Сондықтан бүрге бақажапырағын Украинадағы АПК Лекраспром совхоздарында өсіреді.

Медицинада қолданылуы:   Өсімдіктің шикізаты оның жаңа жиналған шөбі. Жаңа жиналған бүрге бақажапырағының шөбі жолжелкен сөлін алуға пайдаланады. Бұл дәрі анацидті, гастридті және ұлтабардың кілегей қабатының созылмалы қабынуын емдеуге қолданылады.

Тұқымнан дайындалған тұндырма іш айдайтын дәрі ретінде және тоқ ішек қабынғанда қапталғыш дәрі ретінде қолданылады.

Теңіз капустасы немесе Ламинария – Laminaria.

Жапон ламинариясы – Laminaria japonica Aresch

  Қантты ламинария –    Laminaria saccharina ( Lam).

Бармақты ламинария   Laminaria digitata (Lam.)

 Ламинариялар тұқымдасы  –  Laminariaceae.

Дәрілік шикізат ретінде ламинарияның екі жылдық талломын жинайды. Жинау процесі шілде айынан бастап қазан айына дейін созылады. Ламинарияны қайықпен жүзіп жүріп арнайы таяққа орап, қолмен жұлып жинайды.Бұл процесте ламинарияны судың астынан орақпен орып алуға да болады. Ламинарияның жаңа үзілген талломдары да шикізат ретінде қолданылады. Жапон ламинариясы Жапон және Охот теңіздерінің оңтүстігінде және Куриль аралдарының жағалауларында таралған. Қантты және бармақты ламинариялар Ақ, Баренц және Карск теңіздерінің жағалауларында өседі.

Медицинада қолданылуы:   Ламинария ұнтағы медицинада атеросклерозға, зобқа қарсы қолданылады.Сонымен қатар ламинариядан алынатын ламинарид дәрісі іш қатқанда жеңіл іш айдайтын дәрі ретінде қолданылады. Соңғы жылдары альгин қышқылының пайдалы қасиеттері ашылды. Глуорон қышқылымен байытылған альгин қышқылы, радиоактивті стронций, барий, радий элементтерімен уланғанда профилактикалық және емдеу дәрісі ретінде  қолданылады. Шет елдерде альгин қышқылынан дайындалған SS/LD,  SS/LD – 2 (манукол), ОД – 1 препараттары қолданылады.

                                    Раушангүл майы  – Oleum Rosa

Дамасс раушангүлі –    Rosa damascena Mill

Француз раушангүлі –  Rosa gallica L.

  Жүз күлтелі раушангүлі –  Rosa centifolia L.

  Раушангүлділер тұқымдасы –  Rosaceae

Құрамындағы эфир майының мөлшерімен дамасс раушангүлі бағалы саналады. Ол жабайы түрде кездеспейді. Оның маңызды сорты «Қазанлық раушаны» деген атпен Болгарияда Қазанлық қаласында өсіріледі. Раушаенгүлді өсірумен шұғылданатын ТМД – дағы басты аудандар Қырым облысы, Молдова республикасы және Краснодар өлкесі. Сонымен қатар Грузияда да, Әзірбайжанда да, Тәжікстанда да раушангүлін өсіру қолға алынып отыр.

Медицинада қолданылуы:   Раушан эфир майы дәрі – дәрмектердің иісін және дәмін жақсарту үшін пайдаланылады. Болгар ғалымдары раушан майын бауырда, бүйректе тастың байлануына қарсы қолданады. Раушан эфир майы сонымен қатар парфюмерияда кеңінен қолданылады.

                                       Кориандр жемісі  – Fructus Coriandri

 Кориандр эфир майы – Oleum Coriandri

 Мәдени кориандр –  Coriandrum sativum L.

Биіктігі 70 см біржылдық өсімдік. Кориандрдың өндірісте маңызды сорттары  Алексеевский – 247, Луч, Русь, Троян сорттары болды. Бұлардың ең маңызды қасиеттері – жемістерінің көп және шашылмауында, эфир майларының мөлшерінің де көп болуында. Кориандр ТМД – ныңЕвропалық бөлігінің қара топырақты және Оңтүстік – Шығыс бөлігінде , Украинада, Соллтүстік Кавказда өсіріледі.Кориандр өсіретін басты аудандар Воронеж облысы, краснодар өлкесі болып табылады.

Медицинада қолданылуы: Корианда жемісі құрамындағы эфир майына байланысты тамақ қорытуды жақсарту, өт айдайтын, геморройға қарс ыдәрі ретінде қолданылады. Сонымен қатар дәрі  – дәрмектердің иісі мен дәмін жақсарту үшін де қолданады.Эфир майындағы линалоолдан цитраль альдегиді алынады. Ол көз ауруларын емдегенде қолданылады.

Лимон майы – Oleum Citri

Лимон –   Citrus limon

Рута тұқымдасы – Rutaceae

     Citrus туысына лимоннан басқа померанец, апельсин, мандарин бергемот, грейпфрут секілді тамақ өсімдіктері де жатады.

Цитрустар –  мәңгі жасыл, аласа ағаштар. Кейбір түрлерінң сабақтарында сояулары болады. Жапырақтары қалың, сопақ, жасыл түсті болады.Цитрус өсімдіктерінің отаны деп Оңтүстік – Шығыс Азияны айтады.Европада цитрус өсімдіктерін өсіретін басты аудан деп Жерорта теңіз елдерін айтады. ТМД – да цитрустар Закавказьеде, Қаратеңіз жағалауларында өсіріледі.

Медицинада қолданылуы: Лимон эфир майы дәрі – дәрмектердің дәмін, иісін жақсарту үшін қолданады. Цитральдің 1% спирт ерітіндісі қан қысымын төмендету үшін қолданылады. Цитральдің спиртті судағы ерітіндісі кератитке және коньюнктивитке қарсы қолданылады. Жеміс қабығынан «Р» – витаминін алады. Және оның қабығы тәбет ашу үшін, ас қорытуды жақсарту үшін қолданылады.

                                      Бұрыш жалбыз жапырағы  Folium Menthae

  Жалбыз эфир майы – Oleum Menthae piperitae

 Бұрыш жалбыз –  Mentha piperita L.

  Еріндігүлділер тұқымдасы – Lamiaceae

Жалбыздың тұтас жапырақтарының, кесілген жапырақтарының, брикеттерінің тұндырмасы өт айдау үшін, асқазан ішек спазмасына қарсы, жүрек айнығанда және антисептикалық дәрі ретінде қолданылады. Сондықтан тыныштандырғыш, өт айдау, жел айдау, асқазан жиындарының құрамына кіреді. Жалбыз тұнбасы 1:20 ауруды басатын көптеген тамшылардың құрамына кіреді. Жалбыз майының суы түрлі дәрілерге олардың дәмін жақсарту үшін қосылады. Жалбыз жапырағының және эфир майының да сондай биологиялық активтілігі бар. Сондықтан ілгекше дәрілердің, тіс жуғыш пасталардың, комплексті дәрілердің құрамына кіреді.  Меентолды ментол спирті, майлы суспензиялар, майлы дәрілер, ментол қаламыжәне мұрынға тамызатын тамшылар ретінде қолданылады. Сонымен қатар, ментол валидол/ ментолдың ментилизовалериан эфиріндегі ерітіндісі/, пектуссин, бороментло, меновазин деген дәрілердің құрамына кіреді.

Шалфей жапырағы – Folium Salviae

  Дәрілік шалфей – Salva officinalis L

Ерінгүлділер тұқымдасы – Laviaceae

Шалфей жапырағынан дайындалған тұндырмасын бактерицидтік және түрлі қабынуға қарсы пайдаланады. Сондықтан оны жоғарғы тыныс алу жүйесінің жолдары  қабынғанда және ауыз уылғанда/ стоматит тамақты және ауызды шаю үшін қолданады.

Шалфей шөбінен  сальвин –Salvinium деген комплексті дәрі алынады. Сальвин дәрісі қызылиектің қабынуын және ауыздың уылуын созылмалы түрін, ауыздың сілемейлі қабатының механикалық зақымдалуынан және ыстықтың әсерінен болған жараларды әр түрлі пародонтозды емдеуге қолданады.

Эвкалипт жапырағы – folium Eucalypti

Шыбық тәрізді эвкалипт –   Eucalyptus vimialis labiil

Сұрғылт эвкалтпт – Eucalyptus cinerea Muell

Мирта тұқымдасы – Myrtaceae

Тұтас ұнтақталған және брикеттелген эвкалипт жапырақтарынан алынған тұндырмаларын антисептик дәрі ретінде, жоғарғы тыныс алу жүйелері қабынғанда ыстық бумен демалу үшін қолданылады. Сонымен қатар жараларды, жарақаттарды, жуып шаятын дәрі ретінде қолданылады. Эвкалипт жапырақтарынан тұнба /1:5/ дайындайды. Жаңа жинаған өркендерден эфир майын алады.  Ол жоғарғы тыныс алу жүйелерінің қабынуына қарсы ингаляция, тамақ шаятындәрі ретінде қолданады. Эвкалипт жапырағынан пектуссин, эвкатло, ингакамф, эвкамон, ингалипт,хлорофиллипт деген дәрілер алынады.

Арша жемісі – Fructus Juniperi

Кәдімгі арша – Juniperus communis L

Кипаристер тұқымдасы –  Cupressaceae

Арша жемісі / бүржидек/ зәр/ несеп/ айдайтын өсімдік шикізаттар жиынының құрамына кіреді. Одан зәр шығаратын дәрі тұндырма дайындайды.  Бірақ бұл дәріні нефритте, нефроздарда қолдануға болмайды, өйткені, қабынған бүйрек клеткаларын одан әрі зақымдайды.

Валериана тамырсабағы мен тамыры – Rhizoma cum radicibus Valerianae

Дәрілік валериана  – Valeriana officinalis L.

Валериана тұқымдасы –  Valerianaceae

Валериананың тамыры мен тамырсабағынан дайындалған қайнатпа тыныштандырғыш дәрі ретінде пайдаланылады. Және олар тыныштандырғыш, жел айдайтын, асқазан жұмысын реттейтін шикізат жиындарының құрамына кіреді.  Валериана тамырлары тұнба, қою экстракт алғанда қолданылады. Валериана дәрі – дәрмектері орталық нерв жүйесінің қозуын азайтады. Және ұйықтатқыш дәрілердің қозуын күшейтеді. Жаңа жиналғаен валериана тамырларынан дайындалған тұнба кардиовален дәрісінің құрамына кіреді.

Қарағай бүршігі – Gemmae Pini

Кәдімгі қарағай -Pinus silvestris L

Қарағайлар тұқымдасы – Pinaceae

Қарағай бүршіктерінен дайындаған қайнатпаны жөтелге қарсы және зарарсыздандыру үшін қолданылады. Зәр айдайтын өсімдіктер жиынының құрамына кіреді. Қарағай жапырақтарынан дайындалған экстракт әлдендіргіш дәрі ретінде шомылғанда ванналарға қосады. Қарағай эфир майынан алынған терпентин түрлі мазь алынады.

Ромашка гүлдері – Flores Chamomillae

Дәрілік ромашка – Matricaria recutita L.

Күрделігүлділер тұқымдасы –  Asteraceae

Ромашка гүлдерінен дайындалған тұндырма түрлі қабынуларға қарсы, аллергияларға қарсы және тер шығаратын дәрі ретінде қолданылады. Сонымен қатар ромашка гүлдері осындай әсері бар өсімдік шикізаттарының жиынының құрамына кіреді. Ромашка гүлінің экстрагі/ сығындысы/ және оның эфир майы шетелдік Ромазулан дәрісінің құрамына кіреді.  Ромазулан қабынуға қарсы және сасық иісті кетіру үшін қолданылады.  Ромашка эфир майының қабынуға қарсы әсері хамазулен терпеніне байланысты және осындай әсер ромашка эфир майындағы бисаболенге де тән екені дәлелденді.

Ромашка гүлдеріндегі флавоноидтардың және кумариндердің организмдегі түйілуді жоюда орташа әсері бар.

Ромашка гүлінің сұйық экстрагі ротокан дәрісінің құрамына дәрілік календула және мыңжапырақ экстрактерімен бірге кіреді.  Ротокан ауыздың кілегей қабатының қабынуына қарсы және пародонтозға қарсы шаятын дәрі ретінде және апликация ретінде қолданылады.

   Кәдімгі ромашка. – matricaria matricariooles porter.

Кәдімгі ромашканың гүлдері сыртқы дерттерді емдеу үшін, түрлі қабынуларға қарсы, қолданылады. Гүлдерден дайындалған тұндырмамен ауызды шаяды, шомылғанда  ванналарға қосады және клизма ретінде қолданады.

Арника гүлдері. –  Flores arnicae.

 Тау арникасы – Arnica montana  L.

 Қалың жапырақты арника –  Arnica foliosa Nutt.

Шамиссо арникасы – Arnica chamissonis  Less.

 Күрделігүлділер тұқымдасы –  Asteraceae.

Арника шикізатынан дайындалған тұнба – акушерлік – гинекологиялық әрекеттерде қан тоқтату үшін қолданылады.  Арниканың тұрдырмасы дененің сыртқы дерттерін емдеу үшін яғни сыздауықтарды, шиқандарды, соғып алған жерлердің қанталауын қайтару үшін қолданылады.  Сонымен қатар арниканың дәрі – дәрмектерін өт айдайтын дәрі ретінде де қолданады.

Андыз тамыры – Radix Jnulae

 Биік андыз / қара андыз / – Jnulae helenium L.

 Күрделігүлділер тұқымдасы – Asteraceae.

      Тұтас кесілген және брикеттелген тамырларынан, тамыр сабақтарынан дайындалған тұндырма жоғарғы тыныс алу жүйелері қабынғанда қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады.  Биік андыз шикізаты басқа да өсімдік шикізаттарымен бірге қақырық түсіретін кеуде жиынының құрамына кіреді. Сонымен қатар андыз тамырларынан аллантон дәрісі алынады. Ол асқазанның гастритін емдеу үшін қолданылады.  Аллантон дәрісінің құрамына андыз эфир майының лактондарының қосындысы кіреді.

Дермене гүлдері – Flores cinae

Дермене жусан –  Artemisia cina berg.

Күрделігүлділер тұқымдасы –  Asteraceae

Дермене гүлдерін ішектегі болатын паразит құрты – аскариданы түсіруге пайдаланады. Ол үшін гүлдердің ұнтағын балмен, вареньемен және қантпен бірге қабылдайды. Бұрын бұо үшін сантонин дәрісі қолданылды. Дермене жусанының эфир майының / Дарминол / күшті бактерицидтік қасиеті бар.

Қайың бүршігі – Gemmae betulae

Қотыр қайың – Betula pendula roth.

Үлпек қайың – Betula pubescens enRh.

Қайыңдар тұқымдасы – Betulaceae.

Қайың бүршігінен дайындалған тұндырма зарарсыздандырғыш және бүйрек, жүрек ауруларында зәр айдағыш, өт жүргізетін дәрі ретінде қолданылады. Қайың бүршіктерінен қайың қара майын /деготь / алады. Ол Вишневский және Вилкинсон майлы дәрісінің құрамына кіреді.  Активтелген қайың көмірі – карболен таблеткасы адам уланғанда және ішке жел жиналғанда / метеоризм / сорғыш таблетка ретінде қолданылады.

Саз қазанақ өркені – Cormus ledi palustris

 Саз қазанақ – Ledum palustre L.

 Вересктер тұқымдасы – Ericaceae

Тұтас, кесілген өркендері және ледин дәрісі қақырық түсіретін және жөтелге, бронхитке қарсы бактерицидтік дәрі – дәрмек ретінде қолданылады.  Бұл өсімдіктің шикізаты тек қана дәрігердің  рұқсатымен қабылданады және дәрі – дәрмектердің  «Б» тізімі бойынша сақталады.

Анис жемісі – Fructus anisi

 Кәдімгі анис – Anisum vulgare gertn

 Шатыршагүлдер тұқымдасы – Apiaceae

Медицинада анис жемісі және эфир майы пайдаланылады. Жемістен дайындалған тұндырмалар қақырық түсіретін, іш айдайтын, жел айдайтын дәрі ретінде қолданылады.  Іш айдайтын, қақырық түсіретін өсімдік шикізаттар жиынының құрамына кіреді. Ол парфюмерияда, тамақ өнеркәсібінде және медицинада қолданылады.  Ол сұйық дәрі – дәрмектерге / микстураларға / қосылады және мүсәтір – анис тамшысына қосылады.  Бұл дәрі суық тигенде және бронхитте қақырық түсіретін дәрі ретінде пайдаланылады.

Жебір шөбі – Herba thymi

Кәдімгі жебір – Thymus vulgaris L.

Ерінгүлділер тұқымдасы –  Lamiaceae

Жебір шөбінен сұйытылған экстракт алынады. Бұл дәрі қақырық түсіретін дәрі – пертуссинннің құрамына кіреді. Жебір шөбінің эфир майы және одан алынған тұндырманың антимикробтық қасиеті бар.  Соңғы кезде, тимолдың кейбір саңырауқұлақтардың патогендік қасиетін жоятыны дәлелденді.  Кәдімгі жебірдің дәрі – дәрмектерін ішке қабылдағанда ішек – асқазан жүйелерінің ауруларына қарсы сәл көбейту үшін, ішек түйілгенде, ішке жел жиналғанда қолданылады.

Айыр тамырсабағы – Rhizoma calami

  Айыр  – Acorus calamus

Аройниктер тұқымдасы –  Araceae

Айыр тамырсабағының қабығынан тазартылған түрін – тазартылған шикізат, қабығынан тазартылмаған түрін – тазартылмаған шикізат дейді.

Медицинада айырдың осы екі шикізаты тұтас туралған, ұнтақталған күйінде қолданылады. Осы шикізаттардан дайындалған қайнатпалар тәбет ашу үшін, ас қорытуды жақсарту үшін және ащы тұнбаларды дайындау үшін пайдаланады.  Сонымен қатар шикізаттар асқазан жұмысынт реттейтін жиындардың қүұрамына және викаир, викалин дәрілерінің де құрамына  кіреді. Айыр эфир майы олиметин дәрісінің құрамына ккіреді, ол бүйрек пен бауырға байланған кішкене тастардың шығуына септігін тигізеді.  Олиметиннің әсері шетелдік «Энатин», «Роватин» және  «Ровахол»  дәрілеріне кіреді. 

Мыңжапырақ шөбі – herba millefolii

 Кәдімгі мыңжапырақ – Achillea millefolium L.

 Күрделігүлділер тұқымдасы – Asteraceae

Тұтас және кесілген мыңжапырақ шөбінен, гүлінен дайындалған тұндырма медицинада қан тоқтату үшін жатырдан қан аққанда қорлданылады. Мыңжапырақ шикізаты тәбет ашатын, өт айдайтын, іш өткізетін және геморройға қарсы қолданылатын  өсімдіктер шикізаттарының жиындарының құрамына кіреді.

Мыңжапырақ сұйық экстрагі календула, ромашка экстрактерімен бірге  «Ротокан» дәрісінің құрамына кіреді.

Құлмақ бүрі – Strobili Lupuli

Кәдімгі құлмақ –  Humulus lupulus

Кенеп тұқымдасы – Cannabaceae

Құлмақ бүрі және одан дайындалған тұндырма орталық нерв  жүйесін тыныштандырады, тәбет ашады. Сонымен қатар, бүйрек ,зәр шығару жолдары қабынғанда бактерицидтік әсер етеді.  Құлмақ эфир майы валокордин / ГДР / дәрісінің құрамына , ал оның экстрагі тыныштандырғыш дәрілердің валорседан, ховалеттин және пассит құрамына кіреді.  Косметикада құлмақ тұндырмасыменшаш түскенде басты жуады.

You May Also Like

Неміс классикалық философиясы

ЖОСПАР: Неміс философиясы қысқаша мəлімет. Неміс философиясының тарихы. Неміс философиясын зерттеушілер. ХІХ…

Жүгері қосылған сорпа

Қажетті өнімдер: 300 г консервіленген жүгері, 50 г сарымай, 1/4 шай қасықжұпар…

Лаборант- профессия на страже качества

Цель исследования: Донести информацию о своей профессии, ее особенностях и влияния в…

Кәсіпорындағы материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру 

Кәсіпорындағы материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру  6.1. Материалдық-техникалық жабдықтаудың міндеттері  Материалдық-техникалық жабдықтау кәсіпорынды барлық…