Түрлі жұқпалы аурулардың салдарынан немесе әлдеңеден сескенгенде, жиіркенгенде бетке ұшық шығатындар аз емес. Жалпы, ұшық- герпес вирусының иммунитетке қарсы әрекетінің нәтижесі. Ол грек тілінен аударғанда <бөртпе> деген мағынаны білдіреді. Бұл вирус адам ағзасында ұзақ сақталуы мүмкін. Оның өзгелерге жұғуы да мүмкін. Сол себепті жеке бас гигиенасын қатаң сақтаған абзал. Герпес вирусын төмендегілердің көмегімен емдеуге болады.

1 Құрамында докозанолы бар крем. Оны жарақаттан теріге күніне 5 рет жағу керек. Докозанол ауырсынуды басады.

2 Қан тоқтататын қарындаш. Әдетте мұндай қарындаштармен кішігірім жарақаттарды емдейді. Ол терінің жылдам жазылуын қамтамасыз етеді. Бірақ, қарындашпен жараның үстін сызған кезде аздап күйдіретіндігін ескеріңіз.

3 Құрғататын құралдар. Бұл мақсатқа құрамында 70% медициналық спирті бар дәрілер жарайды. Ол жараны құрғатып, бактериялардың ішке енуіне тосқауыл болады.

4 Вазелин. Жайсыздықтан арылуға көмектеседі және патогендік микроағзалардан қорғайды.

5 Ваниль сығындысы. Ванильдің құрамында ұшық инфекцияларына қарсы қолдануға болатын заттар бар. Ванильдің 100% таза экстрактісін ғана пайдаланыңыз.

6 Теңіз тұзы. Жылы суға ерітілген теңіз тұзымен тамақты шайқап, артынша бөрткен жердің үстіне де жағып, 30 минут ұстаған жөн. Артынша таза сумен шайып жіберіңіз.

7 Шай. Қара, ақ және жасыл шайдың құрамында вирусқа қарсы тұра алатын танниндер, ағзаның аурумен күресуіне көмектесетін антиоксиданттар бар. Жалбыз және түймедақ қосылған шай да осындай қасиетке ие. Бөрткен терінің үстіне қалта шайларын қойғанда пайдалы.

8 Гемамелис. Ол бөрткен жерлерде құрғатып, жазылуды жылдамдатады. Оны бетіңізге жақпас бұрын шынтағыңызға жағып тексеріп алыңыз. Кей адамда аллергия болуы мүмкін.

9 Салқын компресс. Қышынуды басып, ауырсыну сезімін азайтады.

10 Алоэ гүлінің сығындысы. Ауруды басып, вирусты жояды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Жұмбақ салаты

«Жұмбақ» салаты Қажетті өнімдер: – 4-5 тал балдыркөк сабағы; -1 құты өз…

Елдің материалдық мәдениетін көрсететін, тұрмысында қолданған заттарын саралау

Елдің материалдық мәдениетін көрсететін, тұрмысында қолданған заттарын саралау арқылы көптеген мәнді ақпараттар…

Правила эти пусть знают все дети

Актуальность проекта Зачастую причиной дорожно-транспортных происшествий бывают дети. Поэтому обеспечение безопасности движения…

Бисерден бұйым жасау

Бисерден бұйым жасау Бисердің шығу тарихы: Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап,…