Аллергияның негізгі көзі-ағаштар мен шөпптесін өсімдіктердің тозаңы. Осы тозаңдар мұрынға түскенде, біздің иммундық жүйеміз оны бөтен зат ретінде қабылдайды да, оған қарсы антиденелерді бөліп шығара бастайды. Ағза жұқпалы вирустармен күрескенде де осылай болады. Нәтижесінде мұрын бітеліп, көзден су ағады, жөтел, түшкіру пайда болады, көздің асты көгереді, т.б. Сондықтан, ағаштар мен гүлдер гүлдегенде аллергиясы бар көптеген адамдар осы дерттің зардабын шегеді. Жаңбырлы күндері шаң-тозаң басылып, ауа тазаратындықтан, бұл дерт біршама бәсеңдейді. Ал ашық, жылы күндер аллергиясы бар адамдар үшін нағыз азапқа толы. Аллергия кейде тыныс жолдарын тарылтып, демікпені де тудыруы мүмкін.
Жалпы аллергияның 100-ден астам түрі кездеседі. Олардың бәріне ортақ ем түрін табу қиын. Сондықтан, аллергияның белгілері байқалысымен дәрігерге қаралып, өз ағзаңыздың ерекшелігіне сай дәрі-дәрмектер жаздырып алғаныңыз жөн. Бұған қоса үй жағдайында да өз бетіңізше аллергиямен күресуіңізгеде болады.
Терезені ашып қойсаңыз, оған дәке тұтып, дәкені үнемі сумен ылғалдандырып отырыңыз. Бөлменің ішіне су құйылған ыдыстарды қойып, ылғалдандырғышы бар ауа тазартқыш құралдарды пайдаланыңыз. Бұл әдісті тек өсімдіктердің тозаңдану маусымы аяқталғанша ғана қолданғаныңыз жөн. Әйтпесе, үйдегі шектен тыс ылғалдылық өкпеге кері әсер етуі мүмкін.
Даладан келген соң міндетті түрде суға шайынып алыңыз. Әсіресе, шашыңызды жақсылап жуыңыз, өйткені тозаңдар әдетте шашқа көп жиналады. Үй жануарларын да үнемі таза ұстағаныңыз абзал. Жуған киімдеріңізді жазға дейін далаға жаймағаныңыз жөн.

Біздің иммунитетіміз негізінен ішекте орналасқан. Егер ішекте микрофлора аз болса, ағзамыз әлсіреп, жұқпалы дерттерге қарсы тұра алмайды. Сондықтан, көктем келісімен ішек қызметін реттеуге, яғни ұдайы тазартыр отыруға тырысыңыз.
Кейбір тағам түрлері немесе косметикалық құралдарда аллергияны қоздырады. Сондықтан, өзіңізге тән аллергия қоздырушы ас, көкеніс не басқа да заттарды анықтап, оны тұтынудан уақытша бас тартыңыз.
Бұл кезеңде ішімдікті татып алуға болмайды.
Аллергияны итошаған тұнбасы толық емдеп жаза алады. Ол үшін осы шөпшайды 20 минут қайнаған суға демдеп, жасыл не күңгірт емес, сары түске енген кезде ішу керек. Бұл емді бір жыл үзбей қолданған жөн.
Тасдәрі (мумие) де ең тиімді шипалық дәрілердің бірі. Оның бір грамын бір литр суға ерітіп, 3 жасқа дейінгі балаларға- 50 мл, ал ересектерге- 100 мл-ден таңертең ашқарынға ішу керек.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми ізденістерін дамытуда, заманауи белсенді әдіс-тәсілдердің маңызы, баяндама

Баяндама Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми ізденістерін дамытуда, заманауи белсенді әдіс-тәсілдердің маңызы Мақсаты:…

Бейбітшілік- бақытымыз, сценарий

Тақырыбы: Бейбітшілік- бақытымыз.    Мақсаты: Оқушыларды білімділікке үйрету, кітапқа деген қызығушылығын ояту,…

Қарбыз туралы мағлұмат

Қарбыз Тәтті, хош иісті, шырынды қарбыз кімнің де болсын жаз мезгілінде ең…

Ыстық және салқын сумен жабдықтау жүйесі, ғылыми жоба

«Ыстық және салқын сумен жабдықтау жүйесі» Өндірістік мекемелер технологиялық қажеттіліктеріне (технологиялық ортаны…