Мәңгілік ел – білімді, өнерлі ұрпақ келешегі 

 «Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті…».  Н.Ә.Назарбаев 

Әрбір адам, мейлі, ол жазушы болсын, ақын болсын, не әнші болсын өзінің асқан бір сүйіспеншілігімен жазатын не орындайтын шығармасы болады. Ал мен жазушы да, ақын да емеспін. Мен мәңгілік елдің болашақ жасымын. «Мәңгілік ел – білімді, өнерлі ұрпақ келешегі» тақырыбы тамырын тереңге жайған үлкен ағаш секілді. Тамыры тереңге жайылған ағаштың, жапырағы да көгеріп мәңгі көктеп гүлденері шындық. Тамырын тереңге жайған, жапырағы жайқалған ағаш деп отырғаным қазақ ұлты, қазақ елі, қазақ халқы. Бұл мен үшін мәңгілік ел бейнесінде көрініс тапты.

Мәңгілік ел –бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс.Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі –ақ мәңгі ел керегесі.

Білім – барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Ал оқушыларымыз Омар Хайам айтқандай:
Сен жанбасаң лапылдап,
Мен жанбасам лапылдап,
Аспан қайдан ашылмақ – деген дейін, біз жастар заман ағымынан қалыспай, ұлттық құндылықтарды сақтап, білімді, белсенді болуымыз керек. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ, сонда ғана біз «Мәңгілік ел» боламыз.

Ел басшымыз бір сөзінде: «Бізге керегі шын дарындар. Әрқашан да мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деген болатын. Ал, осы дарынды балалардың көзге түсетін жері- мектеп табалдырығында оқып жүрген сәттері болып табылмақ. Расымен де,тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ. Елбасының «Қазақстан- 2050» Жолдауында көтерілген «Мәңгілік ел» ұғымының пәлсапалық-саяси түп негіздері сонау сақ, ғұн, түркілерден бастау алған. Мысалы, Хасен Қожа Ахмет «моңғол» сөзінің астарын «мәңгі елден» іздейді. «Мәңгілік ел –өнерлі ұрпақ кепілі»,-демекші, мысалы: көбінесе біздің өнерлі балалар дене шынықтыру сабағында көбіне спортқа жақын болып келеді. Алайда, біздің мектепте осы қарапайым дене шынықтыру пәнінен ғылыми жұмыстар қорғайтын оқушылар да бар. Осы балаларымыздың арқасында біздің елдің мәңгілік ел болып қалыптасуына мүмкіндік бар деп айтсақ та болады. Бұған дәлел: осыдан шамамен бір- екі жыл бұрын менің өзімнің қорғаған тақырыбым «Қыз Жібек» киносында қысқаша ойнатылған  ойын- «Хан Дойбы» болатын. Және де мысалы бес тас ойынын алып қарайтын болсақ.. «Бес тас» — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған. Жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнайтын ойын. Бұл ойындар оқушыларды патриоттыққа, эстетикалық және этикалық тұрғыдан тәрбиелеуге өз үлесін қосады. Ал, бұл ойындар жайлы кейбірі білсе, кейбір адамдар тіпті атын да естімеген екен. Біздің мектептің өзінде осы ойындарға қызығып, ғылыми жұмыс қорғап, қалалық, тіпті облыстық жарыстарда жүлделі орын алған оқушылардың бір ауыздан айтары: «Енді, біз мәңгілік елдің ұрпағы  деген атқа лайық болуымыз керек емес пе?!»,- дейді. Міне, ата-бабаларымыз бен халқымыздың осындай ұлттық құндылықтарын қайта насихаттау арқылы, болашақ ұрпағымыздың өнерлі де дарынды болып өсеріне мен кәміл сенемін.

Қорытынды:

”Адам ұрпағымен мың жасайды” деген сөз жайдан-жай айтылмаса керек, болашағы бар ел ғана тарих бетінде ұлт болып жазылмақ. «Ұлтарақтай болса да ата қоныс жер қымбат, ат төбеліндей болса да туып өскен ел қымбат» демекші,елімізді сүйіп, құрметтеумен қатар, «өнерлі ұрпақ- өнегелі болашақ» екенін естен шығармайық, ағайын!

You May Also Like

Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз, интелектуалдық ойын

Тақырыбы: «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды – танымдық сайыс. Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік…

Тұлғаның семантикалық моделі, мақала

Тұлғаның семантикалық моделі Психологияда тұлғаға өте көп анықтама берілген. Біз –бұл қиын,…

Ұстаз-ұлы есім, мақала

“Ұстаз-ұлы есім”      Дүниеде мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық…

БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ, мақала

БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ! Қазақстан Республикасының Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (28.01.2011,  Астана…